Кентау қаласының тарихы, экономикалық құрылымы және әлеуметтік-мәдени дамуы


Slide 1

Кентау қаласы

Кентау қаласы 1955 жылы тамыз айында Оңтүстік Қазақстан облысында құрылды. Қаланың бұрынғы атауы немесе қала құрылардағы елді мекеннің атауы Мырғалымсай болатын. Мырғалымсай деген кен орны да бар.

Slide 2

Кентау туралы

Кентау қаласын құрудағы мақсат Ащысай полиметалл кенішін байыту жұмыстары болатын. Кентау облыс орталы болып саналатын Шымкент қаласынан 260 шақырым жерде орналасқан. Түркістан қаласымен арадағы қашықтық 30 шақырымды құрайды. Кентау Қаратаудың етегінде орналасқан қала болып саналады. Кентау қаласы “Қаратау тәжі (корона) ” және “Қазақстанның жасыл-желекті қаласы” деген аттарға ие.

Қазіргі кезде Кентау қаласында 4 ауылдық округ, 7 елді мекен (поселка) бар. Қала халқының саны (ауылдық округтермен қоса) 88 мың адамды құрайды. Халықтың ұлттық құрамы: қазақтар 65, 7%, өзбектер 25, 2%, орыстар 5, 4%, басқа ұлттар 3, 7%. Қала алғаш құрылған кезде орыстар көптеп көшіп келді. Олардан бөлек, гректер, немістер, корейлер, шешендер де көшіп келді. Олар, негізінен, қуғынға ұшырағандардың туыстары мен арттарында қалған үрім-бұтақтары болатын.

Slide 3

Кентау қаласынан түлеп ұшқан тұлғалар

Сейдолла Бәйтереков

Асанәлі Әшімов

Әшірбек Сығай

Slide 4

Қала экономикасы

Кентау қаласында аты КСРО-ға әйгілі болған тау-кен орындары, трансформатор зауыты, экскаватор зауыты құрылды. Алайда, XX ғарыдың 80-90 жылдарындағы өндіріс ошақтары мен жұмыс орындарының жабылуы қала халқының әлеуметтік тұрмысына ауыр соққы болды. Кейіннен қайта іске қосылған экскавтор зауытының күші Кеңестік уақыттағыдай жоғары деңгейге жете алмады. Кентау - Қазақстандағы машина жасау, металл өңдеу және тау-кен өнеркәсібі орталықтарының бірі. Қала экономикасындағы ірі кәсіпорындар: «Трансформатор зауыты» ААҚ- еліміздегі трансформатор жасайтын жалғыз зауыт, «Экскаватор» ААҚ - металл өңдеп, машина жасайды. Барит өнімдерін, түсті металл концентраттарын өндіретін «Оңтүстік түстіметалл» ЖАҚ-қа Кентау байыту фабрикасы, Ащысай металлургия цехы, темір жол цехы кіреді. Мақта-мата өнімдерін шығарады. «Табыс» акционерлік қоғамы, «Эластополимет» ЖАҚ резина-техникалық бұйымдарын, «Ердес-нан» ААҚ нан, тоқаш, кондитерлік бұйымдарын шығарады. Жалпы өнім жиынтығында өнеркәсіп үлесі 55%-ды (түсті металлургия - 28, 8%, электр қондырғыларын шығару - 28, 5%, машина жасау - 11, 9%) құрайды.

Slide 5

Қала көрінісі

Slide 6

Мәдениет пен қала көрінісі

Қалада Мәдениет сарайы, орт. кітапхана, саябақ, кинотеатр, «’’Кентау шұғыласы’’», «Кентау» атты қалалық газеттері, жергілікті «Икар» теледидары жұмыс істейді. Кентау қаласында Халықаралық қазақ-түрік университетінің экология, медицина факультеттерінің бөлімдері, музыка, көркемсурет, спорт, «Дарын» мектептері, мектеп-гимназия, кәсіптік-техникалық мектеп, тау-кен металлургия колледжі, агроколледж бар. Кентаудан Республикаға танымал өнер қайраткерлері Р. Сейтметов, С. Байтереков, Ә. Сығай шыққан. Қалада көрнекті мемлекет қайраткерлері Д. А. Қонаевқа, С. Қожановқа, 2-дүниежүзілік соғыста қаза болған жерлестеріне ескерткіш қойылған. Сақ жауынгері бейнеленген «Тәуелсіздік монументі» бар.

Slide 7

Қаладағы қонақ үй

Slide 8

Жапондық əскери тұтқындарға арналған ескерткіш


Ұқсас жұмыстар
1946-1986 жылдардағы Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы
Семей қаласының тарихи-мәдени және әлеуметтік-экономикалық дамуы
Жезқазған қаласының географиясы, тарихы және әлеуметтік-экономикалық дамуы
Қызылорда қаласының 200 жылдық тарихы мен қазіргі әлеуметтік-мәдени дамуы
Павлодар қаласының географиялық орналасуы, тарихы және әлеуметтік-экономикалық дамуы
Өскемен қаласының символикасы, тарихы, демографиясы және әлеуметтік-экономикалық құрылымы
Астана қаласының географиясы, табиғи қорлары және әлеуметтік-экономикалық дамуы
Рудный қаласының тарихы мен қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайы
Талдықорған қаласының тарихы, географиясы және әлеуметтік-экономикалық әлеуеті
Атырау қаласының тарихы, географиясы және әлеуметтік-экономикалық әлеуеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz