СӨЖ Бұлшықет ұлпалары эволюциялық динамикасының жалпы сипаттамасы
Презентация қосу
14СӨЖ Бұлшықет ұлпалары эволюциялық
динамикасының жалпы сипаттамасы. Бұлшықет
ұлпалары.
ЖОСПАР:
I. Бұлшықет ұлпалары
II. Бұлшықет талшықтарының түрлері
III. Бұлшықет ұлпаларының регенерациясы (қаңқа,
жүрек, тегіс).
Бұлшықет ұлпасы
Бұлшықет ұлпасы (textus mus- cularis; лат. textus —
ұлпа; лат. musculus — бұлшық ет) — адам мен
жануарлар организмдерінде жиырылу қызметін
атқарып, қимыл-қозғалыстарды іс жүзіне
асыратын ұлпа. Омыртқалы жануарлар денесінде
бұлшықет ұлпасының үш түрі болады. Олар: бірыңғай
салалы ет ұлпасы, көлденен жолақты бұлшықет ұлпасы
және жүрек бұлшықет ұлпасы.
Бұлшықет ұлпасы
Бұлшықет ұлпасы - денедегі
бұлшықеттерді түзеді. Бұлшықет
ұлпасына тән қасиет оның -
жиырылғыштығы, жиырылуы
арқылы ағза мен мүшелерді
қозғалысқа келтірді. Бұлшықет
жасушалары ұзын, жіңішке
болғандықтан оларды талшықтардеп
атайды. Талшықтарында бір -
бірімен қатарласа орналасқан өте
көп жиырылғыш жіңішке
миофибриллалар болады. а) көлденең жолақты бұлшықет
Бұлшықеттердің жиырылғыштық талшықтары
қасиеті осы миофибриллаларға ә)ұзын салалы бұлшықет
байланысты. талшықтары
1)жасуша ядросы
2)көлденең жолақтар
Бұлшықет ұлпасы
Бұлшық ет ұлпалары жасушалардан және
талшықтардан тұрады, түрi ұзынша келедi.
Бұлшық ет ұлпаларының жиырылғыштық
құрылымдары, оның ұзына бойында орналасып,
көлденең жолақтықты берiп, тiректiк қызмет
атқаратын цитоқаңқа және плазмолеммамен
байланыста болады. Бұлшық ет ұлпасының
жиырылуы үшiн, айтарлықтай қуат қажет
болатындықтан, көптеген митохондрийлер,
қоректiк тұрақсыз қосындылар, миоглобиндер мен
кальцийлер жиналады, онда бөлудi iске асыратын
жақсы дамыған құрылымдар болады.
Бұлшықет ұлпасы
Бұлшық ет ұлпасының бiрмезгiлде қимылдауы, оның
көршi элементтерiнің бiр көзден жүйкеленуiне,
көптеген саңылау қосылыстарына байланысады.
Бұлшық ет ұлпасына түсетiн күш ұлғайса, онда
құрылым бiрлiгiнің көлемi ұлғаюы (гипертрофия)
жолымен және жасушаларының саны көбеюiнен
(гиперплазия), оның салмағы өседi. Егерде оған
түсетiн күш азайса, онда құрылым бiрлiгiнiң көлемi
азайып, жасушаларының саны төменденуiнен бұлшық
ет ұлпасының семуi (атрофия) жүредi.
Адам ағзасында бұлшықет ұлпасының 2 тобы болады. Олар:
колденеңжолақты және бірыңғайсалалы бұлшықеттер. Қаңқа мен жүректің
бұлшықеттері көлденеңжолақты бұлшықеттер ұлпасынан тұрады.
Көлденең жолақты деп аталатын себебі талшықтары екі түрлі: біреуі
жіңішке күңгірттеу болса, екіншісі ақшыл жалпақтау болады. Осындай екі
түрлі талшықтары бір-бірімен кезектесіп орналасқандықтан бұл
бұлшықеттерді көлденеңжолақты дейді. Қаңқаның бұлшықеттері сүйекке
бекінеді, оның әр бір талшығы көп ядролы және ядролары талшығының
шетіне орналасады. Талшығының пішіні цилиндр тәрізді, ұзын, ұштары
доғал , адамның еркіне сай жиырылады.
а) бірыңғай салалы бұлшықет ә)көлденең жолақты бұлшықет
жасушалары жасушалары
Бұлшықеттер - бұлшық ет ұлпасынан, тығыз және кеуекті
дәнекер ұлпалардан, қантамырлары мен жүйке
талшықтарынан тұрады.
Бұлшықеттердің негізін - көлденең жолақты бұлшық ет
талшықтарының жіңішке шоғыры құрайды .
Бұл шоғырлардың сыртын дәнекер ұлпасы қаптайды.
Көлденеңжолақты бұлшықет ұлпасынан қаңқа бұлшықеттері,
тығыз дәнекер ұлпасынан сіңірлер түзіледі.
Бұлшықет ұлпасын құрылысына қарай бірыңғайсалалы,
көлденеңжолақты (қаңқа бұлшықеттері) және жүректің
бұлшықеттері деп бөледі.
1. Бірыңғайсалалы бұлшық еттер ішкі мүшелердің ішкі жағын
(ішек, қарын, қантамырлар, несепағар, қуық, т.б.) астарлап
жатады.Бұлшықет жиырылғанда ішкі мүшелер көлемін
өзгертеді. Олардың жиылуы баяу әрі ырғақты және
адамның еркінен тыс жүзеге асады.
2. Көлденеңжолақты бұлшықет талшықтары
Көлденеңінен жолақтанып жатады.
Көлденеңжолақты бұлшықет талшықтарының пішіні цилиндр
тәрізді болып келеді.
3. Жүректің көлденеңжолақты бұлшықет ұлпалары 2 түрлі
қызмет атқарады: біреуі жүректің жиырылуын қамтамасыз
етеді; екіншісі жүрек ішінде жүйке қозу толқындарын
өткізеді. Жүректің бұлшықеті кұрылысы жағынан
көлденеңжолақты болса, қызметі бірыңғайсалалы
бұлшықетке ұқсайды. Жүректің бұлшықеті де қаңқадағыдай
көлденеңжолақты болғанымен, жиырылуы адамның еркінен
тыс, санаға бағынбайды. Жүректің жұмысын тоқтатам десең
де тоқтата алмайсың. Оның ұлпалары ерекше. Ғалымдар адам
денесінде 600-ден астам қаңқа бұлшықеттері бар деп
есептейді.
Бұлшықет талшықтарының түрлері
Бұлшықет талшықтары-миофибриллалар,
миозин және актин нәруыздарынан тұрады.
Миозин - бұлшықетте ет талшықтарының жиырылып
босаңсуына қатысатын еритін нәруыз.
Актин - бұлшықетте миозинмен бірге болатын, ет
талшықтарының жиырылып, босаңсуына қатысатын нәруыз.
Миофибриллдар(миоциттер) бұлшықеттердің ең күшті
құрылымдық және қызметтік бірлігі.
Бұлшықет ұлпасы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz