Жезқазған қаласы
Презентация қосу
Жезқазған қаласы
Жезқазған қаласы - Қазақстандағы
қала, Қарағанды облысы
- Қала 1954 жылы құралды. Қала
аумағы 1,8 мың шаршы километрге
тең.
- Қала халқының саны 2007 жылғы 1
қаңтарда 97,3 мың адамды құрады.
- Қалалық әкімшілікте 3 ауылдық
округ, 18 ауылдық елді мекен бар.
Халық саны
• Есептілік деректер бойынша 2007 жылдың басына қалада
тұратын халық санының
▫ 60,0%-ы қазақтар
▫ 27,8%-ы орыстар
▫ 1,4%-ы немістер
▫ 1,3%-ы татарлар
▫ 4,1%-ы украиндер
▫ 0,9%-ы белорустар
▫ 4,5%-ы басқа ұлт өкілдері
• 2006 жылы халықтың 1000 тұрғынына жалпы
коэффициенттер:
▫ туылу – 16,73
▫ өлім – 10,88
▫ табиғи өсім – 5,85
• Қалада 01.01.07 жылға 1133 шаруашылық жүргізуші
субъекті тіркелген, оның ішінде 13 ірі, 58 орта, 1062
шағын субъектілер.
Экономикалық бағыт
• Негізгі экономикалық бағыт: түсті металлургия; машина жасау және металл
өндеу; энергетика; тамақ өнеркәсібі.
• Қаланың негізгі кәсіпорындары: «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, «ЖезРЭК»
АҚ, «ПТВС» АҚ
• Өндірілетін өнімнің негізгі түрлері:
▫ электр энергиясы;
▫ түсті металдарды өндіру (айырылған күміс, айырылған алтын, тазартылған
мыс).
• 2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің айтарлықтай бөлігін өсімдік
шаруашылығы құрады.
• 2006 жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы өндірушілерінің нақты бары: 16 ауыл
шаруашылық кәсіпорыны, 184 іс-әрекеттегі шаруа қожалығы, 4,5 мың халықтың
жеке қосалқы шаруашығы. Аймақта ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге 251,4
мың гектар ауыл шаруашылық жерлері пайдаланылады, оның ішінде 1,0 мың га
– егістік алқаптар.
• 2006 жылғы астыққа 1,1 мың га ауыл шаруашылығы дақылдары егілетін егістік
жерлер пайдаланылды, оның ішінде
▫ картоп 0,8 мың га
▫ көкөніс 0,2 мың га
• Осыдан 2006 жылы 11,6 мың тонна картоп, 4,9 мың тонна көкөніс-бақша
дақылдары, 1,1 мың тонна ет (тірі салмақта),4,0 мың тонна сүт, 4671,2 мың
дана жұмыртқа өндірілді. 2007 жылғы 1 қаңтарға ірі қара мал саны 6,9 мың бас,
Мәдениеті
Қалада 2006/2007 оқу жылы басына
• 22 күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс
істейді, онда 14999 оқушы,
• 7 колледжде – 6470 оқушы,
• 2 кәсіби-техникалық оқу орнында – 920 оқушы,
• 1 жоғары оқу орнында 4283 оқушы оқиды.
Қалада
• 13 кітапхана,
• 6 клуб типті мекеме,
• 3 мұражай,
• кино көрсету қызметін жүзеге асыратын 2 мекеме,
• 1 театр,
• 1 концерт залы жұмыс атқарады.
Қала құрушыларына арналған ескерткіш
Географиялық жағдайы
• Жезқазған қаласы байырғы Сарыарқа жерінде орналасқан, негізгі
аумағы кең байтақ , көз жетпес даланы құрайтын шексіз жазықтық пен
алқаптардан тұрады. Сол себептен, Сарыарқа ерте заманнан бері
көптеген халықтар арасында Ұлы дала деген атқа ие болған. Ол туралы
көп айтылып та, жазылып та жүр, оны «алтын дала», «алтын планета»
деп те атайды. Жақын орналасқан анағұрлым үлкен таулардың бірі –
Ұлытау (1195 м), Ұлытаудың таулы беткейінен Қаракеңгір өзені мен
оның тармақтары, сондай-ақ, Сарыкеңгір, Сарысуға құйылатын
Жыланды және Жезді өзендері өз бастауын алады. Бұл мыс
аймағы. Шөптесінді жамылғысында астық-жусанды, жусан және
жусанды-тұзды кешендер ашық қоңыр және қоңыр топырақ бетінде
үйлесім тапқан. Климаты шұғыл континентті және құрғақ. Аумағы
шаңды дауыл әсеріне көп ұшырайды. Қысы қатты, ал, жазы ыстық әрі
құрғақ. Көктемі мен жазы қысқа. Жоғары деңгейлі континентальдығы
мен құрғақтығы мұхиттар мен теңіздерден қашық орналасқандығынан.
Вегетациялық кезеңінің ұзақтығы мен күн жылуының мөлшері көптеген
ауыл шаруашылығы дақылдарын: жаздық бидай, жүгері, әр түрлі
көкөністер өсіруге мүмкіндік береді. Жануарлар әлемі өте бай:
сүтқоректілердің 60 түрі, құстардың 200 түрі, балықтың 20 түрі бар.
Қасқыр, түлкі, қарсақ, күзен, борсық, ақкіс, аламан, ақ қоян кеңінен
таралған. Су қоймаларында ондатр бар.
Қ.Сəтбаевқ
а арналған
ескерткіш
Тарихы
• Жезқазған - еліміздің мысты қазынасы. Қала тарихы комбинаттың
тарихымен тікелей байланысты. Осыдан не бәрі елу жыл бұрын ғана
кішкене кент - Жезқазғанның алғашқы тұрғындары құрылысшылар мен
кеншілер болды.
• Байырғы қазақ жері өзінің жер асты байлығымен белгілі болған.
Жезқазған мысты кен орны адамзатқа 3000 жыл бұрын белгілі болған.
Бұған куә көптеген ашық жұмыстар кесіндері, балқыту пештері, жыныстар
мен кен үйінділері. Бұрынғы кен қазушылар жер қойнауынан 2 миллион
тоннадан аса жоғары сапалы мыс кенін шығарған. Уақыт өткен сайын
мұндай өндірулер азайған. Сонау жылдардан халықтың жадында сақталып,
бүгінге жеткені жергілікті жер атауы – Жезқазған.
• Ғасырлар жылжып өтті. 1771 жылы Орталық Қазақстанға барон
Траубенбергтің экспедициясы келді. Экспедицияға қатысушылардың бірі
капитан Николай Рычков өзінің күнделігінде былай деп жазған: Ұлытаудың
айналасында сол елді мекендеген байырғы тұрғындар қазған көптеген мыс
кен орындары, сондай-ақ, алтын мен күміс кендерінің белгілері де
табылды. Траубенберг экспедициясы нәтижесінің қызығушылық тудырғаны
сондай Жезқазған аумағына тағы да бірнеше зерттеушілер келді. Кен
орнын пайдалануды бастауға ниет білдіргендер де болды.
Тарихы
• 1847 жылы екатеринбургтік көпес Никон Ушаков малшы Батыр Бақасынның мыс белгілері
байқалған үлкен аумақ жерін 400 сомға жалдады. Ушаковтың да, одан кейінгі Рязановтардың да
мысқа бай өлкені зерттеуге және оны өндіруге қажетті жеткілікті қаражаты болған жоқ.
Жезқазған, Ресейдің басқа да көптеген пайдалы қазбалы кен орындары сияқты ХХ ғасырдың
басында шетел акционерлік капиталының қолына тиді.
• 1909 жылы ағылшындар Рязановтан Жезқазған кен орнын сатып алды және 1913 жылдың
көктемінде Қарсақбайда мыс балқыту заводы мен байыту фабрикасын салу үшін дайындық
жұмыстарын бастады.
• Ағылшындарға теміржол салу тиімді болған жоқ. Құрылысқа қажетті жүк Қарсақбайға 400
шақырым жердегі Жосалы станциясынан түйелермен жеткізілді. Түйелермен жеткізу мүмкін
болмаған жағдайда жабдықтар «керуенмен» жіберілді. «Керуен» дегеніміз не? Жосалы
станциясынан Қарсақбайға қарай ұзындығы 13 шақырым рельс жолы салынды. Оған бес паровоз
бен 278 вагон тіркелді. Құрам 13 шақырымға ғана жүре алатын, одан соң жол бұзылып, алдыңғы
жағына қайта төселетін. 1917 жылдың қазанында үш жыл жол жүрген «керуен» Қарсақбайға келді.
• Қазан төңкерісі жергілікті болсын, шетелдік болсын капиталистердің билік жүргізуіне тыйым
салды. Халық өз байлығына ие болды.
• Азамат соғысынан кейін 1925 жылдың маусымында Атбасар түсті металдар тресі құрылды, оған
Қарсақбай комбинаты, ал, 1928 жылдың қарашасында Қарсақбай мыс балқыту заводы алғашқы
өнімін берді.
• Осы кезде Жезқазғанның аумағында геологиялық зерттеу жұмыстары кең етек алды. Жер
қойнауын зерттеушілердің мәліметтері негізінде КСРО Ғылым академиясының ғылыми сессиясы
1934 жылдың қарашасында Жезқазған мысты кен орнын қоры бойынша еліміздегі бірінші кен орны
деп таныды.
Кеңгір суқоймасы. Қалалық
жағажай
Тарихы
• Мысты өңірді табысты игеру үшін ең алдымен көлік проблемасын шешу қажет еді.
1935 жылдың жазында теміржол трассасына қаражат қарастырыла бастады, келесі жылы
оның құрылысы басталып та кетті.. Қазан төңкерісінің ХХ жылдығын мерекелеу
қарсаңында ұзындығы 400 километр енді теміржол Жезқазғанға дейін жеткізілді.
Сонымен қатар, Жезқазған комбинатының құрылысына дайындық жұмыстары да
қарқынды жүргізілді. 1940 жылы «Покро-орталық», «Петро-орталық» қуатты
пайдалану шахталарының және су қоймасының құрылысы басталды. Комбинат
өркендеп, дамыды, онымен бірге 1938 жылы негізі қаланған құрылысшылар кенті де өсіп,
көркейе түсті. Жаңа үйлер, мәдени және тұрмыстық мекемелер салынды, Жезқазған
өнеркәсіп ауданында ауыл шаруашылығы өндірісі ұйымдастырылды. Фашистік
Германияның Кеңес Одағына шабуылы Үлкен Жезқазғанның құрылысын тоқтатты.
Жезқазғандықтардың барлық күш-жігері өнім шығаруды көбейтуге бағытталды. Ұлы Отан
соғысы жылдарында мыс кенін өндіру бірнеше есе өсті. 1941-1945 жылдардағы Ұлы
Отан соғысы кезеңінде жұмысшылардың, инженерлік-техникалық қызметкерлер мен
қызметшілердің жанқияр еңбегі үшін Жезқазған комбинатына Мемлекеттік қорғаныс
комитетінің ауыспалы Қызыл туы 16 рет тапсырылды. Бұл ту Отан алдындағы еңбегі үшін
комбинатқа мәңгілікке қалдырылды. Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталуынан
кейін комбинаттың кешенді дамуы жаңа қарқынға ие болды. 1947 жылы Жезқазған
байыту фабрикасының құрылысы басталды, оның үш секциясы 1954 жылы пайдалануға
берілді. 1955 жылы мыс-қорғасын кенін қайта өңдеуге арналған төртінші секция қатарға
қосылды. Соғыстан кейінгі он жыл ішінде, 1945 жылдан бастап 1955 жыл аралығында
6 шахта салынып, пайдалануға берілді. Үлкен Жезқазған адам танымастай өзгерді. Он
жыл ішінде 108 мың шаршы метр тұрғын алаң, Мәдениет сарайы, 4 орта мектеп, 8 бала
бақша, бірнеше аурухана мен дүкен, нан заводы, 100 километр теміржол, 150 мың шаршы
метрден аса бетонды жол, 215километр су және кәріз құбырлары салынды, темір бетон
өнімдері заводы мен екі асфальтбетон заводы салынды.
Тарихы
• Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1954
жылғы 20 желтоқсандағы жарлығымен 30 мыңнан
астам тұрғыны бар Үлкен Жезқазған жұмысшылар
кенті Жезқазған қаласы болып қайта құрылды.
Жеті жыл ішінде екінші байыту фабрикасы, жылу
электр орталығы, бірнеше шахта, оның ішінде, ашық
жұмыстардың ірі карьері №55 алып шахта іске қосылды.
Сондай-ақ, ет комбинаты, сүт заводы, ұн тарту
комбинаты, тоқыма-тігін фабрикасы салынды. Көп
қабатты үйлердің тұрғын алаңы 383 мың шаршы метрді
құрады.
• Жезқазғандықтар Қазақ КСР Ғылым академиясының
алғашқы президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың
атымен аталатын тау-кен металлургиялық комбинатын
ерекше мақтаныш тұтады.
Тарихы
• Білім және мәдениет жүйесі дамыды. Жезқазған алғашқылардың бірі болып теледидарды игерді.
Қарағанды политехникалық институтының кешкі факультеті ашылды, ол 1992 жылы тау-кен
технологиялық институты болып қайта құрылды. Кейін осы институт пен Жезқазған
педагогикалық институты базасында қазіргі О.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті
ашылды. Дене тәрбиесі мен спортты дамытуға ерекше мән берілді. Үш стадион жұмыс істеді.
«Горняк», «Металлург», «Еңбек» футбол командалары бірнеше рет республика чемпионы
атағына ие болды, сол кездегі командалардың екінші лигасында жүлделі орындарды иеленді.
Сарысу және Жезді өзендерінде балық аулау дамыды. Арқа даласындағы қала көгалдандырылып,
барлық жұмысшы кенттерімен және олардың қосалқы шаруашылықтарымен, асфальтты
жолдармен байланыс орнатылды, қазіргі заманға сай әуежай салынды. 1973 жылы
Жезқазған жаңадан құрылған Жезқазған облысының орталығы болды. Қала Ұлытау ауданының
қалыптасуына үлкен көмек көрсетті. Жезқазған мыс балқыту заводының құрылысы аяқталды, №3
байыту фабрикасы салынды, жаңа алып шахталар іске қосылды.
• Тәуелсіз Қазақстанның нарықтық экономикасын қалыптастыру кезеңінде барлық қосалқы
кәсіпорындарымен қоса тау-кен металлургиялық кешенін сақтап қалу, қалпына келтіру және
одан әрі дамыту үшін күрделі қаржы салымын тарту мәселесі тұрды. Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұлттық экономиканы қалпына келтіру, тұрақтандыру және көтеру
стратегиясына сәйкес республикамызға шетел инвесторлары шақырылды. Әлемдік экономикалық
жүйеге белгілі оңтүстік Кореялық «Самсунг» фирмасы стратегиялық әріптеске айналды, ол 1995
жылы 200 млн. аса АҚШ долларынбөлді. Бұл Жезқазғанның басты кәсіпорнының өмірін түбегейлі
өзгертуге себеп болды. Жезқазғандық кеншілер, байытушылар мен металлургтер қысқа мерзім
ішінде қалыптасқан жағдайдан шығудың жаңа мүмкіндіктеріне ие болды, ал, тау-кен ісінде қайта
жабдықтау жүргізілді.1998 жылы «Қазақмыс» корпорациясы толықтай өндірістік бағдарлама
бойынша жұмыс істеді. Ерекше тапшы шикізат пен металл шығаратын «Жезқазған түсті металл»
мемлекеттік кәсіпорны да жұмыс істей бастады.
Экономика
2006 жылғы қаланың ірі және орта кәсіпорындар
жұмыскерлерінің тізімдік саны, Сәтбаев қаласында
“Қазақмыс корпорациясы” ЖШС және Ұлытау ауданының
Қарсақпай кентінде жұмыс істейтіндерді есепке алғанда,
45175 адамды құрады, орташа атаулы еңбекақы – 39511
теңге. 2006 жылғы өндірістік өнім көлемі (үй шаруашылық
есебінсіз) 210886,1 млн. теңгені құрады. Жылдық деректер
бойынша 2006 жылғы негізгі капиталға инвестициялар
16057,8 млн. теңге сомасында игерілді, бұл 2005 жылғы
көлемге 103,6%-ды құрайды.Кәсіпорындардың өз күштерімен
орындаған мердігерлік жұмыстар көлемі 2006 жылы 1655,5
млн. теңгені немесе 2005 жыл көлеміне 163,9%. 2006 жылғы
бөлшек тауар айналым көлемі (қоғамдық тамақтандыру
қызметің есепке алмағанда) 8678,1 млн. теңге шамасында
құралды, қызмет көрсету көлемі (мемлекеттік басқару
қызметінсіз) – 3314,7 млн теңге.
Жезқаған әнұраны
Жезқазған маршы
• Сарыарқаның сағымымен бірге ұшқан,
• Сәулетімен сәніменен нұр құшқан.
• Салтанатты Жезқазғанның қаласы-ай,
• Асты алтын, үсті күміс гүлстан.
• Жезді бойы жез қалам,
• Жер түбінен жезді алам.
• Алтын қалам, кең далам,
• Жеқазғаннан айналам.
• Асқаралы асқарысың жерімнің,
• Мақтанышы, дастанысың елімнің.
• Көзін ашқан кеше Қаныш ағамыз,
• Тусыраған тұл бойында кенімнің.
Әні:Ж.Сейіловтікі, сөзі: Н.Бәрменбаеванікі
"Ғарыш бойсұндырушылары"
ескерткіші
Маңызы
Жезқазған-Қарағанды облысындағы қала, темір жол стансасы.
Қазақстандағы түсті металлургияның ірі орталығы. Сарыарқаның
батысында, Ұлытау тауларының оңтүстігіндегі Қарақеңгір
өзенінің бойындағы Кеңгір бөгенінің оңтүстік-батыс жағалауында
орналасқан. Тұрғыны 96 мың адам . Іргесі 1939 жылы 3 мың
халқы бар Кеңгір ауданының орнында тұрғызылған. 1941-54
жылдары Үлкен Жезқазған кенті аталды. 1954 жылдан қала
мәртебесін алды. 1973-97 жылдары Жезқазған облысының
орталығы болды. Қалада «Қазақмыс» корпорациясы, «Казкат»
біріккен кәсіпорны, «Жезқазғансирекметтал республикалық
мемлекеттік кәсіпорны», «Кеңгір» химия өндірістік кәсіпорны,
«Ұлытау» қазақ-қытай біріккен тоқыма-киім тігу және тағы басқа
бар. Қалада түсті металлургия ғылыми-зерттеу институты,
Жезқазған университеті,ботаника бағы, медициналық.
колледждер, 36 мектеп, 10 аурухана, 47 амбулаторлық пункттер,
7 кітапхана, 2 мұражай және тағы басқа мәдени мекемелер бар.
Жезқазғанның тарихы қазақтың ұлы ғалымы, академик Қаныш
Сәтпаев есімімен тығыз байланысты.
«Қазақмыс корпорациясы»
Білім жүйесі
• Жалпы білім беретін мектеп саны — 68;
• Мектепке дейінгі мекеме саны — 25;
• Жоғарғы оқу орны— 3;
• Орта арнаулы оқу орны — 11.
Жоғары оқу орындары
• Атырау мұнай және газ институты
• Атырау университеті
• Атырау инженерлік-гуманитарлық институты
Колледждері
• Атырау аграрлы техникалық колледжі
• Атырау балық өнеркәсібі колледжі
• Атырау бизнес және құқық колледжі
• Атырау медицина колледжі
• Атырау инженерлік-гуманитарлық колледжі
• Атырау индустриалды колледжі
• Атырау сервис колледжі
• Атырау энергетика және құрылыс колледжі
• С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжі
• Д.Нұрпейсова атындағы музыка колледжі (академиясы)
• Каспий маңының қазіргі заманғы колледжі (ПСК)
• Қазақстан-Канада мұнай колледжі (APEC )
• Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледж
• Мұнай және газ технологиялық колледжі
Архитектурасы
• Атырау архитектуралық құрылысы жағынан үшке бөлінеді. Жайықтың оң
жағасындағы ескі қалада негізінен 20 ғасырдың басында салынған бір
қабатты ағаш және кірпіш үйлер кездеседі. Орталық бөлігінде екі қабатты
тас үйлер, 4 – 5 қабатты тұрғын үйлер мен мекеме жайлары бар. Өзеннің сол
жағалауында кеңес өкіметі жылдары «Ембімұнай» кенті мен мұнай айыру
зауытының қалашығы пайда болды. Жайыққа салынған көпір (1965) Еуропа
мен Азия құрлықтарында жатқан қаланың екі бөлігін байланыстырады.
Қаланың назар аударарлық орындары
• Иманғали мешіті
• Иманғали мешіті
• Успен шіркеуі
• Құрманғазы Сағырбайұлы ескерткіші
• Бейбарыс сұлтан ескерткіші
• Атырау облыстық өлкетану мұражайы
• Хиуаз Доспанова ескерткіші
• Исатай-Махамбет ескерткіші
• Ірі қонақ үйлері
• «Атырау» қонақ үйі
• «Виктория Палас» қонақ үйі
• «Алматы» қонақ үйі
• «River Palace Hotel» қонақ үйі
• «Диар» қонақ үйі
• «Раш» қонақ үйі
• «Гурьев» қонақ үйі
• «Ренессанс» қонақ үйі
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz