Жер ғаламшары: Күн жүйесіндегі орны, пішіні, полюстері, қозғалысы және сағаттық мен жылу белдеулері


Slide 1

§1 Жер туралы қысқаша мәліметтер

Slide 2

Жоспар:

Жер ғаламшарының Күн жүйесіндегі орны

Жер шары полюстері және пішіні

Жер ғаламшарының қозғалысы

Сағаттық белдеулер

Жылу белдеулері

Slide 3

Күннен қашықтығы - 150 млн км.

Орбитадағы айналу жылдамдығы - 29, 8 км/с.

Орташа тығыздығы - 5, 5 • 103 кг/м3.

Күнді айналу ұзақтығы - 365 тәул. 6 caғ.

Табиғи серігі - Ай.

Массасы - 6 • 1024 т.

Радиусының орташа ұзындығы - 6371 км.

Экваторының ұзындығы - 40075, 7 км.

Меридианының ұзындығы - 40008, 5 км.

Жер бетінің жалпы ауданы - 510 млн км2.

Slide 4

Жүздеген миллиард жұлдыздардан тұратын жұлдыздық жүйелер галактиканы түзеді

Slide 5

Галактикалардың бірі-Құсжолы, диаметрі шамамен 100 000жарық жылына тең.

Slide 6

Жарық жылы - ұзындықтың астрономияда қолданылатын жүйеден тыс бірлігі;

Slide 7

Жер тобындағы планеталар (Меркурий, Шолпан, Жер, Марс)

Алып планеталар (Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун)

Slide 8

Жердің жалғыз серігі-Ай. Ол басқа планетамен соқтығысып пайда болған.

Slide 9

Географиялық полюс, географиялық ұйық- жердің айналу өсінің жер бетімен қиылысатын нүктелері, яғни полюстерде жердің барлық меридиандарының қиылысуы.

Slide 10

Магниттік полюс - жер бетіндегі магниттік еңкеюі 90Ә-қа тең, бұрылу сызықтары (изогоналар), яғни магниттік меридиандары түйісетін нүктелер.

Slide 11

Полярлық шұғыла- Жер атмосферасының ионосфера қабатында байқалатын жарқыл. Полярлық шұғыла ғарыштан келетін жоғары энергиялы зарядталған бөлшектердің (электрондар мен протондардың) атомдар мен молекулалармен әсерлесуі (90 - 1000 км биіктікте) нәтижесінде пайда болады.

Slide 12

Заттың планета центріне тартылуы және оның ось бойымен айналуы салдарынан Жер эллипсоидтық пішінге келген.

Slide 13

Жер шары өз білігінен сағат тіліне қарсы бағытта батыстан шығысқа қарай 24 сағатта бір рет айналып шығады. Бұл қозғалыс нәтижесінде күн мен түн алмасуы жүреді.

Slide 14

Жердің өз білігшен айналуы кезінде оның бетіндегі барлық денелер қозғалысында ауытқу пайда болады. Бұл ауытқуды тудырушы құбылыс - Кориолис күші деп аталады. Кориолис күші әсерінен солтүстік жарты шардағы жер бетімен қозғалатын барлық денелер оңға, ал оңтүстік жарты шардағы денелер солға бұрылады. Өсіресе бұл қозғалыстар желдер мен беткі ағыстардан айқын байқалады.

Slide 15

Жердің өз білігінен айналуы нәтижесінде пайда болатын уақыт айырмашылығын реттеу мақсатында Жер шары шартты түрде 24 белдеулік уақытқа бөлінген. Белдеулер арасы 15°, Гринвич меридианынан басталады. Әрбір белдеу келесі белдеуден 1 caғат айырма жасайды. Егер Гринвич меридианында тал түс болса, 180° бойлықта түн жарымы, Гринвичтен шығысқа қарай 90° бойлықта кеш болса, ал Гринвичтен батысқа қарай 90° бойлық бойында таң атады. Жердің шар тәрізді пішіні оның бір меридиан бойында орналасқан кез келген бөлігінде тәулік ішіндегі уақыт көрсеткіші бірдей болады.

Slide 16

Жердің айналу білігінен еңкіштігі және Күнді айнала қозғалуы Жер шарында жарық немесе жылу белдеулерін қалыптастырады. Олар өз тарапынангеографиялық қабықтағы зоналық жіктелуге негіз болады. Жылу белдеулері бір-бірінен Күннің тал түстегі көкжиектен биіктігі, күннін ұзақтығы, тропиктік және полярлық шеңберлермен шектелуі арқылы ажыратылады.


Ұқсас жұмыстар
Геоэкология: ұғымы, міндеттері және жер ғылымдар жүйесіндегі орны
Күн энергиясы және күн жылу коллекторлары: түрлері, құрылысы және қолданылуы
Жер пішіні мен өлшемдері: геоид, эллипсоид және өлшеулер тарихы
Күн энергиясын пайдалану: жылу мен электр энергиясына түрлендіру әдістері және қолданылуы
Жылу және күн соққысының диагностикасы мен дәрігерге дейінгі алғашқы көмек
Жеке қаржы басқару және оның қаржы жүйесіндегі орны
Жер мен Күн жүйесінің қалыптасуы: тарихи гипотезалар мен заманауи ғылыми түсініктер
Әлеуметтанудың объектісі мен пәні, әдіснамасы және гуманитарлық білім жүйесіндегі орны
Саясаттану ғылымының әлеуметтік-гуманитарлық білім жүйесіндегі орны
Күн жүйесінің планеталары: Жер тобы мен алып планеталардың сипаттамалары мен жаттығу тапсырмалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz