Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас




Презентация қосу
Жиырмасыншы ақпан
Класс жұмысы
Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас
Қайталау- оқу анасы
1.Сөйлем құрылысына қарай нешеге бөлінеді?
2.Жай сөйлем дегеніміз не?
3.Жай сөйлемнің түрлерін ата?
4.Құрмалас сөйлемнің түрлерін ата?
5.Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
6.Сабақтастың түрлерін ата?
7.Шартты бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдарын
ата?
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: қарсылықты бағыныңқы сабақтас
сөйлемдерден алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша,жазбаша
талдау жұмыстарын жүргізе отырып,білімдерін бекіту.
ә) дамытушылқ: ойлау қабілеттерін,қиялдарын
дамыту; ой қорытып,нақты шешім жасауға үйретіп,өздеріне сенімдерін арттыру.
б) тәрбиелік: сауатты жазуға,ұқыптылыққа баулу;топпен
жұмыс жасап,бір-бірін тыңдай білуге үйрету;сөйлеу мәдениеттерін
қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, іздендіру,
шығармашылықпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар,кеспе қағаздар, қосымша
материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі
Қарсылықты бағыныңқының баяндауыштары мынадай жолдармен
жасалады:
а) шартты райлы етістікке да (де) шылауы жалғас келу арқылы:
Абай Дәндібай сөзінен жақсы пейілді аңғарса да,ол кезде
көмектерін алмаған-ды.
ә) шартты райдың болымсыз түрінен: Таң алдында бір сағат
мызғығаны болмаса,Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді.
б) есімшеге көмектес септік (-мен) жалғауы қосылуы арқылы:
Ұлберген кедей болғанмен,киім-кешектерін таза ұстайтын еді. ;
есімшенің бұл түріне кейде да,де шылауы қосылып та қарсылқты
бағыныңқы сабақтас жасалады: Қасен байбаламдағанмен де,ойын
тоқтала қоймады;
в) есімшеге -ша,-ше жұрнағы жалғану арқылы: Бір сөзді қайталай
бергенше,менің комбайнды жүргізгенімді айтсаңшы.
г) –а,-е,-й жұрнақтары көсемше түрінен болады: Жастар білім
жағынан артық бола тұра,тәжірибелі жұмысшылардың жәрдеміне
мұқтаж болады екен.
ғ) келер шақ есімшенің болымсыз түріне шығыс септік жалғауының
(-тан,-тен) жалғануы арқылы жасалады: Отыз екі жасқа келгеніне
қарамстан,осы жазда капитан Енакиевтің самайына ақ кірді.
Бағыныңқының баяндауышы Тұлғалық белгісі Сұрауы Сызбасы

1 2 3 4

1. Шартты рай -са да (-се де) Қайтсе де? Не істесе де? /.........../ шаршаса да,
/- - - - - - /

2. Көсемше ған мен Қайткенмен? /...../ естігенмен, /- - - - /
(-ген) ша Не еткенмен? /..../ ұрысқанша, /- - - - -
ше Қайткенше? /
-ғаны бол- Не еткенше? /............/ шаршағаны
(-гені) ма- қайткені(не еткені) болмаса, /------
са- болмаса? - - -/
-ғаны + ы + на қайткеніне (не еткеніне) /................./
(-гені +і+не) қарамастан? шаршағанына
қарамастан,қарамай- (қарамай) қарамастан
(қарамай) /- - - - - - -/

3. Есімше -а (-е,-й) тұра Қайте (не ете) тұра? /.........../ көре тұра,
/- - - -- - - - /
Оқулықпен жұмыс
129- жаттығу
Көшіріп жазып, қарсылықты бағыныңқылы сөйлем
баяндауыштарының астын сызыңдар да, жасалу жолын
түсіндіріңдер.
Әлдене қызы болғанмен, Салтанаттың өзіне Абайды кепілге
бермейтін болыпты.Жасы менімен шамалас бола
тұра,ақылы,мінезі,жүрегімен ел ағасына ұқсайды.Тентек
төренің мына зұлымдығына жаны күйзелген Малдыбай қарт
өзінің сырқаттанып қалғанына қарамастан атқа қоныпты.Ара-
тұра шоқтала өскен сексекуілдерге үйірілген құм төбелер
болмаса, бұл тақырда көз тоқтатарлық еш нәрсе жоқ.
131- жаттығу
Төмендегі қарсылықты салаласты сабақтас
құрмаласқа айналдырып жазыңдар
Мен де алға қарайтынмын, бірақ көзіме
ештеңе көрінбейтін.Әлгі түсімді қайта-
қайта көргім келгендей көзімді жұмып
едім,- ұйқым келмеді.Осы кеш өте ұзақ
отырдым,бірақ бұл жолы күндегімнен көп
оқыдым дей алмаймын.Жатақхананы ол
оңай тапты,алайда аңсап келген ақ үйі
оған жылы құшағын жая салмады.
Үйге тапсырма:
1. Ережелерді қайталау, жаттау
2.Қарсылықты бағыныңқылы сабақтастарды
қатыстырып мәтін құрау

Ұқсас жұмыстар
Сабақтас құрмалас сөйлем
Аралас құрмалас Көп бағыныңқы сөйлем сабақтас
Құрмалас сөйлем және оның түрлері. ҰБТ - ға дайындық
Қазақстандағы биотехнология ғылымының дамуы
Абайдың табиғат лирикасы
Сабақтас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық сипаты
Сөйлемнің байланысу тәсілдері
Частных детских Мини - центра сада
ТҰҢҒЫШ ҚАЗАҚ ҒАЛЫМДАРЫ
КҮРДЕЛІ ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДЕР
Пәндер