Астық тұқымдастары
Презентация қосу
Тақырыбы:Астық және бұршақ тұқымдастарын
ветеринарлық санитарлық сараптау
Орындаған: Бердибек Мадина
305 А-топ
р :
а
1.Астық тұқымдастары. Сынама алу, сезімдік және
зертханалық зерттеулер
с п
о
2. Зиянкестері мен аурулары
3 .Бұршақ тұкымдастары
Ж
4. Сезімдік және зертханалық зерттеулер
Астық тұқымдас дақылдарына мыналар жатады:
1. Бидай
2. Қара бидай
3. Арпа
4. Сұлы
5. Жүгері
6. Тары
7. Күріш т.б.
Сынама алу ережесі:
Сынама алу түрі егер де қапшықтан алынатын болса
үстінен, ортасынан, астынан алынады.
Базарда зертханалық зерттеуде 1 кг сынама алады.
Сезімдік зерттеу.
Сезімдік зерттеу кезінде астықтың түсіне, иісіне және дәмін
анықтайды.
Түсін анықтау. Түсін жарықтан анықтайды.Сапалы
астық біркелкі түсті болу керек және де жылтыр,сырты
бұдыр болмау керек. Егер де жасыл түсті болатын болса,
оның әлі піспегенін білуге болады, ол қоңыр түсті қалпында
болса сақтау орнының жылылығына байланысты.
Иісін анықтау. Аз мөлшерде алақанға салып, оны деммен
жылытып немесе уқалау арқылы анықтайды, иісі өзіне тән
болу керек. Егерде қышқыл сақтайтын болса иісі жағымсыз
болады. Астықта бөгде зат болса оны тез табуға болады.
Оны стаканға салып үстіне ыстық су құйып (60-70 С ) ,
бетін жабады, 2 – 3 минут өткен соң араластырып, суды
төгіп иісін анықтауға болады.
Дәмін анықтау. Дәмін шайнау арқылы анықтайды. Сапалы
астықтың дәмі тәтті және шайнай келе қамырға айналады.
Зертханалық зерттеу кезінде астықтың
ылғалдылығын, зиянкестермен
зақымдалғанын, бөгде қоспаларын
анықтайды.
Ылғалдылығын анықтау. Ылғалдылығын
ауыздағы тіске қою арқылы немесе көптеген
бқліктерге бөлу арқылы анықтайды. Құрғақ дән
тістеген кезде оңай бөлінеді, ылғалды тіске
жабысады.Пышақпен дәнді кескен кезде құрғақ
дәннің бір бөлігі ұщып кетеді. Ал ылғалды жақсы
кесіледі.
Зертханалық зерттеу кезінде екі бірдей
үгітілген дәннің әрқайсысынан 5 г салады да 130
С кептіреді. МемСТ бойынша дәннің
қылғалдылығы мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Құрғақ ;
2. Орташа құрғақ;
3. Ылғалды ;
4. Шикі.
Зиякестермен зақымдалғанын анықтау.
Күндізгі жарықта зерттеуде зиянкестеріне назар аудару
керек. Оларды лупа арқылы анықтауға болады.
Зертханалық зерттеу кезінде дәннің 1 кг алып илегіш
арқылы өткізіп 10 – 20 мин бойы 25 – 30 С –та қыздырады
содан кейін қара қағазға төгіп лупа арқылы зерттейді.
Зиянкестердің ең қауіптісі ұзын мұрын деген жәндік. Ол
дәннің сыртын жеп сол жерге жұмыртқа салады.
Жұмыртқаның даму сатысы дәннің ішінде өтеді.
Басқа да жәндіктер мен құрттармен зақымдалған дәндерді
кесу арқылы анықтайды. Ол үшін 50 шақты дән алып кесіп
лупа арқылы анықтайды. Зақымдалған дәндерді санап
2 – ге бөледі және % арқылы анықтайды.
Бөгде қоспаларын анықтау.
Дәндегі көптеген бөгде заттар көп олар адам ағзасына
өте зиянды. Олар 3 түрге бөлінеді:
1.Сорный- минералды және органикалық қоспалар
2. Дәнді
3. Жағымсыз
Анықтау жолы. Бөгде қоспа бар екенін анықтау үшін 50
гр алып қол арқылы анықтайды.
Астық дақылдарының зиянкестері астық
өнімдерін күзде тасығанда және қыста сақтау кезінде
зақымдайды. Бұларға өрмекшітәрізділер (мысалы, астық
кенесі, т.б.), қоңыздар (мысалы, астық қоңызы, астық
тескіші, астық сүлікшесі, бізтұмсық қоңыздар, т.б.),
көбелектер (мысалы, астық сұр көбелегі, дән қоңыр
көбелегі, т.б.), құстар (мыс., көгершін, үй торғайы, т.б.)
жатады. Кенелер, қоңыздар, көбелектер – арпа, бидай,
сұлы, күріш, жүгері, т.б. дақылдардың жапырағын,
сабағын зақымдап, дернәсілдері өсімдіктің дәнімен
қоректенеді. Бұдан астық дақылдарының өнімі кемиді.
Бал арасының Зиянкестері аралар мен олардың тіршілік
өнімдерімен қоректенеді. Зиянкестердің ішіндегі ең
қауіптісі – Varroa jacobson кенесі. Бұлар бал арасын жеп
қояды. Бал арасының жыртқыштары (аражегіш, тағанақ,
т.б. құстар) омартадағы жиналған балды ғана емес, бал
арасымен де қоректенеді.
Астық дақылдарының аурулары.
Қоңыр тат. Барлық жерде таралған, бірақта Қазақстанның Солтүстік,
Батыс, Солтүстік-Шығысының орманды-жазық және жазық
аймақтарында шаруашылық маңызы бар. Өнімділіктің азаюы
аурулардың шығуы мерзіміне тәуелді және 3-5%-дан 10-15%-ға
дейін ауытқиды. Саңырауқұлақтардың дамуына 18-23° С
температура өте қолайлы болады және 4-6 сағат бойы шық түсуі
немесе қысқа мерзімдік ақ жауынның болуы.
Септориоз. Қазақстанның орманды-жазық, жазық және басқа да
аймақтарында таралған. Астықтың өнімділігінің кемуі 20-30% және
одан жоғары болады
Бидайдың ақ ұнтақ ауруы. Барлық дәнді-
дақылдарды зақымдайды. Аурудың қоздырғыштары – Biumeria
(Erysiphe) graminis. Ауруды тура егістік алқабында ғана
айқындауға болады. Бидай мен арпаның жапырақтары мен
жапырақ қынабында жастықша түрінде ақ ұнтақ қатпар, уақыт
өте келе тығыздалады және сары – қоңыр бояуды иемденеді. Өсіп
– өнудің соңына қарай шар тәрізді жемісті денелер, жай көзбен
көруге болатын клейстотецийлер пайда болады. Ақ ұнтақ ауруы
күзде пайда болу мүмкін, бірақ негізгі дамуы көктемгі – жазғы
кезеңде өтеді. Өсімдіктің өсу процесінде ауру пайда болған жас
жапырақтарда таралады. Тығыз егістіктер көп зақымданады.
Қолайлы жағдайда (ылғалды, салқын ауа райы) ақ ұнтақ ауруы
масақта да пайда болуы мүмкін, алайда ондай жағдай сирек
кездеседі. Ауа райы 25°С жоғары болса ауру таралуы тоқтай
бастайды, алайда төменгі жапырақтарда дамуы әлсіз деңгейде
дамуы жалғасады, бұл дегеніміз өнім алуға әсерін тигізбеу
мүмкін.
Тозаңды қаракүйе, дәнді дақылда¬рдың ішіндегі жаздық
бидай егетін аудандардың бәрінде кездеседі. Зақымданған өсімдікте
масақтану кезінде масақтың барлығы дерлік қара күйікке айналады.
Тозаңды қаракүйе өте зиянды ауру. Ауру өсімдіктің дәндері бос болуы
мүмкін немесе сау дәндерге қарағанда дән салмағы 30-40% төмен болады.
Ал гельмин¬тоспориозды және фузариозды тамыр
шіріктері ауа райының қолайлы және қолайсыздығына қарамастан
бидай егіл¬геннен бастап топырақтың астын¬да дами бастайды, егіс
толығымен шығып болғанша 1-3 пайызын қатты зақымдап жерден
шығармай қояды, әрмен қарай бидай пісіп-жетілгенше теріс әсерін
тигізіп, жинап алатын өнімді жыл сайын 5-7 пайызға дейін төмендетеді.
Бұл ауру¬лардың індеттері топырақта және өсімдік қалдықтарында қалып
өмір сүріп, келесі жылы қайтадан бидай егістігін зақымдайды.
Тозаңды қара күйе және тамыр шірігі ауруларынан үлкен залал болмау
үшін жылда тұқымдарды егер алдында міндетті түрде дәрілеу қажет.
Тиімді препараттарды «Справочник пестицидов (ядохимикатов),
разрешённых к применению на территории Республики Казахстан»
кітапшасынан жинақтауға болады.
Қамба бізтұмсығы
Қамба бізтұмсығы — ұзындығы 2—4 мм, түсі әр алуан (қызыл қоңырлан
қара түске дейін), басы сүйірленіп біткен қоңыз. Ұшпайды. Күн жылығанда
жылына 5 ретке дейін ұрпақ береді. Қара бидай, бидай, күріш, арпа,
қарақұмық, жүгері дәндерін, макаронды және ұзақ тұрып қалған ұнды
бүлдіреді. Личинкалары дәнді ішінен кеулеп, қоңыздар оның сыртынан
кеміреді.
Күріш бізтұмсығы
Күріш бізтұмсығы дене бітімі қамба бізтұмсығы секілді. Одан
айырмашылығы қосалқы қанаттарында 2-ден қызғылт теңбілі бар. Ұшады.
Күн жылығанда жылына 6 реткедейін ұрпақ береді. Қамба бізтұмсығы
секілді қоректенеді, көбінесе жүгері дәні мен күріш жармасын бүлдіреді.
Үлкен зауза қоңыз
Үлкен зауза қоңыз — ұзындығы 1З—15 мм, түсі әр алуан (қоңырлан қара
түске дейін) келген қоңыз. Оның ұн құрттары деп аталатын қатқыл сарғыш
личинкаларымен тордағы құстарды азықтандырады. Түнде ұшады. Күн
жылығанда жылына 2 ретке дейін ұрпақ береді. Көбірек тұрып қалған ұнда,
дәнде, кебекте, кепкен нанда пайда болады.
Кішкене зауза қоңыз
Кішкене зауза қоңыз үлкен қоңыздан 3 еселен кіші, қызғылт-
қызыл қоңыр түсті. Ұшпайды. Қолайлы кездерде жылына 4 ретке
дейін ұрпақ береді. Ұнды, ұнтақ жарманы, кебекті, кейде қара
құмық жармасын, күрішті, құрғақ жемісті және көкөністерді
бүлдіреді.
Суринам ұн жегіші
Суринам ұн жегіші — ұзындығы - 5—3,5 мм, қызыл-қоңыр түсті
қоңыз. Денесі жіңішке, алдыңғы бүйірі иректі келген. Ұшпайды.
Жылы маусымда жылына 5 ретке дейін ұрпақ береді. Ұнды,
жарманы, құрғақ жемісті т.б. бүлдіреді.
Бұршақ қоңызы
Бұршақ қоңызы келтірілген бұршаққа жоламайды, олар тек
егістіктегі бұршаққа көп зиян келтіреді (ол жұмыртқасын бұршақ
түйнегіне салады, балаңқұрты жұмсақ дәннің ішінде жетіледі);
қоңыз егістіккесебілген бұршақпен келеді. Жылына бір рет ұрпақ
береді.
Бұршақ тұқымдас дақылдарды сараптау.
1. Асбұршақ
2. Фасоль
3. Жасымық т.б. бұлардың құрамында белок және май көп.
Сапалы бұршақ тұқымдас дақылдарының дәні таза, құрақ
өзіне тән иісі , түрі, түсі болу керек. Дәнде зиянкестер
бқгде қоспалар болмау керек. Жағымсыз иісі, дәмі, бөгде
қоспалары ,зиянкестері болса сатылымға жиберілмейді.
Асбұршақ – түсіне қарап сатуға және жеуге деп бөледі.
Жеуге жарамды асбұршақ сырты ақшыл түсіне қарай ақ
,сары , жасыл болып бөлінеді. Азықтандыратын асбұршақ
күлгін түсті, әр жерлерінде дақтары болады.
Фасоль – сатуға жарамдылығы жағынан 3 түрге бөлінеді:
4. Ақ фасоль
5. Түрлі – түсті фасоль
6. Түрлі- түсті шұбар фасоль
Жасымық – сатуға жарамдылығы жағынан 3 тұрге
бөлінеді:
7. Жасыл
8. Ақшыл жасыл
9. Біркелкі емес
Зертханалық зерттеу де ылғалдылығын, зиянкестері, бөгде
заттарын зерттейді.
Ылғалдылығын зерттеу.
Бұршақ тұқымдас дақылдарының ылғалдылығын астық
тұқымдас зақымдарындай анықтайды.
Орташа ылғалдылық:
- Асбұршақта 14%
-Жасымық 17%
-Фасоль 18 %
Зиянкестермен зақымдалғанын зерттеу:
Бұршақ тұқымдас дақылдар әртүрлі зиянкестермен
зақымдалуы мүмкін. Егерде йод ертіндісімен өңдесе зиянкестер
жақсы көрінеді және дақ пайда болады. Дақты көру үшін 500 ас
бұршақ дәмін 1 % ерітіндісімен содан кейін 0,5% калий йод
ертінідісіне салып 30 сек өткен соң сумен шаяды.
Назарларыңызға рахмет!
Поместите здесь ваш текст
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz