Дезинфекция жұмыстарын жүргізу




Презентация қосу
Дезинфекция
жұмыстарын жүргізу.

Орындаған: Тоқтағұл Тұмар (405Б)
Жоспары:
1. Дезинфекция туралы түсінік
2. Дезинфекция обьектілері.
3. Дезинфекцияның түрлері және әдістері.
4. Дезинфектанттар .
5. Дезинфекция жүргізу тәртібі және техникалық
жабдықтары.
Осы Дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу қағидалары
(бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі
Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 46-18) тармақшасына сәйкес
әзірленді және жануарларды өсіруді жүзеге асыратын объектілерде,
сондай-ақ жануарларды өсіруді, өткізуді, жануарлардан алынатын өнімдер
мен шикізаттарды дайындауды (жануарларды союды), сақтауды, қайта
өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ
ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөптік қоспаларды
өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (бұдан әрі – өндіріс
объектілері) дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізу тәртібін
анықтайды.
Дезинфекция – инфекциялық және паразиттік аурулардың
қоздырғыштарын жою жөніндегі шаралар кешені;
Дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізу үшін Қазақстан
Республикасы және Кеден Одағы мен Еуразиялық Экономикалық
Кеңістікке мүше елдер аумағында қолдануға рұқсат етілген
ветеринариялық препараттар қолданылады.
Дезинфекция, дезинсекция, дератизация жұмыстары аяқталғаннан
кейін осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша акт жасалады.
Дезинфекция (залалсыздандыру) – бұл жұқпалы
аурулар мен бактериалдық қоздырғыштардың, вирустық
этиологиялардың (тұрғын жайдың үстінен,
инвентарларды, қондырғыларды немесе микробтарды,
вирустарды, күнделікті қолданатын заттарды препарат
ерітіндісімен жуу арқылы жоюдың) алдын-алу шаралар
кешені.

Дезинфекция кешеніне алдын-алу, жойғыштық өңдеу
және қорытындылау дезинфекциялары жатады:
алдын-алу дезинфекциясы жұқпалы ауру көздері болмай
тұрған кезде жасалады
жойғыш дезинфекциялық өңдеу кез келген заттың
үстінен жүргізіледі, шикізаттың, азық-түліктің, және
басқа да микроорганизмдермен зақымдалған, сол
сияқты эпидкөрсеткіштері бар болса
қорытынды дезинфекция микроорганизмдерді жою,
өңдеу жүргізілген жердегі токсикалық және
аллергиялық өнімдердің жарамдылығын байқау
мақсатында жүргізіледі
Дезинфекция обьектілері.
Дезинфекция объектiлерiне: мал қоралары, инкубаторлар, ара
ұялары, профилакторилер, оқшауханалар, құрал-жабдықтар, жұмыс
киiмдер, су көздерi, мал азықтары, топырақ, транспорт
жабдықтары, көң, мал өлекселерi, шу, қасапхана тастандылары, мал
мен құстан алынған шикiзаттар, инкубациялық жұмыртқа, малдың
үстi, сыртқы мүшелерi, т.б. жатады.
Дезинфекция маңызына байланысты сақтық және лажсыз деп бөлiнедi.
Бiрiншiсi iндеттi дауалау, екiншiсi iндет ошағын сауықтыру мақсатында
қолданылады. Сақтық дезинфекция маусымдық және технологиялық болып
бөлiнедi. Жұқпалы аурулар анықталған жағдайда iндет ошағында тежеу және
қорытынды дезинфекциялар жүргiзiледi. Тежеу дезинфекциясының мерзiмi
инфекциялық аурулардың түрлерiне байланысты. Қорытынды дезинфекция
сауықтыру шараларының соңында карантин немесе шектеу шараларын
алардың алдында жүргiзiледi.
Дезинфекция физикалық, химиялық,
биологиялық тәсiлдермен iске асырылады.
Физикалық тәсiлмен (күн сәулесi кептiру, қыздыру,
гамма сәулелер, ультрадыбыс арқылы) түрлi
объектiлер мен мал азықтары дезинфекцияланады.
Биологиялық дезинфекция микроорганизмдердiң
тiршiлiгiн пайдаланудан туындалған. Негiзiнен
биологиялық жолмен көңдi, өлексенi
дезинфекциялайды. Практикада, сыртқы ортадағы
зардапты микробтарды зарарсыздандыруға
химиялық дезинфекция негізгі әдіс ретінде кең
түрде қолданылады. Химиялық заттардың
микроорганизмдерге әсерлерi олардың қасиеттерiне
байланысты.
Химиялық дезинфектанттарға қойылатын негiзгi
талаптар: олардың бактериоцидтi қасиетi, суда тез
еруi, жағымсыз иiстерiнiң болмауы. Қазiргi күнi
дезинфектанттардың саны үнемi ұлғаюда. Соңғы
жылдары электрленген аналит пен католиттi қолдану
практикалық жағдайда кең түрде қолданыс тапты.
Дезинфектанттар. Дезинфектанттарға қойылатын талаптар:
- жеткілікті дәрежеде бактериоцидті ( спорацидті, вирулицидті)
болуы;
- кетпейтін жағымсыз иісінің болмауы (әсіресе малдан алынатын
өнімге, мысалы, етке, сүтке шабатын);
- заттарды бүлдірмеуі;
- суда (тұзды суда да) жақсы еруі;
- арзан, тасуға қолайлы, кез келген ортада күшін жоймайтындай
болуы.
Дезинфектанттар мынандай топтарға бөлінеді: сілтілер,
қышқылдар, хлорлы заттар мен тотықтырғыштар, фенол мен оның
туындылары ауыр металлдардың тұздары, формальдегид пен
альдегидтер.
Сілтілер- суда жақсы еритін негіздер, судағы ерітінділерінде
гидроксиль иондарының күшті концентрациясын береді.
Ветеринария практикасында келесі сілтілерді пайдаланады:
күйдіргіш натрий, күйдіргіш калий, сөндірілмеген және жаңадан
сөндірілген әк, ДПК-1, ДПК-2, ниртан, сода, сақар, кальцийленген
сода, ДЕМП, каспос.
Сілтілердің дезинфекциялаушы әсерінің бастау көзі- гидроксиль
иондары болып табылады.
Күйдіргіш натрий- түссіз, ылғал тартқыш қатты зат, суда жақсы
ериді.Еріген сәтте көп мөлшерде жылу бөліп шығарады.
Күйдіргіш калий- ақ, кристалды зат, сынған жері жарқаштанып тұрады. Дезинфекциялық қасиеттері, қолданылуы күйдіргіш
натриймен бірдей. Бірақ бағасы қымбат болғандықтан ветеринарияда аз қолданылады.
Әк. Сөндірілмеген әкті (СаО) әк тастарынан (СаСО3) күйдіру арқылы алады. Ақ түсті, ұнтақ зат, ылғалды бойына тез сіңіреді.
Сөндірілген әк- яғни кальцийдің су тотығын Са(ОН)2 алу үшін сөндірілмеген әкке су қосады.
Каспос – каустикалық сода-сақар қоспасының түрі. Бұл сарғыштау, иіссіз сұйық зат. Құрамында 40-42% күйдіргіш сілтілер болады.
Ниртан- сары түсті ұнтақ зат, әсер ететін құрама бөлігі- аммонийің төрттік тұзы.
ДПК-1 және ДПК-2 дезинфекциялаушы перекись композициялары- түйіршікті, ақ түсті, сарғыштау ұнтақ заттар, иіссіз, суда жақсы
ериді, сақтаған кезде бүлінбейді.
Қышқылдар- судағы ерітіндіде сутегі ионын беретін (протон бөліп шығартын) қосылыстар.
Бактериоцидті жоғары қышқылдарға фторлы сутегі, азот және үш хлорлы сірке қышқылдары жатады.
Хлорлы препараттар мен тотықтырғыштар. Хлордың өзі, хлорлы әк, кальций гипохлориді, хлорамин
т.б. жатады. Бұл заттар сонымен бірге күшті тотықтырғыштар болып табылады да, микробтарға әсері
жөнінен бір хлорлы йод, калий перманганаты, сутегінің қос тотығы сияқты тотықтырғыштармен бір
топқа қосылады.
Фенолдар- Фенол препараттары аз қолданылады, өйткені олардың жағымсыз иісі болады және
спораларға әсер етпейді. Фенолдың иісі сүтке, соятын малдың етіне сіңіп, алынатын тағамды бүлдіреді.
Сондықтан онымен сауын сиырлар, союға мерзімі тақаған бордақыдағы малдар тұрған қораларды
дезинфекциялауға болмайды. Фенол препараттарына фенолдың өзі. Феносмолин, креолин, гидронол,
ксилонафт-5, натрий оксидифеноляты жатады.
Альдегидтер. Формальдегид пен оның туындылары, глутар альдегиді, мен басқа да диальдагидтер және
оның қосылыстары жатады.
Ф о р м а л и н – формальдегидтiң 35-40%-дық судағы ерiтiндiсi. Формалинде 40% формальдегид болуы
қажет. Бұл дезинфектантты аузы нық жабылған ыдыста 90-тан төмен емес температурада сақтау қажет.
Формалин ерiтiндiсiн даярлағанда формальдегидтiң пайызын анықтау қажет. Формалин ерiтiндiсi
практикада пайдаланыла басталуымен кең түрде аэрозольдi әдiс қолданыла бастады.
Химиялық дезинфекция ылғалды және аэрозольді әдістермен, сонымен қатар газдарды қолдану арқылы жүргізіледі.
Дезинфекциялаудың ылғалды әдісі суару немесе бүрку деп аталады да, ерітіндіні залалсыздандыратын затқа шалқыта сіңіруге
негізделеді. Аэрозольді дезинфекция кезінде ерітінді ауада өте ұсақ тамшыларға айналдырылып, тозаңдатылады. Газбен
залалсыздандырғанда дезинфектант газ күйінде қолданылады.
Дезинфекция жасау үшін төменде көрсетілген техникалық жабдықтар пайдаланады.
Комаровтың дезинфекциялық қондырғысы- ДУК (дезинфекционная установка Комарова)- ГАЗ-51 немесе ГАЗ-52
автомашинасына орнатылған цистернасы, бастапқы дез. Ерітінділер даярлайтын күбілер, дезинфектанттарды сақтайтын
орындары, шлангалар цистернадан шығатын ерітінді қыздыратын пеші болады.
Ветеринариялық дезинфекция машинасы (ВДМ-2)- УАЗ -469 автомашинасына орнатылған қондырғы. Әртүрлі ветсан
шараларды іске асыруға лайықталған. Оның көмегімен қора-жай мен малдың үстіне дезинфекция, дезинсекция жасауға және
жууға, қора-жайды ағартуға, қора мен малға аэрозольдік дезинфекция және дезинсекция жасауға, малдың үстін вакууммен
сорып тазалауға болады.
АДА автодезагрегаты (АД-Ф-2021)- мейлінше әмбебап машина, әртүрлі ветсан және індетке қарсы шараларды жүргізуге
арналған. Іс жүзінде ол арқылы дезинфекция мен дезинсекцияның барлық түрлерін жүргізіп, малдың үстін тазалауға болады.
ЛСД дезинфекция қондырғысы. ЛСД ( лаборотория санитарии и дезинфекции- қондырғыны жасап шығарған ғылыми
мекеме.) Ол сүйреп жүруге арналып автотіркемеге қондырылған. Қазірғі уақытта 2 түрі шығарылады: бензин арқылы істейтін
ЛСД-3М және электрмен істейтін ЛСД-ЭП.
УПД-М жылжымалы дезқондырғысы. (установка дезинфекционная передвижная, модернизированная) 3 дөңгелекті адам
күшімен сүйретуге лайқталған ыстық су жүйесі жоқ кешендерде пайдалануға арналған. 230л негізгі сыйымдылығы және
қосымша 20л екі сауыты бар.
Гидропульттер. Күнделікті вет. қажеттілік үшін, мысалы мал төлдегенде немесе іш тастағанда шу мен шаранамен ластанған
жерді залалсыздандырғанда қолмен алып жүруге болатын қарапайым жабдықтарды қолдану қолайлы.
Аэрозольдi дезинфекция - егер дисперсиялық фаза деп аталатын көлемi ұсақ бөлшектер құрғақ түйiршiктерден тұрса,
ондай аэрозоль түтiн болып саналады. Ал ұсақ бөлшектерде сұйық тамшылар болса, ондай аэрозоль тұман деп
есептелiнедi. Үнемдi болғандықтан дезинфекцияның бұл әдiсi практикада кең түрде қолданылады. Аэрозольдi
дезинфекцияда ылғалды дезинфекцияға қарағанда дезинфектант 3-5 есе аз жұмсалады. Сонымен қатар дезинфектант
қора-жайдағы барлық нысаналарға жақсы сiңiп, оның әсер ету мүмкiндiгi жоғарылайды. Аэрозольдық
дезинфекцияның тиiмдi қолданылуы бөлшектердiң көлемiне де байланысты. Аэрозоль неғұрлым ұсақ болса, соғұрлым
оның дезинфекциялық әсерi жоғары болады. Әлбетте аэрозольдi дезинфекция жасағанда ылғалдылық мөлшерiне,
сонымен қатар қора-жайдың температурасына байланысты. Температураның 17-220С-да, ал ылғалдылықтың 60-95%
болуы оптимальды саналады. Практикада кең түрде қолданылатын аэрозольдi генераторлар АГ-УД-2, ТАҚ, ПАК,
ПВАН, ДАГ, САГ.
Газбен дезинфекциялау. Газдардың әсерiмен әртүрлi камераларды қолдану арқылы жұмыс киiмдерiн
зарарсыздандыру кең түрде тараған. Бұл әдiс оңай және мата бұйымдарын бүлдiрмейдi. Әсiресе, газ арқылы жүн,
терiнi (аңдардың) зарарсыздандыру тиiмдi. Ветеринарияда хлор, H2S, формальдегид, ОКЭМБ (этилен-бромды метил
окисi) кең түрде қолданылады. Газдарды қолданғанда сақталатын негiзгi шарттар: 1. Газдың пайыздық деңгейiн
қажеттi дәрежеде ұстау. 2. Әр газға белгiлi мөлшерде температура мен ылғалдылықты сақтау. 3. Қора-жайлар, басқа да
нысандардың жақсылап тұмшалануы.
Пайдаланған әдебиеттер:

Т. Сайдулдин. Ветеринариялық індеттану оқулығы. Алматы-1999ж.
IНДЕТТАНУ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯ НЕГІЗДЕРІМЕН
“Ветеринариялық медицина”, “Ветеринариялық санитария” мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы. Е. И. ҚАСЫМОВ

Ұқсас жұмыстар
Ауру ошағын жою бойынша жоспарды қадағалау
Жұқпалы аурулардан таза емес шаруашылықтың мекеніндегі ветеринарлық санитарлық шаралар
Бәйдібек аудандық ветеринария бөлімі мемлекеттік мекемесі
Көп көлемде суды және жуғыш заттарды пайдаланып тазалау
Қолды өңдеу
ГОСТ және ОСТ,олардың су,ауа,топырақ,сүт,ет және мал шаруашылығы өнімдерін микробиологиялық және вирусологиялық бағалауға қажеттілігі
Инфекциялық ауруларға профилактика
Химиялық бақылау приборлары
Дезинфектанттардың сапасын саралау
Дезинфекция
Пәндер