Жаңаөзен қаласы



Жаңаөзен қаласы
Маңғыстау облысындағы қала, қалалық әкімшілік орталығы. Облыс орталығы - Ақтау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 150 км жерде, Маңғыстау үстіртінің оңтүстік-батыс етегіндегі жазық шөлді белдеуде орналасқан. Тұрғыны 48, 9 мың адам (1999) .
www. ZHARAR. com

Тарихы
Алпысыншы жылдардың басында Өзен кенорнына барлаушы-геологтар түпкілікті қоныстанып, өздерінің зерттеу-барлау жұмыстарын жоспарлы жүргізді. Қызылсайда алғашқы мекен-жайлар пайда болып, жан-жақтан халық жинала бастады. Алғашында жертөлелер мен вагондар орналастырылып, соңынан сол маңдағы жерқабақтардағы жұмыс тастарды тұрғын үй тұрғызуға пайдаланады. Сөйтіп барлаушы-геологтар мекені Өзен поселкесі пайда болды. Түбекті игерушілердің жанқиярлық еңбегі босқа кетпеді. Алпысыншы жылдары Өзен кенорнынан газ бен мұнайдың көзі ашылды. 1964 жылы қазіргі мұнайшылар қаласының қазығы қағылып, қала типтес жұмысшы поселкесі пайда болды. Онда Маңғыстау жарты аралында тұңғыш рет мұнай кәсіпшілігі басқармасы құрылды, бұл өлкеде екпінді құрылысшы бригадалары жасақталып, тұрғын үйлер мен мәдени нысандарды салу жұмыстары жүргізілді.
1968 жылы 21 қазанда Қазақ КСР Жоғары Кеңес Президиумының қаулысымен Гурьев (қазіргі Атырау) облысы құрамында Өзен ауданы құрылып Жаңаөзен поселкесі қала статусын алды.
www. ZHARAR. com

Жаңаөзен оқиғалары
1989 жылы жергілікті халық сырттан келген жұмысшылардың қазақтарға қатысты кемсітушілігіне наразылық танытып бас көтерді. Кавказ ұлтының өкілдерін арнайы ұшақтармен көшірді. Халықтың бас көтеруі "Витязь" арнайы әскер жасағының күшімен тоқтатылды.
16 желтоқсан күні Жаңаөзен қаласының орталық алаңына еңбек дауына байланысты жеті айдан бері ереуілге шыққан Өзенмұнайгаз мекемесінің бұрынғы қызметкерлері мен жергілікті құқық қорғау органдары арасында болған қақтығыс. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тарапынан қару қолданылып, оқ атылды. Қаладағы тәртіпсіздіктер коммерциялық нысандар мен мемлекеттік органдардың ғимараттарына ауысты. Полиция оқ қару қолдануы салдарынан ереуілшілер тарапынан көп адам опат болып, көбі жараланды.
www. ZHARAR. com

Халық саны
Жаңаөзен қаласының және оған іргелес елді мекендердің (Теңге және Қызылсай селоларында, Рахат кентінде) туу көрсеткішінің есебінен жыл басынан бері 4500 адамға өсіп, халқының саны 130 000 адамды немесе облыс бойынша халық санының 22, 2 пайызын құрайды. Жаңаөзен қаласының әкімшілік - аумақтық құрамына 2 селолық округ - Теңге (18700 адам) және Қызылсай (3500 адам), сондай ақ 2012 жылы жаңадан құрылған Рахат кенті(30800 адам) кіреді.
www. ZHARAR. com

Қалалық сүнниттік мешіті
www. ZHARAR. com

Экономикасы
Есепті кезеңде өнеркәсіптік кәсіпорындар қолданыстағы бағада 141, 9 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 112, 4 пайызды құрады. Жаңаөзен қаласының мұнай және газ өндіретін ірі кәсіпорындардың бiрі-"Өзенмұнайгаз" АҚ, "ҚазГӨЗ" ЖШС. 2012 жылдың сәйкес кезеңінен мұнай өндіру көлемі 457, 4 мың тоннаны құрады немесе 2, 9 пайызға көбейді.
www. ZHARAR. com

Түнгі Жаңаөзен
www. ZHARAR. com

Транспорты
Қаладан Солтүстік-Оңтүстік темір жол линиясы басталады (Жаңаөзен - Гызылгая - Берекет - Этрек - Горган бағыты) .
Қалалық транспортты жолаушы "ГАЗельдер" (12 маршрут, 120-ға жақын бірлік) және жекеменшік таксилер құрайды. Жолаушы проездінің бағасы - 40 теңге (балаларға 20 теңге), ал таксиге - 150-300 теңге.
www. ZHARAR. com

Оқу орындары
Қалада 5 колледж бен 1 лицей орналасқан.
Колледждер:
■ Маңғыстау облыстық медицина колледжі
■ Жаңаөзен мұнай мен газ колледжі
■ " Лингва" тіл мен аударма колледжі
■ Жаңаөзен политехникалық колледжі
■ "Каспий" педагогика мен өнеркәсіптік технологиялар колледжі
Лицейлер:
■ Жаңаөзен кәсіпқой лицейі
www. ZHARAR. com

Мәдениет
Қалада қалалық мұражай, "Мұнайшы" мәдениет үйі, "Жалын" кинотеатры, "Өнер" МКҚК, кітапханалар бар. Қалаға іргелес Қызылсай мен Теңге селоларында "Шаңырақ" және "Атамұра" мәдениет үйлері бар.
www. ZHARAR. com

Қалада қарауға тұрарлық жерлер
■Бала мен дельфин скульптурасымен әшекейленген фонтан
■Тәуелсіздік алаңы
■Репрессия құрбандарына арналған тарихи - мемориалдық комплекс
■Қашаған ескерткіші
■"Дулыға" алаңы
■Мұнайшылар аллеясы
■1989 жылға арналған ескерткіш
■Мұнайшыларға арналған ескерткіш
www. ZHARAR. com

Дін
Қалада және іргелес селоларда қалалық сүнниттік мешіті, Қызылсай мен Теңге селоларының сүнниттік мешіттері жұмыс істеуде. Қала тұрғындарының ақшасына қаладағы ең ірі мешіт салынуда.
www. ZHARAR. com

Спорт
Спорттық клубтар:
"Өзенмұнайгаз - Мұнайшы" футзал клубы футзалдан ҚР чемпионатында өнер көрсетеді.
Спорт үйлері:
Әмин Тұяқов атындағы стадион.
Рахмет Өтесінов атындағы Дене - Шынықтыру Сауықтыру Комплексі.
"Энергетик" Балалар мен Жасөспірімдер Спорт Мектебі.
www. ZHARAR. com

Белгілі адамдар
Рахмет Өтесінов - Қазақ КСР еңбек сіңірген мұнайшысы
Дәуіт Шайхисламов - қазақстандық шоумен, КВН қатысушысы
Алтынай Сапарғалиева - қазақстандық әнші, Супер Старс KZ қатысушысы
Luina - қазақстандық әнші
Ақмарал Кемелханова - қазақстандық әнші
Динара Бақтыбаева- қазақстандық кино актрисасы
www. ZHARAR. com
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz