Атырау тарихы


Slide 1

Атырау облысы

www. ZHARAR. com

Slide 2

Ел: Қазақстан

Статусы: Облыс

Кіреді: Батыс Қазақстан

Әкімшілік орталығы: Атырау

Құрылған уақыты: 15 қаңтар 1938 жыл

Әкімі: Бақтықожа Ізмұхамбетов

Ресми тілі: қазақ тілі

Тұрғыны (2011) : 531 562 адам (3, 1 %, 13 орын)

Тығыздығы: 4, 1 адам/км² (9 орын)

Жер аумағы: 118, 6 мың км² (4, 4 %, 13 орын

www. ZHARAR. com

Slide 3

Атырау тарихы…

Батыс Қазақстанда орналасқан облыс. 1938 ж. Гурьев облысы деген атымен құрылған. 1992 ж. кейін қазіргі атауға ие болған. Солтүстігінде Батыс Қазақстан облысымен, шығысында Ақтөбе облысымен, оңтүстік-шығысында Маңғыстау облысымен және батысында Ресейдің Астрахан облысымен шектеседі. Сондай-ақ оңтүстігік шекаралары Каспий теңізіне келіп тіреледі.

www. ZHARAR. com

Slide 4

Жер бедері

Облыс аймағы Каспий ойпатының солтүстік-шығыс бөлігін, Жем қыраты мен Үстірттің батыс шетін, Каспий теңізінің солтүстік бөлігін алып жатыр. Жері солтүстігінен оңтүстікке қарай аласара түсетін Ойыл, Сағыз, Жем өзендері салаларымен тілімденген.

Бұл аймақты Жем қыраты мен Үстірттің батыс сілімдері Доңызтау (214 м), оның бөліктері Желтау (221м), Тамды (175) жоталары алып жатыр. Қайнар мен Жем өзендері араларында Иманқара (199м) Қойқара қыраттары, Қарамұрат жоны, Алабие, Аққұдық, Қабылан жоталары орналасқан. Олар ақшыл ізбес тастан тұрады. Жайық өзенінің сол жақ жағалауында Индер тауы орналасқан. Таудың биіктігі 52 м., ұзындығы 25-30 км, ені 10 км-ге жуық.

www. ZHARAR. com

Slide 5

Жер бедері

Каспий маңы ойпатының оңтүстік және оңтүстік батыс бөліктерінде құмды шағылдар көп тараған. Еділ өзенінің сол жағалауы мен Каспий теңізінің жағалықтарын Нарын құмы мен Мыңтөбе құмы, Қосдәулет, Ботай құмдары, Ойыл мен Сағыз аралығын Тайсойған, Бүйрек құмдары, облыстың шығысын Каспий маңы Қарақұмы алып жатыр. Бұл құмдардың ең үлкені -Нарын құмы.

Атырау аумағында кең тараған жер бедерінің бір түрі сорлар. Олардың тереңдіктері 5-10 м-ге жетеді Ресей шекарасының батыс бөлігінен Еділ өзені ағып өтеді. Каспий теңізіне құйып жатқан Еділ мен Жайық өзендерінің ара қашықтығының барлық дерлік бөлігін Атырау облысы алып жатыр. Географиялық тұрғыдан облыстың солтүстік -батыс жағы Еуропада, ал бүкіл шығыс жағы Азияда, негізінен шөлейттік аймақта жатыр.

Сонымен қатар Атырау аумағында тақырлар кездеседі. Ең үлкен тақыр Намаз тақыры деп аталады. Ол облыстың солтүстік шығысында ораласқан.

www. ZHARAR. com

Slide 6

Геологиялық құрылымы

Гееологиялык тұрғыдан алғанда Атырау облысы көне Шығыс Еуропа платформасына ендеп кірген Каспий маңы ойпатының оңтүстік жағалауын алып жатыр.

Атырау облысының шегінде ендік бағыты бойынша 500 км-ге созылған, ені 90-140 км Солтүстік Каспий - Биікжал аймағы бар. Оңтүстік жағында Оңтүстік Жем ылдиымен көмкеріледі, мұндагы іргетастың беті 12-13 км тереңдікте жатыр.

www. ZHARAR. com

Slide 7

Климаты

Атырау облысында континенттігі тым басым климат қалыптасқан. Облыс табиғи ылғалдылығы жеткіліксіз, аңызақ желді, шаңды дауылды, жазы ыстық, қуаң, қысы қарсыз (не жұқа қарлы) болып келеді.

Ең ыстық айы - шілде, ауасының орташа температурасы 24-25°С, жалпы ыстық 35-40°С, кейде одан да астам болады.

Жауын-шашынның жылдық мөлшері 220-230 мм, қуаңшылық жылдары жауын-шашын мөлшері 80 мм-ден аспайды, ал ылғалдың жер, су бетінен ауаға булану мөлшері 1000 мм, кейде одан да астам болады. Жылдың жылы маусымдарында негізінен батыс бағытында (солтүстік-батыс, кейде оңтүстік-батысқа) соғатын желдің үлесі басым; желдің орташа жылдамдығы 5-6 м/сек, теңіз жағалауында 6-7 м/сек, ең күшті желдің қарқындылығы 15 м/сек-қа жетеді.

Қыс маусымы ауасының қаңтардағы орташа температурасы -8°С, - 12°С, қиыр оңтүстігінде -5°С, -6°С. Қыста жел негізінен шығыс (оңтүстік-шығыс және солтүстік-шығыс) бағытында соғады, қарқындылығы 6-7 м/сек. Жылдык жауын-шашын мөлшерінің жартысынан астамы қыста түседі.

www. ZHARAR. com

Slide 8

Пайдалы қазбалары

Облыстың жер қойнауында қалың шөгінді қабаттармен байланысқан әр түрлі пайдалы қазбаларға мол.

Олардың ішінде қоры аса бай әрі негізгісі мұнай болып табылады.

Мұнай-газдан басқа пайдалы қазындылар ішінен облыс экономикасы үшін маңыздылары ретінде борат және борат тұзды кендерді, ас тұзын, калийлі, магнийлі жыныстарды атауға болады. Құрылыс индустриясы шикізаттарынан бор, бор-мергельді жыныстар, гипс, ангидрит, сазды, кұмды әктастар, сондай-ак битуминозды жыныстар (кирлер) мен тұщы және минералды су көздері бар.

Борат кені дүние жүзінің бір-ак жерінен, тек Атырау облысының қойнауынан ғана табылып отыр. Сондай-ақ күкірт, құм-қиыршық тас қосындылары, отқа төзімді керамзит және кірпіштік саздар, ұлутас, шипалы балшық, қоңыр көмір мен минералды бояулар жасауға жарамды саз шөгінділері бар.

www. ZHARAR. com

Slide 9

Топырағы

Жалпы Каспий маңы ойпатының, сондай-ақ Атырау облысының топырақ жамылғысының құрылымы өзінін түзілу факторлары мен құрамының сан алуандығына байланысты өте күрделі болып келеді.

Негізінен мұнда топырақ таралуының ендік белдеулілігі басым қалыптасқан, яғни топырақтың бір түрінің қабаты ендік бағытқа қарай созыла шашыла түзіледі де, теңізге жақындаған сайын келесі түрмен жиі және әлденеше рет ауысып отырады.

Шалғынды аллювийлі қуаң топырақ (Жайықтың екі жағындағы кең жайылмаларында ғана тараған, құнарлы қабаты 70 см-ге дейін, негізі - аллювий шөгінділері) .

Бозғылт- құмды топырақ (Нарын, Тайсойған және Ментеке өңірлері) .

www. ZHARAR. com

Slide 10

Өзендері мен көлдері

Атырау облысының жер беті сулары Еділ өзенінің сол жақ тармақтарынан, Жайық, Ойыл, Жем, Сағыз өзендерінің төменгі ағыстарынан және үлкенді-кішілі көлдерден тұрады.

Өзендері. Өзендердің жинайтын суларының тек 10-20 %-ы ғана өз облыс аумағынан, ал қалған суын басқа аймақтан әкеледі. Жайық өзені кеме арқылы әр түрлі жүк және жолаушы тасымалдауға пайдаланылады, балық ауланады. Ал қалған өзендері егістікке, шабындықты суландыруға және мал суару үшін ғана пайдаланылады. Ірі өзендері Жайық, Жем, Ойыл, Қайнар.

Сол сияқты Бақсай, Бүгілөзек, Бағырлысай, Ақсай өзендерінің жергілікті маңызы бар. Облыс аумағында Еділ өзеніндегі салалардың тармақтары -Ахтуба, Бозан, Қиғаш т. б. өзендер бар.

Көлдері. Облыста екі мыңнан астам көлдер бар. Олардың жалпы көлемі 800 шаршы шақырым шамасында. Облыс көлдері тұйық, ағынсыз болып келеді. Облыста Дүние жүзіндегі ірі көл -Каспий теңізі бар. Индер көлінен құрамында бром калийі бар жоғары сапалы тұз өндіріледі. Жалтыр көліне Бағырлысай, Бүгілөзек секілді шағын өзендер құяды. Бұдан басқа екі мыңнан астам шағын көлдер бар. Олар: Қамыскөл, Мешер, Дәулет, Толай-сор. Олардың 65-70%-і жаз кезінде құрғап қалатын уақытша көлдер.

Жер асты сулары. Облыс аумағында жер асты су қорларының алты су кен орны ашылған. Оның төртеуінің суы пайдаланылуда. Олардың ең үлкені және қоры молы Тайсойған, Бүйрек және Қоянды құмдарында орналасқан. Қабатының тереңдігі 50-120 м, қалыңдығы 30-70 м.

www. ZHARAR. com

Slide 11

Әкімшілік бөлінісі

Облыста 2 қала, 7 аудан, 11 кент, 183 ауылдық елді мекендер орналасқан.

(Аудандардың орналасуы облыстың әкімшілік бөлінісі картасындағы көрсетілген рет сандары бойынша төмендегіше бөлінген:)

1. Жылыой ауданы

2. Индер ауданы

3. Исатай ауданы

4. Қызылқоға ауданы

5. Құрманғазы ауданы

6. Мақат ауданы

7. Махамбет ауданы

Белгіленбеген аумақ -Атырау қалалық әкiмшiлiгінің ауданы

Қалалары

Атырау

Құлсары

www. ZHARAR. com

Slide 12

Халқы

2014 жылдың 1 қаңтарында облыс халқының саны 567, 9 мың адам болды. Халықтың орташа орналасу тығыздығы облыс бойынша (1 шаршы км аумаққа) 4, 8 адам құрайды.

Облыстың халқы қалада, өндіріс орталықтарында және Жайық өзенінің екі жағалауында тығыз орналасқан. 2014 жылғы 1 қаңтарда қала тұрғындарының саны 276, 8 мың (48, 7%) адам, ауылдықтар 291, 1 мың (51, 3%) адам болды.

www. ZHARAR. com

Slide 13

Ауыл шаруашылығы

Атырау облысының агроөнеркәсіптік кешені өңірдегі экономиканың маңызды секторларының бірі болып есептеледі, ауылдық жерлерде облыс халқының жалпы санының 42, 7% өмір сүреді. Облыстың ауыл шаруашылығы жерлерінің көлемі 9, 8 млн. гектарды құрайды. Облыстың ауыл шаруашылығы мал өсіруге, әсіресе қой және ірі қара, жылқы, түйе өсіруге маманданған. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру жөніндегі ұлттық бағдарламаға сәйкес ауыл шаруашылығында түбегейлі экономикалық реформа жүзеге асырылды. Климат жағдайы мен топырағының құнарсыздығына байланысты облыста егін шаруашылығы өркендемеген. Жайық өзенінің төменгі ағысымен Еділдің тарамдарында Махамбет, Құрманғазы, Индер ауданының шаруашылықтары картоп, көкөніс және бау-бақша өсірумен айналысады. Облыс ауыл шаруашылығында негізгі сала мал шаруашылығы болып есептеледі. Мал шаруашылығымен облыста Исатай, Құрманғазы, Индер және Қызылқоға аудандары айналысады. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі - 19528, 1 млн теңгені, нақты көлем индексін 99, 7% құрады. Ет өндіру - 47, 0 мың тоннаны немесе 102, 1%, сүт өндіру - 54, 2 мың тоннаны (100, 5%), жұмыртқа өндіру - 1, 84 млн дананы (100, 2%) құрады. 2010 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ірі қара мал - 182, 3 мың басты немесе 102, 8%, қой және ешкі - 619 мың басты (103, 1%), түйе - 31, 7 мың басты (102, 5%), жылқы - 46 мың басты (103, 9%) құрады. 2011 жылдың 1 қаңтарына ауыл шаруашылық құрылымдарының жалпы саны 2008 бірлік құрады, соның ішінде 79 өндірістік кооператив, 1929 шаруа қожалығы.

www. ZHARAR. com

Slide 14

Көлік және байланыс

Атырау облысының көлік жүйесінің дамуына оның Орал және Еділ бойы экономикалық аудандармен көрші жатуы және Орта Азия республикалаларымен транзиттік-экономикалық қатынастарының жолындағы қолайлы географиялық орны үлкен әсерін тигізді. Қазіргі таңда Атырау облысында көліктің барлық түрлері де дамыған. Оның құрамында: темір жол, автомобиль, су жолы, әуе жолы және құбыр көліктері кіреді. 2010 жылы көліктің барлық түрлері арқылы жүк тасымалдау көлемі облыс бойынша 112, 1 млн. тонна жүк немесе 2009 жылына қарағанда 108, 9% құрады. Көліктің басқа түрлері бойынша тасымалдау: автомобиль көлігімен - 52, 1 млн. тонна, құбыр арқылы - 59, 9 млн. тонна құрады. Жолаушыларды тасымалдау - 93854, 4 мың адамды, оның ішінде автомобиль көлігімен - 93849, 7 мың адам және әуе көлігімен - 4, 7 мың адам құрады. Жүк айналымы - 39329, 6 млн ткм, жолаушы айналымы - 681, 0 млн пкм.

Жолдар және олардың ұзындығы: теміржол жолдары - 879 км, қатты табанды автомобиль жолдары - 1277 км.

www. ZHARAR. com

Slide 15

Әдебиеті, мәдениеті мен өнері

Әдебиеті. Қазтуған Сүйінішұлы - Нарын құмында туған, 15 ғ-да өмір сүрген жырау. Шалкиіз Тіленшіұлы(1465-1560), Есет би, Махамбет, Шернияз Жарылғасұлы, Қашқынбай Қожамбетұлы (1830-1870), Нұрым Шыршығұлұлы (1831-1908), Мұрат Мөңкеұлы, (1843-1906) т. б. -Еділ мен Жайық, Ойыл мен Қиыл, Жем мен Сағыз атырабының ақындары.

Бұл ақындардын дәстүрлерін жалғастырған Бала Ораз Өтебайұлы (1837-1937), Хиса Көбжанұлы, Сәттіғұл Жанғабылұлы (1876- 1966), Сұраубай Үттібайұлы (1887-1970), Құмар Жүсіпов (1905-1980) болды.


Ұқсас жұмыстар
Жезқазған қаласы
Атырау қаласы
Атырау облысы
Атырау - менің қалам тақырыбында ақпарат жинақтау
Гурьев қалашығы тарихы. Қаланың қалыптасуы
Менің отаным Қазақстан
Атырау мұнай және газ университеті
Қазақстандағы миграция тарихы
Тас көмір
Қазақстанның дамуындағы көлік - логистикалық жүйелер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz