Мамандыққа деген махаббат пен карьерист болу екеуі біздіңше екі бөлек нәрсе



Менің мамандығым
www. ZHARAR. com

Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Қазақ "Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі - жар таңдағанда, екіншісі - мамандық таңдағанда" деп бекер айтпаса керек.
Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болды. Қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар, сәйкесінше, түрлі мамандықтар келді.
Өз ісінің нағыз маманы атану екінің бірінің еншісіне бұйырмаған. Ол үшін ең алдымен мамандығыңызға деген махаббат керек. Мамандыққа деген махаббат пен карьерист болу екеуі біздіңше екі бөлек нәрсе. Махаббатпен істелген жұмыс қана нәтиже бермек. Екінші сөзбен айтқанда, мамандығыңыз сіздің сүйікті ісіңізге айналуы қажет. Бұл жағдайда адам жұмысқа ерекше құлшыныспен кірісіп, жұмысынан ләззат алады.
Өз жаныңызға жақын мамандықты
іздеп табу да барынша күрделі жұмыс.
www. ZHARAR. com

Бүгінгі таңда «психология» мамандығы әлемдегі ең танымал мамандықтар қатарының бестігіне кіреді-мыс. Бүгінде психология ғылымы адам іс-әрекетінің түрлі салаларында қарқынды орын алуда - білім, бизнез, саясат, басқару, медицина, жарнама т. б. Ғалымдардың болжауы бойынша XXI ғасыр - психология ғасыры болмақ.
www. ZHARAR. com

Психология өз алдына ғылым ретінде ХІХ хасырдың 60 ж. бөлініп шықты. Оған себеп болған ғылыми-зерттеу мекемелері-психологиялық лабораториялар және институттар, жоғары оқу орындарындағы кафедралар сонымен қатар пихикалық құбылыстарды оқып-білуге байланысты экспериментті насихаттау жұмыстары. Көптеген ертедегі ойшылдардың көзқарастарына ортақ болған “психология” сөзінің орнына “жан” ұғымын қолданады және ерекше мәнді құбылыс ретінде қарастырады.
Жан
Идеалистік
Материалистік
www. ZHARAR. com

Психология - адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық. Психологияның негізгі мақсаты - психиканы cубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу. Этимологиялық деңгейде психология рух пен руханиятты (көне грекше: ψυχή - рух) зерттеу (көне грекше: -λογία - сөз, ғылым, тану) деп танылады. Өзінің грекше мағынасында бұл зерттеу вегетативттік (жан дүниесі мен рухани болмысы), сезімдік (ниет-пиғыл, байым, әрекет), интеллективттік (ақыл-ой) функцияларымен шектеледі. Алайда психология - ақыл-ой қызметтерін зерттеумен бірге, рухани себеп-салдар әдістемесі, рухани жекешілдігінің, тұлға ішіндегі ақиқатты зерттеу. Ақыл-ой - тек комбинация мен арақатынас мекені емес, ол абстракция мен материалдық қатынас арқылы адам затын ойлау әрекетіне икемді нәрсе ретінде анықтайды. Осы тұста адам мен жануар арасындағы айырмашылық көрінеді.
Психологияның зерттеу объекті - осы күннің өткен ғасырлардан бері келе жатқан дау мен талқылаудың тақырыбы. Бұл күрделі дауға шешім табатындай пікірлер қалыптасқан әдет-ғұрып бойынша бірнешеу, атап айтсақ, психологияның зерттеу объекті - мінез-құлық пен оның қалыптасуы; ойлау үдірістері; эмоциялар мен пейіл; тұлға; адамдар арасындағы қарым-қатынастар, т. б.
Психологияның әртүрлі тараулары қолданған әдіс (клинакалық немесе тәжірибелік), немесе адамның әрекеті (жұмыс, еске салу, есте сақтау, еске түсіру, сезу, тәлім тану, т. б), немесе зерттеу бағыты (бала дамуы мен руханияты, Келбет руханияты, жануар жан дүниесі) арқылы ажыратылады.
Психологияның кей тараулары басқа ғылымдармен бірге немесе өзара көрші зерттеу өрістері ретінде немесе бір зерттеу өрісінің салалары ретінде үйлеседі. Бұл тараулар, мысалы психологияның бір тарауы - рухани бұзылыстарды зерттеу үшін патологияны белгілеу өте күрделі, тұлға патологиясын ақыл−ой паталогиясынан ажырату - одан әрі күрделі.
Ақыр соңында психология мен пәлсапа арасында көп уақыт бойы қарым-қатынас өте жақын болды, ажыратылмас десе де болар, себебі бұрын психология пәлсапаның бір бөлімі болған, ал пәлсапафизиканың ескі мағынасында (ағлақ, сана, іс әрекет, т. б. қалыптасқан пәлсапа тақырыптары психологияда кездеседі) бір бөлімі екендігін де ұмытпау қажет. Осылай психологияның кей салалары пәлсапалық тақырыптарды зерттеуге бағытталған (персонализм, гуманизм, биологизм, т. б. ) .
www. ZHARAR. com

Ойшыл-ғалымдар
Еңбектері
Аристотель
Жан туралы ғылыми-психологиялық еңбектің-трактаттың авторы. Ол адамда болатын негізгі 5сезім органдарын атап көрсетті: көру, есту, тері, дәм, иіс.
Р. Декарт
Ол сырттан әсер еткен ықпалға жауап берудің автоматтық, механикалық тәсілі ретінде рефлекс ұғымын енгізді. Рефлекстің көмегімен жануарлар мен адамдардың іс-әрекетін түсіндіре бастады.
Б. Спиноза
Спиноза дуализмнің орнына жан денемен тығыз байланысты, онсыз өмір сүре алмайды деген көзқарасты ұсынды.
Т. Гоббс
Ғылыми жаратылыстану жолымен адамдардың қабілеттерінің айырмашылығын түсіндіруге талпыныс жасады.
Джон Локк
Ағылшын ойшылы психологиялық құбылыстарды тәжірибелік түсіндіруді және сипаттауды бір жүйеге келтірді, сонымен қатар тәжірибелік психологияның негізін салушы болып есептеледі.
Д. Гартли
Ағылшын ғалымының еңбектерінде ассоциативтік психология аяқталған түрде берілді. Оның айтуынша, адамның бүкіл жан дүниесі үш элементтің: түйсіктердің, идеялардың, және сезімдердің бір-бірімен байланысы, біріктірілуі негізінде құрылған.
www. ZHARAR. com

ПСИХОЛОГИЯ ТАРМАҚТАРЫ
1. Балалар; 2. Жеткіншектер; 3. Жастар; 4. Ересектер (акмиология) ; 5. Қарт адамдар психологиясы (геранто психология) . 6. Арнаулы психология Адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуы. Ми ауруына ұшыраған психикалық күйзелістері мен осы саладағы себептерді қарастырады. Тармақтары: 1. Олигофрено психология - ми зақымы ауруымен туылған адамдардың психологиясының зерттелуі; 2. Сурдо психология - саңырау немесе керең адамдардың психологиясын зерттейді; 3. Тифло психология - нашар көретін немесе соқыр адамдардың психологиясын зерттейді. 7. Салыстырмалы психология Салыстырмалы психологияға зоопсихология, этология дейтін салалар кіреді. Мәселен, балалар психологиясы қоғамдық жағдай мен биологиялық факторлардың баланың дүниеге келгеннен кейінге дейін психикалық дамуына тигізетін әсерлерді зерттейді. Салыстырмалы психология жануарлар психикасымен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастырады. 8. Әлеуметтік психология Тұлғаның әлеуметтік - психологиялық көріністерін, индивидтің басқа адаммен өзара қарым-қатынасын, адамдардың психологиялық үйлесімдігін, үлкен топтардағы әлеуметтік психологиялық көріністерді зерттейді. 9. Әскери психология Адамның соғыс жағдайы кезіндегі мінезі, соғыс техникасын меңгеру мен басқару әдістерін зерттейді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz