Жәндіктермен күрес шаралары




Презентация қосу
Дезинсекция жұмыстарын жүргізу.

Орындаған: Тоқтағұл. Т(405 Б)
Жоспары:
1. Дезинсекция туралы түсінік.
2. Дезинсекцияның әдістері:(механикалық, физикалық,
химиялық, биологилық)
3. Жәндіктермен күрес шаралары ( дауалау және жою
шаралары)
4. Дезинсекцияның жүргізу тәртібі.
Дезинсекция (французша des – жоямын, латынша
insectum – жәндік) – жұқпалы аурулардың
қоздырушыларын тасымалдайтын сыртқы
ортадағы жәндіктерді жою. Дезинсекцияның жеке
жұқпалы ауруларда (оқыра, пысқырық, эстроз,
гастрофиллез, тейлериоз, т.б.) қолданылуы
паразитология сабағында арнайы оқытылады.
Індеттану пәнінде дезинсекцияға қатысты жалпы
сұрақтар және инфекциялық аурулар
қоздырушысын тасымалдаушы насекомдармен
күрес шаралары қарастырылады.
Қансорғыш жәндіктер (шыбын-шіркей, маса-сона,
кене, бит-бүрге) малдың мазасын ғана кетірмей,
көптеген бактерияларды, вирустарды,
микоплазмаларды, риккетсияларды тасымалдайды.
Сондықтан зиянды жәндіктермен күрес жүргізу
індетке қарсы ветеринариялық-санитариялық
шаралардың басты бір бөлімі болып табылады.
Зиянды насекомдармен қарсы күресте механикалық,
физикалық, биологиялық және химиялық әдістер кең
түрде қолданылады. М е х а н и к а л ы қ ә д і с т е р г
е қоралар мен мал ұстайтын орындарды көңнен
уақытылы тазалау, малдың қалдықтарын
зарарсыздандыру, мал өлекселерін уақытында
утильдеу, биотермиялық апандардың бетін үнемі
жабық ұстау, көң қоймаларын мал қораларынан 200-
300 м қашықтықта орналастыру, т.с.с. шаралар жатады.
Зиянды жәндіктерді толық жою мүмкін емес, бірақ
олардың мөлшері реттелуі қажет. Осы мақсаттарда
жоғарыда айтылған шаралармен қатар шыбын-
шіркейге қарсы әртүрлі жабысқақ қағаздар
қолданылады. Ф и з и к а л ы қ ә д і с (қайнату,
ыстық буды қолдану, қажет болған жағдайда күйдіру)
көбінесе кене, бит-бүргелерге қарсы қолданылады.
Б и о л о г и я л ы қ ә д і с к е насекомдардың табиғи
жауларын (құс, кейбір жәндіктер мен микробтарды)
қолданып жатады. Мысалы тауық көптеген насекомдардың
құрттарын жояды. Бірақ бұл әдістің қолданылу аясы өте тар.

Х и м и я л ы қ ә д і с жәндіктерге қарсы арнайы химиялық
препараттарды қолдану арқылы іске асырылады.
Инсектицидтер тікелей жанасу (контактті), ішек арқылы
(жәндіктердің ішегіне арнайы азық арқылы енеді),
фумигантты (ауа арқылы жәндіктердің тыныс алу
органдарына әсер етуі), үркіту арқылы әсер етеді. Химиялық
препараттар эмульсия, ерітінді, аэрозоль немесе құрғақ
ұнтақ (дуст) ретінде қолданылады. Мал қораларындағы
түрлі жабдықтарды, жер телімін, малдың үстін
дезинсекциялау үшін арнайы құралжабдықтар
пайдаланылады. Қазіргі кезде ауа арқылы емес, тікелей
жанасу механизмі арқылы әсер ететін химиялық препараттар
(Блотик, Неоцидол, Байтикол, Байкенотокс, Бутокс, т.б.)
практикада кең түрде пайдаланылады. Олардың қолдану
жолдары қасиеттеріне байланысты алуан түрлі болып келеді.
Ол жайында паразитология пәнінде жан-жақты оқытылады.
Жәндіктермен күрес шаралары. Мал шаруашылықтары
субъектілерінде (фермаларда, қасапханаларда, басқа да ветсан.
обьектілерлерде) жәндіктерге қарсы күрес дауалау және оларды
жою шаралары кешенінен тұрады.
Д а у а л а у ш а р а л а р ы н а мал қоралары мен аулаларда
тазалықты сақтау, күнделікті қиды шығару, өлекселерді,
қалдықтарды жою, т.б. жатады. Канализацияның дұрыс жұмыс
істеуі қадағаланып, қидың жиналып қалмауы керек (әсіресе жаз
айларында жиналған қидың беті топырақпен жабылып отырылуы
қажет немесе инсектицидтермен суғарылып отырылуы керек).
Ж о ю ш а р а л а р ы жәндіктерді және олардың құрттарын жоюға бағытталған.
Осы мақсатта түрлі препараттардың ерітінділері әртүрлі концентрацияларда
(1:500, 1:1000) қолданылады. Сұйық қидың бетіне хлорлы әк, хлорамин ұнтақтары
себіледі. Сиыр, доңыз, жылқы фермаларында инсектицидтер обьектілерде ғана
емес, малдардың үстіне де шашылады. Әрине малдарға қолданған кезде
препараттардың мал өнімдеріне (сүт, т.б.) әсерін тигізбейтіндері қолданылуы
керек. Осы мақсатта организмге сіңбей, терінің шәйірінде ғана сақталып,
жәндіктерге жанасу арқылы әсер ететіндері (Байтикол, Байкенотокс, т.б.) арнайы
нұсқауларға сәйкес қолданылады. Трансмиссивті инфекциялардың індеттік
жағдайына байланысты жайылымға шығатын малдар арнайы препараттармен
дезинсекциялануы қажет. Жылдық індетке қарсы шараларды жоспарлаған кезде
жәндіктермен күрес шаралары (қолданылатын препараттар, қолдану реттіліктері,
т.б.) қамтылуы тиіс.
Жәндіктерді, буынаяқтыларды және кеміргіштерді жоюмен профилактикалық күрес шараларына:
1) өндіріс объектілерінде және оларға жапсарлас аумақтарда ветеринариялық-санитариялық шараларды сақтау;
2) өндіріс объектілерінде жүйелі профилактикалық дезинсекция және дератизация жүргізу кіреді.
41. Профилактикалық дезинсекцияны профилактикалық дезинфекциямен бір уақытта немесе тікелей одан кейін ветеринариялық препараттардың үйлесімділігін ескере отырып жүргізеді.
42. Кеміргіштермен күрес профилактикалық іс-шаралары жемшөп, тіршілік ету және көбею орындарына жетуге кедергі жағдайлар құрудан тұрады.
43. Дезинсекция алдында:
1) жәндіктері, бунақаяқтылары және кеміргіштері бар өндіріс объектілерін және орындарын тексереді;
2) кеміргіштердің тұтынатын жемшөбін, олардың негізгі жылжу (орнын ауыстыру) жолдарын анықтайды;
3) шаруашылық объектілірін кейіннен өңдеу үшін алдын ала механикалық тазалау жүргізеді.
Жәндіктерге және басқа буынаяқтыларға қарсы өңдеудің үш типі қолданылады:
1) жаппай өңдеу – жәндіктердің барлық түрі бар қоймаларда және іргелес аумақтарда жүргізіледі;
2) тосқауылдық өңдеу – белгіленген аумақтың айналасында қоршалған аймақ құру. Белгіленген аумаққа жәндіктердің кіруіне кедергі келтіретін тосқауыл құру үшін
жүргізіледі;
3) микроошақты өңдеу – эпизоотиялық ошақта және оған іргелес жатқан аумақтағы дезинсекция. Таралу көзі жәндіктер болып табылатын жануарлар ауруларын тіркеу
кезінде жүргізіледі.
Дезинсекция бойынша іс-шаралар аяқталғаннан кейін шаруашылық объектісін жәндіктердің, буынаяқтылардың және кеміргіштердің өліктерінен кейіннен оларды кәдеге
жарата (жоя) отырып механикалық тазалау жүргізіледі.
Пайдаланылған әдебиеттер:

Т. Сайдулдин. Ветеринариялық індеттану оқулығы. Алматы-1999ж.
Е. И. ҚАСЫМОВ
IНДЕТТАНУ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯ НЕГІЗДЕРІМЕН
“Ветеринариялық медицина”, “Ветеринариялық санитария” мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу
құралы

Ұқсас жұмыстар
Лас суларды тазалау және зарарсыздандыру
ЖӘНДІКТЕРДІ ЗАРАРСЫЗДАНДЫРУХИМИЯЛ
Қауын шыбыны: зияндылығы, биологиясы, морфологиясы, анықтау әдістемесі және күресу шаралары
Құмытылар Geratpogonidae тұқымына қарасты өте уақ қосқанатты жәндіктер
Қызыл кітап және оған тіркелген буынаяқты жәндіктер
Орман ағаштары жеміс және тұқым зиянкестері мен аурулары және олармен күресу шаралары
Жұқпалы аурулардың таралу жолдары
Бүлдіргеннің сұр шірігі
Алма жасыл биті (Aphіspomі)
МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІСПЕН ӨСІМДІК ИНФЕКЦИЯЛАРЫМЕН КҮРЕС ШАРАЛАРЫ
Пәндер