Иммундық жүйе екі бөлікке бөлінген - гуморальдық иммунитет жүйесі және жасушалық иммунитет жүйесі



Тақырыбы: Эндоцитоз және оның қорғаныс реакциясындағы рөлі.

Жоспар I. Эндоцитоз дегеніміз не? II. Эндоцитоздың корғаныс реакциясындағы рөлі III. Омыртқасыз және омыртқалы мүшелері және фагоцитарлы жүйелері IV. Иммунитет түрлеріне жалпы сипаттама

Эндоцитоз (endocytosis, грек, endon ішкі, kytos жасуша) жасушаға қоректік заттардың плазмолемма арқылы өту процесі. эндоцитоз кезінде плазмолемма цитоплазмаға қарай иіле еніп, әртүрлі мөлшердегі ойықтар жасайды. Ойықтар қармаған заттарымен бірге жасуша плазмолеммасымен цитоплазмаға қарай тартылып үзіледі де, көпіршіктерге (вакуольдерге) айналады. Жасушаға қармалған заттардың табиғатына байланысты эндоцитоз: фагоцитоз және пиноцитоз болып екіге бөлінеді. Фагоцитоз - тығыз қатты заттардың жасуша цитоплазмасына қабылданып, лизосомалар гидролазаларының көмегімен қорытылу процесі. Пиноцитоз жасушаның заттарды сұйық ерітінді түрінде ішу процесі. Жұтылатын пиноцитозды көпіршіктердің мөлшеріне байланысты олар: макропиноцитоз және микропиноцитоз деп аталады. Эндоцитоз кезінде тасымалдау плазмалемма арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ, эндоцитоздың пиноцитоз және фагоцитоз деген күрделі тәсілдері болады.

Эндоцитоз

Пиноцитоз дегеніміз - (грек. pino - ішемін) сұйық коллоидты бөлшектерді клетканың қоршап алуы, ал фагоцитоз (грек. phagos - жеуші) - тығыз заттарды қоршау. Пиноцитоз бен фагоцитоздың механизмдері әртүрлі. Сырттағы молекулалардың клеткаға енуі үшін алдымен олар гликокаликс рецепторларымен байланысқа түсулері қажет. Осындай байланыстар орнында, плазмалемманың астында клатрин ақуыздарының молекулалары пайда болады. Сырттағы молекулалармен бірге плазмалемма цитоплазмадағы клатринмен қоса жасушаның ішіне қарай қуыстана енедіҚуыстана келіп оның екі ұшы бітісіп кетеді де, соның салдарынан плазмалеммадан сырттан кірген молекулаларды қоршаған көпіршік бөлінеді. Клатрин осындай көпіршіктердің айналасында жиек түзеді, сондықтан мұндай көпіршіктерді жиектелген деп атайды.
1-2 адсорбция
3 - впячивание клеточной мембраны с адсорбируемым веществом внутрь клетки, 4-5 - образование и отшнуровывание пиноцитозного пузырька, в - исчезновение стенки пиноцитозного пузырька и последующее внутриклеточное переваривание поглощенного вещества.

Фагоцитоз. Кейбір ірі бөлшектердің бетінде клетканың рецепторлары танитын молекулярлы топтар болады, клетканың рецепторлары сондай бөлшектермен байланысқа түседі. Сырттан келген бөтен бөлшектердің барлығында бірдей мұндай топтар болма бермейді. Дегенмен, ағзаға түскен бөтен зат әрқашанда қанда және клеткааралық ортада болатын иммуноглобулин молекулаларымен (опсиониндермен) қоршалады. Иммуноглобулиндерді фагоцит-клеткалар таниды. Бөтен бөлшектерді қаптайтын опсониндер фагоцит рецепторларымен байланысқаннан кейін, фагоциттің беттік кешені толығымен активтелінеді. Актинді микрофиламенттер миозинмен қарым-қатынасқа түсе бастайды, клетка бетінің конфигурациясы өзгереді. Бөтен бөлшектің айналасына фагоцит цитоплазмасының өсінділері пайда болады. Олар бөлшектің бетін қаптайды да, өсінділер бөлшектің үстіңгі жағында қосылып кетеді.

Гистиоцитоз (Histiocytosis - жалмаушы жүйелік бір ядролы клеткалар - гистиоциттер шоғыры) - Әр түрлі патологиялық процесте қанда немесе басқа тканьдерде бір ядролы гистиоциттердің фагоцитарлы жүйе клеткаларынан пайда болған шоғыры, созылмалы қан ісігі (лейкоздар) қатарындағы шекаралы лимфоролиферативті аурулар тобына жатады. Бұған эозинофильді гранулема, Летра-Зивс және Хенде-Шюлжра-Крисгена сырқаттары кіреді

. Фагоцитарлы жүйе мен комплемент жуйесінің біріншілікті иммунды тапшылық жағдайлары. Фагоцитарлық жүйенің зақымдануынан болатын ИТЖ. Фагоцитоз үрдістері бірнеше кезеңдерден тұрады:хемотаксис, адгезия, жұту, дегрануляция, киллинг, микроағзаларды ыдырату. Осы аталған кезеңдердің ақауларымен байланысты біріншілік иммундық тапшылық жағдайлары дамиды. 1. Созылмалы гранулематоз. Оттегініңбелсенді формасының және тағы басқа жасушаішілік факторлардың түзілуіне қатысатын ферменттердің ақауынан, нейтрофилдердің бактерицидтік қызметінің туа пайда болған ақауы нәтижесінде дамиды. Созылмалы гранулематозбен ауыратын науқастардың нейтрофилдерінде, инкубациядан кейін 80-90% бактериялар тірі қалады. Зертханалық тексеруде басты белгілер болып табылады:лейкоцитоз, анемия, ЭТЖ жоғарылауы.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz