Президентінің күні



1 желтоқсан -Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні

«Ұлттың көшбасшысы»

1991 жылы 1 - желтоқсанда тұңғыш Президентіміз сайланды. Н. Ә. Назарбаевқа халықтың 98, 78 пайызы дауыс берген.

Сол жылы 10 желтоқсанда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын өзгерту туралы заң қабылданып «Қазақстан Республикасы» деп аталды.

16 желтоқсанда ҚР егеменді, тәуелсіз мемлекет деп жарияланып, мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев ҚР Конституциялық заңына қол қойды.

Биылғы жылдан бастап «1 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» болып жарияланды.

Н. Ә. Назарбаевтың
Өмірбаяны

Өмірбаяны
Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасында дүниеге келген.

Әкесі Әбіш

Анасы Әлжан

Анасымен туған үй ауласында

Әбіш Назарбайұлы отбасымен жұбайы Әлжан, балалары Нұрсұлтан, Сатыпалды, Болат, қызы Нәзипа мен туыс қарындасы Зейкүл. 1956 ж.

Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы -Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында Н. Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды

Қазақстан






Н. Ә. Назарбаевтың қызмет жолы

1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.
Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.
1960-69 жж. - Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.

1969-73 жж. - Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия- комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
1973-77 жж. - Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
1977-79 жж. - Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.
1979-84 жж. - Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.
1984-89 жж. - Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.
1989-91 жж. - Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,
1990 ж. ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.
1990 ж. сәуірінен - Қазақ КСР президенті.

1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98, 7 %) жеңіске жетті.
1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.
1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79, 78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91, 5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

Н. Ә. Назарбаевқа арналған еңбектер жинағы

Жигалов К., Султанов Б. Первый Президент Республики Казахстан Нурсултан Назарбаев: хроника деятельности (1 декабря 1991-31 мая 1993) [Текст] / К. Жигалов, Б. Султанов; фото И. Будневича, А. Устиненко. - Алматы: Жалын, 1993. -288 с. Бұл кітапта Нұрсұлтан Назарбаевтың 1 жылдық істері туралы жазылған

Олжай Қ. Президент пырағы: репортаждар кітабы [Мәтін] / Қ. Олжай. - Алматы: Атамұра, 1994. - 208 бет+32 бет жапсырма.
Халықаралық журналистер конфедерациясы сыйлығының лауреаты. Әлихан Бөкейханов атындағы сыйлығының Қайнар Олжайдың “Президент пырағы” атты бұл кітабы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1991-1993 жылдарындағы ресми сапарларының репортаждарынан тұрады

Әлімқұлов Қ., Қасымбеков М. “Нұрсултан деп ат қойдым. . . ” [Мәтін] / Қ. Әлімқұлов,
М. Қасымбеков. - Алматы: Өнер, 1997. - 272 бет.
Қітапқа Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішүлы Назарбаевтың құрметіне балаларының атын Елбасының есімімен атаған азаматтардың жүрекжарды лебіздері мен ой-пікірлері арқау болған.

Қасымбеков М. Елін сүйген, елі сүйген Елбасы [Мәтін] / М. Қасымбеков. -Астана: Елорда, 2005. - 200 бет+2 б. т. жапсырма
Жекелеген сұхбаттар мен очерктерден тұратын бұл кітапта Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың елімізді басқаруда атқарған ұлан-ғайыр істері, саясаткер, адам және азамат ретіндегі кейбір қырлары сөз болады.

Бекниязов Т. Тұңғыш Президент: өлеңдер мен поэма [Мәтін] /
Т. Бекниязов. - Алматы: Қазақ университеті, 2006. - 262 бет.
Т. Бекниязовтың бұл жинағында өлеңдері мен поэмасы берілген. Ақынның тәуелсіз еліміз туралы ой-толғамдары мен Елбасыға арнагған көлемді туындысында замана және ұлтымыздың жарқын болашағына деген зор сеніммен жыр тербелген

Нұрсұлтан Назарбаев:
Бейбітшілік және қоғамдық келісім идеясы [Мәтін] / Е. Л. Тоғжанов, Ә. Ә. Әбдәкімов, Н. П. Калашникова, В. Г. Коченов, С. В. Селиверстов, Н. Ж. Шәймерденова, Ғ. Төлеғұл - Астана: “Ақарман-медиа”, 2010. - 254 бет.
Ұжымдық монография оқырманға Қазақстан Республикасы Президентінің - Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының Ассамблея сессияларында сөйлеген сөздерінде көрініс тапқан бейбітшілік пен қоғамдық келісім идеясы қалыптасуының және даму эволюциясының әдәснамасын ұсынады. Еңбекте ғылыми тұрғыдан этносаралық қатынастар саласының жаңғыруына, қоғамдық келісімді қалыптастыру кезеңдеоіне талдау жасалған.

XXI ғасыр - Қазақстанның жұлдызды ғасыры

Независимый Казахстан и Лидер Нации: новейшая история Казахстана и историческая роль Первого Президента Н. А. Назарбаева

Нурсултан Назарбаев: на исторической ленте РИА НОВОСТИ

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы

Жылдар сөйлейді:

29 - тамызда Семей полигоны жабылды
1991

2 наурыз. Қазақстан БҰҰ-ның мүшелігіне қабылданды.
1992

28 қаңтарда Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы қабылданды.
1993

15 қараша. ҚР ұлттық ақша теңге айналымға енгізілді.
1993

Ақпан айы. Қазақстан ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа қол қойды.
1994

1 наурыз. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды.
1995

Алматы қаласында Тәуелсіздік монументі ашылды.
1996

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz