Тәрбие және оның маңызы
Презентация қосу
Тәрбие және
оның маңызы
Тəрбие əдістері мен тəсілдері жөнінде түсінік.
Тəрбие əдістері –бұл тəрбие көздеген мақсатқа жетудің жолдары,
тəсілдері. Мектеп тəжірибесіне орай əдістердің жəне бір анықтамасы –
қажетті сапаларды қалыптастыру мақсатымен тəрбиеленушілердің
санасына, еркіне, сезіміне жəне қылық-əрекетіне ықпал жасау тəсілдері.
Əдістер түрі сан-алуан да шексіз көп. Ал оның нақты көрінуі өз
шəкірттерінің білімдік күш-қуаты мен жалпы мүмкіндіктерін жете
танып, оларды өтілетін материал сипатына байланыстырып жəне басқа
да көп оқу жағдаяттарын зерделі саралай білген педагог əрекетіне
тəуелді. Қай тұлға, қанша тұлға араласса, əдіс формасы да сондай əрі
сонша – бұл заңдылық.
Əдіс баламалары өте көп. Олар арасынан
мақсаттар мен нақты жағдайларға сай
келетіндерін таңдап алу үшін оларды қандай да
бір ретке келтіріп, топтастыру, яғни
классификациялау қажет. Əдістер
классификациясы дегеніміз қандай да белгісі
бойынша бір топқа келтірілген əдістер жүйесі.
Осы классификацияға арқа сүйеп, педагог барша
жүйені анық білуімен бірге оның қажеті мен
өзіне тəн сипаттарын тереңірек түсінеді.
Тəрбие əдісі- көп өлшемді құбылыс, оның
жүйелесуіне негіз болар белгілер сан-алуан.
Солар арасында аса танымал болғандарын атап
өтейік. Сипаты бойынша əдістер – сендіру,
жаттықтыру, мадақтау жəне жазалау. Мұндағы
«сипат» мəні – əдістің бағыт-бағдарын, қолдану
аймағын, ерекшеліктерін жəне т.б. білдіреді.
Сана қалыптастыру əдістері
Тəрбие процесінің жалпы
құрылымынан
байқағанымыздай, дұрыс
ұйымдастырылған тəрбиенің
бірінші сатысы- оқушылардың
өздерінде қалыптасуы қажет
əрекет-қылық нормалары мен
ережелерін білу (түсіну). Ең
алдымен қандай да сапаны
туындатып, орнықтыру үшін,
сол сапаның мəн-мағынасын
жете түсініп алу міндетті.
Адамның көзқарастарын,
ұғымдарын, наным-сенімдерін
кемелдендіруге бағытталған
əдістер тұлға санасын
қалыптастыру əдістері
атамасын алған. Бұл топ
əдістері екінші кезеңде іске
қосылатын – сезім, көңіл-күй
толғаныстарын
қалыптастыруда аса қажет.
Егер оқушы педагогикалық
ықпалға бейтараптылық пен
Іс-əрекет ұйымдастыру
əдістері
Тəрбие көзделген əрекет-қылық
(поведение) типін қалыптастыруы
міндетті. Тұлға тəрбиелілігі түсінік,
ұғымнан көрінбейді, ол адамның нақты іс-
əрекетімен бағаланады.
Бұл тұрғыдан іс-əрекет ұйымдастыру мен
қылық қалыптастыру тəрбие процесінің
өзегі ретінде қарастырылады. Аталған
топтағы əдістердің бəрі
тəрбиеленушілердің практикалық іс-
əрекетіне негізделген.
Мұндай іс-əрекетті басқару үшін педагог
оны құрамды бөліктерге – нақты істер
жəне қылықтарға жіктейді.
Ынталандыру əдістері
Тəрбиеленушіні белгілі іс-əрекетті орындатуға
талаптандыру ниетімен қолданылатын əдістер тобында
ынталандырудың орны өз алдына. Бұл əдістің ежелден-
ақ мадақтау мен жазалау түрі белгілі. XX ғасыр
педагогикасы жəне бір өте əсерлі ынталандыру əдісі –
жарыстыру əдісін
алға тартып отыр. Кейінгі он жылдықта дəстүрлі ықпал
əдістеріне қосымша субъектив-прагматикалық əдістің
тиімділігі жариялануда. Ғылыми зерттеулер мен
практика нақтылағандай, бүгінгі жастардың ерекшелігі -
өмірге болған прагматикалық (пайдакүнемдік) қатынасы.
Осыдан
қазіргі заман оқушысы өзіне, өз жолдастарына тəрбие
маған не береді, неге, қай уақытта ол қажет, одан түсер
пайда қандай жəне қаншалықты деген сұрақтарды
үстемелеп қоятын болды. Осы секілді пайдакүнемдік –
прагматикалық бағытты ескере отырып, кейбір шет ел
педагогикалық жүйелері тəрбие процесін тəрбиеші мен
тəрбиеленуші арасындағы коммерциялық қатынас
сипатында бағалайды. Ал мұндай қатынас өзегі – пайда.
Əдіс əлі қалыптасып, ресми қабылданған емес, бірақ
тұрмыста тəрбиеші мен тəрбиеленушілер арасында
түзілетін келісім-шарттар жүйесімен біртіндеп
тұрақтануда.
«Тәрбие басы тал бесік» деп бабаларымыз
тауып айтқан болса, заманымыздың заңғар
жазушысы Мұхтар Әуезов, «Ел болам десең
бесігіңді түзе», - деп емірене айтыпты.
Жерлесіміз Пайғамбар ақын Мағжан
Жұмабаев атамыз, «Қазақ баласының
тәрбиесі қазақ тұрмысына қабысуы мақұл», -
деп қазақы тәрбиенің маңыздылығын
ескерткен. Қазақы тәрбие дегенді кім қалай
түсінеді?
Осы жөнінде азырақ ой айтсам. Бұл – ең
әуелі ата-анасын, үлкенді және қоғамды,
яғни өзі өмір сүріп жүрген ортаны сыйлау.
Осы айтылғандарды сыйлап өскен, ата
көрген бала тәрбиесіз болмайды.
Мағжан атамыздың мына сөзіне назар салсақ, «Баланы
тәрбиешісінің дәл өзіндей қылып шығармай келешек
заманына лайық қылып шығару керек» дейді.
Қазір ХХI ғасыр білім мен ғылым заманы екенін
жұртшылық жақсы біледі. Бірақ бар күшімізді білім мен
ғылымға салып тәрбиені елеусіз қалдырсақ ұтарымыздан
ұтыларымыз көп болатындығын орта ғасырлық бабамыз
ғұлама Әл-Фараби нықтап айтып кеткен ғой. Ендеше
әуелі тәрбие, сонсын барып басқа қажеттіліктер білім,
ғылым,әдебиет, мәдениет. Мәдениет демекші тәрбиелі
қауым мәдениетсіз болуы мүмкін емес. Ал білім, ғылым,
мәдениет нағыз қазақы тәрбиемен арқауланса
өркениеттің шыңына даңғыл жол салынбақ.
Қазақы тәрбиенің басты тармақтарының бірі қазақы
қанның немесе қара шаңырақтың ұл балалар арқылы
жалғастығы және әрі қарай өніп-өскен сабақтастығы.
«Қызға қырық үйден тыйым», «Қыздың жолы жіңішке»
деген қисынды қағидасы. Өйткені ұл бала қазақ
халқының намысы болса қыз бала ар-ожданы, ұяты. Ұят
демекші бабаларымыз ұятты өлімнен күшті санаған.
Тәрбие туралы мақал - мәтелдер
Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер.
Жақсы келін - қызыңдай,
Жақсы күйеу - ұлыңдай.
Қызым, саған айтам,
Келінім, сен тыңда.
Айтушы ақылды болса,
Тыңдаушы дана болады.
Өзіңді- өзің сыйламасаң, өзгеден сый дәметпе.
Сиыр су ішсе, бұзау мұз жалайды.
Сұңқар қанаты ұшқанда қатаяды.
Әкесі қой баға білмегеннің,
Баласы қозы баға білмейді.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz