Дератизацияның әдістері


Slide 1

Дератизация жұмыстарын жүргізу.

Орындаған: Тоқтағұл. Т(405Б)

Slide 2

Жоспары: 1. Дератизация терминіне түсінік. 2. Ауру қоздырушыларын тасымалдайтын кемірушілер. 3. Кемірушілермен күрес шаралары. 4. Дератизацияның әдістері. 5. Дератизацияны жүргізу тәртібі.

Slide 3

Дератизация (de - жоямын, rattus - егеуқұйрық) - жұқпалы аурулардың қоздырушыларын тасымалдайтын зиянды кемірушілерді жоюға бағытталған шаралар кешені. Ауру қоздырушыларын тасымалдайтын кемірушілер. Статистикалық деректерге қарағанда 332 түрлі сүтқоректі жануарлардың, 132-сі кемірушілер қатарына жатады. Олардың ішіндегі індетті таратудағы маңыздысы синантропты кемірушілер (адам мен малдың тіршілік ететін мекендеріне жақын орналасқандары) . Олар: тышқан тәрізділер (сұр, қара, жалпақ тісті егеуқұйрықтар, үй тышқаны), атжалман тәрізділер (құмтышқандар, сұртышқандар), тиін тектестер (суырлар, саршұнақтар, қосаяқтар) тұқымдастарына бөлінеді. Бұлардың ішінде мал фермаларында өмір сүретіндері: түрлі егеуқұйрықтар, үй тышқандары, хомяктар. Ғылыми деректерге қарағанда Алматы облысы мен Алматы қаласында ұсталынған 3886 кеміргіштердің 3521-і (95, 5%) сұр егеуқұйрықтар, 154-і үй тышқандары, тек 6-уы ғана хомяктар мен дала тышқан (Т. М. Жамансарин, 2005) .

Slide 4

Сұр егеуқұйрықтың салмағы 600 гр, қара егеуқұйрықтікі 300 гр, үй тышқанынікі 21 гр болады. Олардың өмір ұзақтығы - 2-3 жыл, буаздық кезеңі - 19-21 күн. Бір айлық кезінде енесінен айырылып, 1, 5-2, 5 айлығында жыныстық мүшелері жетіледі. 1 жылда егеуқұйрық 2-3 рет, тышқан 4-5 рет балалап, әр жолы 10-15-ке дейін өсім береді. Бұлар талғаусыз қоректенеді және көптеген инфекциялық ауруларға (түйе обасы, туляремия, Кулихорадка, лептоспироз, листериоз, құтырық, аусыл, бруеллез, Ауески ауруы, салмонеллез, т. б. ) бейім. Аталған кемірушілер аталған аурулар қоздырушыларының тасымалдаушылары ғана емес, олардың табиғаттағы қорламасының сақталуында маңызды роль атқарады.

Slide 5

Кемірушілермен күрес шаралары. Кемірушілердің ішінде, әсіресе егуқұйрықтармен күресу өте күрделі. Себебі олар кез-келген ортаға, ауру қоздырушыларына, химиялық препараттарға, тіпті радиацияға тез бейімделеді. Кемірушілерге қарсы күрес дауалау және түбегейлі жою шараларынан тұрады. Д а у а л а у (алдын алу) ш а р а л а р ы . Мұндағы басты мақсат кемірушілердің түрлі мал обьектілерінде орын алып, азық бар жерді иемденіп алмауын қарастыру. Ол үшін санитариялық, құрылыстық-техникалық (әсіресе жем-шөпті, азықты дұрыс сақтау, т. б. ) жұмыстарды жоспарлағанда, кемірушілермен күресуге мүмкіндік беретін жағдайларды (түрлі тосқауылдар қою, олар жүретін саңылаулар қалтырмау, қажетті жерлерді бетондау, т. б. ) қарастыру керек. Санитариялық тұрғыда тазалықтың сақталуымен қатар, ветсанитариялық режимдердің сақталуы қажет. Дауалық шаралар ретінде агротехникалық жұмыстар да маңызды. Агротехникалық шаралар кемірушілердің өсіп-өнуіне кедергі жасауға бағытталған. Оларға: жерді көктемгі, күзгі жырту, сабанды уақытылы жинап алу немесе өртеу, т. б. жатады. Т ү б е г е й л і ж о ю ш а р а л а р ы . Оларға механикалық, биологиялық, химиялық әдістерді қолдану арқылы кемірушілерді жою жатады.

Slide 6

М е х а н и к а л ы қ ә д і с т і ң қолданылу аясы тар. Көбінесе бұл әдісті химиялық препараттарды қолдануға тиым салынған жерлерде пайдаланады (мысалы тамақ сақтау қоймалары, т. б. ) . Механикалық әдіс арқылы кемірушілердің қаншалықты орын теуіп мекендеген деңгейін білу үшін және жүргізілген арнайы шаралардың нәтижелігін анықтауға болады. Осы мақсаттарда қарапайым және күрделі қондырғылар қолданылады. Біріншісіне ұстағыш бөшкелер, беті түбіне түсіп кететін өлім шұңқырлары, т. б. айла-тәсілдер жатады. Күрделі қондырғыларға түрлі қақпан, тұзақтар жатады. Олар кеміргіштердің індерінің маңына, жүретін жолдарына құрылады. Қақпандардың тиімді пайдаланылуы үшін біріншіден - олар көзге түрткі болмауы тиіс, екіншіден - алдартқыштың дұрыс таңдап алынуы қажет. Сондықтан алдартқыш ретінде бұл өңірде жоқ, елірткіш азықты қолдану керек.

Slide 7

Б и о л о г и я л ы қ ә д і с жаппай ауырып, өлімге шалдықтыратын түрлі ауру қоздыратын микробтарды қолдануға негізделген. Табиғатта кемірушілерді жоюға түрлі құстардың (қырғи, қаршыға, күйгентай, т. б. ) және кішігірім жыртқыш аңдардың (түлкі, қарсақ, шибөрі, т. б. ) маңызы бар. Фермаларда кемірушілерді жоюға мысық, ит қолданылады. Кемірушілерді микробты қолдану арқылы жою тәсілі Кеңес дәуірінде кең қолданыла бастады. Осы мақсатта кемірушілерден бөлініп алынған Мережсковский және Исаченко ұсынған бактериялар қолданылған. Олардың ішінде кемірушілер арасында эпизоотия тудырған №5170 бактерия (М. И. Прохоров) сыналған. Сыналған өсіндер салмонеллез микробтар тобынан болған. Ғылыми тұрғыдан қарағанда биологиялық әдісті қолданғанда бактериялардың ауылшаруашылық жануарларына патогенді болуы мүмкін. Сондықтан бұл идеяға қарсы болған ғалымдар көп болды. Бірақ кеңес дәуірінде практикалық жағдайда кемірушілерге қарсы биологиялық әдісті қолданғанда оның теріс жақтары жайында деректер болған жоқ.

Slide 8

Х и м и я л ы қ ә д і с. Жалпы кемірушілерді жою үшін мал обьектілерінде көптеген химиялық препараттар қолданылады. Олар әсер етуіне байланысты 2 топқа бөлінеді: а) өте улы, тез өлтіретін (крысид, мырыш фосфиді, тиосемикарбазид, барий және натрий фторацетаты, т. б. ) ; ә) улылығы созылмалы, кумулятивті, яғни біртіндеп әсер ететін (оларға антикоагулянттар: зоокумарин, ратиндан, этифеназин, фенголацин, т. б. ) . Бірінші топтағы препараттарға қарағанда соңғы топтағылары практикада тиімді пайдаланылады. Олар кеміргіштерді біртіндеп, ұзақ уақыт әсер ету арқылы жояды. Сондықтан кемірушілердің сақтанушылығын туғызбайды, сол себепті антикоагулянттардың нәтижелігі жоғары. Антикоагулянттардың ішінде зоокумарин, оның натрий тұзы, фентолацин, пенолацин, дифенацин, фентолациннің майлы ерітіндісі, этилфенацин, бромидалон, бродифакум, эргокальциферон, сорекс, дифенакум, вакор, пиринурон, ракумин, силатрок, эпиблок препараттары практикада кең түрде қолданылады. Бұлар түрлі мемлекеттерде өндіріліп шығарылады.

Slide 9

Соңғы жылдары Германияның «Байер» фирмасы шығаратын ракумин препараты тиімді қолданылуда. Препараттың иісі, дәмі жоқ, суда ерімейді, ұнтақ түрінде қолданылады. Препараттың үй тышқандары мен қара егеуқұйрықтарға нәтижелігі жоғары. Оның 0, 025 %-ы 2 жұма ішінде 100% жағдайда кеміргіштерді қыра алады. Түрлі мал обьектілерінде дератизация жүргізу алдында төмендегідей мәліметтердің анықталуы қажет: а) қоралардағы немесе басқа да обьектілерде олардың жүретін жолдары; ә) ұялары мен індері, олардың әр қорадағы орташа саны; б) қай жерлерде, қандай азықтармен қоректенетіндері; в) қандай қораларда түрлі алдартқыштарды қолдануға болатыны (алдын ала алдартқыштардың желінуін бақылайды) . Жоғарыдағы мәліметтер толық анықталғаннан кейін қолданылатын препараттардың түрлі жануарларға тигізетін улылық нәтижелері назарға алынып, қолдануға қажетті препараттар таңдалынады. Алдартқыш қоспа ретінде арпа, бидай (олар қабықтарынан толық аршылған болуы керек), қант, сұлы, жүгері, ет, балық ұнтақтары пайдаланылады. Міндетті түрде алдартқыш жем дайындағанда техникалық қауіпсіздік ережелерінің мұқият сақталуы шарт.

Slide 10
Ұқсас жұмыстар
Дератизация әдістер
Жұқпалы аурулар туралы
Дератизация жұмыстарын жүргізу
Оқытудың белсенді әдістері
Басқару субъектісінің қызметтері
Шикізат пен тағам өнімдерін зерттеу әдістері. Спектрлік зерттеу әдістері
Бастауыш мектепте математиканы оқытудың әдістері
Дене тәрбиесінің әдістері
Зертханалық зерттеулерге зәрді алу
Әтүрлі органдардың электрлік белсенділігін зерттеу әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz