Мемлекет қоршаған ортаны қорғау саласында тиімді заңдық актілер қабылдайды әрбір адамның қоршаған ортаны қорғау ісіне қатысу қағидаты


Slide 1

Тақырыбы

Өмір қауіпсіздігі және қоршаған табиғи орта

Slide 2

Жоспар

Қазіргі қоғамның экологиясы

Экологиялық кризис: демографиялық және әлеуметтік залалдар

Қоршаған ортаға техногендік әсері

Slide 3

Адам әр кезде де табиғатпен тығыз байланыста өмір сүреді, оның байлықтарын пайдаланады және өз қызметі арқылы табиғатқа әсер етеді. Адамның табиғатқа әсері зиянды салдар тудыруы мүмкін. Мемлекет әрқашанда табиғи ортаны осындай зиянды әрекеттерден қорғау үшін белгілі бір құқықтық ережелер шығарады. Табиғи ортаны адамның зиянды әрекеттерінен қорғауға бағытталған нормалардың (ережелердің) жиынтығы экологиялық құқық деп аталады. Адамның табиғатқа зиянды әсерінің салдарынан XX ғасырдың ортасында әлемдегі экологиялық жағдай күрт төмендеп кетті. Экологиялық жағдайдың нашарлағаны соншалық, бүгінде ол әлемнің кейбір аймақтарында адамның тұрмыс тіршілігімен коса оның өмірі үшін де үлкен қатер тудырып отыр.

Slide 4

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) атынан Әлемдік қауымдастық қоршаған ортаға және болашақ ұрпаққа зиян келтірмейтіндей қазіргі адамның өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін Тұрақты (орнықты) даму тұжырымдамасын әзірледі. Бұл тұжырымдама - қоғам мен табиғаттың өзара әрекетін көрсететін қазіргі заманға сай, неғұрлым кең тараған және қолдау тапқан тұжырымдамалардың бірі. БҰҰ Бас хатшысының бастамасымен 1984 жылы қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөніндегі Халықаралық комиссия құрылды.

Slide 5

Белгілі америкалық эколог-ғалым Б. Коммонер экологияның негізгі заңдарын былай түсіндіреді:

Slide 6

Құқықтың қағидалары - Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілген негізгі бастамалар, басшы идеялар мен құқық ережелері. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидаттарын қарастырайық:

Slide 7

Демография адам популяциясын оның көлемі мен құрылымына сәйкес, яғни жынысы, жасы, отбасылық жағдайы және этникалық шығу тегі бойынша, сондай-ақ, осы популяцияның туу, өлу және миграция коэффициенттеріндегі өзгеруі тұрғысынан статистикалық зерттеу.

Демографиядағы ең басты мәселе - халықтың ұдайы өзгеруін, өсу мөлшерін, дамуын анықтау. Халықтың ұдайы өзгерісі - ұрпақ алмасу, туу мен өлу, яғни табиғи жағдай арқылы жүзеге асады.

Slide 8

Демография сатылары. Халық санының өзгеру сипатына қарай 4 сатыға бөледі.

Slide 9

Қазіргі кезде халықтын 20 пайызы аллергия ауыруына шалдығуда, күн сайын Жер шарында 25 мын адам лас суды пайдалану нәтижесінде қайтыс болуда, өндірістік қалалардағы халықтың 35 пайызы қоршаған ортаның ластануы нәтижесінде жүйелі түрде әр түрлі аурулармен ауырады. Күн сайын адамның тиімсіз жұмысынын салдарынан 44 гектар жер шөлге айналады, күн сайын жануарлар мен өсімдіктердін бір түрі жойылып отырады; күн сайын 40 мыннан астам бала аштықтан өлуде. Оттек қоры 10 млрд т азайған, 200 млн гектарға жуық суармалы жер пайдаға аспай қалды. Пайдалы қазбалардың - мұнайдың, табиғи газдың, көмір және тағы басқалардың жоғалуы байқалып отыр, Жер ғаламының әрбір бесінші тұрғыны таза су ішпейді.

Slide 10

Қорытынды

Сонымен, қоршаған ортаны корғау мен адамның өмір сүруі үшін қолайлы жағдай туғызу - демократиялық мемлекеттің басты мақсаты болып табылады. Осыған байланысты мемлекет өз органдарын кешенді экономикалық, техникалық, ұйымдастырушылық және құқықтық шараларды жүзеге асыруға міндеттейді. Әрбір адамның салауатты қоршаған ортаға құқығы бар, сонымен бірге әрбір адам табиғатты аялауы керек, қоршаған ортаны ластамауы қажет. 1992 жылы БҰҰ-ның Конференциясында Бразилияда қоршаған орта және оны дамыту жөнінде Рио-де-Жанейро Декларациясы қабылданды. Қазақстан осы декларацияға қосылды. Қазақстанда қоршаған ортаны қорғауға байланысты бірнеше заң актілері қабылданды, олардың мақсаты - еліміздің табиғат байлықтарын болашак ұрпақ үшін сақтау болып табылады.


Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидаттары олайлы қоршаған ортаға және тұрақты дамуға адам құқығының басымдылығы қағидаты
Қазақстандағы қоршаған ортаны қорғау мәселелері
Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидалары физикалық химиялық әдістері
Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының негіздері
Адам денсаулығы қоршаған орта мен әлеуметтік ортаның туындысы
Экологиялық құқық туралы
Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік
Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлері
Қоршаған табиғи ортаны қорғау
Экологиялық құқықтың ұғымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz