Дезинсекцияның әдістері
Презентация қосу
Дезинсекция
жұмыстарын
жүргізу
Орындаған: Маратқызы Б. 405 б
Қабылдаған: Ешмухаметов А.Е.
ДЕЗИНСЕКЦИЯ (дез... және лат. іnsecta – жәндік) –
ауру қоздырғыштарын тарататын зиянды жәндіктерді
жою үшін мал фермаларында, құс фабрикаларында,ет
комбинаттарында, қоймаларда, т.б. қолданылатын
малдәрігерлік-санитарлық шаралардың бірі.
Дезинсекцияның мақсаты – ауру қоздырып,
тарататын жәндіктерді жою және олардың өсіп-
өнуіне, көбеюіне жол бермеу.
Дезинсекцияның әдістері:
Физикалық;
Механикалық;
Химиялық;
Биологиялық.
Физикалық әдісті қолдану кезінде ыстық не суық температурамен бумен өңдеу, өртеу,
жоғары тербелісті ультраток, иондаушы сәулелердің әсерін пайдалану арқылы ұсақ
жәндіктерді жояды.
Механикалық әдісті қолдану кезінде есік-терезе торланып, қоражай көң-қоқыстан
тазартылады.
Химиялық әдісті қолдану кезінде жәндіктерді жою үшін улы препараттар (ДДТ,
гексахлоран, хлорофос, нафталин, анабазин, күкіртті газ, т.б.) қолданылады.
Биологиялық әдісті қолдану кезінде жәндіктерді жоюға құс, балық, микроорганизмдер
пайдаланылады. Дезинсекция арнайы мекемелер мамандарының бекітуімен белгіленген
ережеге сай жүргізіледі. Әдетте Дезинсекциялық шаралар дератизациямен қатар
орындалады.Дезинсекциялық заттарды қолданылу аймағы мен шарттары оның улылығы
мен қауіптлік дәрежесі бойынша анықталады.Мысалы:
1. Аса қауіпті (1-сыныпты) заттар – жабық бөлмелерде қолдануға тиым салынады.
2. Қауіптілігі жоғары (2- сыныпты) заттар –тұрмыстық жағдайда қолдануға болмайды.
Бұдан басқа жерлерде тек арнайы білікті маманның қатысуымен жасалуы керек.Соңынан
міндетті түрде желдету және жинау жұмыстары жүргізілуі тиіс.
3. Қауіпті (3- сыныпты) заттар- кез-келген бөлме жағдайында маманның қатысуымен
қолданылады.
4. Қауіптілігі аз (4- сыныпты) заттар- ешқандай шектеусіз жағдайда қолданылады.
Дезинсекция кезіндегі жалпы қауіпсіздік шаралар:
Жұмыс жүргізу үшін жасы 18- ден кем емес арнайы медициналық
талаптарға сай, арнайы тексеруден өткен адам ғана осы жұмысқа
босатылады.
Мамандығы бойынша рұқсат қағазын алған тұлға ғана жұмыс істеуге
құқылы болып табылады.
Жұмысқа кіріспес бүрын қызметкер арнай оқу-тәжірибеден өтке және де
еңбек ережелерімен танысқан болуы керек.
Өзі атқаратын жұмыс бойынша теориялық білімі мен еңбек стажы болуы
керек.
Қызметкерді қауіпсіздік шаралары бойынша теориялық білімін кем дегенде
3 айда бір рет тексеруден өткізу керек.
Дезинсекциялық және репеллентті заттармен жұмыс істегуге ешқандай
заттарға қарсы көрсетілімі жоқ адам тағайындалады.
Дезинсекциялық заттармен жұмыс істеушілер қауіпсіздік техникасы
талаптарына сай арнай киіммен және жеке бас қауіпсіздік заттарымен
(СИЗ) қамтамасыз етілуі тиіс.
Өңделмеген жеке бас қауіпсіздік заттарымен жұмыс істеге тиым салынады.
Дезинсекциялық заттармен және құрылғылармен жұмыс істеу
кезінде мынадай ережелерді сақтау керек:
Міндетті түрде арнайы киім кию және де
жеке бас қауіпсіздік заттары:халат, аяқ киім,
респираторлар, қолғаптар, көзілдіріктер кию
қажет.
Ерітінді, эмульсия, суспензия,приманкаларды
дайындау кезінде әр түрлі респираторлар
қолдану.
Жаймаларды дезинсекциялық заттармен
өңдеу жұмыстарын жеке бас қауіпсіздік
заттарын қолдана отырып, бөлмеден тыс
немесе арнайы тартпалы желдеткішпен
жабдықталған бөлмеде жүргізу керек.
Дезинсекциялық заттардың теріге, шырышты
қабықтарға түсіп кетпеуіне жол бермеу керек.
Жүргізілетін орынға байланысты:
далалық дезинсекция – адамдар және жануарлар болатын
жерлерге қорғаныш аймақтарын құру және қан сорғыш
жәндіктер мен кенелердің санын азайту мақсатында
елдімекен шегінде қан сорғыш жәндіктер мен кенелерді жою;
кенттік дезинсекция – елдімекен шегінде зиянды
жәндіктерді, кенелерді және басқа да буынаяқтыларды жою;
Кенттік дезинсекция кезінде объектілердегі жұмыс оларда жәндіктердің болуына алдын ала тексеру
жүргізуден, түрлерін айқындаудан, олардың саны мен қоныстану орындарын анықтаудан басталады.
Одан әрі іріктеп бақылауды мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары жүзеге
асырады.
Өңдеу жиілігі нысаналы түрлердің экологиясына, объектілердің орналасу деңгейіне және
қолданылатын дезқұралдардың сипатына қарай айқындалады.
Өңдеуді не жәндіктердің ұрықтануы (ұшар) алдында тікелей, не содан кейін бірден жүргізу қажет.
Кенттік дезинсекцияның тиімділігінің негізгі көрсеткіштері жәндіктерден тазартылған ауданның
артуы, шыбындарға қарсы күрес кезінде – дернәсілдердің, қуыршақтарының болмауы және
сандарының азаюы болып есептелінеді.
Бақылап тексеру кезінде егер, жәндіктер бір ай ішінде үй-жайлардың бірінен де байқалмаса, объект
«жәндіктерден тазартылғандар» қатарына жатады. Тірі бір жәндік табылған жағдайда объект «таза
емес» санатына ауыстырылады және қайта өңдеу жүргізіледі.
Егер объектінің ауданының кемінде 20%-ында жекелеген жәндіктер мен олардың жиналуы
анықталған болса, ғимараттарға (немесе жапсарлас салынған объектілерге) жәндіктердің
орналасуы жоғары деңгейде болып есептеледі.
Өңдеулердің тиімсіздігі анықталған жағдайда, олар орындаушының есебінен қайта жүргізіледі.
Масаларға қарсы өңдеу олар қыстақтан ұшуы алдында немесе алғашқы генерациясы алдында
тікелей жүргізіледі, жылытылатын жертөле үй-жайларында өңдеу тәулік бойы жүргізіледі.
Шыбындарға қарсы күресте негізгі іс-шаралар олардың көбею орындарын өңдеу болып табылады.
Шыбындардың дернәсілдері мен қуыршақтарын жою үшін топырақ қоқыс жинағыштардың, кәріз
жүргізілмеген дәретханалардың, санитариялық-аула қондырғылар айналасындағы асфальт төселген
алаңдардың, қи үйінділерінің жиегінен 30-50 сантиметр (бұдан әрі - см) және 80 см-ден астам
қашықтықта ларвицидтермен өңделеді.
Жәндіктерге және басқа буынаяқтыларға қарсы өңдеудің 3 түрі
қолданылады:
1) жаппай өңдеу – жәндіктердің нысаналы түрлері орналасқан барлық үй-
жайларда және оларға іргелес аумақтарда кенттік дезинсекция кезінде
жүргізіледі;
2) кедергілік өңдеу – белгілі бір аумақтың айналасына қорғаныш
аймақтарын құру. Белгілі бір аумаққа жәндіктердің кіруіне кедергі
келтіретін кедергіні құру қажет болған жағдайда жүргізіледі. Бұл ретте,
ашық стациялардағы, кеміргіштердің індеріндегі, ашық су қоймаларындағы
және т.б. өсімдіктер өңделеді. Кедергілік аймақтың ені нысаналы түрлердің
экологиясы мен қауіпті нозологияның ерекшеліктерімен, сондай-ақ
жәндіктердің елдімекенге тереңдей кіруіне байланысты айқындалады.
3) микроошақтық өңдеу – инфекциялық аурулардың ошағындағы және
оған іргелес аумақтағы дезинсекциялау. Таралуына жәндіктер қатысатын
имнфекциялық аурулар тіркелген кезде жүргізіледі.
Жүйелі деларвациялық (шыбындардың дернәсілдері мен қуыршақтарына қарсы
бағытталған) жұмыстар көктемде дернәсілдердің алғашқы жазғы генерациясының І және ІІ
сатыларының пайда болуы кезінде басталады және ол жаз бойы жалғасады. Қоқыстағы,
қидағы, топырақтағы дернәсілдер мен шыбын дернәсілдерін жою үшін ерітінділер түрінде
инсектицидтер, субстраттың тереңдігіне ену үшін эмульсия қолданылады.
Шыбын-шіркей компоненттеріне, экзофильді түрлерге қарсы ашық аймақтарды өңдеу
кезінде жағалауға жақын су қоймаларына, қорғалатын объект аумағындағы (елді мекендегі,
көп адам жұмыс жасайтын жерлердегі), сонымен қатар оның айналасындағы (қорғаныш
аймағы) жаппай көбею орындарына деларвация жүргізіледі. Ландшафқа, аумақта өсімдіктің
көп шығуына, шыбын-шіркейдің ұшу қашықтығына байланысты қорғаныш аймағының ені
1 км-ден 6 км-ге дейін және одан да астам радиуста болады.
Шыбындарға қарсы орындалған іс-шаралардың тиімділігін бағалау критерийі
шыбындардың экзофильді және бөлмедегі түрлерінің санының мерзімдік көрсеткіші болып
табылады. Бөлмедегі шыбындар санының қалалардағы орташа мерзімдік көрсеткіші бір
жабысқақ стандарт параққа бір данадан (тәулігіне), экзофильді шыбындар – бір шыбын
ұстағышқа 3-5 данадан, ал ауылдық жерлер үшін – сәйкесінше 5 және 20 данадан келеді.
Сандық есеп шыбындардың белсенділік кезеңінде 3-10 күнде бір рет тәулік бойы
жүргізіледі, бөлмелерде 20 шаршы метрге 1 жолақ есебі бойынша жабысқақ жолақтар
көмегімен жүргізіледі, ал көбею орындарында торлы шыбын ұстағышпен аулау арқылы
жүргізіледі. Қанатты шыбындар болмаған кезде тиімділік орташа деп есептеледі, орташа
саны 1 жабысқақ стандарт қағазына 1 данадан (бір тәулікте) көп болмаса, тиімділік
қанағаттанарлық деп есептеледі. Кәріз жүргізілмеген жеке құрылыстар басым учаскелер мен
ауылдық жерлер үшін – 3-5 данадан.
Объектілердегі дезинсекциялау іс-шараларының тиімділігін бақылауды мемлекеттік
санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары осы Санитариялық
қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.
Іс-шаралардың тиімділігін айқындау қанатты шыбындардың, сондай-ақ көбею
орындарындағы дернәсілдер мен қуыршақтардың санын есепке алу арқылы жүргізіледі.
Елдімекендегі қызмет ететін объектілердің кемінде 5 % есепке алынуға жатқызылады.
Егер өңдеуден кейін барлық әдістермен бақылау жүргізуде бір ай ішінде жәндіктер
табылмаса, онда жою шараларын жүргізу тоқтатылады.
Дернәсілдерге қарсы іс-шаралардың тиімділігінің негізгі көрсеткіші қорғалған
объектілердегі қанатты масалардың саны болып табылады, масалардың дернәсілдері мен
имагосын өңдеуден кейін 5-7 тәулік ішінде анықталуы жертөленің 1 м 2-де қанатты
масалардың 1 дарадан аспауы тиіс.
Қорғаныш аймақтарын құру кезінде ашық аумақтарда, кеміргіштердің індерін өңдеуде
жүргізілген шыбын-шіркейге және кенелерге қарсы іс-шаралардың тиімділігін бағалау
критерийі дезинсекциялауға (декаризацияға) жататын аумақты 100% қамтыған кезде
өңдеуден кейін бір тәулік өткен соң жәндіктердің (кенелердің) кемінде 80%-ы қырылуы
болып табылады.
Үй-жайларда бүргелерді жою жөніндегі іс- шаралардың тиімділігін бағалау кезінде еденнің
үстіне 10 м2-ге 2 қағаз есебімен жабысқақ қағаздар (20х30 сантиметр) пайданылады. Егер
тәулік бойы бір қағазға екі бүргеден артық түспесе, жәндіктер «бірен-саран» болып
есептеледі, 3-тен 10-ға дейін кездессе, – «бүрге көп», ал 10-нан артық бүрге кездессе, «бүрге
өте көп» деп саналады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz