РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯС



Ресей федерациясы

Географиялық жағдайы
Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста Қытай, оңтүстік-шығысында Солтүстік Кореямен, Монғолиямен, Қазақстанмен, Әзірбайжанмен, оңтүстік-батыста - Украинамен, батыста - Финляндиямен, Беларусьпен, Эстониямен, Латвиямен, Норвегиямен шектеседі.
Ресейдің ауа райы оның үлкен аумағына байланысты әр түрлі: көп аумағы континенталды немесе қоңыржай континенталды, ұзақ қысымен және қысқа ыстық емес, соған қарай Ресейді 3 үлкен аумақты аймаққа бөлуге болады:
Еуропалық Ресей, Орал тауынан батысқа қарай аумақты алып жатыр.
www. ZHARAR. com
Notes: Вставьте карту своей страны.

Географиялық сипаттамасы
Ресей аумағының 1/4-і Еуропада, 3/4-і Азияда орналасқан. Оның жағалауларын үш мұхиттың суы шайып жатыр. Ресей Федерациясының шекарасының жалпы ұзындығы 58, 3 мың км, соның ішінде теңіздік шекара 38 мың км-ді құрайды.
Ресейдің әлемдегі ең ірі материкте орналасуы оның экономикалық-географиялық жағдайының қолайлы жағы болып табылады. Өйткені Еуразияда дүние-жүзі мемлекеттерінің 40%-дан астамы, халықтың басым көпшілігі орналасқан. Жалпы алғанда, Ресейдің 12 мемлекетпен теңіздік шекарасы бар, ал 14 мемлекетпен құрлық арқылы байланысқан. Ресей құрамына енетін Калининград облысы анклав болып табылады, өйткені оның елдің негізгі бөлігі мен ортақ шекарасы жоқ.
www. ZHARAR. com
Notes: Вставьте картинку, на которой отображается одна из географических особенностей вашей страны.

Өсімдік және жануар шаруашылығы
Өсімдік шаруашылығы
Бидай жинауы
Ресейдің өсімдік шаруашылығының басты құрамдас бөліктерше дәнді дақылдар, техникалық дақылдар, көкөніс пен бақша, бақ және жүзім, малазықтық дақылдар өсіру жатады. Онша ауқымды емес жерлерде темекі мен шай өсіріледі. Жалпы жыртылатын жердің 56%-ы дәнді дақылдар, 5%-ы картоп пен бақша, 6%-ы техникалық дақылдар, 33%-ы малазықтық дақылдардың үлесіне тиесілі.
Мал шаруашылығы
Ресейдің мал шаруашылығындағы жетекші салаларға ірі қара өсіру, шошқа және қой шаруашылықтары жатады. Соңғы он жыл ішінде Ресейде мал басының саны 2-3 есеге дейін кеміп кетті (косымшадағы 12-кестені қараңдар) . Мал шаруашылығының өркендеуіне мал азығының жеткілікті дайындалмауы, мал тұқымын асылдандыру шараларының өз дәрежесінде жүргізілмеуі кедергі жасайды.
www. ZHARAR. com
Notes: Вставьте картинку животного или растения, характерного для вашей страны.

тарихы
Ресей - сан ғасырлық тарихы бар ежелгі мемлекеттердің бірі. Орыс мемлекеті айқын ажыратылатын табиғи шептері жоқ аумақта қалыптасты. Сондықтан орыс жері талай рет сыртқы жаудың шапқыншылығына ұшырады. Бытыраңқы орыс жерлерінің Мәскеу айналасында бірігуі XIV-XV ғасырларда жүрді. XV ғасырдың 80-жылдарына қарай татар-моңғол езгісінен толығымен босаған орыс жерлері біртұтас мемлекетті кұрады. Осылайша болашақтағы күшті Орыс мемлекетінің негізі қаланды. XVIII ғасырда шведтермен болған соғыс нәтижесінде Ресейдің географиялық шекаралары одан әрі кеңейіп, Балтық теңізіне шықты. Ең бастысы Ресей Батыс Еуропа елдерімен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік алды. I Петр патшалық еткен кезеңде «Еуропаға терезе ашылуы» және түбегейлі қайта құрулардың жүргізілуі Ресей геосаясаты бағытының Шығыстан Батысқа бет бұрғанының белгісі еді. Осы кезден бастап елдің сыртқы ғана емес, ішкі жағдайына да өзгерістер енді.
www. ZHARAR. com
Notes: Добавьте на временную шкалу ключевые даты из истории своей страны.

Орыс мәдениеті
Орыс мәдениетінің қалыптасу ерекшеліктері негізінен төмендегі факторларға тығыз байланысты болды. Олар:
көптеген этикалық топтар мен халықтар мекендеген орасан зор территорияны игеру; христиан дінінің ерекше тармағы - православиені руханилылықпен дәстүрлі салт-дәстүрлерге негіздей отырып орнықтыру;
уақытша болса да ұзақ уақытқа созылған батыс-еуропалық өркениеттік процестерінен оқшау дамуға байланысты туған «тұйықтыққа» бұдан әрі жол бермеу;
жеке адамдардың мүддесін мемлекет мүддесіне бағындыру.
www. ZHARAR. com
Notes: Вставьте картинку, иллюстрирующую обычай или традицию.

әкімшілік- аумақтық құрылымы
Әкімшілік-аумақтық құрылымы
Ресей Федерациясы құрамына тең құқықты федерациялық бірліктер[13] :
21 республика
9 өлке
46 облыс
2 федерадиялық деңгейдегі қала (Мәскеу және Санкт-Петербург)
1 дербес облыс
4 дербес округ Әрбір федерациялық бірліктің заң шығару, сот және басқа органдары бар. Сонымен қатар Ресей Федерациясы аумағында мемлекеттік биліктің бірыңғай органдары қызмет етеді, жалпыға ортақ Конституция, бірегей азаматтық, ортақ ақша бірлігі және т. б. тағайындалған.
www. ZHARAR. com
Notes: Вставьте портрет руководителя своей страны.

Табиғат жағдайы
Табиғат жағдайлары
Байкөл, ғарыштық түсірім.
Васюган өзені.
Балтық теңізі.
Ресейдің табиғат жағдайы алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Ол, ең алдымен, алып жатқан аумағының өте үлкен болуымен байланысты. Ресей жерінің көпшілік бөлігін жазықтар (70%-ға жуығын) мен 1000 м биіктікке дейінгі таулы үстірттер алып жатыр. Олардың ауданы жағынан ең ірілері: Шығыс Еуропа (Орыс) жазығы, Батыс Сібір ойпаты мен Орта Сібір таулы үстірті. Олардың оңтүстігі мен шығысын таулар жүйесі қоршай орналасқан. Жер бедерінің құрылымы шаруашылық әрекеттерді жүргізуге қолайлы болып келеді. Үлкен жазықтар ауыл шаруашылығын өркендетуді, өзендердің кеме қатынасына қолайлы болуын, жол және көпір құрылыстарын салуды жеңілдетеді. Алайда жер бедері құрылымының қолайсыз жақтары да жеткілікті. Солтүстікке қарай ендік бағыттағы тау жоталарының болмауы арктикалық ауа массаларының оңтүстіктегі тау белдеулеріне дейін еркін қозғалуына мүмкіндік берсе, керісінше Қиыр Шығыстағы тау жоталары Тынық мұхит үстінен келетін ылғалды ауа массаларының тереңдеп енуіне кедергі жасайды.
Река Васюган в Томской области, вид с вертолёта.
www. ZHARAR. com
Notes: Вставьте рисунок, иллюстрирующий какую-нибудь отрасль экономики вашей страны.

Табиғат зоналары
Географиялық орны, жер бедері мен климаттық жағдайдың арақатынасы Ресей жерінде мынадай табиғат зоналарын қалыптастырады: тундра, орманды тундра, ормандар (тайга, аралас және жалпақжапырақты ормандар), орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары. Таулы аудандарға биіктік белдеулері тән. Осындай табиғат жағдайы ауыл шаруашылығының мамандануына, халықтың орналасуы мен тығыздығына, өнеркәсіп пен құрылыс кешендерінің қалыптасуына өзіндік ықпалын тигізеді.
www. ZHARAR. com

Табиғи ресурстар
Минералдық ресурстары
Елдегі минералдық ресурстардың 70%-дан астамын отын-энергетикалық ресурстар (газ, көмір, мұнай), 15%-ын кенсіз қазба байлықтар, 13%-ын металдар, 1 %-ын алмас пен бағалы металдар (алтын, күміс, платина) құрайды. Минералдық, шикізат өндіру Ресей экономикасының жетекші саласы болып табылады, оған ЖЮ мөлшерінің 33%-дан астамы тиесілі.
Жер ресурстары
Жер ресурстарының жалпы қоры жөнінен Ресей дүниежүзіндегі ең алдыңғы қатарлы ел. Елдің жалпы жер қоры - 1709, 8 млн га. Жан басына шаққандағы жер үлесі - 11, 5 га, бұл дүниежүзілік көрсеткіштен (3 га) әлдеқайда жоғары. Алайда жер қорының 1/3-і ғана пайдалануға жарамды, онда Ресей халқының 95%-ы қоныстанып, бүкіл шаруашылық салалары құрылымдарының 93%-ы шоғырланған
www. ZHARAR. com

Агроклиматтық ресурстары
Агроклиматтық ресурстар Ресей жерінде ауыл шаруашылығының барлық салаларын дерлік өркендетуге мүмкіндік береді. Көпшілік бөлігі егіншілікті дамытуға қолайлы, топырақ құнарлылығы, жоғары ылғалдылығы мен қарқынды температуралар (10°С-тан асатын) жиынтығы жеткілікті қоңыржай белдеуде орналасқан. Ондай аудандарға Ресейдің орталық бөлігі, Батыс Сібір мен Қиыр Шығыстың оңтүстігін алып жатқан орманды дала және дала зоналары жатады.
Биологиялық ресурстары
Ресейдің ормандары, өзендері мен көлдері және теңіз жағалаулары биологиялық ресурсқа да аса бай болып келеді. Әсіресе Баренц, Охот, Беринг теңіздері мен Обь, Енисей өзендері алабының кәсіптік балық аулауда маңызы жоғары. Ормандарда терісі бағалы аңдардың көптеп таралуы аң шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді.
www. ZHARAR. com

Су ресурстары
Ресей жері су ресурстарына да өте бай. Ресейде 2, 5 млн-нан аса өзен, 2 млн-ға жуық көл бар. Ресейде бір жыл ішіндегі жан басына шаққандағы өзен ағынымен қамтамасыз етілуі 30 мың м3-ге тең, алайда бұл көрсеткіш оның барлық бөлігінде бірдей емес. Орталық қара топырақты ауданның өзен ағынымен қамтамасыз етілуі Шығыс Сібір мен Қиыр Шығыстағы көрсеткіштен 100 есе төмен. Ресейдің ең ұзын өзені - Лена (4 400 км), ең мол сулы езені - Енисей. Сонымен қатар сумен қамтамасыз ету мақсатында Ресейде 40-тан астам ірі су бөгендері салынған. Ең үлкені - Братск (дүниежүзінде екінші орында) су бөгені. Тұщы судың аса мол қоры Байқалда шоғырланған
Рекреациялық ресурстары
Ресейдің алуан түрлі табиғат жағдайы рекреациялық ресурстардың күрделі жиынтығын қалыптастыруға негіз болған. Табиғи-рекреациялық ресурстардан қолайлы қойнаулар мен жағалаулар (теңіз, өзен, көл), таулар мен ормандар, минералды сулар, табиғат ескерткіштері, табиғи саябақтар өте көп таралған. Ондай аудандарға Байкал, Телец, Селигер, Мещера көлдерінің айналасы, Уссури және Қиыр Шығыс тайгасы, Краснояр Бағаналары, Камчаткадағы Гейзер аңғары, Алтай-Саян және Орал таулары, Солтүстік Кавказ бен Қара теңіз жағалауы, сондай-ақ ірі езен жүйелерінің көптеген бөліктері кіреді.
www. ZHARAR. com

Халқы
Халқы
Ресей халқының тығыздығы.
Ресей халқының демографиялық пирамидасы, 2011 жыл.
Ресей Федерациясы халқының саны 2008 жылы 142 млн адамды құрады. Бұл көрсеткіш бойынша Ресей дүниежүзінде Қытай, Үндістан, АҚШ, Индонезия, Бразилия және Пәкстан, Бангладеш, Нигериядан кейін 9-орын алады. Ресей ғалымдарының болжамы бойынша, алдағы онжылдықта елдегі халық санының қыскаруы одан әрі жалғаса береді. Енді елдің демографиялық көрсеткіштерімен танысайық.
www. ZHARAR. com

Демографиялық көрсеткіштер
Демографиялық көрсеткіштер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz