Қарағанды қаласының тарихи-мәдени ескерткіштері: Қаныш Сәтбаев, Шахтер даңқы, Қазыбек би және Тәуелсіздік монументі


Slide 1

Қарағанды ескерткіштері

Slide 2

Қаныш Сәтбаевқа ескерткіш (1 қазан 2011 жыл, Қарағанды қаласы вокзал жанындағы алаң)

Қ. И. Сәтпаев (1899-1964), көрнекті ғалым, қоғам және мемлекет қайраткері, ірі ғалым, ұйымдастырушы. Қазақстан Ғылым академиясының бірінші Президенті. Қарағанды облысында Сәтпаев атындағы қала бар және еліміздің көптеген қалаларында ғылыми мекемелер, көшелер мен мектептер және құрылысын өзі қолдаған Ертіс-Қарағанды каналы оның атымен аталады. Қазақстанның Ұлттық Ғылым Академиясында жаратылыстану ғылымы бойынша Қ. И. Сәтпаев атындағы премья тағайындалған. Сәтпаев деп аталатын әдемі минералдың бар екені ғалымдарға мәлім. Ғарышта күнді айналып жүретін кіші планета да өз атын Сәтбаевтың құрметіне алған.

Сәтбаев бейнесі бір сәт тоқтап, белгіленген мақсатты көруге ұмтылған түрде мәнерлі бейнеленген. Ғалымның қолындағы карта жаңа кен орнын тауып нұрланған кезін айқындайды. Тұлғаның ұлылығын сәл шалқайған басындағы дала желімен толқыған шашы айқындай түседі.

Slide 3

Шахтер Даңқы монументі

1974 жылы

Қарағанды қаласының Бұқар жырау даңғылында, Орталық мәдениет және демалыс саябағынын кіре берісіңде орнатылған (арх. А. Малков, мүсіншісі А П. Билық) . Монумент қоладан құйылған қос фигуралы композиция жасап, сұрғылт граниттен жасалған тұғырдың үстіне койылған (жалпы биіктік - 11 м) . Қазақ және орыс шахтерлерінің көмір кесегін биікке көтеріп тұрған бейнесі еңбек қарқынын суреттеуде шебер композициялык шешімін тапқан

Slide 4

Қазыбек биге ескерткіш (10- қазан 2011 жылы Қарағанды қаласы әкімшілігінің алдындағы алаң)

Қазыбек би (1665-1763) көрнекті мемлекет қайраткері, қазақ мемлекеттілігінің қалыптастыруына, Тәуке ханның заңдар жинағын (Жеті Жарғы) шығаруға белсене үлес қосқан, үш жүзді біріктіру туралы бастама жасаушылардың бірі.

Ұлы ойшылдың мүсінінде қуаттылықпен адамгершіліктің үлгісі көрсетілген оң қолы жоғары көтеріліп, халыққа деген ыстық ықыласы бейнеленсе, сол қолында заңдар жинағы. Басындағы - мұра қалпағы оның орта жүзден екенін көрсетеді.

Slide 5

Тәуелсіздік монументі (16 желтоқсан 2011, Қарағанды қаласы, Тәуелсіздік алаңы)

Монумент Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына қойылған. Салмағы 16 тонна, табиғи ақ гранитпен қапталған.

Шардың және күннің үстіне қондырылған қыран-бүркіт Тәуелсіздіктің символы бейнелейді.

Стелланың төрт жағында «Тұлпар» орналастырылған, олардың қанаттарының арасы әшекейленіп қасбетіне Қазақстан Республикасының Гербі орналастырылған және Елбасының Тәуелсіздік туралы сөзі жазылған.

Монумент ерекше белгідегі объект. Өйткені ол қазақ халқының Тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы көп ғасырлық күресін көрсетеді.

Сонымен қатар ол тек өткенді ғана емес Қазақстан халқының Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін, болашаққа деген құлшыныстарын көрсетеді.

Slide 6

Назарларынызға рахмет!!


Ұқсас жұмыстар
Қазақ билері мен билер кеңесінің тарихи рөлі: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би
Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би: тарихи мәтіндер мен тілдік тапсырмалар
Қарағанды қаласының тарихи, экономикалық және демографиялық сипаттамасы
Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би: тарихи білім және тілдік-әдеби жаттығулар
Қаныш Сәтбаев (1899-1964): өмірі және геология саласындағы ғылыми қызметі
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899-1964): өмірбаяны және Қазақстан геологиясындағы ғылыми үлесі
Медеу Сәрсеке мен Қаныш Сәтбаев: өмірбаяны, шығармашылығы және ғылыми мұрасы
Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би: өмірбаяны мен ел аңыздары
Қарауылкелді орта мектебіндегі тарихи кеш: Тәуелсіздік монументі мен Желтоқсан көтерілісінің маңызы
Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы: тарихы, демографиясы және экономикасы (2000-2007)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz