Кәсіпорынның ұйымдық - құқықтық нысандары
Презентация қосу
Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық
нысандары
Курбанбаев Елдос
Экономика 14-1
Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны
дегеніміз – заңмен және басқа да құқықтық нысанмен
қарастырылған, кәсіпорынның қалыптасуының
құрылымдық тәсілі мен түрі, оның меншік формасы,
шығаратын өнім көлемі мен ассортименті, оның
капиталының қалыптасуы, қызметінің сипаты мен
мазмұнына тәуелді болғандықтан және әртүрлі
фирмааралық одақтарға кіру тәсілі мен бәсеке күресін
жүргізу әдісіне байланысты жіктелуі.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес
кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формалары мынадай түрлері бар:
Шаруашылық серiктестiк;
Акционерлiк қоғам;
Өндiрiстiк кооператив;
Шаруа қожалықтары;
Жеке (дара) кәсіпкерлік.
Жоғарыда аталған ұйымдық-құқықтық нысандардың барлығы
біздің нарықтық экономикадағы ҚР үшін инновациялық
шаруашылық нысандары болып табылады. Өйткені жоспарлы
экономикада меншіктің барлығы мемлекет қарамағында болды. Ал
нарықтық экономикаға көшу барысында кәсіпорындарды
жекешелендіру операцияларының арқасында кәсіпорындардың
жаңа ұйымдық-құқықтық нысандары қалыптаса бастады.
Шаруашылық серiктестiк
Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың)
үлесiне (салымдарына) бөлiнген коммерциялық ұйым
шаруашылық серiктестiк деп танылады. Құрылтайшылардың
(қатысушылардың) салымдары есебiнен құрылған, сондай-ақ
шаруашылық серiктестiк өз қызметi үрдiсiнде өндiрген және алған
мүлiк меншiк құқығы бойынша серiктестiкке тиесiлi болады.
Толық серiктестiк
Толық серiктестiктiң мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайда
қатысушылары серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiне
тиесiлi барлық мүлкiмен ортақ жауапкершiлiкте болатын
серiктестiк толық серiктестiк деп танылады. Азамат бiр ғана толық
серiктестiктiң қатысушысы бола алады. Толық серiктестiктiң
жарғылық капиталының мөлшерiн оның құрылтайшылары
белгiлейдi, бiрақ ол заң құжаттарында белгiленген ең төменгi
мөлшерден кем болмауы керек.
Сенiм (коммандиттiк) серiктестiгi
Серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiнiң бүкiл мүлкiмен
(толық серiктерiмен) қосымша жауап беретiн бiр немесе одан да
көп қатысушылармен қатар, серiктестiктiң (салымшылардың)
мүлкiне өздерi салған салымдардың жиынтығымен шектелетiн бiр
немесе одан көп қатысушыларды да енгiзетiн және серiктестiктiң
кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға қатыспайтын серiктестiк
сенiм серiктестiгi деп танылады
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк
Бiр немесе бiрнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай
құжаттарымен белгiленген мөлшерде үлеске бөлiнген серiктестiк
жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк деп танылады; жауапкершiлiгi
шектеулi серiктестiкке қатысушылар оның мiндеттемелерi
бойынша жауап бермейдi және серiктестiктiң қызметiне
байланысты залалдарға өздерiнiң қосқан салымдарының құны
шегiнде тәуекел етедi.
Қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк
Қатысушылары серiктестiк мiндеттемелерi бойынша өздерiнiң
жарғылық капиталға салымдарымен жауап беретiн, ал бұл сомалар
жеткiлiксiз болған жағдайда өздерiне тиесiлi мүлiкпен оған өздерi
еселенген мөлшерде енгiзген салымдар арқылы жауап беретiн
серiктестiк қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк деп танылады
Акционерлiк қоғам
Өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатында
акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлiк қоғам болып
танылады. Акционерлiк қоғамның акционерлерi осы заң
актiлерiнде көзделгеннен басқа жағдайларда оның мiндеттемелерi
бойынша жауап бермейдi және өзiне тиесiлi акциялар құнының
шегiнде қоғамның қызметiне байланысты шығындар тәуекелiн
көтередi. Акционерлiк қоғамның өз қатысушыларының мүлкiнен
оқшауланған мүлкi болады, өз мiндеттемелерi бойынша өз мүлкi
шегiнде жауапты болады және өз қатысушыларының
мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
Еншiлес ұйым
Жарғылық капиталының басым бөлiгiн басқа заңды тұлға
қалыптастырған не олардың арасында жасалған шартқа сәйкес (не
өзгедей түрде) негiзгi ұйым осы ұйымның қабылдайтын
шешiмдерiн айқындай алатын заңды тұлға еншiлес ұйым болып
табылады. Еншiлес ұйым өзiнiң негiзгi ұйымының борыштары
бойынша жауап бермейдi. Еншiлес ұйыммен жасасқан шарт
бойынша (не өзгедей түрде) оған мiндеттi нұсқаулар беруге
құқылы негiзгi ұйым онымен осындай нұсқауларды орындау үшiн
жасалған мәмiлелер бойынша еншiлес ұйыммен бiрге
субсидиарлық жауапты болады.
Тәуелдi акционерлiк қоғам
Егер акционерлiк қоғамның дауыс берушi акцияларының жиырма
проценттен астамы, басқа (қатысушы, басымырақ) заңды тұлғанiкi
болса, ол тәуелдi қоғам деп танылады. Басымырақ (қатысушы)
заңды тұлға тәуелдi акционерлiк қоғам акцияларының тиiстi
бөлiгiн сатып алғаны туралы мәлiметтi заң құжаттарында
көзделген тәртiп бойынша дереу жариялауға мiндеттi. Егер заң
актiлерiнде өзгеше көзделмесе, акционерлiк қоғамдардың бiр-
бiрiнiң жарғылық капиталдарында өзара қатысуы әрбiр жарғылық
капиталдың жиырма бес процентiнен аспауға тиiс. Бiр-бiрiнiң
жарғылық капиталына өзара қатысатын акционерлiк қоғамдар
басқа қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысында жиырма бес
проценттен артық дауысты пайдалана алмайды.
Өндiрiстiк кооператив
Азаматтардың бiрлескен кәсiпкерлiк қызмет үшiн мүшелiк негiзде
олардың өз еңбегiмен қатысуына және өндiрiстiк кооператив
мүшелерiнiң мүлiктiк жарналарын бiрiктiруiне негiзделген ерiктi
бiрлестiгi өндiрiстiк кооператив деп танылады. Кооператив мүшелерi
екеуден кем болмауға тиiс.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz