ТҮЙЕТАУЫҚ ТҮЙЕТАУЫҚТӘРІЗДІЛЕР




Презентация қосу
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Түйетауықтәрізділер
Орындағандар: Орал Ақерке
Бейбітшілік Айдана
Санабай Ақбөпе
Сәрсен Диана
Қабылдаған: Есжанов Б.Е
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Құстар класына жалпы сипаттама
Олардың ішкі және сыртқы құрылыстары
Олардың алуантүрлілігі
Биологиялық маңызы
ІІІ. Қорытынды
Құстар
Құстар (лат. Aves) — омыртқалы жануарлар тип тармағының бір класы.
Құстар — жылықанды омыртқалы жануарлар. Олардың қауырсындары
жылуды сақтауға және ұшуға көмектеседі. Олар артқы екі аяқтарымен
жүреді, ал алдыңғң аяқ-қолдары қанаттарға айналған. Құстардың
барлығы жұмыртқа салады.
Қазақстанда құстардың 18 отрядқа жататын 500-ге жуық түрі бар.
Алғашқы құстардың дене тұрқы 1,8 м-ге дейін жеткен, тістері жақсы
жетілген, ұшуға бейім болмаған. Құстардың басқа омыртқалы
жануарлардан айырмашылығы – олардың ауада ұша алатындығы. Атап
айтқанда, алдыңғы аяғы қанатқа айналған, төс, сан және мойын бұлшық
еттері жақсы жетілген. Құстарда тек құйымшақ безі ғана болады.

Түйеқұс Колибри Қоқиқаз
Систематика:
• Тип: Chordata -хордалылар
• Тип тармағы: Vertebrata-омыртқалылар
• Класс үсті: Tetrapoda-төртаяқтылар
• Класс: Aves-құстар
• Класс тармағы: Neornithes-желпеуішқұйрықтылар
• Отряд: Galliformes-тауықтәрізділер
• Тұқымдас : Phasіanіdae – Қырғауылдар тұқымдасы
• Тұқымдас тармағы: Meleagridinae-түйетауықтәрізділер
• Туыс: Meleagris -түйетауықтар
• Түр: Meleagris-түйетауық
ТҮЙЕТАУЫҚТӘРІЗДІЛЕРГЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Түйетауықтәрізділер(лат.Meleagris)- тауықтәрізділер отрядының
бір туысы.Дене тұрқы 85 – 100 см. Басы және мойнының біраз жері
тықыр. Аталығы тоқылдағында мойнында етті қатпарлар пайда болып,
құйрықтарын тік ұстап, желпуіш сияқты желпиді. Қауырсындары қара
металл түсті жылтыр. Аяқтары ұзын, әрі мықты. Жақсы жүгіреді.
Кішкене арақашықтыққа ұшуға қабілетті. 2 түрі белгілі. Соның ішінде
арғы тегі Солтүстік Америкада кеңінен таралған кәдімгі түйетауық
(Meleagris gallopavo).

ТҮЙЕТАУЫҚ
ТҮЙЕТАУЫҚТӘРІЗДІЛЕР

Түйетауықтәрізділер– үй құстары ішіндегі ең
ірісі. Қоразының тірі салмағы 9–35 килограмм,
мекені 4,5–11 килограмм. Жаңа шыққан
балапанының салмағы 50–55 грамм, 120 күннен соң
4–5 килограмм. Ұрғашы балапан 4 айлығында,
еркегі 7 – 8 айлығында өсуін тоқтатады да, одан әрі
ет алып, май жинайды. 3–4 ай бордақыланып етке
өткізіледі. Әр күркетауықтан орта есеппен жылына
90–100 жұмыртқа алынады, балапанын 28 күнде
шығарады.
Өмір сүру ерекшелігі
• Түйетауықтәрізділер Солтүстік Американың
ормандарында тіршілі етеді. АҚШ-тың және
Мексиканың Оңтүстік-шығысында кеңінен тараған.
• Түйетауықтәрізділер өсімдіктер мен жануарлардың
қорегімен, мысалы, еменжаңғақ, астық өнімдерімен
және жаңғақтармен қоректенеді. Кей жағдайда
жәндіктермен қоректенеді.

Түйетауықтардың қоректенуі
ТҮЙЕТАУЫҚТӘРІЗДІЛЕРДІҢ
КӨБЕЮІ
• Түйетауықтәрізділер жерде қоныстанады. Олар
сәуір айында 10,15 және тіпті 20 жұмыртқаны
басады да, өздері оларды мұқият бақылап
отырады. Жабайы аталықтары үй жағдайындағы
аналықтарымен біріккен сәтте, олардың
балапандары, үй жағдайындағы балапандардан
әлдеқайда мықты болып келеді.

Күркетауықтың балапандары
ӨНЕРКӘСІПТЕГІ МАҢЫЗЫ
• Әр күркетауықтан орта есеппен жылына 90–100
жұмыртқа алынады, балапанын 28 күнде
шығарады. Оны негізінен ет алу мақсатында
асырайды. Күркетауықтың еті өте дәмді және
диеталық мақсатта пайдаланылады. Себебі,
етінің құрамында организмге тез сіңетін протеин
(28%) болады.

Күркетауықтарды қолдан өсіру
ТҮЙЕТАУЫҚТӘРІЗДІЛЕР

Түйетауық жұмыртқасы-
негізінен кәдімгі тауық
жұмыртқасы ретінде тамақ
өнеркәсібінде кеңінен
қолданылады. Түйетауық
жұмыртқасының орташа
алмағы 70-75гр құрайды. Үндік

Әдетте жұмыртқаның түсі
көбінесе ақ түсті болып
келеді. Көлемі мен
жұмыртқаның түсі тікелей
түйетауықтың жасына
байланысты.
Күркетауықтың жұмыртқасы
КӨЗДІ НЕМЕСЕ ПАВЛИНДІ
ТҮЙЕТАУЫҚТАР (Meleagris ocellata)
• Күркетауықтарға қарағанда
көлемі жағынан кішілеу,
Орталық Америкада
тіршілік ететін түр.
• Түйетауықтәрізділердің
арасында ең әдемісі болып
келеді, себебі, қанатының
түсі өте бай. Қанатында көз
бейнеленгендіктен атауы
осыған байланыстырылып
қойылған. Басы мен
мойнында сақал тәріздес
сарғылт өскіншелері
болады.
Meleagris ocellata
ҚОРЕКТЕНУІ
• Көп жағдайда өсімдіктермн қоректенеді.
Олар жаңғақтар мен жидектерді қорек
етеді. Өте сирек кесірткелермен,
жәндіктермен қоректенеді. Ал, ересектері
жасыл шөпті қорек етеді.

Ересек көзді түйетауық
КӨБЕЮІ
• Олардың көбеюіне дайындалу уақыты-наурыз-сәуір
айлары. Кей кездері, бір аналықтың артынан бірнеше
аталықтарының жүретінін байқауға болады.
Аналықтары әртүрлі аталықтарымен байланысып
отырады, себебі құстарға полигамия тән. Аналықтары 14
жұмытрқаға дейін басады да, оны 4 апта бойы өзі басып
шығарады. Аналықтары жұмыртқасын қызғанады және
оларды аса қамқорлықпен бақылайды.

Аналығы мен аталығы
КӨЗДІ НЕМЕСЕ ПАВЛИНДІ
ТҮЙЕТАУЫҚТАР
Ерекшеліктері:
Басқа түрлерге қарағанда ерекше дыбыс
шығаруға бейімделген. Бастапқы кезде бірнеше
төменгі дауыстар шығарса, кейін әуенді жоғарғы
дыбыстармен аяқтайды. Дауыстары қауіп төнген
жағдайда ауысып отырады.
Олардың аталығы мен аналығын айыру қиын
болып келеді.
Олар басқаларға қарағанда өте тез жүгіреді, бұл
олардың қауіпті жағдайда қорғануына мүмкіндік
береді.
Пайдаланылған әдебиеттер
• Ағылшын тілінен аударылған мәліметтер, Teylor
Green кітабынан алынды;
• Уикипедия Энциклопедиясы;

Ұқсас жұмыстар
Рокфеллер Джон Дэвисон туралы ақпарат
Құстардың гистомонозы және оларға қарсы ветеринариялық- санитариялық шаралар
Құстардың дорсальды аурулары
Антибиотиктермен емделген немесе аурудың алдын алу үшін берілген жануарлар Антибиотикті қолдану ережесінде көрсетілген уақыт өткенше
Пәндер