Каспий миногасы


Slide 1

Миногалар

Slide 2

Жоспары

Slide 3

Хордалылар типі

денесінде ұзына бойы орналасқан хордасы болатын жануарлар түрі, жоғары сатыдағы хордалыларда хордасының орнына омыртқа жотасы болады

Slide 4

Хордалылардың өздеріне тән бірнеше белгілері бар:

денесінің арқа жағында ұзына бойына орналасқан арқа желісі - хордасы болады;

хорданың үстіңгі жағында ұзына бойына орналасқан орталық. жүйке жүйесінің қызметін атқаратын жүйке түтігі бар. Төменгі сатыдағы хордалыларда бұл өмір бойы сақталады, ал жоғары сатыдағы хордалыларда даму барысында оның алдыңғы бөлігі миға, артқысы жұлынға айналады;

хордалылардың жұтқыншағының екі бүйірінде көптеген желбезек саңылаулары болады. Бұл төменгі сатыдағы хордалыларда өмір бойы сақталады да, жоғары сатыдағы хордалыларда өкпеге айналады;

хордалылардың көпшілігінің қан айналымы тұйық және олардың жүрегі де денесінің құрсақ жағында орналасады. Тек қандауырша тәрізділердің жүрегі болмайды, оның қызметін құрсақ қолқа қантамыры атқарады. хордалыларда бұдан басқа, омыртқасыз жануарларға да ұқсас белгілері де болады.

Slide 5 Slide 6

Минога немесе тілтістер

Жақсүйексідердің дөңгелек ауыздылар класының отряды.

Пішіні миксиналарға ұқсас.

Солтүстік және оңтүстік жарты шардың қоңыржай аймақтарындағы теңіздер мен тұщы суларда кездеседі.

Бұлардың 7 туысқа жататын 30-дан астам түрлері белгілі.

Қазақстанда 2 туысқа бірігетін 3 түрі бар. Каспий миногасы, Тынық мұхит миногалары және Сібір миногасы.

Өзен миногасы, Пирита

Балыққа жабысқан минога

Slide 7

Өкілдері Каспий және өзен миногалары болып саналады. Каспий миногасы Каспий теңізінде тіршілік етеді де, уылдырық шашу үшін сентябрьден бастап декабрь айына дейін Еділ, Жайық, Қура, Терек өзендеріне шығады. Теңізден өзенге шығу кезінде үйір-үйір болып өзен ағысына қарсы жоғарыға қарай бірнеше жүз км өрістен көтеріледі. Уылдырық шашуы март айында басталып июнь айында аяқталады. Уылдырықтарын су түбіндегі топырақтан жасалынған арнаулы шұңқырларға салады. Уылдырық шашуға шыққан миногалар қоректенбейді. Ал уылдырық шашып болған соң олардың барлығы қырылып қалады. Каспий миногасының кәсіптік маңызы үлкен.

Өзен миногасының денесінің ұзындығы 40 см болады. Бұлар Европа мен Азияның Солтүстігінде және Солтүстік Америка теңіздеріндс кездеседі. Уылдырығын өзенге барып шашады. Уылдырық шашуға келе жатқан миногалар қоректенбейді. Өзен миногаларынын Каспий миногасына қарағанда көсіптік маңызы аз.

Миногалардың өкілдері

Slide 8

Миногалардың өмірлік циклі

Миногалар миксиндерге қарағанда паразиттік тіршілік етуге аз бейімделген. Ұрықтанған жұмыртқалардан ересек миногаларға ұқсамайтын құм қазғыш деп аталатын личинка шығады. Личинканың тұтасып жатқан жүзгіш қанаттары болады. Арнаулы тыныс түтігі жоқ. Желбезек қапшықшалар жұтқыншақ ішіне ашылады. Жұтқыншағының құрсақ жағындағы бөлімінде безді түктермен қапталған ойысы бар. Бұл ланцетниктегідей эндостильдің қызметін атқарады. Көзі терісінің астында жатады. Миы басқа органдарымен салыстарғанда үлкенірек деуге болады. Құм қазғыштар көпшілік уақытта топырақты қазып соның ішінде жатады. Олар әдетте ересек миногаларға 2-5 жылдың ішінде айналады. Бұл отряд бір тұқымдастан және жеті туыстан құралады. Миногалар барлық суларды тіршілік ететін космополиттер.

Миногалар. Солдан оңға қарай: өзен миногасы, австралиялық минога, европалық бұлақ миногасы, үлкен теңіз миногасы.

Slide 9

Миногалардың құрылысы

Миногаларлардың ұзындығы 15 - 100 см-дей. Жұп жүзбе қанаттары болмайды. Арқа қанаты - біреу (кейде 2) . Аузы түтік тәрізді, оның жиегі тері шашақпен көмкерілген. Тілінде мүйізденген “тісшелері” болады. Басының екі бүйірінде желбезек қапшығына ашылатын 7 жұп саңылауы бар. Жалғыз танау тесігі басының үстінде орналасқан. Көздері жақсы жетілген, танау тесігінің артқы жағында - жетілмеген 3-көзі болады. Басқа омыртқалылардан ерекшелігі - бауыры ішекпен тек дернәсіл кезінде жалғасады. Түрленуден кейін бұл байланыс үзіледі де, ішкі секреция қызметін ғана атқарады. Жалғыз жыныс безі болады. Май құйғыш (воронка) тәрізді ауызының айналасы терімен көмкерілген. Көздері жақсы жетілген. Қан айналым жұйесі жабық. Жүрегі екі камералы.

Миногалардың ауызы

Slide 10

Миногалардың сыртқы құрылысы

Slide 11

Миноганың ауызының құрылысы

Терілік бахрома

Бүйірлік тістері

Жоғарғы жақтық пластинка

Төменгі жақтық пластинка

Тіл пластинкасы

Тынық мұхитының миногасы және оның ауызы

Slide 12

Миногалардың дамуы


Ұқсас жұмыстар
Дөңгелекауыздылардың нерв системасы
Каспий теңізі экологиялық проблемалары
Өсімдіктер мен жануарлардың "Қызыл кітабы". Дүниетану
Каспий теңізінің табиғи су қоймасына жалпы сипаттама
Дөңгелек ауыздылар класы
Халықтың қызыл балық деп жүргені бекіре тұқымдас балықтар
Халықаралық қатынастардағы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі
Каспий теңізі жайлы
Каспий экологиясы туралы
Каспий теңізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz