Объектілі бағытталған программалаудың негізгі артықшылығы модульдік программалаумен салыстырғанда модульдер арасында жіберілген ақпарат көлемінің азаюы және модуларалық байланыстар санының қысқаруы


Slide 1

JAVA ТІЛІНДЕГІ ОБЪЕКТІЛІ - БАҒЫТТАЛҒАН ПРОГРАММАЛАУ

Slide 2

Программа - хабарлай отырып, бір-біріне не істеу керектігін білдіретін объектілердің жиыны.

Slide 3

Объектілі-бағытталған программалау (Object Oriented Programming) - процедуралық программалау идеологиясының дамуы нәтижесінде пайда болды. Қазіргі объектілі бағытталған программалауда - оқиға (оқиғалы бағытталған программалау деп те атайды) және компонент (компоненттік программа) түсінігі көптеген мағына береді.

Slide 4

Бұл программалаудың алғашқы тілі - Симула болып табылады. Дәл осы тіл ең алғашқы ұзақ таратылған объектілі бағытталған программалау тілі болып табылады.

Slide 5

Объектілі бағытталған программалаудың негізгі артықшылығы модульдік программалаумен салыстырғанда модульдер арасында жіберілген ақпарат көлемінің азаюы және модуларалық байланыстар санының қысқаруы. Объектілі программалау программа құрудың жаңа технологиялық құралдарын ұсынады. Олар тұқымқуалаушылық, полиморфизм, компазиция, толтыру, паралелизм. Объектілі бағытталған программалаудың негізгі кемшілігі программалық жүйе құрастырылуының күрделілігі есебінен жылдамдықтың азаюы.

Slide 6

Қазіргі кезде объектіге бағытталған программалау тілі - келесідей синтаксистік құралдар жиынтығын ұсынады:

Кластың өрістерімен (класс мүшелерінің мәліметтерімен ) және әдістерімен (класс мүшелерінің функциясымен) берілген хабарлама.

Класты кеңейту (мұрагерлік) механизмі - жаңа кластың бұрыннан бар кластың алдыңғы ұрпақтарынан туылуы. Сондықтан, объектіге бағытталған программалау тілдері тек жекеше мұрагерлікті ғана ұстанады.

Класты ішкі структурадан қорғау құралы. Көбінесе оларға - public, private типті өріске және әдіске берілген қол жетімді модификаторы, кейде protected, кей жағдайда одан да басқалары.

Әр түрлі кластың сол бір айнымалы экземплярына рұқсат ететін полиморфты айнымалылар және функция параметрі (әдістері) .

Виртуалды әдістерді қолдану орнына берілген класс экземплярының полиморфты тәртібі. Көптеген объектіге бағытталған программалау тілдерінде кластың барлық әдістері виртуалды болып табылады.

Slide 7

Обьектілі-бағытталған программалау көптеген есептерді моделдеуде сапалы мүмкіндіктерге ие. Соңғы кездері өзінің көптеген артықшылықтарының арқасында кең таралып келе жатқан обьектілі-бағытталған программалау тілдерінің бірі - Java программалау тілі.

Slide 8

Java тіліндегі обьектілі - бағытталған программалау -программаны әрқайсысы нақты кластың данасы болып табылатын обьекттердің жиынтығы түрінде бейнелеуге негізделген әдіснама.

Slide 9

Java технологиясымен құрылған қосымшаны машиналардың кез келген түрінде, дербес компьютерде, желілік компьютерлерде, тіпті телефонда да қолдануға болады.

Slide 10

Java тілінде программалау үшін төмендегідей инструменталдық құралдардың бірін қолдануға болады: - JDK (Sun Microsystems) - NetBeans (Sun Microsystems) - Java Studio Creator (Sun Microsystems) - Eclipse - IntelliJ IDEA - IBM WebSphere - J#. NET (Microsoft) Java тілінде жазылған программа кластар жиынтығы болып табылады және текстік файлдарда . java кеңеймесімен сақталады.

Slide 11

Программаларды бірнеше негізгі категорияларға бөлуге болады:

- Қосымша (application) - қолданбалы программа;

- Апплет (applet) - WWW-құжат терезесінде броузердің басқаруымен жұмыс істейтін, шектеулі мүмкіндіктері бар арнайы программа;

- Сервлет (servlet) - серверде жұмыс істеуге арналған арнайы программа. JSP технологиясы негізінде жұмыс істейді;

- Серверлік қосымша(Enterprise application) ;

- Кітапхана(Java Class Library - кластар кітапханасы немесе NetBeans Module - NetBeans платформасының модулі) .

Slide 12

ОБЬЕКТІЛІ - БАҒЫТТАЛҒАН ПРОГРАММАЛАУ ҚАҒИДАЛАРЫ

Абстракция (класс, обьект, обьектілік тип ұғымдары) ;

Инкапсуляция (деректердің өрістері, әдіс, кірістірілген класс, класс мүшелері ұғымдары) ;

Иерархия (ішкі класс, супер класс ұғымдары) ;

Мұрагерлік;

Міндеттілік немесе жауапкершілік (полиморфизм; «кеш байланыстыру» ұғымдары) ;

Модульділік (ашық және жабық класс мүшелері, қорғалған қатынау ұғымдары) .

Slide 13

Java программалау тілі обьектілі-бағытталған программалау тілі болғандықтан оның үш негізгі қағидасын толықтай қолданады: - инкапсуляция - тұқымқуалаушылық - полиморфизм.

Slide 14

Обьектілі-бағытталған программалау тілдеріндегі негізгі ұғым - класс ұғымы. Java программалау тілінде класс class қызметші сөзінің көмегімен анықталады және класс аты, қолданылатын айнымалылар және әдістер көрсетіледі.

Slide 15

Қысқаша айтқанда, Java - жаңа ғасырдың программалау технологиясы деп қорытындылауға болады.

Slide 16
Ұқсас жұмыстар
JAVA ТІЛІНДЕГІ ОБЪЕКТІЛІ – БАҒЫТТАЛҒАНПРОГРАММАЛАУ
Мәліметтер қорының басқа да модельде
ДК қолданбалы программалық қамтамасыздандырылу
Мәліметтер қорының басқа да модельдері
Компьютер фон Нейман құрылымына
Сервистік программалар
Операциялық жүйелер және даму тарихы
Бағдармалауға қойылатын негізгі талап - бағдарламаның анықтылығы және сенімділігі
Қан патологиясы
MS ACCESS
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz