Дезинсекция: теориясы, әдістері, қауіптілік дәрежелері және қауіпсіздік талаптары


Slide 1

Дезинсекция жұмыстарын жүргізу

Орындаған : Нармаханбетова А. Н.

Қабылдаған: ешмухаметов А. Е.

Slide 2

Жоспар:

1. Дезинсекция туралы түсінік.

2. Дезинсекция қауіптілік дәрежесі.

3. Дезинсекция кезіндегі жалпы қауіпсіздік шаралар.

Slide 3

ДЕЗИНСЕКЦИЯ (дез . . . және лат. іnsecta - жәндік) - ауру қоздырғыштарын тарататын зиянды жәндіктерді жою үшін мал фермаларында, құсфабрикаларында, ет комбинаттарында, қоймаларда, т. б. қолданылатын малдәрігерлік-санитарлық шаралардың бірі. Дезинсекцияның мақсаты -ауру қоздырып, тарататын жәндіктерді жою және олардың өсіп-өнуіне, көбеюіне жол бермеу. Дезинсекцияның физикалық, механикалық, химиялық, биологиялық әдістері бар.

Физикалық әдісті қолдану кезіндеыстық не суық температурамен бумен өңдеу, өртеу, жоғары тербелістіультраток, иондаушы сәулелердің әсерін пайдалану арқылы ұсақ жәндіктерді жояды.

Механикалық әдісті қолдану кезінде есік-терезе торланып, қоражай көң-қоқыстан тазартылады.

Химиялық әдісті қолдану кезінде жәндіктерді жою үшін улы препараттар (ДДТ, гексахлоран, хлорофос, нафталин, анабазин, күкіртті газ, т. б. ) қолданылады.

Биологиялық әдісті қолдану кезінде жәндіктерді жоюға құс, балық, микроорганизмдер пайдаланылады. Дезинсекция арнайы мекемелер мамандарының бекітуімен белгіленген ережеге сай жүргізіледі. Әдетте Дезинсекциялық шаралар дератизациямен қатар орындалады.

Slide 4

Дезинсекция терминін ұсынып, ғылым мен өмірге енгізген академик Н. Ф. Гамелея (1910) болатын. Ол Петербург қаласында түнеме үйлерінде битке қарсы шаралар жүргізіп, сол арқылы бөртпе және қайталама сүзекті жояды.

Slide 5

Дезинсекциялық заттарды қолданылу аймағы мен шарттары оның улылығы мен қауіптлік дәрежесі бойынша анықталады. Мысалы:

Аса қауіпті (1-сыныпты) заттар - жабық бөлмелерде қолдануға тиым салынады.

Қауіптілігі жоғары (2- сыныпты) заттар - балалар мекемелерінде, емдеу мекемелерінде, қоғамдық тамақтану орындарында және тұрмыстық жағдайда қолдануға болмайды. Бұдан басқа жерлерде тек арнайы білікті маманның қатысуымен жасалуы керек. Соңынан міндетті түрде желдету және жинау жұмыстары жүргізілуі тиіс.

Қауіпті (3- сыныпты) заттар- кез-келген бөлме жағдайында маманның қатысуымен қолданылады.

Қауіптілігі аз (4- сыныпты) заттар- ешқандай шектеусіз жағдайда қолданылады.

Slide 6

Дезинсекция кезіндегі жалпы қауіпсіздік шаралар:

Жұмыс жүргізу үшін жасы 18- ден кем емес арнайы медициналық талаптарға сай, арнайы тексеруден өткен адам ғана осы жұмысқа босатылады.

Мамандығы бойынша рұқсат қағазын алған тұлға ғана жұмыс істеуге құқылы болып табылады.

Жұмысқа кіріспес бүрын қызметкер арнай оқу-тәжірибеден өткен және де еңбек ережелерімен танысқан болуы керек.

Өзі атқаратын жұмыс бойынша теориялық білімі мен еңбек стажы болуы керек.

Қызметкерді қауіпсіздік шаралары бойынша теориялық білімін кем дегенде 3 айда бір рет тексеруден өткізу керек.

Дезинсекциялық және репеллентті заттармен жұмыс істегуге ешқандай заттарға қарсы көрсетілімі жоқ адам тағайындалады.

Дезинсекциялық заттармен жұмыс істеушілер қауіпсіздік техникасы талаптарына сай арнай киіммен және жеке бас қауіпсіздік заттарымен (СИЗ) қамтамасыз етілуі тиіс.

Өңделмеген жеке бас қауіпсіздік заттарымен жұмыс істеге тиым салынады.

Slide 7

Дезинсекциялық жұмысты орындаушы персонал жеке бас қауіпсіздік заттарымен қоса сабынмен, орамалмен және де теріні жұмсартатын заттармен қамтамасыз етілуі керек. Дезинсекциялық заттармен және құрылғылармен жұмыс істеу кезінде мынадай ережелерді сақтау керек:

Міндетті түрде арнайы киім кию және де жеке бас қауіпсіздік заттары:халат, аяқ киім, респираторлар, қолғаптар, көзілдіріктер кию қажет.

Ерітінді, эмульсия, суспензия, приманкаларды дайындау кезінде әр түрлі респираторлар қолдану.

Жаймаларды дезинсекциялық заттармен өңдеу жұмыстарын жеке бас қауіпсіздік заттарын қолдана отырып, бөлмеден тыс немесе арнайы тартпалы желдеткішпен жабдықталған бөлмеде жүргізу керек.

Дезинсекциялық заттардың теріге, шырышты қабықтарға түсіп кетпеуіне жол бермеу керек.

Приманка түріндегі заттарды арнай ыдыстарда сақтап, оларды балалар мен үй хайуанаттарына алынбайтындай жерге орналастыру керек.

Slide 8 Slide 9

Дезинсекцияны ұйымдастыру және жүргізу

1. Кенттік дезинсекция кезінде объектілердегі жұмыс оларда жәндіктердің болуына алдын ала тексеру жүргізуден, түрлерін айқындаудан, олардың саны мен қоныстану орындарын анықтаудан басталады. Одан әрі іріктеп бақылауды мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары жүзеге асырады. 2. Өңдеу жиілігі нысаналы түрлердің экологиясына және биологиялық ерекшеліктеріне, объектілердің санитариялық жағдайына және оларға жәндіктердің орналасу деңгейіне, қолданылатын дезқұралдардың сипаттарына қарай айқындалады. 3. Өңдеуді жәндіктердің ұрықтануы (ұшар) алдында тікелей не содан кейін дереу жүргізу қажет. 4. Кенттік дезинсекция тиімділігінің негізгі көрсеткіші жәндіктерден тазартылған ауданның артуы, шыбындарға қарсы күрес кезінде - дернәсілдердің, қуыршақтардың болмауы және олардың сандарының азаюы болып есептеледі. 5. Жәндіктерге және басқа да буынаяқтыларға қарсы өңдеудің үш түрі қолданылады: 1) жаппай өңдеу - жәндіктердің нысаналы түрлері орналасқан барлық үй-жайларда және оларға іргелес аумақтарда кенттік дезинсекция кезінде жүргізіледі; 2) кедергілік өңдеу - белгілі бір аумақтың айналасына қорғаныш аймақтарын құру. Белгілі бір аумаққа жәндіктердің кіруіне кедергі келтіретін кедергіні құру қажет болған жағдайда жүргізіледі. Бұл ретте, ашық стациялардағы, кеміргіштердің індеріндегі, ашық су қоймаларындағы және т. б. өсімдіктер өңделуі мүмкін. Кедергілік аймақтың ені нысаналы түрлердің экологиясы мен қауіпті нозологияның ерекшеліктерімен, сондай-ақ тұрғындардың жаппай көшуінің алыстығына байланысты айқындалады;

Slide 10
Ұқсас жұмыстар
Дезинсекция: әдістері, инсектицидтер мен қауіпсіздік талаптары
Дезинсекция: әдістері, қауіпсіздік талаптары және тиімділікті бағалау
Дезинсекция: әдістері, қауіпсіздік талаптары және тиімділігін бағалау
Дезинсекция: мақсаттары, әдістері, препараттары және қауіпсіздік талаптары
Өрт қауіпсіздігінің негіздері: жану түрлері, өндірістік қауіптілік дәрежелері және өрт сөндіру құралдары
Есептеу техникасы кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының талаптары
Дезинсекция және жәндіктермен күрес шаралары: әдістері, ұйымдастырылуы және ветеринариялық-санитариялық негіздері
Зиянды заттардың жіктелуі, ағзаға әсері және өндірістік қауіпсіздік талаптары
Қарапайым электр тізбегі: элементтері, құрастыру әдістері мен қауіпсіздік талаптары
Агроэкожүйені тыңайтқыштардан қорғау: ластануды азайту әдістері мен қауіпсіздік талаптары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz