Бассүйек қаңқасының сүйектері мен қаңқасы ауаға толы
Презентация қосу
Ы
Л АС
К
А Р
С Т
ҚҰ
W W W. Z H A R A R . C O M
ҚҰСТАР КЛАСЫ (AVES)
Құстар класы (Aves) - бұл систематикалық топқа биологиялық
және анатомиялық қасиеттері жағынан ұшуға және қатты
субстратта қозғалуға бейімділігі бар омыртқалы жануарлар
жатады. 9000-ға жуық түрі белгілі. Жер шарының барлық
аудандарында тараған, деседе, ең көп саны тропикада
жинақталған. Құстардың құрлықтағы қозғалысы екіаяқты (артқы
аяқтары). Алдыңғы аяқтары өзгеріп қанатқа айналған, онда үш
саусақтың қалдығы сақталған. Тұлғасы жинақы, қанаттарының
бұлшықеттері бекитін үлкен төсі болады. Бассүйек қаңқасының
сүйектері мен қаңқасы ауаға толы. Сүйекті қүйрығы
қысқарған. Қаңқа көкірек клеткасының аймағында жақсы
жетілген. Бас-сүйек қаңқасының сүйектері біріккен. Мойын
омыртқалары өте қозғалмалы. Бел, сегізкөз және құйрық
омыртқаларының біразы бірігіп кеткен.
W W W. Z H A R A R . C O M
Қазақстанда құстардың 18 отрядқа жататын 489 түрі
бар. Оларды мекен ететін орындарына қарай орман,
ашық дала, батпақты-шалшықты және су құстары деп
бөледі. Алғашқы құстардың дене тұрқы 1,8 м-ге дейін
жеткен, тістері жақсы жетілген, ұша алмаған. Тіссіз,
жақсы ұшатын ихтиорнистер қазіргі құстарға өте
жақын болған. Құстардың басқа омыртқалы
жануарлардан айырмашылығы – олардың ауада ұша
алатындығы. Атап айтқанда, алдыңғы аяғы қанатқа
айналған, төс, сан және мойын бұлшық еттері жақсы
жетілген, сүйектері жұқа, көбінің іші ауаға толы қуыс
болғандықтан және бір-бірімен жіксіз
тұтасатындықтан, қаңқасы жеңіл әрі берік. Құстарда
тек құйымшақ безі ғана болады (ол су құстарында
жақсы жетілген).
W W W. Z H A R A R . C O M
АШЫҚ ДАЛАЛЫ АЛҚАПТАРДАҒЫ
ҚҰСТАР
Қанаттары кең, қалықтап үшуға бейім болады. Кейбір түрлерінің
аяқтары жақсы жетілген. Сондықтан олар жылдам жүгіре де
алады. Түмсықтары қысқа, доғал, кейде иіліп келген өткір.
Бұлар (тазқара, бүркіт, жұртты) - күндізгі жыртқыш құстар.
Тауық тәріздестерге: бөдене, кекілік, ұлар, қырғауыл;
дуадақтарға: безгелдек, жорға дуадақ жатады. Бұлдырықтар,
бозторғайлар да шөлейтті, ашық далалы алқаптарда кездеседі.
Құстардың тіршілігінде жыл маусымдарының алмасуының да
ерекше маңызы зор. Осыған байланысты құстар тіршілігінде
елеулі өзгерістер (көбею, жылыстау, т.б.) байқалады. Құстарды
жыл құстары, көшпелі құстар жөне қыстай шығатын құстар
(отырықшы құстар) деп үш топқа бөледі. Құстардың
жылыстауын аяқтарына сақина салу арқылы анықтайды.
Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі (Жамбыл облысы, Жуалы
ауданында) Шақпақтас асуында құстарға сақина салу орталығы
бар.
W W W. Z H A R A R . C O M
ҚЫСТАЙ ШЫҒАТЫН ҚҰСТАР
Қыстай шығатын құстар жыл бойы бір аймақта тіршілік етіп, көбейеді. Ешқайда
жылыстамайды. Ондай құстарга қарғалар, торғайлар, сауысқандар, шымшықтар
жатады. Құстарға қыста қолдан қорек беріп қамқорлық жасауды үмытпаңдар!
Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) ІІ отрядқа жататын 56 құс түрлері
тіркелген. Қызғылт және бұйра бірқазан Каспий, Арал, Балқаш, Алакөл, Зайсан,
Марқакөл суларында кездеседі. Қара дегелең сары және кіші құтан, қалбағай,
қарабай кеңінен таралған. Ақ дегелек (жыл құсы) Қазақстанның оңтүстік
өңірінде ғана (Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында) таралған.
Қазақстанда сирек кездесетін құстың бірі - қоқиқаз («қызылқаз» деп те атайды).
Аяғы, мойны ерекше ұзын. Тұмсығы имек болады. Топтанып тіршілік етеді.
Каспий жағалауында, Шалқар теңізінде, Теңіз көлдерінде кездеседі. Қорғалжын
қорығын «қоқиқаздар мекені» деп атайды. Ол дүниежүзілік мәні бар батпақты-
су айдындарына жатады. Қараша қаз, қу тір жық қаз, сұңқылдақ және кіші аққу,
мәрмәр, шүрегей үйректер де Қызыл кітапқа тіркелген. Бүлардың ішінде халық
аққуды ерекше киелі құс санайды. Ол туралы аңыздар, әндер, күйлер кеңінен
таралған. Аққу пәктіктің, сүлулықтың, адалдықтың белгісі деп есептеледі. Оның
қоразы — «саһар», балапаны — «көгілдір» деп аталады.
W W W. Z H A R A R . C O M
СҰҢҚАРТӘРІЗДЕСТЕР
Сұңқартәріздестер - балықшы тұйғын, жыланжегіш, бүркіт, кезқұйрық,
аққұйрықты су бүркіттер, сақалтай, жұртшы, құмай, ақсұңқар, ителгі,
бидайық, лашын желе т.б. Бұл құстарды халқымыз ерекше қадірлеп, қыран
құстар деп те атайды. Жыртқыш құстардың тұмсықтары, аяқтарындағы
тырнақтары өткір, қорегін бүріл ұстауға бейімделген. Қыран құстардың
қоразы - «шәулі», мекиені - «ұябасар», балапаны - «ақүрпек» деп аталады .
Қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі өнерінің бірі - саятшылық.
Қыран құстарды қолға үйретіп баптау, оны аң-құсқа салу адамды табиғатпен
етене жақындастыра түседі. Халық бүркітті жеті қазынаның бірі деп ерекше
қастерлейді. Аспан түстес көгілдір туымыздағы бүркіт бейнесінің болуында
да үлкен мән бар. Саятшылық өнер - қазақ халқының тарихи әрі дәстүрлі
ескерткіштерінің бірі. Оның танымдық та, тәрбиелік те мәні зор. Этнограф
ғалым Жағда Бабалықұлы саятшылыққа, бүркітке байланысты тілімізде 2
000-ға жуық сөз бар екенін атап көрсетті. Соңғы жылдары елімізде
саятшылық өнерді жандандыру саласында ізгі шаралар қолға алынды.
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Нұра аулында «Жалайыр Шора
атындағы халықаралық құсбегілер мектебі» ашылды. Мұндай маңызды
бастамалар басқа облыстарда да қолға алынып, саятшылық өнерге ерекше
көңіл бөлінуде.
W W W. Z H A R A R . C O M
ТАУЫҚТӘРІЗДЕСТЕР
Тауықтәріздестерге жататын алтай ұлары биік таулы
алқаптарда кездеседі. «Ұлы тауға шықтың ба, ұлар етін
же дің бе?» деген мәтел ұлардың таулы өңірле
таралғанын аңғартады. Ұлар да киелі құс, олар шағын
топ құрып тіршілік етеді. Еті де дәмді. Тауықтәріздес
құстардың тұмсықтары қысқа әрі доғалданып келеді.
Тырнақтары да доғал, жіліншігінің артқы жағында
мүйізді өскіні бар. Оны тепкі деп атайды, қорғаныштық
қызмет атқарады.
W W W. Z H A R A R . C O M
ТЫРНАТӘРІЗДЕСТЕР
Тырнатәріздестер: ақ, сұр, ақбас тырна сулы, батпақты
жерлерде таралған. Дуадақ - ірі құс, оның салмағы кейде
16 килограмға жетеді. Оны кейде «тоқтыбалақ» немесе
«қозыбалақ» деп те атайды. Ертеде далалы өңірле
көптеп ауланған.
Тарғақ, орақтұмсық және реликті шағалалар (қарамойнақ,
көнекөз шағала) Қызыл кітап тізімін де бар. Реликті
тазала Қазақстанда Алакөл көлінде ғана таралған.
Қорғау мақсатында Алакөл қорығы (1998)
ұйымдастырылды.
W W W. Z H A R A R . C O M
ТОРҒАЙТӘРІЗДЕСТЕР
Торғайтәріздестердің түрлері көп және кеңінен таралған. Қазақстанда жорға торғай,
көкқұс, үлкен қаралай сирек кездеседі. Жорға торғай еліміздің шөлейтті алқабында
мекендейді. Сексеуіл ағаштарының арасында (Іле, Балқаш өңірінде), жер бетінде
жылдам жүгіретіндіктен «жорға торғай» деп аталған. Сирек кездесетін құстар
қорықтарда, қорықшаларда арнайы қорғауға алынған.
Құстарды топқа бөлудің әр түрлі жолдары бар. Дене құрылымы, тіршілік әрекетіне
байланысты қыртөссіздер, жүзгіш құстар, қыртөстілер деп бөлінеді. Ал тіршілік орта
жағдайларын байланысты экологиялық топқа да топтастырылады. Экологиялық
мынадай топтар бар: сулы, батпақты жерлердің құстары, орман құстары, ашық
далалы алқаптардағы құстар, жыл құстары, көшпелі құстар, қыстал шығатын құстар.
Қыстал шығатын құстар жыл бойы бір аймақта өмір сүріп, ешқайда орын
ауыстырмайды, яғни жылыстамайды. Қазіргі заманда тіршілік ететін құстар түрі 35-
40 отрядқа топтастырылған. Зоолог ғалымдардың пайымдауы бойынша құстар бұдан
180 млн жыл бұрын пайда болды деп есептеледі.[2] Бірқазан құсында кейде
адамдарға жұқпалы ауру түрі де кездеседі. Оны және де адамдарды сақтап қалу
үшін құс дәрігерлері оларға операция жасайды. Ал кейде оны емдеу үшін мақта
пайдаланылады. ол үшін мақтаны оның тағамына қосып беру керек. Бұл әдісті тек
құс асырайтын адамдар мен құс дәрігерлері ғана пайдаға асырады. алайда оны жай
үй шаруашылығында қолдану өте қауіпті.
W W W. Z H A R A R . C O M
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz