Күнбағыс және асқабақ дәндерінің ветеринарлық санитарлық сараптау




Презентация қосу
Күнбағыс және асқабақ дәндерінің
ветеринарлық санитарлық сараптау

Орындаған: Көшербай Мөлдір ВС-305
Жоспар:
I. Күнбағыс және асқабақ дәндерініңм тағамдық
құндылығын анықтау.
II. Күнбағыс және асқабақ дәндерін өңдеу
технологиясы.
III. Күнбағыс және асқабақ дәндерін сатудың
санитарлық ережелері.
IV. Күнбағыс және асқабақ дәндерінің сапасын
анықтаудың негізгі әдістері.
Күнбағыс (лат. Helianthus - күрделі
гүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық мәдени
өсімдік. Шыққан жері - Солтүстік Америка. Қазақстанда 2
түрі бар: жер алмұрты және бір жылдық К.
Күнбағыстың биіктігі 2 м-дей, сабағы тік, жуан өзегі
қуыс, сырты қалың түкті, кіндік тамыры тармақты, 2 - 3 м
тереңдікке бойлайды. Үлкен жалпақ жапырағы сабақта
кезектесіп орналасады. Гүл шоғыры көп гүлді себет. Оның
сыртын бір немесе бірнеше қатарға орналасқан гүл
жапырақтары қоршаған. Бұлар өсімдік гүлін сыртқы
қолайсыз жағдайдан сақтайды. Себеттерінің диам. 10 - 60
см-ге дейін жетеді. Себеті күн көзі бойымен бұрылып
отырады. Жемісі — тұқымша, онда 22 — 27% май болады.
Дәнінен сұйық күнбағыс майы алынады. Өсімдік майының 90%-ы
осы өсімдіктің дәнінен алынады, сыққаннан кейінгі дәніне қант
қосып, сығымдап, тамаққа қолданылатын тәтті тағам жасалынады.
Сары желегін медицинада пайдаланады. Күлінен сахар алады, онда 30
— 36% калий тотығы бар. Күнбағыс күнжарасында — құнарлы мал
азығы, онда 38%-дан астам ақуыздық зат, 20 — 22% көмірсу және 6%-
дай май бар. Күнбағысты бұршақ өсімдіктерге қосып сүрлемдік дақыл
ретінде өсіреді. 100 кг көктей орылған Күнбағыс құрамында 18 азық
өлшемі, 1,4 кг сіңімді протеин бар. Көктей шабылған Күнбағыс га-нан
400 — 500 ц балауса азық алынады. Қазақстанның солт., шығыс
аудандарында ерте және тез пісетін саратовтық 10; 169, шортандылық
— 41, қостанайлық — 91, т.б. сорттары аудандастырылған. Осы
сорттардың 1 га-нан 10 — 12 ц күнбағыс майы алынады. К-тың негізгі
зиянкестері: сым-құрт, күнбағыс қан көбелегі,мамыр қоңызы т.б.;
аурулары: боз шірік, қара дақ,сұңғыла, т.б.
Еуропалықтар тұңғыш рет күнбағысты Американы ашқан кезде
Мексиканың кең байтақ жазықтарынан көрген. Олар күнбағысты
Еуропаға бұдан төрт жүз жыл бұрын алып келді. Оны «күн гүлі» деп
атады.
Қазір күнбағыс – біздегі ең кең тараған майлы дақыл.
Әрине, ол өзінің жабайы арғы тегіне аздап қана ұқсайды.
Мәдени күнбағыстың себеті ірі. Онда 7 мыңға тарта дән
болады. Сонымен бірге мәдени күнбағыстың сабағы 4 метрге
дейін жетіп, оның жуандығы білектей болып өседі.
Үй тұрмысында ол дәнін шағып жейтін шекілдеуік болып
қалып отыр. Бірақ күнбағыстың беретін басты нәрсесі – оның
жақсы майы. Күнбағыс дәнінен май сығып алғаннан кейін
одан күнжара қалады. Күнжараны жылқы, сиыр, қойлар
жейді. Сабағын турап, булап шошқаға береді. Себетін
кептіреді де ұнтақтайды, ол да – жақсы мал азығы.
Күнбағыстың кейбір сорттарын сүрлем үшін егеді. Бұл
жағдайда оны дәні піспей тұрып көктей орады.
Күнбағыс тұқымдары барлығынан да құрамында Е дәрумені болғаны үшін
бағаланады, ол қабынуға қарсы қасиеттерді иеленеді, сонымен бірге күшті
антиоксидант болып табылады. Олардың құрамында сондай-ақ A және D
дәрумендері және нерв клеткаларының дұрыс жұмысы үшін жауап
беретін, клеткалардың қалпына келуіне, иммундық реакцияларға және
гормондарды реттеуге қатысатын B6 және PP дәрумендері бар. Дәндерде В
дәруменінің болуы күнбағысты қысқы емдәмге кіргізуге кеңес
берілетініне әкеледі, өйткені ол депрессиялық жағдайларды жеңуге
көмектеседі.Сондай-ақ күнбағыс тұқымдары минералдарға бай. Магний
демікпенің сезілуін басады, қан қысымын төмендетеді, бас ауруының
ұстамаларын болдырмайды, ал оған қосымша инфаркт пен қан құйылу
қаупін төмендетеді. Бұл сондай-ақ күре тамырларды қорғауға
көмектесетін фосфордың, темірдің, кальцийдің және жалғыз қанықпаған
және көп қанықпаған май қышқылдарының көзі. Тұқымдардың тағы бір
маңызды компоненті балдыркөк болып табылады, ол организмнің
токсиндерді жоюына көмектеседі және күшті антиоксиданттық әсерінің
арқасында қатерлі ісік пайда болу қаупін төмендетеді. Американдық
зерттеулер күнбағыс дәндерінің натрий мөлшері аз болғанда олардың
құрамында калий болуының арқасында қан қысымын төмендетуде
маңызды роль атқаратынын дәлелдеді.
Мамыр қоңызы
Melolontha melolontha
Сұңғыла
Orobanche
Боз шірік (склеротиниоз)
Sclerotinia sclerotiorum
Қара дақ (эмбеллизия)
Embellisia helianthi
Асқабақ — асқабақтар тұқымдасына жататын бір және көп
жылдық шөптесін өсімдіктер. Асқабақтың отаны Солтүстік және
Оңтүстік Америка. Ол жерлерде Асқабақ б.з.б. 3 мың жыл бұрын егіле
бастаған. Асқабақтың 20 түрі белгілі. Қазақстанда Асқабақтың кәдімгі
Асқабақ (С. реро), мускатты (С. moschata) және ірі Асқабақ (С.
maxіma) деген түрлері мен «Волгалық сұр-92», «Мозолеевская-10»,
«Қашғарлық-1644» сорттары өсіріледі. Кәдімгі Асқабақтың
қатарына кәді мен патиссон жатады. Асқабақ сабағының ұзындығы 2 –
10 м, жұмыр, түкті, бұтақты, жайыла өседі. Жапырағы – ірі, ұзынша
қалемшелі, бүйрек пішіндес. Гүлі – қос жынысты, ірі, сарғыш түсті.
Тарамдалған мұртшалары жанындағы өсімдіктерге оралады. Жемісі –
жалған жидек, ірі, пішіні – дөңгелек, сопақша, түсі әр түрлі
болады. Шырыны жұмсақ дәмді. Ірі жемісті Асқабақтың салмағы 40 –
50 кг-ға дейін тартады. Асқабақ жемісінің құрамында 15 – 18% құрғақ
заттар, 8 – 10% сахароза, аскорбин қышқылы,
каротин, тиамин, рибофлавин, т.б. болады. Дәнінде 20 – 40% май бар.
Асқабақтың асханалық сорттарын піскен, қуырылған күйінде тамаққа
пайдаланады. Мал азықтық түрінен сүрлем дайындалады.
Бактериоз
Боз шірік
Склеротиния
Тамыр шірігі
Назарларыңызға
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
БАЛДЫҢ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ - САНИТАРИЯЛЫҚ САРАПТАМАСЫ
Өсімдік майларына қойылатын талаптар
Өсімдік майларын өндіруге арналған шикізат
Ет және ет өнімдерін соттық ветеринарлық-санитарлық сараптау
Өсімдік майларының түрлері
Ветеринария мамандығы
Трихинеллез ауруында ветеринарлық санитарлық сараптау
Темір жол, автокөлік, әуе көліктерін және құрал жабдықтарды, тараларды ветеринариялық-санитариялық өндеу
Тауық жұмыртқасының құрылысы
Өңдеудің соңында аршылған ядролардағы тұқым мөлшері
Пәндер