Мұхаммед Хайдар Дулатидың өмірі және Тарихи Рашиди: Моғолстан мен қазақ хандығы туралы деректер


Slide 1

Мұхаммед Хайдар Дулати

Slide 2

Мұхаммед Хайдар Дулати туралы

Дулати Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар (1499-1551) - әйгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаханнама» дастанының авторы, Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы.

Slide 3

Мұхаммед Хайдар Дулати туралы

Оның толық аты-жөні - Дулат Мұхаммед Хұсайынұлы Мырза Мұхаммед Хайдар. Мұндағы «Мұхаммед Хайдар» - өз аты, «Мұхаммед Хұсайын» - әкесінің аты, «мырза» - текті әулеттің тұқымы екенін білдіретін атау (хан балаларының ханзада, сұлтан аталатыны секілді), «дулат» - шыққан тайпасының аты.

Slide 4

Өмірбаяны

Мұхаммед Хайдардың ата - бабалары кезінде Моғолстан мемлекетінің құрамына енген қазіргі Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Қырғызстан және Шығыс Түркістан жерлерінде ұлысбегі, тархан қызметтерін атқарған, өздерінің мұрагерлік иеліктері - Маңлай-Сүбені дербес басқарған. Өз әкесі Мұхаммед Хұсайын Моғолстанның Жүніс ханының күйеу баласы, Ташкентті билеген. Оны кейін Әмір Темірдің немересі Мұхаммед Шайбани хан өлтірген. Анасы Хуб-Нигар ханым - Жүніс ханның қызы. Бұл ретте Мұхаммед Хайдар Моғолстанның Сұлтан Саид ханмен және Үндістандағы баласы Ұлы Моғолдар әулетінің негізін қалаушы Захираддин Мұхаммед Бабырмен бөле.

Slide 5

Әкесі өлгеннен кейін Мұхаммед Хайдар біраз уақыт осы Бабырдың қолында тұрады. Содан кейін Бабырдың рұқсатымен Сұлтан Саид ханға келіп, оның Қашқардағы сарайында тұрып, сарай қызметін басқарады. Саид ханның Әбубәкірге қарсы соғыстарына қатысады. Жан-жақты білімді, сарай қызметін жетік білетін адам ретінде ханның мұрагер баласы Әбу ар-Рашид сұлтанның тәрбиешісі болады.

Сұлтан Саид өлгеннен кейін таққа отырған Рашид дулат тайпасының басшыларынан қауіптеніп, оларды қуғындай бастайды. Мұхаммед Хайдардың немере ағасы - Саид Мұхаммедті өлтіреді.

Slide 6

Тарихи Рашиди

"Тарихи Рашиди" атты еңбекте қазақ хандығының қалыптасуы туралы, мұнан кейінгі Жетісу мен Шығыс Дешті-Қыпшақта болған оқиғалар, Моғолстанның құлауы, феодалдық соғыстар, қазақтар, қырғыздар және өзбектердің сыртқы жауға қарсы күресте өзара одақтасуы туралы көптеген мәліметтер бар.

Slide 7

1533 жылы хандық таққа қайта отырған Абу-ар-Рашид, өз тайпаларынан қауіп тоне ме деген оймен, оларды қуғындай бастады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің немере ағасы Сайд Мүхаммед мырза Дулатты өлтірді. Мүхаммед Хайдар Дулати Үндістанға қашып кетті. Онда ол Ұлы Моғолдар сарайында әскерлерді басқарды. Ол сол кездегі саяси оқиғалар мен оған қатысқан қайраткерлерді, сондай-ақ Моғолстан мемлекетінің, Қазақ хандығының өткен тарихын жақсы білген. Оның тікелей өзі куә болған жайлары да көп еді. Содан да болар ол орта ғасырдағы қазақтарға, әсіресе дулат тайпасының тарихына қатысты өте құнды материалдар береді. Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуы, одан кейінгі кезеңдері, олардың қырғыздармен, өзбектермен қарым қатынасы жайында кеңінен сөз болады.

Slide 8

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Мұхаммед Хайдар Мырза Дулатидің Тарихи Рашиди еңбегінің тарихи және мемуарлық маңызы
Моғолстан хандығы: құрылуы, басқару жүйесі және ыдырауы (XIV-XVI ғғ.)
XV-XVII ғасырлардағы Қазақ хандығының мәдениеті мен құқықтық дәстүрлері: Қасым ханның Қасқа жолы, Есім ханның Ескі жолы және Жеті жарғы
XVI ғасырдың екінші жартысындағы Қазақ хандығы: құрылымы, шекаралары және сыртқы саясаты
Қазақ хандығының құрылуы: себептері, тарихи кезеңдері және мемлекеттік құрылымы
Қазақ хандығының құрылуы: Керей мен Жәнібек және XV ғасырдағы кеңеюі
Керей мен Жәнібек хандар: Қазақ хандығының құрылуы және тарихи маңызы
Қазақ философиясының тарихи қалыптасуы мен ерекшеліктері
Әбу Райхан Мухаммед әл-Бируни: өмірі, ғылыми еңбектері мен жаңалықтары
Қазақ хандығы дәуіріндегі философиялық-психологиялық ойлардың дамуы (XV-XVII ғғ.)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz