Оба қоздырғышы



Етқоректілер обасы
Орындаған: Маратқызы Багила ВС-405 тобы

Оба қоздырғышы
Қоздырғышы - РНК-лі паремиксовирус, морбиллирирус тобы, был вирус адам қызымиасы және ірі қара малдар обасына ұқсас. Вирус құрамы РНҚ-дан және сыртқы қабықшадан тұрады. Вирионның өлшемі 115-160 нм арасында құбылып отырады. Танаудан аққан сора және нәжісте 7-11 күнде белсенділігн жояды. 56°С температурада 30 мин ішінде инактивтенеді, ал 20°С температурада 15 сағат бойы инфекциялық активтілігін сақтап тұрады. 4°С температуралы қанда инфекциялық активтілігін 14 тәулік сақтайды. Төменгі температура вирустың вируленттілігін сақтауға септігін тигізеді: - 40°С-та 3-4 жыл, - 20°С өлген жануарлар органдарында -6 жыл, ал қанда - 3 ай, ал лиофилденген күйінде кемінде 1 жыл сақталады. 60°С-та 30минутта, 100°С-та бірден жойылады. Барлық парамиксовирустар эфирмен және хлороформмен жойылады: толық инфекциондық қасиетінің жоғалуы 15 минут ішінде жүреді. 1% лизол, ультра күлгін сәуле 30 мин, 2% күйдіргіш натрий - 60 мин., күн сәулесі мен 0, 1-0, 5% формалин мен фенол ерітінділері бірер сағатта өлтіреді. Вирус формалинге, сілтілерге, қышқылдарға өте сезімтал болып келеді. Вирустың қолайлы сақталу ортасы рН 7. 0-7. 4 болып келеді.

Оба вирусының құрылысы.

Оба вирусына көптеген культуралар сезімтал және әр түрлі культуралар клеткалары себуден кейін адаптацияланған болып келеді. 1959 жылы алғашқы рет ит обасының вирусы трипсинизирленген кесектерді өкпеден және бүйректерден культивирлеу арқылы бөлініп алынды. Келесі жылдары ит бүйректерінен, ІҚМ, қой, маймыл, тауық эмбриондардың фибробласттарында біріншілк культивирленген вирустар алынды. Hela және Vero клеткаларының линиясы да вирусқа сезімтал болып келеді. Вирусты өндіруде және санын сақтап тұруда ит күшіктері пайдаланады. Тхорзофреткалар ерекше сезімтал болып келеді. Вирусты бөліп алу кезінде талақ, бауыр, бүйрек материалдары қолданады.
Барлық белгілі вирустың штаммдары ерекше патогенділікке және әр түрлі бағыттылыққа (тропизм) ие.

Қазіргі кезде оба әр түрлі елдерде тіркелуде. 1960 жылға дейін летальды нәтижемен етқоректілер обасывирустық аурулар ішінде алғашқы орындарды алған болатын. Аттенуирленген вакциналардың табылу мен кең қолдануы аурудың таралуын біршама төмендетті. Бірақ әр түрлі елдерде, соның ішінде Ресейде анасы вакцинирленбеген күшіктерінің обамен тіркелу жағдайлары кездесуде.
Ет қоректілер обасымен иттер және жыртқыш аңдар туыстығының көптеген өкілдері: үй иті, қасқыр, қорқау қасқыр, шакал, жанат, қарсақ, күзен, сасық күзен, сусар, ақ тышқан, кәмшат, борсық ауырады. Мысық тұқымдастарынан: гепард, пантера, сілеусін, арыстан, леопард, барысжәне т. б. Ескекаяқтылар туыстығының да (итбалық) обаға сезімталдығы анықталған.
Обамен жыртқыш аңдар мен иттер жасына, тұқымына қарамай ауырады, әйтсе де жас кезінде сезімталдығы жоғары болады. Әсіресе иттің күшігі 12 айға дейін, терісі бағалы аңдар 5 айға толғанша жиі ауырады. Ересек аңдар мен иттер 3-4 есе сирек шалдығады. Анасынан антиген алмаған күшіктер жиі шалдыққыш болып келеді. Ал анасынан алған антиденелер күшік организмінде туылғаннан соң 3-6 апта сақталады.


Ауру қоздырушысының басталуы - ауырған және аурып жазылған, субклиникалық формадағы жануарлар. Қоздырушы көзден, мұрыннан аққан сорамен, тыныс шығарғанда ауамен, нәжіспен, несеппен және тері безеулерімен бөлінеді. Респираторлық және алиментарлық жолмен жұғады. Ауадағы тамшы түрімен вирустың жұғуы басым келеді. Инфекцияны күтуші адамдар әкелуі мүмкін, қоздырғыштың таралуына құстар мен кеміргіштер ықпал жасайды. Ауамен ауырған жануардан 12м дейін қашықтыққа беріледі. Ластанған құрал-саймандар, жұмыс киімі, жануарлар азығы жұғу (2-3 ай) факторлары қызметін атқарады. Сонымен қатар, жәндіктер, құстар, кемірушілер де ауру таратуға қатысады, олар механикалық тасымалдаушы ғана болып қана қоймай, жасырын вирус алып жүруші болуы мүмкін.

Дерттелу, патогенез
Ит обасының вирусы пантроптік өйткені дамуы көп ұлпаларды және қабылдарғыш жануарлардың органдарында өтеді: бұл лимфоидтыұлпалар, тері, кілегейлі қабықта, өкпеде, бездерде, мида. Симтоматикасы және патологиясы обаның әр түрлі.
Денеге енген вирус тез арада қанға өтіп, мононуклеарлы лейкоциттер арқылы лимфоидты ағзаларға жетеді. Алғашқы 5-6 күн ішінде лимфоидты жүйеде көбейген вирус кейіннен макрофагтар арқылы бүкіл денеге жайылады. Вирустың әсерінен ең алдымен иммунитет жүйесі зақымданады да, организмнің қорғаныс қабілеті тежеледі. Көп ұзамай аурудың клиникалық белгілері өрбиді. Вирустық инфекцияға қосалқы бактериялық инфекциялар (сальмонеллалар, эшерихиялар, пастереллалар, коктар) қабаттасып, ауру асқынады.

Обаға тән к л и н и к а л ы қ б е л г і л е р д і ң бірі - безгектену. Бұл кезеңде ауырған терісі бағалы аң мен иттің, әсіресе олардың күшіктерінің күйінің нашарлауы, бүрісіп тоңуы, тәбетінің төмендеуі байқалады. Бұдан кейін серрозды коньюнктивит байқалып, іріңді түріне айналады. Жүйке жүйесінің зақымдануынан кейбір жағдайда тік ішектің сыртқа шығуы, іш өту, нәжісте қанның пайда болуы, оның жағымсыз иіс беруі анықталады. Әсіресе күшіктер бірден жүдеп, арықтап, өте көп терлеу нәтижесінде олардың денелерінен жағымсыз иістер шығады. Негізінен ет қоректілердің обасында тыныс алу жолдары мен орталық жүйке жүйесі жарақаттанады. Соңғысында жоғарыда айтылғандай тік ішектің сыртқа айналуымен қатар салдану процестері, сілекей ағу анықталады.
Обаның клиникалық белгілерінің әр түрлі аңдарда біраз айырмашылықтары болады. Түлкі мен қарсақта аурудың терідегі түрі байқалмайды, ал жүйкелік түрі індеттің ақырғы кезеңінде басым болады. Қарсақта түлкіге қарағанда катарлы құбылыстар әлсіз білінеді. Күзеңде терідегі түрі жиі байқалып, сирақтары, қабақтары, тұмсығы, еріні домбығады. Домбыққан телімдер көп ұзамай қолдырап, суланып, кейіннен қабыршықтаанады. Процесс ұзаққа созылғанда дерматит мойыны мен арқасына жайылады ауру негізінен созылмалы өтеді.

Патологоанатомиялық өзгерістер
Аурудың қарапайым өту кезінде патологоанатомиялық өзгерістері жақсы білінеді. Ерекше айқын симптомдары: қан талаулар мен қан ұюлар. Жүйелік геморрагиялық диатездердің пайда болуы негізінен ұлпалардың зақымдануы және қан тамырлардың өткізгіштігінің жоғарылауынан болады. Сипаты бойынша: нүктелік қанталаулар және кілегейлі қабықтың қанталаулары, паренхималық мүшелердегі қанталаулар, серозды қабық астындағы қан талаулар. Қан тамырдағы өзгерістер, мүшелердегі қанталаулар вирустың вируленттілігіне, организмнің резисттенттілігіне және т. б. анықталмаған факторларға байланысты.

Эндокард асты
қанталаулар.
Өкпедегі қанды
ұйынды гиперемия
Бауырдың ісінуі
және гиперемиясы

Аш ішектің кілегейлі қабығының көлемді геморрагиясы
Тоқ ішектің кілегей қабық астындағы қанталаулар
Тоқ ішектің кілегей қабық астындағы көлемді қанталаулар

Гистологиялық өзгерістер
Күзендерде негізінен бронхит және перибронхит, катаральды бронхопневмония және гастроэнтерит, талақ лимфофолликулдерінің гиперплазиясын табады. Түлкілерде-аса жіті катаральды гастроэнтерит, аса жіті паренхиматозды нефрит және гломерулит, серозды-геморрагиялық цистит, лимфоденит және редукциирленген, тағы катаральды пневмония табады. Ақ түлкілерде-бауырда ошақты некроз, ішектік жаралар табылады. Иттерде- ішектежіті серозды-десквамативті, катаральды қабыну, энцефаломиелит көптеген нерв шоғырлары мен нейрондар зақымдалған,
Өлген және ауырған жануарлардың қуық эпителиінде, бронхтарда, өт жолдарында, лимфа шумақтардың ретикулярлы клеткаларында вирус денешіктерін табады -олар цитоплазмада домалақ және сопақ формада болады. Көп көлемде түлкілерде, ақ түлкілерде, ал аз көлемде күзендерде болады.

Балау және ажырату
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz