Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы
Презентация қосу
Тағамның санитариялық
қауіпсіздігіндегі ветеринариялық
қызметтің маңызы
Кеден Одағы комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы №299
шешімі.
Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі
N 301 Заңы
Орындаған: Тоқтағұл Т.А.
Тексерген: Ешмухаметов А.Е.
Жоспары:
• 1. Тағам өнімінің қауіпсіздігі мен құндылығына қойылатын гигиеналық
талаптар
2. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
3. Осы Заңның қолданылатын саласы
• 4. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеудің
мақсаттары мен принциптері
• 5. Ветеринария саласындағы уәкілетті органның құзыреті
• 6. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар және оны
қамтамасыз ету жөніндегі шаралар
• Тағам өнімінің қауіпсіздігі мен құндылығына қойылатын гигиеналық талаптар
•1.Бірегейлі санитарлық талаптар тағам қауіпсіздігін анықтай отырып, адамға қажетті тағамдық заттар мен
энергияны қамтамасыз ету керек
•2.Тағам өнімдерінің органолептикалық қасиеті сақтау, тасымалдау және қайта іске асыру кезінде озгермеуі керек.
•3.Тағам өнімдерінде өнімнің бұзылғаны туралы, яғни бөтен иістің, дәмінің, түсінің өзгеруінің, консистенциясы
мен иісінің өзгеруі болмау қажет.
•4.Кеден одағының талаптарына сәйкес жануар текті шикізаттарды сатылуға мынадай заттармен дайындалғанда
жіберілмейді: жануарлар мен құстарды өңдеу барысында ветеринарлық препараттады қолданғанда /азық
қоспаларымен, жануарлардың өсуін жақсартатын симульяторларды, сонымен қатар горманалды препараттады,
антибиотиктерді, дәрілік заттарды қолданғанда жіберілмейді.
•5. Өсімдік текті шикізаттарды дайындау барысында пестицидтермен, Кеден одағының талаптарына келмейтін
заттарды қолданғанда сатылымға жіберілмейді.
•6.Тағам өнімдерінің микробиологиялық, паразитологиялық қауіпсіздігін, сонымен қатар құрамының химиялық
ластануын гигиеналық нормативтік қауіпсіздігі анықтайды.
•7. Тағам өнімдерінің тағамдық құндылығы мен қауіпсіздігінің көрсеткіштері, және де тағам өнімінің
құрамындағы биологиялық белсенді заттар нормаға сәйкес жіберілуі шарт.
•8. Гигиеналық нормативтер қауіпті химиялық байланыстар мен биологиялық обьектілерге / микроорганизмдер
және оның токсиндері, паразиттер / таралады, зерттелетін өнімде осы затар жіберілмеуі керек.
•9. Тағам өнімдерінде адам өміріне қауіпті химиялық ластаушылар құрамы қадағаланып отырады.
•10. Тағам өнімдері мен шикізаттардағы токсикалық элементтер гигиеналық талаптарға сәйкес жіберіледі.
• 11. Афлатоксин В1, дезоксиниваленол (вомитоксин), зеараленон, фумонизин, Т-2 токсин, патулин
микотоксиндерінің болуы – өсімдік текті тауарлық шикізатта және азық өнімдерінде, афлатоксин М1
болуы – сүт және сүт өнімдерінде қадағаланады. Басты ластаушылар: астық өнімдерінде –
дезоксиниваленол, жаңғақтар мен майлы тұқымдарда – афлатоксин В1, өңделген жеміс пен көкөніс
өнімдерінде – патулин.
• 12. Тауарлық астық пен ұн-жарма өнімдерінде - охратоксин А, жүгері және оның өнімдерінде –
фумонизин болуы қадағаланады.
• 13. Балалар тағамдары мен диетикалық тағамдарда болуы жіберілмейді.
• 14. Тауар шикізаты мен азық өнімдерінің барлық түрлерінде ғаламдық ластаушылар:
гексахлорциклогексан (альфа, бета, гамма – изомерлері), ДДТ және оның метаболиттері тәрізді
пестицидтердің болуы қадағаланады. Астық пен оның өнімдерінде – сынап органикалық пестицидтер,
2,4 – Д қышқылы, оның тұздары мен эфирлерінің болуын қадағалайды. Балық пен оның өнімдерінде –
2,4-Д қышқылы, оның тұздары мен эфирлерінің болуы да бақыланады.
• 15. Ауыл шаруашылығында қолданылатын пестицидтердің қалдық мөлшерін анықтау қоршаған орта
объектілерінде пестицидтер болуының гигиеналық нормативтеріне сәйкес жүргізіледі.
• 16. Азық өнімдерінің барлық топтарында диоксиндер нормаланады. Балалар тағамдарында диоксиндер
жіберілмейді. Диоксиндердің бар-жоғын өндіруші немесе бақылаудағы уәкілетті орган тек экологиялық
жағдайдың апаттар, техногендік табиғи катастрофалар әсерінен диоксиндердің қоршаған ортаға түсіп,
тауар шикізаты құрамында болуы мүмкін кезде ғана жүргізедң.
17. Жануар текті өнімдер құрамында, оның ішінде балалар тағамдарында, жануарлардың өсуін стимулдейтін ветеринарлық препараттардың, малдар мен құстарды жемдеу, емдеу, ауруларын
профилактикалау мақсатында қолданылатын дәрілік заттардың қалдық мөлшерлері анықталады.
18. Сойыс малы, құс, тоған балығы мен бал шаруашылығы өнімдерінде келесі мал шаруашылығы мен ветеринарияда қолданылатын азықтық және емдік антибиотиктердің болуы қадағаланады:
- бацитрацин
- тетрациклин тобы
- пенициллин тобы
- стрептомицин
- левомицетин (хлорамфеникол).
19. Мал шаруашылығында қолданылатын 39 пунктте көрсетілмеген емдік заттар, жануар өсімін стимулдейтін заттардың болуы КО-ға кіргізер алдында өндіруші беретін мәліметтерге сай
бақыланады.
20. Балық және оның өнімдерінде – полихлорланған бифенилдер, астықта, қақталған ет және балық өнімдерінде – бензапирен болуы қадағаланады.
21. Азық өнімдерінде меламин жіберілмейді.
22. Балалар және диеталық тағамдар құрамында бензапирен жіберілмеу керек.
23. Жеке тағам өнімдерінде тексеріледі: азот қосылыстарының болуы: гистамин – лосось және скумбрия тұқымдастығының
балықтарында, жеміс-жидекте – нитраттар, N-нитрозаминдер – балық және балық өнімдерінде, ет және ет өнімдерінде.
24. Молюска, крабтың ішкі органдары фикотоксиндерге тексерілуі тиіс
25. Майлы тамақ өнімдерінде қышқыл саны және тотықтырғыш саны қадағаланады.
26. Тамақ өнімдерінде патогенді микроорганизмдер мен жұқпалы аурулардың қоздырғыштары, олардың токсиндері жіберілмейді.
27. І.Қ.М., шошқа, қой, жылқы шикі етінде паразиттік ауруладың қоздырғыштары: финна, трихинелла және эхинококк личинкалары,
саркоциста және токсоплазмалар жіберілмейді.
28. Балық өнімдерінде, шаян тәрізділер, моллюскалар өнімдерінде адам денсаулығына қауіпті тірі паразит личинкалары жіберілмейді.
29. Балауса және балауса мұздатылған көкөніс, жеміс-жидектерде гельминт жұмыртқалары мен патогенді ішек таяқшалары
жіберілмейді.
• 30. Микробиологиялық көрсеткіштері бойынша тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі келес і
микроорганизмдер тобын қамтиды:
• - санитарлық көрсеткіш микроорганизмдер: мезофильді, аэробты, факультативті
анаэробты микроорганизмдер саны, ішек таяқша бактериялар тобы, Enterobacteriaceae
тұқымдастығының бактериялары, энтерококктар;
• - шартты патогенді микроогрганизмдер: Е. coli, S. aureus, Proteus тобының
бактериялары, В. cereus, Vibrio parahaemolyticus;
• - патогенді микроорганизмдер, сальмонеллалар және Listeria monocytogenes;
• - Yersinia тұқымдастығының бактериялары;
• - топырақ микроорганизмдері: ашытқылар және зең саңырауқұлақтары.
• 31. Тамақ өнімдері қауіпсіздігін микробиологиялық көрсеткіштерін нормалау ішек
таяқшалары, сондай-ақ патогенді микроорганизмдер, оның ішінде шартты - патогендік
микроорганизмдердің көпшілігі, сальмонеллалар және Listeria monocytogenes.
• 32. Консервілік тамақ өнімдерінің қауіпсіздік көрсеткіші болып сақтау кезінде
белгіленген темературада өсіп-өнбейтін микроорганизмдер, адам денсаулығы үшін
қауіпті токсиндер болмау керек.
• 33. Биологиялық активті қоспалар адам денсаулығына зиян келтірмеу керек.
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) азық - адам үшін тамақ көзі болып табылатын жануарларды азықтандыру үшін
пайдаланылатын, өсімдіктен, жануардан, минералдан, микробиологиялық қолданыстан алынатын
азық-түлік;
2) азық қоспалары - адам үшін тамақ көзі болып табылатын, жануарлар рационында
жетіспейтін қоректік және минералдық заттар мен витаминдер көздері ретінде пайдаланылатын
органика, минерал және (немесе) синтетика текті заттар;
3) байытылған (фортификацияланған) тамақ өнімдері - ауруды профилактикалау мақсатында
енгізілетін, тамақтың құнарын арттыру үшін бастапқыда болмаған не жеткіліксіз мөлшерде
болған немесе өндіру (дайындау) процесінде (сатысында) жоғалтылған бір немесе одан да көп
қажетті ингредиенттер (витаминдер, минералдар, белоктар, амин немесе май қышқылдары) және
басқа да заттар қосылған тамақ өнімдері;
4) балалар тағамы азық-түлігі - балалар организмінің физиологиялық қажетіне сай келетін
және үш жасқа дейінгі балалар тағамдарына арналған, арнайы мақсаттағы тамақ азық-түлігі;
5) ветеринариялық-санитариялық бақылануға тиісті тамақ өнімдері - тамаққа тиісті өңдеусіз
пайдаланылмайтын, жануардан алынатын тамақ азық-түлігі мен шикізат, сондай-ақ азық және
азық қоспалары;
6) ветеринарлық сертификат - ветеринария саласындағы уәкілетті орган Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік шекарасында және көлікте ветеринариялық-санитариялық
бақылануға тиісті тамақ өнімдерінің әрбір партиясына беретін, белгіленген нысандағы құжат;
7) генетикалық түрлендірілген объектілер - гендік инженерия әдістері пайдаланылып алынған,
өсімдіктен және (немесе) жануардан алынатын шикізат пен азық-түлік, соның ішінде генетикалық
түрлендірілген көздер, организмдер;
8) дайындалған күні - тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) процесінің (сатысының) аяқталған
• 15) қатер - тамақ өнімдерінің адам денсаулығына қолайсыз әсер ету ықтималдығы және бұл әсер етудің
адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруіне әкелетін салдары;
16) қатерді бағалау - зиянкестің немесе аурудың енуі, тамыр жаюы немесе таралуы
ықтималдылығын және осымен байланысты ықпалды әсері бар биологиялық және экономикалық
салдарын сапалық және (немесе) мөлшерлік бағалау немесе тамақ өнімдерінде қоспалардың, ластағыш
заттардың, уыттардың немесе ауру тудыратын организмдердің болуынан туындайтын адамның өмірі
мен денсаулығына немесе жануарларға қолайсыз әсер ету мүмкіндігін бағалау;
17) қатерді басқару - қатерді айқындау, оны азайту үшін қолданылатын шараларды таңдау және
жүзеге асыру, сондай-ақ олардың мониторингі мен тексерілуі;
18) қатерлерді талдау - өзара байланысты төрт құрамдастан: қауіп көзін айқындаудан, қатерді
бағалаудан, қатерді басқарудан және қатер туралы ақпараттан тұратын қауіпті факторларды анықтау
және қатерді бағалау үшін қолжетімді ақпаратты пайдалану рәсімі;
19) қатер туралы ақпарат - тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне жауапкершілік алған субъектілер мен
уәкілетті органдар, сондай-ақ барлық басқа да мүдделі тараптар арасында қатер туралы өзара уақтылы
мәліметтер алмасу;
20) қауіпті тамақ өнімдері - пайдаланылуы кезінде адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта
үшін жол берілмейтін қатер төндіруі мүмкін өнімдер;
21) қауіпті тамақ өнімдерін жою - тамақтық мақсатқа пайдаланылуын болдырмай және оған адам
мен жануарлар жете алмастай етіп, тұтынуға және (немесе) одан әрі өңдеуге жарамсыз тамақ
өнімдеріне ықпал жасау;
22) нормативтік-техникалық құжаттама - тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау),
айналымы, кәдеге жарату және жою процестерін (сатыларын) реттеу үшін қажетті құжаттар;
23) өнімдердің тамақ құндылығы - организмнің қоректік заттармен қанағаттандырылуы олардың
энергетикалық құндылығымен, құрамымен және дәмдік қасиеттерімен айқындалатын дәрежесі;
24) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалануға тиісті тамақ өнімдері - ветеринариялық-
санитариялық бақылануға тиісті тамақ өнімдерінен басқа тамақ өнімдері;
Осы Заңның қолданылатын саласы
• 1. Осы Заң Қазақстан Республикасында өндірілетін және
Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін
(импортталатын) тамақ өнімдеріне, сондай-ақ тамақ өнімдерін
әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату
және жою процестеріне (сатыларына) қолданылады.
• 2. Осы Заңның күші жеке тұтынуға арналған, үйде
дайындалатын тамақ өнімдеріне қолданылмайды.
Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы
мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен принциптері
•1. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаттары:
• 1) мыналарды:
адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін;
тұтынушылардың заңды мүдделерін қорғауды;
экологиялық қауіпсіздікті;
ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
• 2) кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу;
• 3) адам өмірі мен денсаулығын, тұтынушылардың заңды мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасын
халықаралық нормалармен және ережелермен үйлестіру;
• 4) отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
• 5) халықаралық сауданың дамуы үшін жағдайлар жасау болып табылады.
• 2. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеу:
• 1) адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған ортаны қорғау үшін тамақ өнімдері қауіпсіздігінің басымдығы;
• 2) адам денсаулығына және қоршаған ортаға ықтимал зиянды әсердің алдын алу;
• 3) мемлекет жүзеге асыратын шаралардың ашықтығы;
• 4) ақпараттың жариялылығы, қолжетімділігі, дұрыстығы;
• 5) қатерлерді бағалаудың ғылыми негізділігі;
• 6) тамақ өнімдерін әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық
процестерінде (сатыларында) тамақ өнімдерінің қадағалануы;
• 7) тамақ өнімдерін әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық
процестерінде (сатыларында) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі субъектілердің жауапкершілігі принциптері негізінде
жүзеге асырылады.
• 3. Ветеринария саласындағы уәкілетті органның құзыретіне мыналар жатады:
• 1) ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің
қауіпсіздігі саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
• 2) ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің
қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының
атынан өкілдік ету;
• 3) мыналарға:
Қазақстан Республикасының ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға
тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуына;
тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін айқындау бойынша оларға ветеринарлық-санитарлық
сараптаманы жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне мемлекеттік бақылауды
және қадағалауды ұйымдастыру, үйлестіру және жүзеге асыру;
• 5) ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің
қауіпсіздігі саласындағы ветеринарлық (ветеринарлық-санитарлық) ережелер мен нормативтерді,
техникалық регламенттерді, нормативтік құжаттардыәзірлеу;
• 7) Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және алғаш
рет әкелінетін (импортталатын) азық қоспаларын мемлекеттік тіркеу;
• 8) Қазақстан Республикасының аумағында өндіруге (дайындауға), әкелуге (импорттауға),
қолдануға және өткізуге рұқсат етілген азық қоспаларының мемлекеттік тізілімін жүргізу;
• 9) ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы ветеринарлық
құжаттар беру;
•
• 11) ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру
(дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) Қазақстан Республикасы
заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігіне ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды
ұйымдастыру және жүзеге асыру;
• 12) ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті қауіпті тамақ өнімдерін анықтау және
өткізуге жол бермеу жөніндегі шараларды әзірлеу мақсатында ішкі сауда объектілеріне ветеринариялық-
санитариялық бақылауды және қадағалауды және мониторингті жүзеге асыру;
• 13) тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) және айналымы процестерінде (сатыларында) ветеринариялық-
санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне ветеринариялық-санитариялық
бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
• 14) мыналарды:
тамақ өнімінің қауіпсіздігін айқындау бойынша ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу;
Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және аумағына алғаш рет
әкелінетін (импортталатын) жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркеу тәртібін бекіту;
• 15) осы заңның талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беру;
• 16) ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне
есептік нөмірлер беру және олардың тізілімін жүргізу;
17) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және
Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ветеринария саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің құзыреті Қазақстан Республикасының
заңдарындаайқындалады.
4. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органның құзыретіне мыналар жатады:
1) ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын рәсімдерді қоспағанда, тамақ өнімінің
қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттердің талаптарына тамақ өнімінің сәйкестігін оны өткізу сатысында
мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
• Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын
талаптар және оны қамтамасыз ету жөніндегі шаралар
• 1. Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне және оларды әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестеріне (сатыларына) қойылатын талаптар субъектілердің орындауы үшін міндетті болып табылады.
• 2. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі:
• 1) субъектілердің Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасының талаптарын сақтауы; P001783
• 2) субъектінің тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы және кәдеге жарату процестерінің (сатыларының) Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігіне өндірістік бақылау жүргізуі;
• 3) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерінің сәйкестігін растау;
• 4) санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргізу;
• 5) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеу шараларын қолдану арқылы қамтамасыз етіледі.
• 3. Тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестері (сатылары) уәкілетті органдармен келісім бойынша жүзеге асырылады .
• 4. Мынадай көрсеткіштердің бірі бойынша:
• 1) сапасыздығының айқын белгілері бар (бүлінген, бұзылған, ластанған);
• 2) радиологиялық, уыттылық, химиялық және (немесе) микробиологиялық нормативтерден асқан;
• 3) қауіпсіздігі куәландырылған және шыққан тегі расталған құжаттары жоқ;
• 4) белгіленген жарамдылық мерзімдері жоқ немесе жарамдылық мерзімдері өткен;
• 5) Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында көзделген мәліметтермен таңбаланбаған;
• 6) ұсынылған ақпаратқа сәйкес емес;
• 7) жалған тамақ өнімдері болып табылатын, Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін тамақ өнімдері оларды өндіру (дайындау), айналымы және кәдеге жарату процестеріне (сатыларына) жіберілмейді.
• 5. Генетикалық түрлендірілген объектілердің және тамаққа биологиялық активті қоспалардың айналымына олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылған қауіпсіздігі ғылыми негізделген растаудан және олар мемлекеттік тіркелгеннен кейін ғана жол беріледі.
• Арнайы мақсаттағы тамақ өнімдерінің
қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
• 1. Арнайы мақсаттағы тамақ өнімдеріне:
• 1) балалар тағамы азық-түлігі;
• 2) диеталық тағам азық-түлігі;
• 3) емдік-профилактикалық тағамдық азық-түлігі жатады.
• 2. Арнайы мақсаттағы тамақ өнімдері:
• 1) Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында
белгіленген арнайы мақсаттағы тамақ өнімдеріне қойылатын талаптарға сай болуға;
• 2) сатып алушылардың (тұтынушылардың) тиісті топтарының физиологиялық
қажеттіліктерін қанағаттандыруға;
• 3) тамақтық, биологиялық және энергетикалық құндылығы бойынша ыдыста
(орамада) көрсетілген ақпаратқа сәйкес болуға тиіс.
• 3. Арнайы мақсаттағы өнімдерді өндіру (дайындау) кезінде азықтар және азық
қоспалары, жануарлардың өсуін тездеткіштер (соның ішінде гормонды препараттар),
дәрілік заттардың жекелеген түрлері, пестицидтер, агрохимикаттар, генетикалық
түрлендірілген объектілер, тамаққа биологиялық активті қоспалар пайдаланылып
дайындалған жасанды тамақ қоспаларын және азық-түлік шикізатын қолдануға тыйым
салынады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz