Балықтардың аурулары


Slide 1

Бал аралары мен балықтар аурулары.

Slide 2

Америкалық шіріме

(Американскйй гнилец) - немесе зілді шіріме, жабық өсін шірімесі - араның балапан құрттарының есейіп, қуыршақалды сатысынан қуыршақ сатысына ауысатын кезінде элсіреп, жаппай қырылуымен сипат- талатын бал арасы ұясының жұқпалы ауруы.

Тарихи деректер. Америка ғалымы Г. Ф. Уайт (1902) шірімеден өлген бал арасының балапан құрттарынан спора түзетін бактерияны бөліп алып, бұл микробты аурудың қоздырушысы деп тауып, оны Вас. larvae деп атады. Бұл ауру омарта шаруашылығы дамыған барлық елдерде кездеседі. Солтүстік елдеріне қарағанда субтропикалық жэне тропикалық аймақтарда кең тараған. Қазақстанның негізінен оңтүстік жэне оңтүстік шығыс өңірінде кездеседі. Аурудың алдын алу жолға қойылмаған шаруашылықтарда америкалық шіріме тез етек алып, барлық ара ұяларын қамтиды. Әрбір ауырған ара ұясы балды 20-80%-ға кем жинайды, уақыт өткен сайын әлсірей береді де, 2-3 жылда қырылып қалады.

Қоздырушысы - Bacillus larvae - көлемі 3-5 х 0, 5-0, 8 мкм түзу таяқша. Ауруға шалдыққан балапан құрттан даярланған жағындыда ұзын тізбек кү- йінде орналасады. Микроб қозғалмалы, грамоң, кэдімгі бояулармен оңай боя- лады. Споралары сопақша. Арнайы қоректік орталарда ауасыбағалы жағдай- да, 35-38°С-та, pH 6, 2-7, 2 кезінде өседі. Жаңадан даярланған ет пептон ага- рына 10% жылқы қан сарысуын жэне араның өлген балапан құрттарын қос- қанда жақсы өседі. Микроб сыртқы ортада өге тезімді, омартаның тақтайында, балдың қал- дығы мен өлген балапан құрттардың қабыршағында 6 сағатта 1:1 000 езілген алмас 5 күн өткенде өлтіреді. Балдағы споралар балды 40 минут қайнатқанда өледі.

Індеттік ерекшеліктері. Америкалық шірімемен жұмысшы жэне аналық аралардың жетілген балапан құрттары, сирегірек еркек араның балапан құрт- тары ауырады. Ауру қоздырушысы әрене (жабайы ара, оса) үшін де зардапты, адам мен жылы қанды жануарларға зияны жоқ. Балапан құрттарға әдетте қоздырушының споралары жүғады. Ал миіфобтың вегетативтік түрі тек әлсіреген ара ұясына ғана ауру жұқтырады.

Инфекция қоздырушысының бастауы - ауырған ара. ¥ я ішінде ауруды асы- раушы жэне тазалаушы аралар таратады. Ауру бір ұядан екінші ұяға сұғанақ, яғни «ұры», аралар арқылы беріледі. Қоздырушыны механикалық жолмен араның тоғышарлары да (кенелер, бал- ауыз қара күйесі) береді. Сонымен бірге ауру ұяның омартасының кәрез, көз- генектерін сау ұяға ауыстырғанда, омарташы мен мамандардың санитариялық сақгық ережелерін бұзуынан, ауырған ұядан алынған бал мен сау ұяны қо- ректендіргенде жұғады.

Slide 3

Дерттенуі. Ауру қоздырушысының споралары үш күндік балапан құрт-

тарға олардың жемісіне асыраушы :ара бал әкеліп қосқанда жұғады. Біраг

балапан кұрттың денесінде қанттың қүрамы мол болғандықтан (17%) және

ішіндегі ортаның қышқылдығынан спора өсіп-өнбейді. Балапаң құрт 5-7

күндік болғанда қанттың қүрамы 3%-ға дейін төмендеп, ортаның қышқыл

дығы бейтараптанады. Бұл кезде балапан құрт үлпалары гистолизге ұшырап,

қуыршақ ұлпалары қалыптаса бастайды. Осындай жағадайда споралар өніп,

микроб көбейеді де, орталық ішек арқылы гемолимфаға өтіп, септицемия

тудырады. Нэтижесінде балацан құрттар метаморфоздың эртүрлі сатысында,

көбінесе, аяқталмай тұрып, кейде қуыршаққа айналғанда өледі.

Балапан құрттардың америкалық шіріме кезінде өзгеріске ұшырауы: 1-5 -

Ауырмаган балапан цұрттар. 6-12 - Өлген бапапан цүрттар. 13-17 -Кебе бастаган

балапан цүрттар. 18-20 - Кеуіп, цураган балапан қүрттар.

Slide 4

Өтуі мен симптомдары. Жасырын кезеңі 3-7 күн. Бастапқыда жеке бала- пан кұрттар зақымданып, кейіннен олардың қатары молаяды. Ауру қуыршақ- тар эдетте жабық ұяшалардың ішінде өліп қалады, нэтижесінде ұяшаның бет- кі балауыз қабығы ойыстанып 2-3 жерден тесіледі. Бұндай құбылыс күннен күнге көбейіп, кэрез беті ала-қүла түске енеді. Ауруға шалДыққан қуыршақ- тар сарғыштанып, кейін қоңырқай түске еніп, қараяды. Сыртқы қабығы бү- лініп, қоймалжың шірікке айналады да, ағаш желімінің иісіне үқсас күлімсі иіс шығарады. Шырпының талына іліп созғанда, жіп сияқты созылады. Бір ай өткенде шіріген қуыршақтар тобарсып, қабыршақтанып, ұяшаның түбіне жа- бысып, қатып қалады. Соның саидарынан аралар ұяшаларды тазарта алмайды. Тек қана мықты ұяның аралары ұяшаларын тез арада мүқият тазалап алады да, нэтижесінде аурудан сауығып кетуі мүмкін

Балау. Жоғарыда келтірілген клиникалық белгілері, атап айтқанда жа- бық үяшалардың беткі қабатының ала-құла болып, созапаңдаған шіріген мас- саның болуы, шіріген бапапан құрттардың ағаш желіміне тэн жағымсыз иісі ауруға алдын ала диагноз қоюға мүмкіндік береді. Түпкілікті тұжырым жасау үшін зертханалық тексеруге кэрездің өлген ұрық бар телімдерін жібереді. Зертханада кәрезді жалынға үстап, немесе дезинфекциялық ертіндімен сүртіп, үяшықтан материап алып, оны микроскоппен тексеріп, қоректік ортаға егеді. Жағындыда Вас. larvae спорапар болады. Оның антибиотиктік қасиетінің әсерінен басқа микробтар кездеспейді. Қоздырушы вегетативтік сатыда бол- ғанда бүранда тэрізді ирелеңдеген денешіктер (бактерия жіпшесінің қалдық- тары) көрінеді. Бүл микроб өзіне тэн қан сарысуымен оң реакция береді. Ауруды европалық шірімеден ажырату қажет.

Slide 5

Дауалау және күресу шаралары. Аурудың алдын алу үшін қай-қашанда омартада санитариялық реттілікті қатаң сақтап, қүрап-саймандарды таза ұс- тап, зарарсыздандырып түру керек. Омартаны жұқпалы аурулардан сау ара үяларымен ғана толықтыруға болады. Ауру шыққан жағдайда омартаға, айналасы 5-7 км алқапты қоса, каран- тин қойылады. Барлық ара ұяларын мүқият тексеріп, ауруға шалдыққан ұя- ларды жаңа немесе зарарсыздандырылған үйшікке көшіреді. Көшірілген ара- ларға қантты 1:1 қатынасында қайнап түрған суға ерітіп, суығаннан кейін 1л қант ерітіндісінде 100 мл төмендегі мөлшердегі дэрі ерітінділерінің бірін қо- сады. Олар: 1-2 г норсульфазол, 2 г сульфантрол, 2 г сульцимид, 500 ӘБ био- мицин немесе стрептомицин, 400 ӨБ неомицин, тетрациклин, эритромицин, мономицин немесе канамицин, 350 ӘБ метициклин. Алдын ала қоздырушы- ның емдік препаратқа сезімталдығын анықтайды. Бір үяға кешқүрым шырын- ды 100-150 мл мөлшерінде 5-7 күн аралатып, аралар түгел жазылғанша береді. Ауру үяның көзгенектерінен балды жеке алып, бөлек сақтайды. Онымен араларды қоректендіруге болмайды, ал адамға зияны жоқ. Ауруға шалдыққан араның өсін ұрпақтры бар кәрездерді ерітіп балауыз алады да техникалық мақсатта пайдаланады, немесе 127°С-та 2 сағат бойы қыздырып, зарарсыздан- дырады. Омартаны, оның қүрама бөліктерін, көзгенектерді тазалап, дэнекер- лейтін шамның жалынымен немесе дезинфектанттарымен зарарсызандырады. Қолданылатын дезинфектанттар: 10% сутегінің қос тотығының ертіндісіне 3% сірке немесё қүмырсқа қышқылын қосады (экспозициясы 3 сағат), 5% фор- мальдегид жэне 5% күйдіргіш натрийдің жылы ертінділері (экспозитсиясы 6 сағат) . Көзгенек пен басқа ағаш жабдықтарды 2% күйдіргіш натрий немесе 4% сода-сақар (каспос) ертінділерінде 15 минут қайнатады. Омарта түрған жердің топырағын 3 бөлігіне 1 бөлік хлорлы эк қосып, қашап, су қүяды. Карантинді келесі жылы, омартаны тексергенде шіріме болмаса, алады.

Slide 6

Европалық шіріме

(Европейский гнилец) немесе зілсіз шіріме, ашық өсін шірімесі - 4-7 күндік балапан құрттардың жаппай қырылуымен сипатталатын бал арасы ұясының жұқпалы ауруы.

Тарихи деректер. Ауру Европа елдерінде ертеден белгілі болғанымен, оның қоздырушысы туралы тұжырым жасау қиындық тудырды. Қоздырушы ретінде аталған микробтар. Вас. alvei (Чишайр жэне Чайн, 1885), Streptococcus apis (Бурри, 1906), Actinomyces apis (Сербинов, 1910), Вас. pluton (Уайт, 1912), Вас. paraalvei (Фостер жэне Бернсайд, 1933), Str. pluton (Бейли, 1956, 1967) . Сонымен қатар, ауруды вирус қоздырады деген де көзқарас бар. Европалық шіріме ара өсіру дамыған елдерде кең тараған, солтүстік жэне орталық аймақтарда оңтүстікке қарағанда жиі кездеседі.

Қоздырушысы - Streptococcus pluton. Басқа сипатталған микроорга- низмдер қосалқы рөл атқарады. Str. pluton қандауыр (ланцет) пішінді коктарға ұқсайды, ұлпадан алынған жағындыда жеке дара, қосқостан, тізбектеліп орналасады. Микробтың қауашағы бар, грамоң боялады. Бейли жэне Черепов ортасында 33°С-та, pH 6, 6, жақсы өседі. 24-48 сағат өткенде дөңгелек ақ меруерт тэрізді диаметрі 1-1, 6 мм шоғыр түзеді. Бөлме температурасында стрептококтар 17 ай, ал кәрез бен ұядағы балда жылдан артық сақталады. Күн сәулесінің эсерінен тез өледі, кептіргенде 21-31 сағат, суда 5-6 сағат, балда 3-4 сағат өткенде өледі. 2% формалиң ерітіндісі 3 сағат ішінде өлтіреді. Бос кәрезді формалин буы 3 сағат, 2% хинозол ері- тіндісі 10 минутта дезинфекциялайды.

Slide 7

Індеттік ерекшеліктері. Ауру қоздырушысы бал арасы мен жабайы ара үшін зардапты, адам мен жылы қанды жануарларға зияны жоқ. Инфекция қоздырушысының бастауы - ауруға шалдыққан ара үясы. Қоздырушының таралуына сумақы аралар, адасқан аралар, ара үйірінің үшып кетуі мен орын ауыстыруы себеп болады. Аурудың шығуына ара үясының суыққа үрынуы, бал жинағандағы ұзақ үзіліс, жақын туыстық үрықтандыру ықпал етеді. Ке- рісінше ауа райы қолайлы, бал жинау жағдайлы болса араның балапан құрт- тарының ауруға шалдығуы азайып, кәрезді ауру балапан қүрттардан тез таза- лап алатын күшті үялар сауығып кетеді. Ауру көктемнің соңғы немесе жаз- дың басында байқалып, ашық өсіні бар бүкіл маусымды қамтуы мүмкін.

Дерттенуі. Ауру қоздырушысы 3 күндік балапан қүртқа, оның азығына аралар бал мен гүл тозаңын қоса бастаған кезде енеді. 4-6-шы күндері қоз- дырушы ортаңғы ішектің эпителиіне өтіп, балапан қүрт шіри бастайды. Қоз- дырушымен қатар балапан қүрттың денесіне қосалқы микробтар енеді.

Slide 8

Өтуі мен симптомдары. Жасырын кезеңі 1, 5-3 күн. Ара ұясының ауруға шалдығуы жеңіл болғанда ұядағы барлық балапан құрттарының 3-5% зақымданады, ал ауру ауыр өткенде бұл көрсеткіш 10-25% -ға жетіп, жабық ұяшықтарда да өлген балапан құрттар кездеседі. Ауру шыққан ұяда кәрезді тексергенде зақымданған балапан құрттардың түсі сарғыш келеді. Олар үяшықтың түбінде, қабырғасында немесе ауызында жатуы мүмкін. Бара-бара өлген балапан құрттар қоңыр түсті шіріген немесе ашыған созылмайтын массаға айналады.

Бал арасының өсіндерінің зақымдануы:

1. Америкалық шіріме (шеңбердің ішінде қоздырушысы) . 2. Европалық шіріме (шеңбердің ішінде қоздырушысы) . 3. Қалталанган өсін.

Slide 9

Балау. Европалық шірімеге тэн белгілер: өсін ала-қүла болады, ашық балапан құрттар өледі, жаңадан зақымданған балапан құрттардың түсі сары, шіріген иісі шығады, жабысып созылмайды, өлген балапан құрттардың денесі ұяшыққа жабыспай, эр түрлі жерінде (түбінде, қабырғасында, бетінде) орна- ласады. Диагнозды анықтау үшін зертханаға зақымданған кэрездің бір кесегін жібереді. Зертханада кэрездің бетін жалынмен шарпып, ішіндегі өлген бала- пан қүртты алады. Стерильді төсеніш шыныға салып, ортаңғы ішегінен бакте- риологиялық түзақпен материал алып, жағынды даярлайды жэне қоректік ортаға егеді. Үяшықта шіріген масса болса, одан да жағынды даярлайды. Егер балапан қүрт кеуіп кеткен болса, оны үяшықтың ішінде дезинфекциялайды да, стерильді физиологиялық ерітіндіге салып, жағынды даярлап, егеді. Жағындыны микроскоппен тексергенде Str. pluton табылады, сонымен қатар басқа да қосалқы микробтар кездеседі. Бактериологиялық тексеру диаг- нозды түпкілікті анықтайды. Ауруды америкалық шірімеден жэне қосалқышірімеден (парагнилец) ажырату қажет. Соңғы аурудың қоздырушысы - Вас. paraa. lvеі, грамоң, спора түзеді. Споралары америкалық шіріменің спораларынан ірі.

Дауалау және күресу шаралары. Сау омартаны ауру қоздырушысың экелуден қорғайды. Араларды жақын туыстық үрықтандыруга, элсіз ұяны ұс- тауға, қорегінің жетімсіз болуына, суыққа ұрынуына жол бермейді. Ескірген, қарайған кэрездерді балауызға ерітеді. Егер бір ұядан ауру шықса омартадағы барлық ара ұяларын мұқыят тексереді. Ауырған ұяны :оқшаулап, омартадан 3- 5 км алып кетіп, америкалық шіріме кезіндегідей емдіқ жэңе сауықтьіру шара- ларын қолданады.

Slide 10

Қалталанған өсін

(Мешотчатый расплод) бал арасынын жетілген бала- пан құртының денесі сұйыққа толы капшыққа (қалтаға) ұк; сап өліп қалатын жүқпалы ауруы.

Тарихи деректер. Аурудың, вирустық этиологиясын Г. Ф. Уайт (1913) дэлелдеді. Фуртала мен Ли (1966) ересек аралардың ұзақ уақыт вирус алып жүретіндігін анықтады.

Қоздырушысы - РНҚ геномды, систематикалық орны айқындалмаған вирус. Вирионының мөлшері 30 нм. Тауық пен тышқанның фибробластарын- да өсіріледі. Балда вирус бір ай шамасы, шірігенде 7-10 күн сақталады. 59°С- та қыздырғанда, күн сэулесінің эсерінен тез өледі.

Індеттік ерекшеліктері. Вирус 5-6 күндік араның балапак қүрттары үш- ін зардапты. Ересек аралар жасьірын түрде ауырып, денесінде үзақ уақыт вирусты сақтайды. Қоздырушы адам мен жылы қанды жануарлар үшін зиянсыз. Ұя ішінде вирус балапан қүрттарға зарарланған бал және гүл тозаңымен қоректендіргенде беріледі. Омарта ішіндегі аралар үяшықты тазалап, өлексе- лерді шығарған кезде денесінде вирусты ілестіріп, балапан күрттарды қорек- тендіргенде оларға жүқтырады. Вирус алып жүретін ересек аралар өзінің және бөтен омарталардағы ұяларға ауру таратады.

Дерттенуі. Вирус балапан қүрттардың сырткы қабатындағы торшаларды зақымдайды. Түлейтін сыртқы қабат пен өсіп келе жатқан ішкі қабаттың ұлпаларының арасында кеңістік пайда болып, ол сүйыққа толады. Майлы ұлпа ыдырайды. Гемолимфаның торшалары іріміктеніп, балапан қүрт өледі.

Slide 11

Өтуі мен симптомдары. Өсіні бар кәрездің түрі шіріме ауруларынд- ағыдай ала-кұла болады. Үяшықтардың қақпақшаларының кейбірі тесіліп. кейбірі мүлдем болмайды. Негізінен ауызы жабық өсіндер өледі. Ауруға жұмысшы, еркек жэне аналық аралардың балапан қүрттары шалдығады. Өзіне тән иісі болмайды. Зақымданған балапан қүрттын түсі бозғылт, өлексесі үяшыктан оңай алынады. Өлексе сұйыққа толы қапшыққа ұқсайды. Қабығын тескенде ірімігі бар сұйық ағады. Өлексе жиырылып, басы сорайып, балапан қүрттың жалпы пішіні үшы кайкайған башмакқа үқсайды. Аралар өлексені қапшығын бұлдірмей шығарып тастайтындығынан, ауру оншама тарамай, зілсіз өтеді.

Ауру мамыр айының соңында, маусымда байқалып, шілдеде сирек кез- деседі. Бал жинау молшылық жағдайда болғанда ауру тежеліп, немесе мүлдем тоқтап қалады. Ауа райы қолайсыз, суық, жауынды, бал жинау жетімсіз болса, керісінше ауру кең етек алады. Балау індеттанулық деректерге, клиникалық белгілеріне сүйеніп жүргізіледі. Вирусологиялық зерттеу эдістері жолға қойылмаған. Ауруды эртүрлі шірімеден ажырату қажет.

Дауалау және күресу шаралары. Омартада мықты үяларды үстап, олар- ды жеткілікті мөлшерде қорекпен қамтамасыз етіп, жақын туыстық үрықтануына жол бермей, барлық санитариялық, тазалық ережелерін мүкият орындап, жүйелі түрде құрал жабдықты дезинфекциялап тұру - аурудың алдын алудың негізгі шарттары. Ауырған араларды емдейтін арнайы препараттар жоқ. Егер үя оншама зақымданбаса, зақымданған кәрезді алып тастайды. Ауырған үяның анасын жас аналықпен ауыстырады. Үйір қосу жақсы нэтиже береді. Нашар ұяларды бір-біріне қосады. Ұя күшті зақымданғанда оны зарарсыздандырылған омар- таға көшіреді. Ауру жойылған соң бір жылдан кейін карантин алынады.

Slide 12

Бал арасының салдануы

(Паралич пчел) - ересек аралар жаппай қыры- латын вирустық ауру.

Тарихи деректер. Араның жүйке жүйесі зақымдануынан қырылғаны туралы мэліметтер арнайы басылымдарда эртүрлі елдерде шығып түрады. Со- лардың ішінде нақтылы деректерді жэне аурудың вирустық сипатын Бернсайд (1933, 1945) хабарлады.

Қоздырушысы - Maratovirus paralisis мөлшері 27-45 нм., РНҚ геномды 93°С-та қыздырғанда 30 мин өледі. 4°С-та бірнеше күн, ал -20°С-та 6 айға дейін сақталады. Індеттік ерекшеліктері. Вирус жас жэне кэрі аралар үшін зардапты. Тәжірибе жүзінде араларға вирусты бүркіп жүқтырғанда, олардың 25-100%-ы 8-14 күн ішінде, кейде кейінірек, өледі. Қоздырушының таралу жолдары анықталмаған.

Дерттенуі жеткілікті зерттелген жоқ. Қоздырушы вирус жүйке жүйесінде жэне аш ішектің эпителийінде орналасады. Өтуі мен симптомдары. Ауру басталғанда аралар қозынып, өте белсенді болады да, кейіннен сыртқы эсерге бейтараптанып, қорғаныс эрекетінен қалады, ауаға көтерілуі ауырлап, үшуы баяулайды. Ауырған ара үзақ уакыт қозғалыссыз болып, тиіскен кезде қанатын зорға қозғалтады. Ауырған жэне өлген аралардың сыртқы түті түсіп қалады, түсі жылтыр қара-қошкыл болады. Ауру жіті өтіп, ара тез арада құрыстанып, өліп кетеді. Кейде ауру созылмалы етіп, 30-40 күнге созылуы мүмқін. Ондай жағдайда араңың ауруға шалдық- қандығы байқалмай қалады. Аурудың таралуына ауа райының ыстық болуы қолайлы ықпал жасайды.

Балау аурудың сыртқы белгілеріне негізделеді. Ауырған аралар қозынған немесе салданған күйде болады. Салданған аралар омартаның ұшып шы- ғарында жиналып қалады. Аш ішектің эпителийін Романовский-Гимза әдісімен бояп, микроскоппен қарағанда Моррисон денешіктері көрінеді. Сонымен қатар, ауруды иммунофлуоресценция жэне диффузды преципитация әдістері- мен де балауға болады. Бэрінен де сау араларға жүқтырып биосынама қою сенімді нэтиже береді. Ол үшін ауру жіті өткенде өлген араны үгітіп, езіп, Зейтц сүзгісінен өткізіп, сүзіндіні қантқа қосып 100-200 сау араға береді. Тә- жірибе 20-30°С жағдайында жүргізіледі. Ауруды токсикоздан, инвазиялық аурулардан ажырату. қажет.

Дауалау және күресу шаралары. Сау омарталарды ауру әкелуден қор- ғап, араларды дүрыс күтіп, олардың ыстыққа ұрынбауын қадағапау қажет. Ауру шыққан омартадағы араларға көктемде 500 мл қант шырынына 200 мың ӘБ биомицин қосып береді. ¥ядағы араларды 50 мг панкреатин рибонуклеа- засын 15 мл суға езіп бүрку жақсы нәтиже береді.

Slide 13

Гафниоз

Бал арасының гафниозы (гафниоз пчел) - немесе қылау (паратиф) - іші өтіп, қыстың соңы мен көктемде жаппай қырылуға соқтыратын жұқпалы ауру.

Қоздырушысы - Hafnia alvei (В. paratyphi alvei) үсақ, ұштары жүмыр келген полиморфты таяқшалар, мөлшері 1-2 х 0, 3-0, 5 мкм, спора түзбейді, қозгапмапы (перитрах), барлық анелин бояуларымен жақсы боялады, грам- теріс. Микроб жартылай ауасыбағасыз, барлық қарапайым қоректік орталарда, сәл сілтілеу жағдайда жақсы өседі. Агарда бір тәулік ішінде көгілдір тұнық шоғыр түзеді, түзақпен оңай алынады. Келесі тэулікте шоғырлар бір-бірі- мен қосылып, бүлыңғыр, жабысқақ тартады. Шоғырдың ортасы қоңырланып, бет жағы білеуленіп, дөңестенеді. Сорпада өскенде орта лайланады, индол түзіледі. Сорпаның бетінде кейде бозғылт қабыршақ пайда болады. Микроб желатинді сұйылтпайды, сүт ұйымайды. Картофельдё бозғылт сары жүғынды түзіп, бозданған жағымсыз иіс береді. Глюкозаны, мапьтозаны, арабинозаны, ксилозаны, раманозаны, маннитті, фруктозаны, гапактозаны жэне глицеринді ыдыратады. Лактозаны, сахарозаны, дульцитті, адонитті, раффинозаны, декс- тринді ыдыратпайды.

Hafnia alvei бактерияларын сапьмонелларлардан мынадай қасиеттері бойынша ажыратады: 20°С-та қозғапмалы, аммоний цитратын ыдыратып, ' газ түзеді, ал 37°С-та бүл қасиеттері байқапмайды. Сонымен қатар, бүл микроб- тар өздеріне тэн қан сарысуысмен агглюинация береді. Гафния бактериялары суда қайнатқанда 1-2 минутта, 58-60°С-та 30 ми- нутта өледі.

Індеттік ерекшеліктері. Ауру негізінен қыстың аяғында жэне көктемде, ап жазда күн суытып, жауынды болғанда байқалады. Оның шығуына араның қоректік балының сапасыз сүйық болуы, орналасқан жерінің суық жэне ылғалдылығы ықпал ететді. Көбінесе жұмысшы аралар ауырады. Қолдан жұқтырғанда қоздырушы бактерияны 5-10% қант шырынына қосып берсе аралар- дың өлімге ұшырауы күрт көбейеді, ал микробты құрғақ ұнтақ қантпен бер- генде аралардың тіршілігі әдеттегіден өзгере қоймайды. Көктемде ара ұяларын қысқы орынынан шығарғанда, кэрездерді ауыс- тырғанда, адасқан аралар арқылы, ортақ ыдыстан суарғанда ауру сау ұяның араларына жұғады. Өлім көрсеткіші, ара орыны ылғалды болғанда, 50-60%-ға жетеді.


Ұқсас жұмыстар
Балықтың вирустық аурулары
Балықтардың жарақатты аурулары
БАЛЫҚТАРДЫҢ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРЫМЕН КҮРЕСУ
Балық өнімдерін балықтардың бактериалдық ауруларына байланысты сараптау және санитариялық бағалау
Балық өнімдерін балықтың протозойлық ауруларымен байланысты ветеринариялық санитариялық сараптау мен санитариялық бағалау, қарсы күресу және алдын алу шаралары
БАЛЫҚ ОМЫРТҚАСЫНЫҢ САНЫ
Ихтиология ғылымының салалары балықтар физиологиясы
Жануарлардың жануар тектес улы заттардан улануы
Балықтардың түсі оның себептері
Сүйекті балықтардың отрядтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz