Мазмұны бар беттерді ресімдеу




Презентация қосу
Тақырыбы:Ғылыми жұмысты
техникалық рәсімдеудің
талаптары
Жоспары:
Мазмұны бар беттерді ресімдеу;
Ғылыми жобаның кіріспесін
ресімдеу;
Мәтінді рәсімдеудің жалпы ережесі;
Аннотацияның (абстрактының)
жазылуы;
Мазмұны бар беттерді ресімдеу:
а) беттің жоғары бөлігінде «Тарау» (немесе «Мазмұны») деген
сөз көрсетіледі;
ә)мазмұнда ғылыми жоба бөлімдерінің реттілігі көрсетіледі:
Кіріспе;
1 тарау (1.1., 1.2., 1.3. деп нөмірленетін бірнеше тармақшалары
болады);
2 тарау (2.1, 2.2., 2.3. тармақшалары);
3 тарау да болуы мүмкін (тиісті тармақшалары);
Қорытынды;
Әдебиеттер тізімі;
Қосымша (егер бар болса).
б) мазмұнның әр тармағына қарсы, оң жақта осы тармаққа
сәйкес араб санымен бет нөмірі қойылады;
в) бет нөмірі 3- ші беттен басталатын кіріспе бөлімінен
басталады. (1-ші бет- бет парақ- нөмірленбейді, бірақ ескеріледі,
2-ші бет- мазмұны- нөмірленбейді, бірақ ескеріледі).
Ғылыми жобаның кіріспесін ресімдеу
Кіріспеде (кемінде 2 бет): таңдалған
зертеу тақырыптарының көкейкестілігі,
мақсаты, тапсырмалары келтіріледі;
Кіріспе жаңа беттен басталады, 3- ші бет
болып нөмірленеді;
Бет нөмірлері беттің төменгі бөлігінің, оң
жағында көрсетіледі.
М ә т і н д і р ә с і м д е уді ң ж а л п ы е р е ж е с і ;
Мәтін компьютерде терілу керек.
Сызық көлемдері: сол жақ-2,5 см, оң жақ – 1 см,
жоғары – 2 см, төменгі – 2 см.
әріп- Times New Roman KZ Times New Roman 14 кегль;
абзац болу керек;
жол арақашықтығы- бірқатарлы;
кіріспе, әр жаңа тарау, қорытынды, әдебиеттер тізімі,
қосымша жаңа беттен басталады;
тарау тармақшалары жаңа беттен басталмайды,
бірінен кейін бір жазылады, олар аздаған
арақашықтық арқылы ажыратылады;
ғылыми жобаның әр бөлімнің атауы майлы
әріптермен, ортаға жазылады.
Тараулар мен тармақшаларды жазу кезінде міндетті түрде олардың нөмірі (1.2., 1.1.,1.2. )
көрсетіледі.
Ғылыми жобаны жазу кезінде беттердің нөмірленуі және жобаның жекелеген бөлімдерінің
орналасу реттілігі сақталу керек,
Мәтінде міндетті түрде пайдаланылатын әдебиеттерге сілтеме берілуі керек. (төртбұрышты
жақшада).
Теориялық бөлімнің бет саны 20 беттен кем болмау керек;
Қорытындыда (кемінде 1 бет) жұмыстың негізгі нәтижелері және олардың негізінде
жасалынған қорытындылар, жұмыс нәтижелерін ғылыми және практикалық мақсатта
пайдалану бойынша ұсынымдар болады;
Пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тізіммен келесі тәртіпте беріледі:
автордың тегі, аты- жөні,
мақала және журнал атауы(журнал мақалалары үшін),
журнал және кітап атауы
шыққан жері және баспасы (кітаптар үшін),
шыққан жылы, шығу нөмірі, беттері.
әдебиеттер алфавиттік тәртіппен орналасады;
қосымша (егер қажет болса) әдебиеттер тізімінен кейін орналасады және карталар, суреттер,
сызбалар, кестелер, диаграммалар, мәлімет кестелері болуы мүмкін. Қосымшалар да мәтінде
кездесуіне қарай орналасады және нөмірленеді.
АННОТАЦИЯНЫҢ (АБСТРАКТЫНЫҢ) ЖАЗЫЛУЫ
АБСТРАКТ (АННОТАЦИЯ) (КЕМІНДЕ 250 СӨЗ)
ЖОБАНЫҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫН
КӨРСЕТЕДІ ЖӘНЕ ОҒАН:
ЗЕРТТЕУ МАҚСАТЫ, ТАПСЫРМАЛАРЫ;
ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІСІ, ЗАТЫ
ГИПОТЕЗАСЫ
ЗЕРТТЕУ КЕЗЕҢДЕРІ , ПРОЦЕДУРАСЫ;
ЭКСПЕРИМЕНТ ӘДІСІ;
ЗЕРТТЕУ ЖАҢАЛЫҒЫ ЖӘНЕ ӨЗ БЕТІНШЕ
ЖҰМЫС ІСТЕУ ДӘРЕЖЕСІ;
ЖҰМЫС НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ;
НӘТИЖЕЛЕРДІ ПРАКТИКА ЖҮЗІНДЕ
ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫ КІРЕДІ.
Назарларыңызға рахмет!

Орындаған: Иргебекова Фариза
Болатқызы, заң факультеті, 2-курс
студенті (сырттай бөлім)
Тексерген: Накишева Махаббат
Кенжехановна;

Ұқсас жұмыстар
Біріктірілген құжаттар
ИНТЕРНЕТТЕГІ РЕСУРСТАРДЫ ІЗДЕУ ӘДІСТЕМЕСІ
Қазіргі құрылыста полимерлі материалдарды пайдалану. Полимерлерді бағалау және санитариялық эпидемиологиялық бақылау
Фрезерлеу станоктарында
Сыртқы экономикалық қатынастар транзиті
“Ақпаратты қорғау” пәні бойынша электрондық оқулық әзірлеу
Microsoft Word мәтіндік редакторында Web-беттерді құру
Міндеттемелер мен капиталдардың аудиті
«Бағдарламалау тілдері» пәнінен жасалған электронды курсқа интерактивтілік енгізу
ЕурАзЭҚ шеңберінде Кеден одағын (КО) құру
Пәндер