Нерв ұлпалары




Презентация қосу
Тақырыбы: Нерв ұлпалары.
Жоспар
I. Нерв ұлпасына жалпы сипаттама
II. Нерв ұлпасының эволюциялық динамикасы
III. Нерв импульсінің табиғаты
IV. Нерв ұлпасының регенерациясы мен қалыптасуы
Жүйке ұлпасы жүйке жасушаларынан түзілген. Жүйке жасушасының
құрылысы: денеден қысқа өсінділер мен ұзын өсіндіден тұрады. Қысқа
өсінділері көп ағашқа ұқсап тармақталғандықтан осылай атаған, ұзын
өсіндісі біреу, оны аксон дейді. Ұзын өсіндісі тармақталмаған. Сонымен
жүйкенің бір жасушасында көп дендриттер мен бір ғана аксон болады.
Сыртынан жасуша қабықшасымен қапталып жүйке талшықтарын
түзеді. Жүйке жасушасын нейрон дейді.

Нейронның бойымен қозу тек бір бағыт бойынша өтеді.Қозу дендриттер
арқылы нейронның денесіне беріледі , одан денесі арқылы аксонға өтеді
. Қозу бағытының сызбанұсқасы - дендриттер ->дене ->аксон . Жүйке
жасушаларының айналасын қоршап тұрған қосымша жасушалары
болады , оны ( нейроглия ) , (гр."neuron"- жүйке , "glia"- желім ) дейді .
Нейроглия нейронды қоршап , қоректік , қорғаныштық , тірек қызметін
атқарады және нейрондардағы зат алмасуға қатысады . Кейде
нейроглияны нейроның "серік жасушалары " деп те атайды


Нерв (жүйке) жасушалары

Нейрондар немесе нейроциттер нерв жүйесінің маманданған жасушалары. Олар
сигналдың қабылдануына, өңделуіне және жеткізілуіне жауапты. Нейрондар-
ды қызметтеріне және тармақ- тарының санына қарай жіктейді. Нейрондар дене
және тармақтардан тұрады. Бұл тармақтар – аксон (нейрит) және сандары әр
түрлi, тармақталған дендриттер болып жiктеледi. Аксон арқылы импульс
жасуша денесiнен өтедi.
Нейрон құрылысы

Дендриттер нерв жасушалары- ның өсінділері. Олардың
құрамында хроматофильді субстанциясының кесегі,
митохондриялар, көптеген микротүтіктер және
нейрофиломенттер болады. Аксон арқылы жасушаның
денесінен импульс беріледі. Онда митохондриялар,
нейротубулдер және нейрофиламенттер, сондай– ақ тегіс
эндоплазмалық тор болады.
Жүйке жүйесінің маңызы

1.Жүйке жүйесі денедегі мүшелердің жұмысын реттейді. Мысалы, жүрек пен
бұлшықеттердің жиырылуы; сүйектердің қозғалысқа келуі; тер, сілекей, сүт, қарын сөлінің
бөлінуі және т. б. Осы әрекеттердің барлығы да тікелей жүйке жүйесінің қатысуымен
жүреді.

2.Барлық мүшелер мен мүшелер жүйесінің бірімен-бірінің байланысы үйлесімді жұмыс
істеуін басқарады. Мысалы, адам жүгіргенде аяқ бұлшықеттерінің жұмысы
күшейетіндіктен, зат алмасу үдерісі қарқынды жүреді; тынысалу мен жүрек соғысы
жиілейді; қан аз баратындықтан, асқорыту мүшелерінің жұмысы баяулайды.

3.Жүйке жүйесі ағза мен сыртқы ортаның байланысын қамтамасыз етеді. Сыртқы ортаның
әр түрлі құбылыстарынан қорғану әрекеті адамның жүйке жүйесінің әсерінен болады.
Мысалы, жақын келген көлікті (машина, трамвай, троллейбус және т. б.) өтіп кеткенше
тоқтап күтіп тұру; аса ыстық немесе суықтан қорғану; денені зақымдайтын заттарға
жоламау және т. б. Адамның ойлауы, саналы мінез-құлқы жүйке жүйесінің күрделі
дамуына тәуелді (бағынышты).
Ағзалар тіршілігіндегі барлық әрекеттерді жүйке
жүйесі басқарады. Оны рефлекстік реттелу дейді.
Рефлекс. Рефлекстік доға. Рефлекс (латынша -
жауап қайтару) сыртқы және ішкі
тітіркендіргіштерге орталық жүйке жүйесі арқылы
ағзаның жауап қайтару әрекеті. Рефлекстер
рефлекстік доға, қозу өтетін жолдар арқылы
жүзеге асады
• жүйке сезгіш
ұштары нейрондар

Рефлекстік доға
тітіркендір
уге жауап жүйке
қайтаратын орталығы
мүшелер

қозғалтқыш
нейрондар
Рефлекстік доға рецептордан басталады. Рецепторлар (жүйке ұштары) әр түрлі
тітіркендіргіштерді (ыстық, суық, қышқыл, дыбыс және т. б.) қабылдайды.
Рецептордан сезгіш нейрондар арқылы қозу орталық жүйке жүйесіне өтеді.
Қозу орталық жүйке жүйесінде талданып, одан қозғалтқыш нейрондар арқылы
жұмыс атқаратын мүшелерге беріледі. Оны тізені жазу рефлексінен де байқауға
болады.

Рефлекстік доғаның барлық бөлімдері толық қызмет атқарса ғана рефлекс
болады. Егер рефлекстік доғаның бір бөлімі зақымданса, рефлекс жойылады
(болмайды)
• Жүйке импульсі - жүйке талшығымен таралатын
және электрикалық, (әрекет потенциалы),
механикалық, иондық, жылулық өзгерістермен
байқалатын қозу тізбегі. Сыртқы рецепторлық
аяқталу бөлігінен орталық жүйке жүйесінің жүйке
орталықтарына және олардан эффекторларға
информацияны жеткізеді. Жүйке импульстарын
жеткізуге қажетті қуат, жүйке жүйесінің өзінен
бөлініп шығады.
• Ағза онтогенезінде көптеген дене жасушалары табиғи не
патологиялық жағдайларға байланысты ескіреді не
бұзылады. Олар жасушалардың бөлінуі нәтижесінде үнемі
қалпына келіп отырады. Себебі онсыз кез- келген ағза
біртұтас жүйе ретінде тіршілік ете алмайды.
Оны регенерация деп атайды. Сонымен, регенерациядеп
ағзаның жарақаттанған не жойылған ұлпалары мен
мүшелерінің қалпына келуін айтамыз.
• Нерв жүйесінің регенерациясы орталық нерв жүйесінің, нерв жасушаларының
бөлініп көбею өте сирек кездесетін құбылыс. Ми зақымданғанда нерв жасушалары,
глия, аралық тін бүтіндей жойылып, ыдырап, орнында сұйықтықпен толған кисталар
қалады. Ал зақымданған жасушалар қызметінің қалыптасуы сау жасушалардың
жасушаішілік ультрақұрылымдарының гиперплаззиясы арқылы, яғни жасушаішілік
репарациялық регенерация жолымен жүзеге асады. Нерв ұштарының гиперплазиясы
әрі физиологиялық, әрі реперациялық регенерацияға тән құбылыс. Синапстардың
жаңара алатындығы, тіпті жаңадан пайда болатындығы электронды микроскоптық
зерттеулер нәтижесінде дәлелденген.

• Шеткі нерв жүйесінің регенерациясы тек орталық кесінді тарапынан ғана іске асады.
Кесілген жердің төменгі жағындағы нерв талшықтары оның миелинді қабықшасы
бұзылып, шванн қабығындағы жасушалар жәрдемімен ыдырайды. Нервтің орталық
кесіндісі ескі нервті бойлап өсе бастайды. Аксонның өсуі леммоциттердің
гиперплазиясымен және гипертрофиясымен қатар жүреді. Нерв қызметінің қалпына
келуі ұзақ созылатын тек орталық және шеткі кесінділер бір-біріне өте жақын, 2-5 мм
қашықтықта жатқанда ғана іске асатын жағдай.
Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Микроэкология негіздері
Эпителий ұлпасының қызметі
Аналық жыныс жасушалары
Қан ұлпасы
КЛЕТКАНЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ ЦИТОЛОГИЯ ГИСТОЛОГИЯ
Гистология жайлы түсінік
Шеміршек ұлпасы
Регенерация. Минералды дистрофия
Қозу физиологиясы
Орталық жүйке жүйесінің қалыптасуы
Пәндер