Кәсіпкерлік қызмет субъектілері ұғымы
Презентация қосу
Кәсіпкерлік қызмет субъектілері
ұғымы
Курбанбаев Елдос
Экономика 14-1
Кәсіпкерлік қызмет субъектілері ұғымы
Кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып коммерциялық ұйымдар (меншік
түріне қарамай, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік емес
заңды тұлғалар да) және кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар
(жеке кәсіпкерлер) саналады. Кәсіпкерлік қызметтің басқа қатысушылары
қатарына: кәсіпкерлікпен айналысатын коммерциялық емес ұйымдарды;
кәсіпкерлік қызметпен тіркеусіз айналысатын азаматтарды, коммерциялық
ұйымдардың (оның ішінде шетелдік те) филиалдары мен өкілліктерін,
кәсіпкерлер бірлестіктерін – холдингтерді, қаржылық-өнеркәсіптік
топтарды, консорциумдарды (жай серіктестіктерді) және заңды тұлға
құрмаған басқа да бірлестіктерді жатқызуға болады.
Кәсіпкер дегеніміз – ол кәсіпкерлік қызметті заңмен
немесе келісім шартпен белгіленген тәртіпте тұрақты
негізде жүзеге асыратын тұлға.
Экономикалық қатынастардың қандай да бір қатысушысын
кәсіпкер деп тану үшін, ол белгілі бір талаптарға:
1) оқшауландырылған (дара) мүлкінің болуы;
2)кәсіпкерлік құқықтары мен міндеттерінің
(шаруашылық құзырының) болуы; дербес мүліктік
жауапкершілік; кәсіпкелік қызмет субъектісі ретінде
мемлекеттік тіркелуі сияқты белгілерге сай болуға
тиіс.
Кәсіпкерлік қызмет субъектісіне заңға немесе келісім-шартқа
сәйкес берілген құзыреттер жинала келе, оның шаруашылық
құзыретін құрайды. Әдетте, шаруашылық құзыреттің мынадай
түрлері ажыратылады:
1) жалпы құзырет(соған сәйкес субъект кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға
қажетті субъективтік құқықтар мен заңдық міндеттерге ие болады, яғни жалпы
құзырет жеке кәсіпкерлік субъектілеріне беріледі);
2) арнайы құзырет(құрылтайшылық құжаттарда айқындалады және заңмен
белгіленген нақты субъект (мысалы, коммерциялық емес ұйым) қызметтің
мақсаттарына сай болуға тиіс);
3) шектеулі құзырет(жалпы құзыретке ие субъектінің өз қалауы бойынша
құрылтайшылық құжаттарда айқындалады);
4) дара шаруашылық құзырет(қызметтің басқа түрлерімен айналыса алмайтын
кәсіпкерлік қызметтің жекелеген субъектілеріне, мысалы, табиғи монополиялар
субъектілеріне, банктерге және т.б. қатысты заң белгілейді).
Мемлекеттік тіркеу нәтижесінде субъект кәсіпкер мәртебесін
иеленеді және толық көлемде өз құқықтары мен заңды
мүдделерін қорғау, жеңілдіктер мен артықшылықтар алу
мүмкіндігіне ие болады. Заңды тұлғаларды мемлекеттік
тіркеудің жалпы негіздері мен тәртібі ҚР Азаматтық кодексі
және 1995ж. сәуірдің 17-сіндегі № 2198-ші «Заңды тұлғаларды
мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік
тіркеу туралы» ҚР Заңы арқылы реттеледі. Арнайы ережелер
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңмен көзделген (6 тарау).
Жеке кәсіпкерлік субъектілері мынадай құқықтарға ие:
- ҚР заңдарын сақтай отырып, жеке кәсіпкерлікті бөтеннің еңбегін жалдау арқылы
жүзеге асыруға;
- ҚР заңдарында көзделген тәртіпте филиалдар мен өкілдіктер ашуға;
- өндіретін тауарларға (қызмет, жұмыстарға) дербес өзі баға қоюға;
- Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне ақылы негізде несие беруге;
- өз құқыққабілеттілігі шегінде сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруға;
- Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігін құруға;
- Сараптамалық кеңес жұмысына қатысуға;
- Құқық қорғау және мемлекеттік органдарға жеке кәсіпкерлік субъектілерінің
құқығының бұзылуына кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту туралы өтінішпен жүгінуге;
- өз құқықтары мен заңи мүдделерін қорғау үшін сот органдарына жүгінуге;
- жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғауға қатысты нормативтік құқықтық актілер
ережелерінің жұмыс істемеуіне тосқауыл болып отырған себептерді алып тастау
туралы ұсыныстармен мемлекеттік органдарға шығуға.
жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мынандай
міндеттер жүктеледі:
- Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, жеке
не заңды тұлғалардың құқықтары мен заңи мүдделерін
сақтауға;
- өндіретін өнімдері Қазақстан Республикасы заңнамасының
талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз ету;
- лицензиялауды талап ететін жеке кәсіпкерлік қызмет
түрлерін жүзеге асыруға лицензия алу;
- Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес
міндетті азаматтық-құқықтық сақтандыруды жүзеге асыру.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz