Кессон ауруы және оның алдын алу


Slide 1

«Астана Медицина Университеті» АҚ «Клиникаға кіріспе» кафедрасы

Кессон ауруы және оның алдын алу.

Орындаған: Бахыт А.

Избасаров Е.

Сабит А.

Топ : 301 МПД

Қабылдаған: Амирбекова А.

Астана 2016

СӨЖ

www. ZHARAR. com

Slide 2

Жоспары

Кіріспе.

Кессон ауруы жалпы шолу

Негізгі бөлім.

Кессон ауруының патогенезі

Кессон ауруының клиникалық көріністері

Емі

Профилактикасы

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиет.

www. ZHARAR. com

Slide 3

Кессон ауруы, декомпрессиялық ауру - су астындағы жоғары атмосфералық қысымнан, су бетіндегі қалыпты атмосфералық қысымға жедел көтерілген кезде адам организмінде байқалатын патологиялық жағдай. Кессон ауруымен су астына сүңгушілер, су асты жұмыстарын арнайы жәшік - кессон ішінде атқаратын адамдар және ұшқыштар ауырады.

www. ZHARAR. com

Slide 4

Кессон ауруының патогенезі:

Терең суга сүңгігенде, теңіз, мүхит суларының астында жұмыс атқарғанда адам организміне жоғары барометрлік қысым (гипербария) әсер етеді. Әрбір 10, 3 м. су асты тереңдікте барометрлік қысым 1 атмосфераға көтеріледі. Қалыпты атмосфералық қысымнан жоғары барометрлік қысымға тез ауыс-қанда дененің қысылуы (компрессиясы) болады. Ол, әсіресе дене қуыстарында байқалады. Сондықтан құлақтың жарғағын ішіне қарай қысып, Евстахий түтігі бітелген жағдайда, құлақ ішінде қатты шаншып ауыру сезімін туындатады. Шеткері қан тамырлары қысылып қалғандықтан ішкі ағзалар қанға толып кетеді. Тым үлкен тереңдікке өте тез ауысу кезінде қан тамырлары мен өкпе ұяшықтары жыртылып кетуі мүмкін. Содан ауа эмболиясының дамуына қолайлы жағдай пайда болады.

www. ZHARAR. com

Slide 5

Кессон ауруының патогенезі:

Барометрлік қысым көтерілгенде организмдегі газдардың сұйықтарда еру қабілеті көтеріледі. Оны сатурация дейді. Азот әсіресе май тінінде жақсы ериді. Липидтер мида көп болғандықтан онда еріген азоттың мөлшері көбейеді. Сондықтан орталық жүйке жүйесінін қызметі ерте бұзылады. Бүл кезде көңіл-күйдің шаттануы тез терең ұйқыға 38 (наркозга) ауысады. Артынан азоттың жүйке жүйесіне улы әсері болып, бас ауыруы, бас айналуы, зерденің бүлінуі, жүйкелік-еттік үйлесімділіктің бұзылуы, естен тану дамиды. Бұл дерттік құбылыстардан сақтандыру үшін терең су астында істейтін жұмысшылар азоттың орнына гелий мен оттегінің қосындысымен дем алатын аспапты қолданулары қажет. Гелий жүйке тіндерінде азот сияқты ерімейді және ол, организмге улы әсер етпейтін, бейтарап газ болып есептеледі. Терең су астынан адамды жоғары шығарғанда барометрлік қысымның әсері азайып, декомпрессия дамиды.

www. ZHARAR. com

Slide 6

Кессон ауруының патогенезі:

Бұл кезде адамды тез қалыпты атмосфералық қысымға шығарудан декомпрессиялық немесе кессондық ауру дамиды. Оның дамуы жоғары барометрлік қысым әсер еткендегі организм сұйықтарында еріген газдар тез жоғары көтерілгенде газ күйіне қайта ауысып, қаннан өкпе арқылы сыртқа шығарылып үлгермейді. Сондықтан бұл газдар қан тамырларының ішінде қалып, газдық эмболия дамуына әкеледі. Эмболдар ішкі ағзалардың тамырларында тұрып қалуынан олардың қызметтері бұзылады. Мидың, жүректің тамырлары бітелуінен адамның өліміне әкелуі мүмкін.

www. ZHARAR. com

Slide 7

Кессон ауруының клиникалық көріністері:

www. ZHARAR. com

Slide 8

Кессон ауруының клиникалық көріністері:

Ауыр жағдайларында клиникалық көріністері декомпрессия кезінде немесе одан кейінгі алғашқы минуттарда, ал жеңіл түрлерінде алғашқы симптомдары әдетте кешірек 2-4 сағаттан кейін немесе 12-24 сағаттан кейін және оданда кеш пайда болады. Егер жеңіл түрінде теріде қышу («кессонды қышыма»), теріде бөртпе, бұлшық еттік және буындық аурулар, жалпы дегбірсіздік, пулбс пен тыныстың жиілеуі, ал декомпрессионды аурудың ауыр түрінде бұлшық еттерде, буындарда, сүйектерде ауырсыну, кеудедегі ауырсыну, аяқ қолдардың салдануы, тыныс пент қан айналымның бұзылыстары, естен тану байқалынады. Қан айналымның жақсы жүруіне байланысты, бас миының зақымдануы сирек кездеседі. ОНЖ пайда болатын өзгерістер қан айналыммен тыныс қызметтерінің бұзылыстарына байланысты. Аурудың орташа ауырлық дәрежесі ішкі құлақтың, асқазан ішек жолдарының, көру ағзасының зақымдануымен жүреді, бұл кезде ең алдымен Менбер синдромы дамиды.

www. ZHARAR. com

Slide 9

Кессон ауруының клиникалық көріністері:

Декомпрессиялық зақымданудың жеңіл түрінің клиникалық көріністерінсіз қайталануы сүлелі зақымданулардың түзілуіне әкеледі. Созылмалы кессонды аурудың екі түрін ажыратады:

1. біріншілік созылмалы түрі - баяу дамиды, симптоматикасы аз, диагностикасы өте қиын, деформирлеуші остеоартроз дамиды.

2. екіншілік созылмалы түрі - жедел кессонды аурулардың нәтижесінде пайда болған патологиялық ығысулардың комплекстері, Меньер синдромы мен аэропатиялық миелозом түрінде көрінеді.

Созылмалы түрінде газды эмболдар басы сүйекте орналасып, нәтижесінде деформирлеуші остеоартрозға әкеледі (негізінен жамбас сан және иық буындарының) .

www. ZHARAR. com

Slide 10

Кессон ауруының емі:

Емі: патологиялық процестің дамуын анықтайтын, қайтадан көтерілген қысым нәтижесіндегі қанықпаған тіндердегі индеферентті газдар мен газ көпіршіктерін шегеру мақсатында, емдік рекомпрессияны жүргізу кессондық ауруларының барлық түрлеріндегі негізгі емдеу әдісі болып табылады. Рекомпрессияны неғұрлым ерте бастаса, оның нәтижесі де тезірек болады және клиникасы мен емнің болжамы қолайлы болады.

Рекомпрессияны арнайы «емдік шлюзде жүргізеді», ол екі жартыға бөлінген горизанталды орналасқан цилиндрден тұрады. Кіреберіс және негізгі камера. Рекомпрессия кезінде «емдік шлюзде» қысымды бірден жоғарлатадыда баяу шлюзден шығарып отырады.

www. ZHARAR. com

Slide 11

Кессон ауруының емі:

Рекомпрессия тәртібін анықтау үшін тереңдікпен тәртіпті, және тыныс қоспасының құрамын, тереңдікте болу ұзақтығын, декомпрессияның тәртібін, алғашқы симптомдардың пайда болуы мен уақытын, олардың клиникалық сипатын білу керек. Рекомпрессия кезінде міндетті түрде дәрігер рекомпрессияның нәтижесін және мүмкін болатын асқынуларын алдын алу үшін бақылау керек.

Емдік декомпрессия басталғанға дейін міндетті түрде оттегімен үздіксіз ингаляция жүргізу керек. Наркотикалық емес аналгетиктерді айқын ауырсыну синдромы кезінде қолданады. Орташа және ауыр түрлерінде гепаринді қолданады. Жүрек тамыр жүйесінің және тыныстың стимуляторларын көрсеткіштер бойынша қолданады.

«Емдік шлюзден шыққаннан кейін науқасқа ыстық құрғақ ауалық немесе су ванналарымен белсенді физиоем(соллюкс-лампасы, кварц, диатермия және т. б. ) жүргізіледі.

www. ZHARAR. com

Slide 12

Кессон ауруының еңбек ету қабілетінің сараптамасы:

Кессонды аурулардың жеңіл түрлерімен ауырып, денсаулыққа тұрақты өзгерістер әкелмесе, науқас ары қарай өз кәсібі бойынша жұмысын жалғастыра береді. Бұл кезде 10 күн мөлшерінде ауруханалық парақ беріледі.

Айқын және тұрақты өзгерістер жұмыс қабілетінің жоғалуына әкеледі. Науқастар еңбек ету қабілетінің жоғалту деңгейін анықтау шін жжәне реабилитациялық сипаттағы шараларды жүргізу үшін МӘСК жіберіледі.

Кессон ауруының нәтижелеріне қарап жұмыс қабілетінің сараптамасын жүргізуде аурудың этиологиясы мен диагнозын қоюда ерекше қиындық туындайды. Жиі осындай жағдайларда анықталынатын жүрек тамыр жүйесінің және сүйек буын жүйесінің ауруларын жасқа байланысты аурулармен және жалпы симптомдармен салыстыру керек. Аурудың себебін анықтау арқылы кессонды аурулар және оның басқада зақымдануларына қарап жұмыс қабілетінің жағдайын шешеміз.

www. ZHARAR. com

Slide 13

Кессон ауруының профилактикасы:

Барлық жағдайларда жоғары қысыммен жұмыс істеу өте қиын, қауіпті, және ол нервті-психикалық, физикалық күштілікті қажет етеді. Ол ең алдымен водолаздарға жатады. Осыған байланысты водолаздардың жұмыстарындағы қолайсыз жағдайлар туралы жарнамаланған. Кессондағы рұқсат берілетін қысым шектелінген: ол 4 ати аспау керек, яғни 40 м тереңдіктегі судан аспайды. Кессондағы жұмыс істеу уақыты және шлюздан шығу қатаң түрде қаралады. Кессондағы жұмыс күні екіге бөлінеді арасында 8-10 сағаттық үзіліспен, осы кезде науқастар кессоннан тыс жерде болу керек. Камерадағы жұмыс ұзақтығы 1 сағат 30 минуттан аспау керек.

Су асты сүңгу жұмыстары кезінде бнлгілі бір тереңдікте тоқталынатын баспалдақты декомпрессия қолданылады. Тоқтау уақыты водолаздың грунтта болу ұзақтығына және тереңдікке түсу уақытына байланысты.

www. ZHARAR. com

Slide 14

Кессон ауруының профилактикасы:


Ұқсас жұмыстар
Қанмен отегінің тасымалдануы
Тыныс жүйкелері
Фасциолез ауруы
Соз ауруы
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері. Адтюванттар, иммуномодуляторлар. 2. Құтырық, Аусыл, Шмалленберг, Блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу жайлы ақпарат
Нъюкасл ауруы, белгілері
Құтырық, Аусыл, Шмалленберг, Блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары
1. Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері. Адтюванттар, иммуномодуляторлар. Аусыл, Шмалленберг, Блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары
Қызылша пидемиясы кезіндегі ұзақ мерзімді иммундау мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz