Ресми тілі қазақ тілі



“Шымкент”
Дайындаған: Қарабеков Бақдәулет
Тексерген: Сейілхан Айнұр
www. ZHARAR. com

Шымкент. Шырайлы Шымқала
Шымкент - Қазақстанның көне қалаларының бірі. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, қала б. з. д. II ғасырда салынған. Шымкент қаласы Ұлы Жібек Жолы керуен көшінің жолында орналасқан. Көптеген жылдардан бері көне қалада ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіліп, шетелден келетін туристердің санында шек болмайды.
www. ZHARAR. com

Шымкент
Облысы Оңтүстік Қазақстан Облысы
Аудандар саны 3
Құрылған уақыты ХІІ ғ
Бұрынғы атауы Шымкент, ЧерняевЖер
аумағы 347 км2
Биіктігі 506 м
Ресми тілі қазақ тілі
Тұрғыны 660 300 адам (2013)
Ұлттық құрамы қазақтар 55, 7 %, орыстар 15, 7 %, өзбектер 15 %, татарлар 2, 7 %, басқалары 10, 9 %
www. ZHARAR. com

Шымкент қаласының атауы қайдан шыққан?
Осы уақытқа дейін ғалымдардың көпшілігі қазіргі Шымкент қаласының аумағындағы қоныс мекендер XI−XII ғасырларда болған деген гипотеза болатын. Сонымен қатар Шымкенттің бұдан да ертеректе пайда болғаны жөнінде болжам бар. Бұған дәлел - археологиялық қазбалар мен құрылыс барысында табылған қабырлардың жерлеуші, мамандардың болжамы бойынша, біздің эрамызға дейінгі V-VІ ғасырларға тән.
Өткен ғасырдың басындағы қала қамалы болған жерде жақында бір еркек пен әйелдің мәйіті табылды, және ол зороастрлық салтпен жерленгендігі анықталып отыр, олай болса бұл мәйітке 1500 жыл. Бірқатар археолог-ғалымдардың пікірлері бойынша, бұл жерде үлкен қорым болған, егер бұл расталса, онда қаланың пайда болған мерзімі қайта қаралуы мүмкін. Біздің заманымызға жеткен жазба деректерде Шымкент алғаш рет елді мекен ретінде парсы тарихшысы Шараф ад-Дин Әли Йаздидің (1425 ж. ) біздің жыл санауымыз бойынша 1365-1366 жылдардағы Әмір Темірдің әскери жорық-тары туралы жазған "Зафар Наме" атты ("Жеңіс кітабы") кітабында кездеседі.
Қандай болғанда да, қала ескі заманнан-ақ адамдардың өмір сүруіне қолайлы мекен болған. Оған ежелгі қоныстарға жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған мәдениет мұралары дәлел бола алады. Тау етегінде өзен бойындағы алқаптарда егіншілік пен жүзімдік, ал көгалды таулы жайылымдарда - мал шаруашылығы дамыған.
www. ZHARAR. com

1914 жылы Қазақ елінің Ресейдің құрамына енуінің 50 жылдық мерейтойы құрметіне орай, Шымкент қаласының атауы Черняев болып өзгертілген. Бірақ та, көп ұзамай 1921 жылы қалаға өз атауы қайта берілді.
2011 жылдың тамыз айында Шымкент қаласы үздіктердің қатарынан көрінді. Халықаралық ірі қалалар мен астаналар ассамблеясы Шымкент қаласының басшылығына III халықаралық байқауының арнайы дипломымен марапаттап, «ТМД және ЕврАзЭС қалаларының ішіндегі ең үздік қала» атағына лайық деп таныды.
www. ZHARAR. com

Халық санының көлемі жағынан Шымкент қаласы бүкіл республика бойынша үшінші орында. Алайда, бейресми мәліметтер бойынша, Шымкент қаласында халық саны әлдеқайда көп. Себебі, қалада алыс-жақын шетелден келген, тіркеуден өтпеген мигранттар тұрады.
Шымкент қаласы - қазақ елінің сауда, мәдениет, өнеркәсіп орталықтарының бірі. Қалада қазақ, славян, өзбек, татар, неміс, еврей, корей, поляк, башқұрт, әзірбайжан т. с. с. 19 ұлттың мәдениет орталықтары жұмыс істейді.
www. ZHARAR. com

Қаланың көрікті мекендерінің бірі - орталық саябақтар. Үш саябақ 19-ғасырда салынған. Бір саябақ Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония аясында орналасқан. Сондай-ақ, Абай атындағы демалыс және мәдениет саябағы, «Кең-баба» этнография саябағы, Дендро саябақ, зообақ, ипподром, «MegaCenter» ойын-сауық және сауда кешені, «Nimex Land», «Бамзик» ойын-сауық орталықтары қала тұрғындары мен қонақтарының жайлы демалысы үшін үздіксіз қызмет көрсетеді.
Өнерсүйер қауым үшін Орыс Драма театрының есігі ашық. Театр сахналарында қазақ және шетел классиктерінің шығармаларының желісімен қойылған спектакльдер көрсетіледі.
www. ZHARAR. com

www. ZHARAR. com

Экономика және бизнес
Шымкент - инфрақұрылымы жақсы дамыған, Қазақстанның жетекші өнеркәсіп және экономикалық орталықтарының бірі. Қалада түсті металлургия, машина жасау, химия, мұнай өңдеу және тамақ өнеркәсібін дамытып отырған 69 өнеркәсіптік кәсіпорын бар.
Мұнай, химия және фармацевтика өнеркәсібінде "Петро Казахстан Ойл Продактс" АҚ (мұнай өңдеу), "Интеркомшина" (шина өндеу), "Химфарм" (дәрі-дәрмек ендіру) сияқты ірі кәсіпорындар жұмыс істеуде. Ал, металлургияда "Южполиметалл" АҚ (қорғасын және т. б. өнімдер), машина жасауда "Карданвал" (автомобильдер мен тракторларға қажетті қосалқы бөлшектер өндіру), "Южмаш" (ұсталық пресс машиналарын, қосалқы белшектер және қүрал-жабдықтар өндіру), "Электроаппарат" (қуатты электр қосқыштары және т. б. өнімдерді өндіру) кәсіпорындары бар.
Жеңіл өнеркәсіпте алдыңғы қатардағы кәсіпорындарға - "Восход" фабрикасы (жүннен костюм, пальто, күртке тоқу), "Адал" (тоқыма өнеркәсібі), "Эластик" (шүлық тоқу) жатады. Құрылыс материалдарын өндіруде "Шымкентцемент" АҚ (цемент өндіру) және "Құрылыс материалдары" (құрылысқа қажетті кірпіштерді өндіру) және басқа да кәсіпорындар бар.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz