Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу тәртібі


Slide 1

Жануарларды бірдейлендіру тәсілдері

Орындаған: Қылышбеков Т. 405 б

Қабылдаған: Ешмухаметов А. Е.

Slide 2

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор - ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері жүзеге асыратын және уәкілетті орган пайдаланатын диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жануарлардың жеке нөмірі туралы, оны ветеринариялық дауалау туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көп деңгейлі жүйесін көздейтін ветеринариялық есептің бөлігі;

Бірдейлендіру - дерекқорға жануар туралы мәліметтерді енгізе және жануарға ветеринариялық паспортты бере отырып, жапсыру, чиптау, таңба салу жолымен жануарларға жеке нөмір беруді қамтитын жануарларды есепке алу жүйесі;

Жеке нөмір - жапсырмаға, чипқа, болюсқа немесе таңбаға түсірілетін әріптік немесе цифрлық белгіні қамтитын, жануарға берілетін жеке код;

Ветеринариялық бөлімше - ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің жергілікті атқарушы органдарының бөлімшесі;

Тәртіптеме - ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу және ветеринариялық паспорттар беру үшін ветеринариялық мақсаттағы атрибуттар мен бұйымдарды бөлу (беру) туралы жоғары тұрған ветеринариялық бөлімшенің төмен тұрған ветеринариялық бөлімшеге құжаты;

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 мамырда № 11127 тіркелді

Slide 3

Ауыл шаруашылығы жануарларының төлі мынадай жасқа жеткен күнінен бастап он төрт жұмыс күнінен кешіктірмей бірдейлендіріледі:

бұзаулар, қозылар, лақтар, боталар - туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін;

құлындар - төрт айлық жасынан бастап;

асыл тұқымды торайлар, әрі қарай өсіруге және өсімін молайтуға арналған торайлар және жұртшылық шаруашылықтарында күтіліп-бағылатын торайлар - үш айлық жасынан бастап;

ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіліп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, кейіннен сою үшін тоғыз айлық жасқа жеткенге дейін бордақылауға арналған торайлар - туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін;

тоғыз айлық жасқа дейін сойылмаған, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіліп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге және бордақылауға арналған торайлар - тоғыз айлық жасқа толған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін.

Slide 4

Тоғыз айлық жасқа дейінгі жылқылар мен торайларды қоспағанда, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіліп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, кейіннен сою үшін бордақылауға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірі он екі символдан тұрады, олардың мынадай белгілері бар: бірінші екі символ - ISO - Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымының кодына сәйкес Қазақстан Республикасының литерлік коды (екі латын бас әрпі) ; үшінші символ - облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың литерлік коды (латын бас әрпі) ; төртінші символ - ауыл шаруашылығы жануары түрінің сандық коды; бесіншіден он екіншіге дейінгі символдар - ауыл шаруашылығы жануарының реттік нөмірі.

Жылқының жеке нөмірі он символдан тұрады, олардың мынадай белгілері бар: бірінші екі символ - ISO-Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымының кодына сәйкес Қазақстан Республикасының литерлік коды (екі латын бас әрпі) ; үшінші символ - облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың литерлік коды (латын бас әрпі) ; төртінші символ - жылқының сандық коды (4) ; бесіншіден оныншыға дейінгі символдар-жылқының реттік нөмірі.

Slide 5

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіліп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, кейіннен сою үшін бордақылауға арналған тоғыз айлық жасқа дейінгі торайлардың жеке нөмірі осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес шошқаның (енесі жағынан ата-енесінің) жеке нөмірінен және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы, шаруа және фермерлік қожалықтардағы мал бастарының ішкі шаруашылық есебіне сәйкес шошқалардың (енесі жағынан ата-енесінің) торайлауында торайдың реттік нөмірінен тұрады.

Slide 6

Жануарларды бірдейлендіру рәсіміне:

1) жеке нөмір беру және ауыл шаруашылығы жануарларын белгілеу;

2) «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367 бұйрығымен (нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу Тізілімінде № 6321 болып тіркелген) бекітілген тәртіппен мәліметтерді ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасына енгізуді;

3) ветеринариялық паспорт осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі;

Slide 7

Жеке нөмірді беру ауыл шаруашылығы жануарларының түріне байланысты келесі тәсілдердің бірімен жүргізіледі:

1) сырғалау (тоғыз айлық жасқа дейін сойылмаған, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіліп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге арналған ірі қара мал, ұсақ мал, түйелер, шошқалар және торайлар үшін) ; 2) таңба басу немесе чип салу (жылқылар үшін) ; 3) татуировка (тоғыз айлық жасқа дейін сойылмаған, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіліп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге арналған торайлар үшін) .

Ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түріне қосымша келесі тәсілдермен жеке нөмір беруге жол беріледі: 1) электрондық бірдейлендіру тәсілі (ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін пайдаланылатын радиожиілікті белгісі бар сырғалар, болюстер, чиптер және басқа бұйымдар (құралдар) ) ; 2) татуировка; 3) таңба басу.

Slide 8

Сырғалау ауыл шаруашылығы жануарларының құлақтарының ортасына аспалы сырғаны, көк тамырын зақымдамай бекіту арқылы жүзеге асырылады. Аспалы сырғалар келесі тәсіл арқылы бекітіледі: сырғаның бет жағы - ауыл шаруашылығы жануарының құлағының ішкі жағынан. Ірі қара мал және түйелердің әр құлағына бір-бірден екі бірдей (бірдей жеке нөмір көрсетілген) аспалы сырға бекітіледі. Ұсақ мал және шошқаларға оң құлағына бір аспалы сырға бекітіледі. Ұсақ малды және шошқаларды бірдейлендіру үшін осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес радио жиілікті белгісі бар сырғаларды ауыл шаруашылығы жануарларының сол жақ құлағына бекіту жолымен пайдалануға жол беріледі. Ауыл шаруашылығы жануарларының сырғалары өмір бойы шешілмейді.

Slide 9

Таңба басу ыстық немесе суық тәсілдермен жүзеге асырылады. Жылқыдан басқа ауыл шаруашылығы жануарларына таңба дененің сол жағына жамбас аумағына салынады. Жылқыларға таңба денесінің сол жағына жауырын (клеймо), және жамбас аумағына (реттік нөмір), немесе тек жамбас аумағына (клеймо және реттік нөмір) осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес салынады. Таңба ең көбі алты символдан тұрады: бірінші және екінші символдар (міндетті емес), ауыл шаруашылығы жануары иесінің клеймосы. Клеймо бір немесе екі латын немесе араб бас әрпі (тері) және/немесе сан(дар), геометриялық фигура(лар) болып табылады. Клеймо бір әріп немесе сан немесе фигурадан құралған жағдайда, таңба төрт символдан құралады. Клеймо ауыл шаруашылығы жануары иесінің қалауы бойынша салынады; үшінші және төртінші символдар (міндетті) осы Қағиданың 3, 4 және 5-тармақтарына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларының реттік нөмірінің алғашқы сандарының (соңғы екі нөмірден басқа) қорытындысы. Жылқыда бұл біріншіден төртіншіге дейінгі реттік нөмір сандарының қорытындысы, ауыл шаруашылығы жануарларының басқа түрлерінде біріншіден алтыншыға дейінгі реттік нөмір сандарының қорытындысы. Егер жануардың реттік нөмірінің алғашқы сандарының сомасында сома бір символды құраса, таңбаға бір символ салынады. Егер символда нөл бар болса, ол таңбаға салынбайды; бесінші және алтыншы символдар (міндетті), осы Қағиданың 3, 4және 5-тармақтарына сәйкес берілген жануардың реттік нөмірінің соңғы екі саны. Жылқыларда бұл реттік нөмірдің бесінші және алтыншы сандары, ауыл шаруашылығы жануарларының басқа түрлерінде реттік нөмірдің жетінші және сегізінші сандары.

Slide 10

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің электрондық тәсілі (радио жиілікті белгісі бар сырғалар, болюстер, чиптер және бұйымдар (құралдар) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану (қолдану) жөніндегі тиісті ңұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің электрондық тәсілін жүргізуге арналған бұйымның (құралдың) нөмірі ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірімен сәйкес келуі міндетті емес, бірақ қосымша ветеринариялық паспортта көрсетіліп, дерек қорға енгізілуі керек.

Slide 11

Татуировканы құлақтың сыртының төменгі жағына салады.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіліп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, кейіннен сою үшін бордақылауға арналған тоғыз айлық жасқа дейінгі торайларға арналған татуировка ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы, фермерлік және шаруа қожалықтарындағы мал басын ішкі шаруашылық тіркеуге сәйкес шошқаның (енесі жағынан ата-енесі) торайлануындағы реттік нөмірден тұрады.

Slide 12

Р/с №

Литерлiк код

Штрих-код үшін цифрлық код

Атауы

1.

KZ

398

Қазақстан Республикасы

2.

С

01

Ақмола облысы

3.

B

02

Алматы облысы

4.

D

03

Ақтөбе облысы

5.

E

04

Атырау облысы

6.

F

05

Шығыс Қазақстан облысы

7.

H

06

Жамбыл облысы

8.

L

07

Батыс Қазақстан облысы

9.

P

08

Қостанай облысы

10.

M

09

Қарағанды облысы

11.

N

10

Қызылорда облысы

12.

R

11

Маңғыстау облысы

13.

S

12

Павлодар облысы

14.

T

13

Солтүстiк Қазақстан облысы

15.

Х

14

Оңтүстiк Қазақстан облысы

16.

A

15

Алматы қаласы

17.

Z

16

Астана қаласы

Slide 13

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу тәртібі

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы: 1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын мерзімдері мен жауапты орындаушыларын көрсете отырып бекітеді және оны ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына жеткізеді; 2) ауыл шаруашылығы жануарларын, жануарға ветеринариялық паспортты бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды мемлекеттік сатып алуды және тасымалдауды (жеткізуді) жүзеге асырады; 3) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізуді қамтамасыз етеді.

Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы: 1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары негізінде ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу кестесін жасайды және бекітеді, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкіміне жеткізеді және оның орындалуын қамтамасыз етеді; 2) ауыл шаруашылығы жануарларын, жануарға ветеринариялық паспортты бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкіміне дейін тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастырады.

Аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу кестесіне сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру рәсімін жүргізу уақыты мен орнын анықтайды.

Slide 14

Бірдейлендірілген ауыл шаруашылығы жануарларына ветеринариялық паспорт беру тәртібі


Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру
Жануарларды бірдейлендіру тәсілдері
ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ
Ветеринария жүйесінің институтционалдық жетілдірілмегендігі
Станция негізгі міндеттері
ТАСЫМАЛДАУ ТӘСІЛДЕРІ: АВТОКӨЛІКПЕН, ТЕМІРЖОЛ, СУ ҚАТЫНАСЫ АРҚЫЛЫ, АЙДАП ЖЕТКІЗУ
Жұқпалы ауру кезіндегі ветеринариялық шараларды ұйымдастыру және олардың экономикалық тиімділігі
Ауыл шаруашылық жануарларының шығу тегі
ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
ЖЕРДІ ЕСЕПКЕ АЛУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz