Биосфераның негізгі құрамы




Презентация қосу
Биосфераның негізгі
құрамы
Биосфера (гр. биос—тіршілік, өмір, гр. сфера — шар) — бұл
ұғым биология ғылымына XIX ғасырда ене бастады. Ол
кездерде бұл сөзбен тек жер жүзіндегі жануарлар дүниесі
ғана аталатын. Кейінгі кездерде биосфера геологиялық
мағынада да қолданылады. Биосфера - жердің тіршілік қабаты.
Географиялық қабық - литосфера, гидросфера, атмосфера,
биосфераның өзара әрекеттесуі. Биосфераны ғылымға 1875ж
Зюсс енгізді. Биогеография - организмнің географиялық
таралу заңдылықтарын зерттейді. Биоценоз-өсімдіктер мен
жануарлардың майда ағзалардың бірлестігі. Географиялық
қабық- жекелеген табиғат кешенінен тұрады. Табиғат кешені-
табиғат компоненттерінің ұштасуы. Табиғат компоненттеріне
топырақ, өсімдік, жануар т.б жатады. Ең ірі табиғат кешені-
географиялық қабық немесе материктер мен мұхиттар.
Табиғат зонасы-температурасы,жауын-шашыны, өсімдігі,
жануары, топырағы өзара ұқсас ірі табиғат кешені. Табиғат
зонасы 2 бағытта өзгереді: 1.Ендік зоналылық-табиғат
зонасының ендік бағытта экватордан полюстерге қарай
алмасып келуі. 2. Биіктік белдеулік-табиғат зоналарының
тауларда биіктікке байланысты ауысып келуі. Биіктік
белдеулерінің саны таулардың географиялық орнына және
биіктігіне байланысты. Бір ендікте жатқан табиғат зонасының
әр түрлі болуы мұхиттың алыс-қашықтығына жер бедеріне
байланысты. Табиғат зонасы 2-ге бөлінеді: Өтпелі зона-
Орманды тундра-мүк пен қына қисық бұталы ағаштар өседі.
Тайга-қылқан жапырақты орман зонасы,өсімдіктер:қарағай,
шырша, самырсын. Дала-шөп басқан ағашсыз жазық жерлер.
Шөлейт-дала мен шөлдің арасындағы өтпелі зона. Саванна-әр
жерінде жеке немесе шоқ-шоқ бұталы ағаштар өсетін биік
шөп басқан табиғат зонасы. Табиғат зонасының ауысып келуі
климаттық белдеулермен сәйкес келеді.
Арктикалық климаттық белдеу-арктикалық шөл мәңгі мұз
басқан. Субэкваторлық климаттық белдеу-саванна Тропиктік
климаттық белдеу-шөл Экваторлық климаттық белдеуде мәңгі
жасыл ылғалды экваторлық ормандар. Географиялық
қабықтағы ырғақтылық-күн мен түннің ауысуы. Географиялық
қабықтағы заңдылық тұтастығы. Ырғақтылық заңдылығы-
белгілі бір құбылыстардың уақыт ішінде қайталанып отыруы.
Табиғат кешенінде жүретін үрдістер жылу мен ылғалға
тәуелді.

Биосфера — тірі азғалар өмір сүретін жер қабаты. Жер бетінен
10—15 км биікке көтерілгенге дейінгі және 2— 3 км құрғақтан
немесе мұхиттардың 10 км түбіне дейінгі жерде азғалар
тіршілік етеді. Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет
Аустрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ
биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері
туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернадский
Биосфера негізінен үш қабаттан
құрылады. Олар: атмосфера (газ
күйіндегі), гидросфера (су), литосфера
(қатты) қабаттар.

Биосфераның бөлімдері:

Тропосфера
Гидросфера
Литосфера
Ноосфера
ТРОПОСФЕРА (грек. τροπόσ – бұрылыс, өзгеріс
және σφαιρα – шар) – атмосфераның жер бетімен тығыз
әрекетте болатын ең төменгі қабаты. Қалыңдығы жер
бетінен қызған ауаның жоғары өрлеген ағындарының
көтерілетін биіктігімен анықталады. Экваторлық
ендіктерде ауа 16 – 17 км, қоңыржай белдеуде 10 – 11
км, полюстік аймақтарда 7 – 8 км биіктікке көтеріледі.
Осы биіктіктер Тропосфераның жоғарғы шекарасын
белгілейді. Орташа қалыңдығы 10 – 11 км. Үстіндегі
стратосферадан жұқа тропопауза өтпелі қабатымен
бөлінген. Атмосфераның жер бетіне таяу қабатында ауа
Жердің тартылыс күшіне және газдардың сығылуына
байланысты барынша тығыз орналасады. Атмосфераның
бүкіл массасының 80%-ы және су буы түгелдей
Тропосферада шоғырланған. Әр 100 м-ге биіктеген
сайын ауаның температурасы орта есеппен 0,6С-қа
төмендейді. Осы қабатта ауа райы мен климат түзуші
процестер өтеді. Жерге іргелес ең төменгі қабатында
ауаның температурасы тәулік ішінде және жыл бойы
өзгеріп отырады. Тропосфера түгелдей Жердің
географиялық қабығының құрамына кіреді.
Гидросфера (гр. һуdor — су, spһаіrа — шар) — 1) жер
ғаламшарының су қабығы немесе құрлықтағы (тереңдегі,
топырақтағы, жербетіндегі), мұхиттағы және атмосферадағы, яғни
жер шарындағы барлық сулардың жиынтығы. Оны мұхиттар мен
теңіздердің суы, құрлық сулары — өзендер, көлдер, бөгендер,
мұздықтар, сондай-ақ литосфераның жоғарғы бөлігіне сіңетін жер
асты суы, атмосферадағы ылғал құрайды. Гидросфера жер бетінің
шамамен 71%-ын алып жатыр. Гидросфераның шамамен 94%-ын
мұхиттар мен теңіздер құраса, 4%-ы жер асты суларының, шамамен
2%-мұздықтар мен қарлардың (негізінен Арктика, Антарктида мен
Гренландия), 0,4%-құрлықтардағы жер үсті суларының (өзен, көл,
батпақ) үлесіне тиеді. Гидро-су, сфера-шар Су 3 күйде болады: сұйық,
қатты, газ Гидросферадағы барлық судың мөлшері-1,6 млрд км куб,
мұхит теңіз сулары-96,5 %, тұщы су-2,5% Жер бетінің 3\4 бөлігін д.ж
мұхит суы алып жатыр. Су айналымы 2-ге бөлінеді. 1.Кіші су
айналымы-судың мұхиттан атмосфераға, атмосферадан мұхитқа
қайтып қосылуы. 2.Үлкен су айналымы-судың мұхиттан атмосфераға,
атмосферадан құрлыққа, құрлықтан мұхитқа қайтып қосылуы.
Дүниежүзілік мұхиттың бөліктері: 1.Теңіз-мұхит суының қасиетімен
жануарлар дүниесі ерекше болып келетін бөлігі. 2.Шығанақ-мұхиттың
құрлыққа сұғына еніп жатқан бөлігі. 3.Бұғаз-екі жағы құрлықпен
шектескен енсіз су айдыны. Теңізер арал, су асты жоталары, түбектер
арқылы бөлініп тұрады. Теңіздер ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Ішкі теңіздер тек Еуразияда кездеседі:Жерорта, Қара, Азов,Каспий,
Арал теңіздер Ең терең теңіз-Филиппин Ең үлкен шығанақ-Гвинея
шығанағы. Д.ж ең үлкен бұғаз-Дрейк бұғазы, ені-5248км Ең ұзын
Литосфера — жер қабығы (грек. lithos- тас, sphaira — шар) —
жердің сыртқы қатты қабаты жоғарғы гидросфера және
атмосфераменшектеседі. Жер қабығының жоғарғы бөлімі —
шөгінді қабық; ол шөгінді тау жыныстарынан тұрады, кейде бұған
эффузивтер жамылғысын да енгізеді. Жер қабығының тербеліс
тарихы қозғалысына байланысты, оның қалыңдығы әр орында әр
түрлі болып келеді. Шөгінді қабықтың астында граниттік қабат
орналасады; бұл қабат мұхит ойыстарында ұшырамайды.
Граниттік қабаттың астында аралық немесе «базальттық» аса
тығыз жыныстар қабаты жатады.[2]
Литосфера - Жер планетасының біршама берік тау жыныстары
кешендерінен тұратын, төменгі жапсары ішінара балқымалы яки
онша берік емес атмосфера қабатымен шектелетін ең сыртқы
қабаты. Литосфера жер қыртысын (Жердің ең сыртқы қатты
қабыршағын) және осы қыртыс пен атмосфера аралығын
қамтитын қатты заттардан тұратын, литосфералық мантия деп
аталатын жоғарғы мантияның ең жоғарғы қабатын біріктіреді.
Литосфералық мантия қабаты жер қыртысынан Мохоровичич
шегі арқылы дараланады, бұл қабатты құрайтын тау
жыныстарының құрамы негізінен оливин мен пироксеннен
тұратын аса негізді жыныстарға сәйкес келетін болса керек.
Литосфераның беткі жазықтығы атмосферамен немесе
гидросферамен шектеледі. Литосфера қалыңдығы 50-200
шақырым аралығында деп есептелінеді.
Литосфера - жердің қатты қабығы.
Ноосфера (гр. νόος – сана және σφαῖρα – орта,
шар) немесе Антропосфера (грек. antһropos — адам, spera — қабық)
— биосфераның жаңа жағдайға көшкен деңгейі; адамның саналы
түрде жүргізген іс-әрекеттерінен туындайтын жер сферасындағы
барлық өзгерістер мен олардың дамуын анықтайтын басты
фактор;ғаламдағы адамзаттың мекендейтін аясы. Адам баласы уақыт
пен кеңістікке қатысты биосфера шегінде және ғарышта өмір сүре
алады. Бірақ адамзаттың тұрақты мекені — Жер..[1]
Ноосфера – ақыл-ой сферасы деген түсінікті алғаш 1927 жылы
француз ғалымдары Э.Леруа (1870 – 1954) мен Тейяр де Шарден Пьер
(1881 – 1955) енгізген.
XX ғасырдың 30 – 40-жылдары ноосфераны материалистік тұрғыдан
сипаттап жазған В.И. Вернадский болды. Ол ноосфераны биосфера
мен қоғамның өзара қарым-қатынасынан туындайтын тіршіліктің
жаңа формасы, бұл саналы, ақыл-ойы жетілген адамзаттың
бағыттауымен қалыптасатын биосфераның жаңа эволюциялық
жағдайы деп түсіндірді.
Ноосфера – табиғат заңдылықтарының қоғамның ойлау заңдарымен
және әлеуметтік-экономкалық заңдылықтармен тығыз байланысып
жататын біртұтастығын (бүтіндігін) басқарушы жоғарғы тип.
Ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы бұрын игерілмеген
жерлерді игеріп, бұрын пайдаланылмай келген табиғат байлықтарын
пайдаға асырып қоймай, ғарыш кеңістігін, ғаламшарларды игеруге,
ядролық қарулар жасауға мүмкіндік берді.
Биосфераның пайда болуы
Биосфера бірден пайда болған жоқ. Ол өте көне заманнан бері қарай
күні бүгінге дейін біртіндеп дамып келеді. Биосфераның ертеден бері
қарай құралып келе жатқанын дәлелдейтін палеонтологиялық
материалдар қарапайым тірі ағзалардың қалдықтары жер
қыртысының әрбір қабаттарынан табылады. Осы қабаттарға сүйене
отырып, ғалымдар биосфераның негізгі пайда болу жолдарын
анықтады. Биосфераның ең бірінші заманы Архей деп аталады. Бұл
кезде биосфера қандай жағдайда дамығаны және қандай тірі азғалар
болғаны туралы ешқандай деректер жоқ. Протерозой эрасы –
биосфераның екінші дәуірі боп есептеледі. Бұл заман 700 млн жыл
бойына созылған. Протерозойда тірі ағзаның қарапайым түрлері
тіршілік еткен. Олардың сол дәуірде тасқа жабысқан қалдықтары
әртүрлі тау жыныстарынан қазіргі кезде де байқалады. Биосфераның
Палеозой эрасы немесе ертедегі тіршілік кезеңі. Бұл дәуір шамамен
алғанда бұдан 570 млн жыл бұрын басталып, 300 млн жылға созылған.
Бұл эра кембрий,ордовик, силур, девон, карбон және пермь дәуірлері
болып бірнешеге бөлінеді.
Кембрий дәуірінде барлық өсімдіктер теңіз суларына өскен. Олар көк
жасыл балдырлар болатын.
Силур кезеңінде өсімдіктер құрлыққа біртіндеп шыға бастап, дами
түсті.
Девонның аяқ кезінде бұлардан басқа қырықбуындылар, плаундар
және папоротниктер қаулап өсе бастады. Өсімдіктер құрлыққа
шыққаннан кейін фотосинтездің ықпалымен атмосфералық ауаның
химиялық құрамы өзгеріп, құрлық жануарларының дамуына жағдай
туды, өйткені фотосинтез процесі арқылы ауада оттегі көбейе түсті.
Биосфера және адамзат
Адамзат баласы да табиғаттың өзі жаратқан көп ғажайып көріністерінің бірі.
Бірақ адам баласының үстемділігі ақыл-ойының жүйріктігі оны табиғаттың басқа
тірі ағзадағыдан әлдеқайда жоғары дәрежеде көтерді. Үстіне аң терісін,
өсімдіктердің жапырағы мен қабығын жамылып күн елткен алғашқы
адамдардың өзіде керекті қажетін биосферадан алып отырған. От жағуды
білмегеннің өзінде адам баласы жабайы жануарлардың еті мен өсімдіктердің
жапырақтарын, сабағы мен буын-бұтақтарын шикідей жеп, өсімдіктерді қорек
етіп, өсіп-өне берді. Кейінірек тамақты пісіріп жеу арқылы адам басқа жабайы
жануарлардың әлдеқайда жоғары сатыға көтеріле түсті. Сана-сезім, ақыл-ой
ғасырлар өткен сайын үлкен эволюциялық даму кезеңдерінен өтіп жоғары
мәдениет сатысына көтеріле берді.
Жер спутнигін, космос корабльдерін ұшыру, Ай мен Марсқа саяхат жасау қамын
кірісу, атом кемесі мен атом электр энергиясын салу, екі-үш жылдың ішінде
миллион гектар тың және тыңайған жерлерді игеру, шөлді жерге канал
жүргізіп, жасанды көл жасау, мәуелі бау-бақша, саялы ну орман – тоғай өсіру,
жер шарының түкпір-түкпірімен тікелей хабарласу – бәрі де бүгінгі заманның
үйреншікті әдетіне айналып отыр. Бұл ғажайыптарды, әсіресе соңғы 20-30
жылдың ішінде көріп отырмыз. Сондықтан да біздің заманымызды ракеталар,
космос корабльдері, компьютерлер ғасыры дейді. Мұның бәрі адамзат
баласының зор қарқыны, қызу жарысы деген сөз.
Литосфера, гидросфера, атмосфераны көрсететін Жердегі белгілі сурет.
Бірақ биосферадағы объектілер жойыла қалса, ол қалпына тез арада келе
қоймайды. Мыңдаған және миллиондаған жылдарды қажет етеді. Мысалы,
орман-тоғай алқабын кесіп, не оттап, не өртеп жойып жіберу оп-оңай.
Арқыраған оғысы қатты өзеннің арнасын басқа жаққа бұрып жіберуге болады.
Бірақ арнасындағы балық құриды, кеме жүзбейді, жағаларындағы ел көшіп
кетеді, құс пен жабайы аңдар басқа жаққа ауып кетеді, жер құлазып қалады.
Ұлан байтақ кең далаға мыңдаған тракторларды жауып жіберіп, жер қыртысын
айналдырып, шаңын бұрқыратып қара дауыл тұрғызуға да адамза тбаласының
Биосферадағы тірі ағзалардың қызметі

Энергетикалық қызметі
Биосфераның қалыпты тіршілігі үшін және оның дамуы үшін энергия
қажет. Ондай негізгі энергия көзі — Күн. Жасыл өсімдіктер
фотосинтез процесі кезінде Күн сәулесін өзіне сіңіріп, мүшелерінде
органикалық заттардың қорын жинақтайды. Өсімдіктердегі
органикалық заттарды басқа азғалар пайдаланады. Жасыл
өсімдіктердежинақталған энергияның есебінен бүкіл биосферадағы
тіршілік қалыпты жүріп отырады.
Газдық қызметі
Газдардың тасымалдануы және олардың бір күйден екінші күйге
өзгеруі тірі ағзалардың қатысуымен жүреді. Газдық қызмет арқылы
биосфераның газдық құрамының тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.
Жер бетіндегі көптеген газдар биогенді жолмен пайда болған. Тірі
ағзалардың тіршілігі нәтижесінде оттек, азот, көмір қышқыл газы,
күкіртті сутек, метан, т.б. газдар тасылмалданады.
Тотығу-тотықсыздану қызметі
Тірі азғалар топырақ арасында және гидросферада бұл қызметін үнемі
атқарып отырады. Тірі азғалар заттарды тотықтыру арқылы оксидтер
түзеді, ал кейбір заттарды (көмірсутек, күкіртті темір, т.б.) қалпына
келтіреді. Кейбір ұсақ азғалар пайдалы қазбалар (әктәс, боксит, т.б.)
түзуге де қатысады.
Биохимиялық қызметі
Тірі ағзалардың биохимиялық қызметі қоректенуі, тыныс алуы, көбеюі
және (өлген ағзалардың) ыдырауы мен шіруі кезінде байқалады. Бұл
кезде элементтер атомдартүрінде бір орыннан екінші орынға ауысады.
Кейде адамның іс-әрекетінің нәтижесінде, биосфераға тән емес әрі
биосфераға зиянды әсер ететін зат айналымы байкалады. Мысалы,
өнеркәсіп орындарынан, көліктерден улы қоспалар бөлініп ауаны
ластайды. Ал қышқыл жаңбырдың да табиғатка зияны мол. Сондықтан
да табиғатты мұндай ластанудан корғау шараларына ерекше мән беру
кажет.
Жинақтау қызметі
Тірі ағзалар коршаған ортадан алған, биогенді элементтерді өз
мүшелерінде жинайды. Тірі ағзалар құрамында болатын
элементтердің коршаған ортада кездесетін элементтерден едәуір
айырмашылығы болады. Тірі ағзалардың
құрамында сутек, көміртек, азот, оттек, натрий, магний, кремний, күкі
рт, т.б. элементтердің жеңіл атомдары көбірек кездеседі. Мұндай
элементтердің тірі ағзаларда жинақталуы қоршаған ортаға қарағанда
жүздеген, мыңдаған есе көп болады. Осы арқылы биосфераның
химиялық құрамының әр түрлі екендігі байқалады.
Биосферадағы алғашқы шегіністер

Тіршіліктің биосферада пайда болғанына ғалымдардың есебі бойынша
5-6 миллиардтай жыл өтті. Ұзақ созылған бұл жылдар ішінде бір
клеткалы қарапайым ағзалардан құрылысы да, түр өзгешілігі де сан
алуан өсімдіктер мен жануарлардың таңғажайып түрлері пайда болды.
Биосфера тармақ жайған тіршілік атырабына қожа болғандықтан иені
жаратуға асыққан жоқ. Ақыры ол да пайда болды. Оның пайда
болғанынан 1,5 млн жыл уақыт өтті. Бұл кезде оның үлесіне биосфера
жануар әлемінің 4 миллионынан астам, өсімдіктердің 500 мыңнан
астам түрлерін сый еткен. Биосферада тіршілік пайда болғаннан бері
қалыптасқан соншама бай түр иелерінің бәріне ортақ заң ережелері
тым қатал еді.
Адам өз биосферасына сай қоғам құра бастағанына 10 мың жылдай
ғана темір мен пайдалы қазбалардың пайдалана бастағанына 4-5 мың
жыл өтті. Биосфераның шексіз емес, шар тәріздес екенінің
дәлелдегенінен 5 ғасыр, биосфералық өзгертуге техникалық
құралдардың пайдалана бастағанына 3-4 ғасырдай, реактивті
двигательді игергеніне 40-50 жылдай уақыт, ол биосфераның
планетасының көлемін алыстан алақанға салып қарағанда үлкен емес
екендігі байқалды. Мұндай құбылысты тек 1958 жылдан бері қарай
біле бастады. Бірінші рет жер бетінен ұзап шыққан адамзат баласы
бірінші рет Гагарин Космоста «Біздің жеріміз қандай әсем» - деп
айқайлады. Әрине алыстан сұлу көрінген жеріміз өз ортасында тым
көркем.

Ұқсас жұмыстар
Атмосфера қабаты
Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы
Геоэкология жайында
В. И. Вернадскийдің биосфера туралы ілімі
ГЕОЭКОЛОГИЯ
Тірі зат
Тірі заттың биологиялық функциялары
Экожүйенің энергетикалық типтері
Биосфера қабаттары
Биосфераның ластануы
Пәндер