Тауке ханның басқару кезінде




Презентация қосу
Төле би
Әлібекұлы

Өмірбаяны
• Төле Әлібекұлы (1663 –
1756) – қазақтың қоғам
қайраткері, шешен,
Ұлы жүздің бас биі,
Қазыбек, Айтеке бидің
қолдауымен үш жүзге
төбе би болып
сайланған. Артында
"бүтін билікке Төле би
жеткен" деген сөз
қалған тарихи тұлға.
"Жеті жарғыны"
жасаушылардың

бірі.
Өмірбаяны
• Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді би Есім хан
мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім ханды қолдаған
(Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме
дейін" кітабынан). Яғни Есім хан тұсындағы, халық
аузында "Есім ханның ескі жолы" атанып кеткен
қазақ халқының заңдар жинағын құрастыруға
қатысқан билердің бірі деп айтуға толық негіз бар.
Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін
күрескен қайраткер! Төле би өз халқының
шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін
жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты
адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан
жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік
өнері арқасында таныла бастайды.

Өмірбаяны
Төле би 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы Шу
өңірінде туған. Ұлы жүздегі дулат тайпасының жаныс
руынан. Бала күннен жас Төле әкесіне еріп жүріп ел
көреді, жұрт таниды, қазақ халқының ақындық-
шешендік өнерінен тәлім алады. Он бес жасынан ел
билігіне араласып, ақыл-парасаттылығы, әділ шешімі,
шешендік өнерімен көзге түседі.


Тауке ханның басқару кезінде
• Төле би Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билермен бірге Тәукені
хан етіп көтеруге, үш жүздің ұлыстарын бір орталыққа
бағындыруға, сөйтіп, бірегей қазақ хандығын нығайтуға,
жоңғар шапқыншылығына қарсы бауырлас қазақ, қарақалпақ
және өзбек халықтарының жауынгерлік одағын құруға
бағытталған шараларды жүзеге асыруға қатынасты. Тәуке
хан Төле биді Ұлы жүздің бас биі еткен. Төле би Қазыбек
бимен және Әйтеке бимен бірлесе отырып, қазақ халқының
дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы болып табылатын
Жеті жарғының қабылдануына атсалысты. Ордабасы жиыны
кезінде Төле би басшылық жасап, жоңғар басқыншылығына
қарсы бүкілхалықтық тойтарыс беруге ұйытқы болды.
Шашырап кеткен қазақтардың басын қосып, Ресей мен Қытай
секілді екі алпауыт мемлекет арасында оңтайлы саясатты
жүргізген Абылай ханды өкіл бала етіп тәрбиелеп, азамат
қатарына қосуда Төле бидің қызметі орасан.


Абылай ханның басқару
кезінде
• 1742 жылы Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған
жоңғарлардың қолына түсіп қалғанда, оны
тұтқыннан босатуда Төле би белсенділік танытты.
Тарихи жырларда қазақ билеушілерінің атынан
Әбілқайыр хан мен Төле бидің Орынбор
әкімшілігінен Абылайды тұтқыннан босатуға ықпал
жасауын өтінгендігі айтылады. Қазақтың үш
жүзінен Төле би бастаған 90 адам елші боп барып,
келіссөз жүргізіп, 1743 жылы 5 қыркүйекте
Абылайды тұтқыннан шығарып алады. Төле би ішкі
және сыртқы саясатта сара бағыт ұстанды. Хандық
пен мемлекет тұтастығын, тәуелсіздігін діттеп,
жаугершілікте дұшпан қолында қалған қалалар
мен жерлерді қайтаруға күш салды.

• 1734 жылы Ресей патшасы Анна Ивановнаға және 1749 жылы
Орынбор губернаторы И.Неплюевке хат жолдап, бодандықты
қабылдауға ризашылық танытты. Бұл сол тарихи кезеңде
шарасыздан жасалған қадам болатын. Ол жоңғар
шапқыншылығынан титықтаған халықтың жағдайын жақсартуды
бірінші кезекке қойды. 1748 жылы орыс сауда керуені
тоналғанда, бұған кінәлі Қойгелді батырды билер алқасына
шақыртып, оған бұл шығынды жұрт көзінше өтеттіреді. 1748
жылы Әбілқайыр хан қаза тапқанда, оның баласы Ералы сұлтан
әкесінің құнын даулап Төле биге шағымданады. Төле би
Әбілқайырдың өлімі үшін айыпкерлердің Жеті жарғы заңына
сәйкес жеті құн төлеуі туралы шешім шығарады. Ералы
айыпкерлерден екі құн алып, төрт құнды кешіреді де, әкесін
өлтіруге қатысушылардың бірі Сырымбет батырды жетінші құн
орнына өз қолымен өлтіреді. Әбілқайырдың балалары бұған да
тоқтамай, Барақ сұлтанның жауапқа тартылуын Төле биден
сұрайды. Бас сауғалап қашып жүрген Барақ сұлтан Төле биге өзі
келіп, жасаған ісі үшін сотқа тартуды сұрайды. Төле би билер
сотына қазақ билерінің ішінен Барақ сұлтанның ұсынуы бойынша
төрт белгілі биді (Жалған би, Сырлыбай би, Даба би, Қабек мырза)
қатыстырады, өз тарапынан бірнеше биді шақырады.

• Билер алқасында Төле би Барақ сұлтанды ақтап алады.
Төле би Әбілқайыр ханның өлімі үшін жеті адамның
құнын кескенде де, Барақ сұлтанды ақтап алғанда да,
туысы Қойгелді батырға тоналған орыс сауда
керуенінің өтеуіне екі мың жылқы төлеуге билік
шығарғанда да елдің елдігін бұзбауды, әлі келгенше
халықтың тыныш жағдайын, тұтастығын сақтауды
көздеді. Төле бидің бұл секілді еларалық сипаттағы
билігімен қатар ұлыс ішіндегі дауларды шешкен
билігінен де оның мемлекеттік деңгейдегі
парасаттылығы, ойының саралығы мен ниет-тілегінің
тазалығы танылады. Төле би хан, сұлтандардың,
бектер мен билердің өзара қырқысының ұлт
тәуелсіздігі мен бостандығына ешнәрсе бермейтіндігін
сезініп, татулықты жақтады. Оны елге танымал “Елге
бай құт емес, би құт” дейтін қанатты сөзі айқын
аңғартады. Бізге келіп жеткен аңыз-әңгімелерде Төле
бидің ұлт бірлігін нығайтуды барынша жақтағандығы
айтылады.

• Сондай аңыз-әңгімелердің бірінде Төле би өз
көңілін сұрай келген Қазыбек, Көкі, Мәлік,
Ержан билердің еліңізге қандай өсиет
қалдырасыз деген сұрағына былай деп жауап
берген екен: “Жүзге бөлінгендердің жүзі қара.
Руға бөлінгендердің құруға асыққаны. Атаға
бөлінгендер адыра қалады. Көпті қорлаған
көмусіз қалады. Хан азса, халқын сатады. Халық
азса, хандыққа таласады”. Төле бидің артында
кейінгі ұрпаққа жарық жұлдыздай жол көрсетіп,
жөн-жоба сілтейтін көптеген өсиет сөздері
қалған. Оның шешендік сөздері айтпақ ойының
ұшқыр да тапқырлығымен, тап басатын көркем
теңеулерінің дәлдігімен, тілінің өткір де
айқындылығымен ерекшеленеді. Оның Данагүл
есімді келінінің де есімі көпке танымал.

Шешендігі
• Төле би жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп
батасын алады. Төле бала әуелі әкесіне барыпты. Жасы жүзге тақап отырған
әкесі ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. Төле "Қалай
еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ" дегенді сұрайды. Сонда.
әкесі әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады:

• - Балам, мынаны сындырып көрші.
• Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.
• - Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? Төле ортасынан буылған шыбықты
шешіп, біртіндеп пырт-пырт етіп оп-оңай сындыра береді. Әлібек би:
• - Бұдан не түсіндің, балам? - дейді.
• Сонда. Төле бала:
• - Түсіндім, әке бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау
да, дау да ала алмайды. "Саяқ жүрген таяқ жейді" демекші, бірлігі,
ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой.
• - Бәрекелде, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауызбірлікке,
ынтымаққа шақыра біл. "Бақ қайда барасың дегенде, ынтымаққа барамын"
дегенінің мәнісі осы, - депті.

Ескерткіштер
• Төле би Шымкент,
Түркістан және Ташкент
қалаларында көпшілік
пайдаланатын ғимараттар
салу ісіне белсене
араласқан. Төле би халық
арасында “Қарлығаш
әулие”, “Қарлығаш би”
деген атпен танымал.
Оның бұлай аталуы жайлы
да аңыз сақталған. Төле би
Ташкенттегі Шайқантәуір
зиратына жерленген.

• Қабірі Бабырдың нағашы атасы Жүніс
хан мазарының қасында. Төле би қабіріне
кесене салынған. Ғибратты ғұмыр
кешкен бидің жарқын бейнесіне көптеген
ақын мен жыраулар оралып, оның
даналығын шығармаларына арқау етіп
отырды. Өткен дәуірлерде А.Левшин,
П.Маковецкий, Л.Баллюзек секілді, т.б.
орыс зерттеушілері өз еңбектерінде Төле
би есіміне ілтипат білдіріп, құрмет тұта
атап өтті. Әр кезде Мәшһүр Жүсіп
Көпеев, Шәкерім Құдайбердіұлы, Сәкен
Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Б.Адамбаев,
Н.Төреқұлов, т.б.

• Төле биге байланысты әр
тараптағы зерттеулері мен ой-
қорытындыларын жариялады.
Жамбыл облысында Төле би
есімімен аталатын елді мекен бар.
Оңтүстік Қазақстан облысында бір
ауданға Төле би есімі берілген.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан
облысында және Астана
қаласында Төле биге ескерткіш
қойылған. Алматыда, Шымкентте
және бірқатар елді мекендерде
Төле би есімімен аталатын

Төле бидің зираты,
Ташкент


Назарларыңызға
рахмет!!!



Ұқсас жұмыстар
ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы туралы ақпарат
Тәуке ханның хан тағына отыруы
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы
Жеті жарғы туралы жеті дерек
Қазақ хандығының негізгі құқықтық ережелері
ХVІІІ ғ. бірінші ширегіндегі Қазақстан. Қазақстан және Ресей жаңа заман жағдайында
Тәуке хан немесе Мұхамед Батырхан (1636 (1635) - 1718 (1715) )
Тәуке хан - Қазақ хандығының ханы, Салқам Жәңгір ханның баласы
Қазақ хандығының ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы дамуы. Модульдік оқыту технологиясы. Презентация
Пәндер