Рудный қаласы
Презентация қосу
Рудный қаласы
Рудный - Қазақстандағы
Қостанай облысының
қаласы.
Тарихы
• 1949 жылы 18 ақпанда Алтай геологиялық-барлау
экспедициясының ұшқышы М.Г.Сургутанов «Сарыбай»
шатқалының үстінен ұшып бара жатып, кенеттен компас тілі
оңтүстікке бұрылғанын байқады. Үш ай өткен соң
Сургутановтың магниттің кенеттен ауытқуын байқаған жеріне
геологтар мен географтар келді. Олар Сарыбай мекенінде ірі
кен орны жатқанын анықтады. 1949 жылғы көктемде
В.П.Новиков Соколов темір кені пайдалы қазбасын ашты.
• 1954 жылғы жазда үкімет комбинат құрылысын бастау
жөнінде нұсқау берді. Осы уақытта қала құрылысы да
басталды. 1955 жылғы мамырда алғашқы құрылысшылар
келді, олар трест басқарушысы Я.М.Гиммельмаш және
В.Ш.Буреш болатын. Кеншілер бұл уақытта геологтардан
Комсомольск поселкесін алып, өздерінің қарапайым үйлерін
құрылысшыларға берген болатын. Қолда бар тұрғын үй қорына
қосымша ретінде палаткалар орналастырылды, сондай-ақ
жиналмалы қалқан үйлер бой көтерді.
Тарихы
• 1955 жылы 13 қаңтарда тал түсте алғашқы жарылыс болды. Жарушылар қатқан
үлкен топырақ кесегін әуеге көтерді, дизель экскаваторының тәжірибелі
машинисі Александр Попов және ауысым бойынша жұмыс істейтін оның
әріптестері Павел Малютин, Григорий Киселев тау жынысының алғашқы
шөміштерін автомашиналарға тиеді. Жүргізушілер оның алғашқы ондаған
текше метрлерін үйінділерге шығарды. Соколов-Сарыбай кен-байыту
комбинатының және Рудный қаласының құрылысы осылайша басталған
болатын.
• Рудный қаласы... Бұл атау, әрине, Үлкен Торғайдың темір кенінің орасан үлкен
қорлары болуынан шықты, Соколов және Сарыбай кен орындары оның інжу-
маржаны болып табылады. Қала құрылысы жөнінде алғашқы рет Ленинград
институтының «Гипро-руда» жобасында сөз болады, онда карьерлерге
сипаттама беріледі, кен дайындау фабрикаларының, электр стансасының,
құрылысшылар базасының және ... кеншілер қаласының орны Тобыл өзенінің
жағасы деп белгіленеді.
• Бұл 1953 жылы күзде болатын. ССКБК құрылған күні - 1954 жылғы 30 маусым,
КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысында комбинат құрылысын бастау жөніндегі
шешімнен басқа қала құрылысы жөнінде де айтылады. Алайда 1954 жылғы 30
маусым мен 1957 жылғы 30 тамыз аралығында бақандай 3 жыл жатты, бұл
жылдар жігер мен романтикаға толған әрі ұзақ, әрі қысқа жылдар болатын.
Рудный көшелері
Тарихы
• 1955 жылы комсомол жолдамаларымен Үлкен Торғайға алғашқы 4 мың
адам келген болатын. Бастапқыда Комсомольск, Павловск, Алексеевка
поселкелеріне, палаткаларға қоныстанды. Бұл жерге көбісі ұзақ уақытқа,
тіпті тұрақты тұруға көшіп келген болатын, сондықтан кен алыбын игеру
мақсатынан басқа көкейде өз шаңырағым болса ғой деген арман
болатын. Палаткадан жасалған ең үлкен қалашық «ВЛКСМ» кинотеатры
ауданында еді. Онда жетпіс палатка болды, сондықтан ол
Семидесятипалатинск (Жетпіс палата) деген атпен тарихта қалды. Басқа
палата қалашықтары Комсомольск поселкесі жанында нан зауыты
ауданындағы 39 махаллада болды, жаңадан қоныстанғандар 200
палаткада тұрды, әр палаткада 20 адамнан болды. Палата қалашығы
көшелерге бөлінді, ол көшеде кім тұратынын атынан білуге болатын:
Строитель, Пионер, Комсомольск, Украин, Киевская, бұл атаулар әлі
күнге дейін сақталған.
• Болашақ қала Алексеевка поселкесінен 3-4 километр қашықтықта
салына бастады. Алғашқы бас жоспарда ССКБК поселкесінің құрылысы
қарастырылды. Ол 1953 жылы әзірленді және 22 мың адамға есептелінді.
Алайда 1953 жылдың өзінде бұл бас жоспар қайта қаралды, халық саны
30 мың адамға дейін өсті.
Тарихы
• 1957 жылы 30 тамызда кеншілер мен құрылысшылардың жұмысшы поселкесі
облысқа бағынатын қала болып қайта өзгертілді. Қаланың Рудный деп аталуының
өзіндік қызықты тарихы бар. «Соколоврудстрой» тресінің құрылысшылары
поселкелерін осылай деп атайтын. Алғашқы кеншілер оны Рудногорск деп
өздерінше атайтын және бұл атау мейлінше байсалды естіледі деп санайтын.
Тресттің және комбинаттың басшылары әртүрлі органдарға хат дайындаған кезде
кері мекенжайды жазғанда «бөтен» атауды сызып тастап, әрқайсысы өздері
таңдаған атауды көрсететін. Бұл мылтықсыз майданға «Огонек» журналының 1955
жылғы он төртінші нөмірі нүкте қойды. Мәскеуден келген «Огонек» журналының
арнайы тілшісі Владимир Полынов поселкеде біраз мекендеп, кеншілер мен
құрылысшыларды суретке түсірді, ал өзі жариялаған очеркте былай деп жазды: «Бұл
қала карта бетінде жоқ, тіпті оның атауы да жоқ. Бірақ жаңа Магнитка пионерлері
Рудный атауы оған ең лайықты атау деп санайды». Очерктің өзі «Рудный поселкесі»
деп аталатын.
• Журнал саны еліміздің түкпір-түкпіріне тарап кетті, енді бірдеңені өзгерту қиынға
соғар еді. Өйткені Кеңес Одағының әр түкпірінен жаңа құрылысқа ниеттенген хаттар
ағылып келіп жатты, мекенжайы Қостанай облысы, Рудный қаласы деп көрсетілетін.
Осы кезде жұмысшы поселкесіне ресми мәртебе беру мәселесі көтерілді, оның атын
белгілеу керек болатын. Халық Рудный деп атап кеткеннен кейін құжатты
дайындаушылар бұл шешімді құптады. Дауды комбинат директоры Н.Ф.Сандригайло
былай қорытындылады: «Осылай шешеміз! Облыстық және республикалық
атқарушы комитетке осылай деп ұсынамыз».
Рудный қалалық Нұр мешіті
Тарихы
• 1955 жылғы жазда ҚазКРО Жоғарғы Кеңесінің
Президиумі Жарлық шығарды, онда былай жазылды:
«Қостанай облысы Қостанай ауданы ССКБК
құрылысы жанындағы елді мекен жұмысшылар
поселкелері санатына жатқызылсын, оған «Рудный
жұмысшылар поселкесі» атауы берілсін». Осы
Жарлықта жұмысшы поселкесінің шеңберіне
Комсомольск елді мекені де енгізілген болатын.
• Бір жыл өткен соң 1957 жылғы 30 тамызда
Республика Жоғарғы Кеңесінің Президиумі Рудный
жұмысшылар поселкесін Рудный қаласы деп өзгертті.
Сол уақыттан бері Рудный қаласы Қостанай
облысындағы және республикамыздағы ірі
өнеркәсіптік және мәдени орталық болып өсті.
Қазіргі қала
• Рудный қаласының аумағы – 0,1 мың ш.м. құрайды.
• Облыс орталығынан ара қашықтығы – 46 км.
• Тұрғындардың саны - 124098 адам.
• қазақтар – 19,7 ℅
• орыстар – 59,1 ℅
• басқа ұлттар – 21,2 ℅
• Елді мекендер – Рудный қ. Қашар п. Горняцк п. Перцев с.
• Белсенді экономикалық тұрғындары – 66,4 мың адам.
• Зейнетақылар мен сыйақыларды алушылар – 35,6 мың адам, олардың
ішінде – 21,2 мың адам.
• Өнеркәсіп. 2009 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 145,5 млрд. теңгені
құрады. Физикалық көлем индексі – 96,3%. Қала бойынша орташа айлық
еңбекақы- 59295 тенге, бұл 2008 жылғы деңгейден 10% көп.
Рудный қаласындағы мұзды спорт
сарайы
Қазіргі қала
• Кәсіпкерліктің дамуы. 2010 жылдың 1 қаңтарында шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны –
7682 бірлік.
• Негізгі капитал инвестициясы. 2009 жылы негізгі капитал инвестициясы 32 млрд. 660 млн.
теңгені құрады, бұл 2008 жылғыдан 28,9% көп.
• Тұрғын үй құрылысы. 2009 жыл бойынша п 27,1 мың ш. метр тұрғын үй пайдалануға берілді,
немесе жылдық бағдарламаның 110 % орындалды.
• Қаржылық көрсеткіштер. 2009 жылы жергілікті бюджетке 5 млрд. 359 млн. теңге келіп түсті.
• Әлеуметтік сала. Жұмыссыздар деңгейі 2008 жылғы 0,4 ℅ қарсы 0,5 ℅ құрайды. Ағымдағы жылы
жұмыспен қамту органдарының көмегімен 3613 адам жұмысқа орналастырылды, бұл 2008
жылғы көрсеткіштен 1,6 есеге көп. Өтініш білдіргендердің жалпы санынан жұмысқа
орналастырылғандардың үлесі 82,9 % құрайды. «Жол картасы» аясында әлеуметтік жұмыс
орындарына барлығы 1208 адам, жастар саясаты бойынша – 417 жұмысқа орналастырылды.
Қоғамдық жұмыстарға 439 адам жіберілді, 843 жаңа жұымыс орны құрылды. Еңбек нарығында
талап етілетін кәсіп бойынша оқытудан 833 адам өтті.
• Білім. Қалада 12 мектепке дейінгі ұйым, 23 жалпы білім беретін мектеп, 1 қосалқы, 1 кешкі
ауысымда оқытатын мектеп,1 мектеп-интернаты, 1 жоғары оқу мекемесі, 4 колледж, 3 кәсіби
мектеп жұмыс істейді. Қала мектептерінің барлығы Интернет желісіне қосылған.
• Денсаулық сақтау. Қалада 9 медициналық қызмет көрсететін мемлекеттік объектісі (7 аурухана
мекемесі, 1 емхана және 1 медициналық пункті) және 4 жеке меншік (1 аурухана және 3
амбулаторлы-емхана мекемесі) жұмыс істейді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz