Тағамдық жұмыртқаны ветеринариялық санитариялық сараптау: жұқпалы, инвазиялық және жұқпалы емес аурулар


Slide 1

Тағамдық жұмыртқаны жұқпалы, инвазиялық және жұқпалы емес ауруларда ветеринариялық санитариялық сараптау

Орындаған: Ташкенбай Қ

Тексерген: Ақкөзова А

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Алматы-2016

Slide 2

Қарастырылатын сұрақтар

Жұмыртқаның классификациясы және тағамдық құндылығы

Құстардың жұқпалы аурулары кезіндегі жұмыртқаны ветеринариялық санитариялық сараптау

Құстардың инвазиялық аурулары кезіндегі жұмыртқаны ветеринариялық санитариялық сараптау

Құстардың жұқпалы емес аурулары кезіндегі жұмыртқаны ветеринариялық санитариялық сараптау

Slide 3

Құс шаруашылығы - ауыл шаруашылығының ең жаңа және ең қарқынды дамып келе жатқан саласы. Құс шаруашылығы дегеніміз - бұл елімізде ет және жұмыртқа қорын жедел толықтыра алатын шаруашылықтардың тез жетілетін саласы.

Құс шаруашылығының шоғырлануы және оның өнеркәсіптік негізге көшірілуі құс еті мен жұмыртқаны өндірудің іс жүзіндегі бүкіл технологиясын қамтитын салаларды басқарудың бірқатар мәселелерін ғылыми тұрғыда жетілдіріп, өндірістік сынақтан өткізуді талап етеді. Өндіріс типті ірі шаруашылықтарда, фабрикаларда құс еті мен жұмыртқа өндіру - осы заманғы технологияның өндірістік қарқындылығы және ырғақтылығымен, барлық цехтар және звенолардың өзара байланыстылығымен, көп еңбек сіңіруді қажет ететін жүйелерді жоғары дәрежеде механикаландыру және автоматтандырумен, табындарды стандарттап, біртектестендірумен сипатталады.

Slide 4

Жұмыртқа сарысы мен ақуыздың қорытылуы бірдей емес. Жұмыртқа сарысындағы лецитин-протеинді комплексінің бар болуы нәтижесіндегі жұмыртқа сарысының жоғарғы эмульгирленуі мен дисперстігі салдарынан қандай күйде болса да (шикі, қуырылған немесе суға пісірген) қорытылуы мен сіңірілуі жақсы жүреді. Жұмыртқа сарысының жақсы қорытылуы мен сіңірілуі оны бағалы тамақтану азық-түлігі деп атайды. Жұмыртқа сарысын қарапайым кулинарлық өңдеуден өткізгенде өзінің қоректік құндылығын жоғалтпайды, бірақ ұзақ уақыт және күшті қыздырғанның нәтижесінде кейбір төмендеулер пайда болады. [

Жұмыртқаның классификациясы және тағамдық құндылығы. МЕМСТ 27583 - 88 байланысты жұмыртқаларды сақтау ұзақтығы мен сапасына байланысты диеталық және асханалық деп жіктейді.

Жұмыртқаны салмағына байланысты: таңдамалы, бірінші және екінші категорияға жіктейді. Таңдамалы жұмыртқа үшін: бір жұмыртқа салмағы 65 г, 10 жұмыртқа массасы 660 г кем емес, 360 жұмыртқа массасы 23, 8 кг кем болмауы керек; бірінші категориялы 55 г, 560 г, 20, 2 кг, екінші категориялы - 45 г, 460 г, 16, 6 кг кем болмауы қажет.

Slide 5

Құстардың жұқпалы аурулары кезіндегі жұмыртқаны ветеринариялық санитариялық сараптау. Құстың жұқпалы ауруларына әртүрлі бактериялар, вирустар, хламидиялар тудыратын аурулар жатады. Құстардың жұмыртқасы адамның сырқаттануының себебі болып табылады. Жұмыртқаның құрамына микроағзалардың кіруінен сақтайтын механикалық және химиялық жүйесіне қарамастан (жұмыртқа қабығы, қабық үсті және қабық асты қабықша, ақуыз лизоцимі, ақуыздың авидині) жұмыртқа ішіне микробтар түсіп кетуі мүмкін. Жұмыртқаны сақтау жағдайына байланысты жұмыртқа қабығының үстінде ауалық, топырақтық және сулы микрофлорасы болу мүмкін. Жұмыртқа үстінде көбінесе: В. ргоteus vulgaris, B. Coli communis, B. subtidis және т. б кездеседі. Бұл бактериялар клоакадан өткен кезде жұмыртқаға түседі. Суда жүзетін құстар өздерінің жұмыртқаларын лас, дымқыл және тұрып қалған судың жанында басқанда сальмонеллалармен зақымдалады. Жаңа ғана шыққан жұмыртқаға микробтар ауамен ішіне кіруі мүмкін. Жұмыртқа ішінің зақымдалуына сыртынан жұмыртқа қабығының сыртқы қабықшасының бұзылуы, температураның өзгеруі және жұмыртқаның сулануы әсер етеді.

Slide 6

Құстардың жұқпалы емес аурулары кезіндегі жұмыртқаны ветеринариялық санитариялық сараптау. Құстың жұқпалы емес ауруларына витамин жетіспеушіліктері, уланулар және радиациямен зақымданулары жатады.

Құстардың уланулары азықта, суда, ауада әртүрлі токсикалық заттардың әсерінен сонымен қатар оларды сақтау, қолдану аясы бұзылғанда және әр түрлі улармен, пестицидтермен, гербицидтермен, улы өсімдіктермен, улы саңырауқұлақтармен зақымданғанда туындайды.

Сойғанға дейінгі және сойғаннан кейінгі диагностикасы удың мөлшеріне, түсу ұзақтығына, құстың төзімділігіне және т. б. байланысты.

Көбіне құстардың улануы фосфорорганикалық, хлорорганикалық, азотты пестицидтердің әсерінен болады.

Slide 7

Ветеринариялық - санитариялық сараптау. Мұндай жұмыртқаларды нан пісіру және кондитерлік өнеркәсіпте қолдануға рұқсат етіледі (тоқаш, сухариктер, печеньелер, сдоба) . Жұмыртқаларды уландырғыш заттардың белгілі мөлшері болған кезде ғана қолдануға болады (1 - кесте) .

Slide 8

1 - кесте. Жұмыртқаның қауіпсіздік көрсеткіштері.

Көрсеткіштер

Мүмкін мөлшері мг/кг, аспау керек

Ескерту

Токсиндік элементтер

0, 3

Қорғасын

0, 1

Кадмий

0, 01

Сынап

0, 02

Антибиотиктер

Левомицетин

Жіберілмейді

0, 01 бірл/г кем

Тетрациклин тобы

Жіберілмейді

0, 01 бірл/г кем

Стрептомицин

Жіберілмейді

0, 5 бірл/г кем

Бацитрацин

Жіберілмейді

0, 02 бірл/г кем

Пестицидтер

Гексахлорциклогексан

0, 1

ДДТ

0, 1

Радионуклидтер, Бк/кг

Цезий - 137

80

Стронций - 90

50

Slide 9

Жұмыртқа дәмді де нәрлі тағам. Жұмыртқаны адам организміне қажетті заттардың табиғи жиынтығы деп есептеуге болады, оның құрамында ақзат, майлар, көмірсулар, минералды заттар (кальций, фосфор, т. б. ) бар. Сонымен бірге жұмыртқа құрамында тіршілік үшін маңызы зор амин қышқылдарының барлық жиынтығы бар. Жұмыртқа ұзақ сақтауға келмейді. Қабығындағы тесіктерінен ауамен бірге микробтар еніп оны тез бұзады. Сонымен қатар құс жұқпалы, жұқпалы емес, инвазиялық аурулармен ауырған жағдайда да, оның жұмыртқасына әсер етеді. Жұмыртқаны ветеринариялық - санитариялық сараптаудың негізгі мақсаты - оған дұрыс санитариялық баға беру.

Slide 10

Назарларыңызға рақмет!


Ұқсас жұмыстар
Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы және жұқпалы емес аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау
Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы және жұқпалы емес аурулар кезіндегі ветеринариялық-санитариялық сараптау
Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы және жұқпалы емес аурулар мен патологиялық үрдістер кезіндегі ветеринариялық-санитариялық сараптау
Қоян сойыс өнімдерінің жұқпалы және жұқпалы емес аурулар кезіндегі ветеринариялық-санитариялық сараптамасы
Құс өнімдерінің қауіпсіздігі: жұқпалы және инвазиялық аурулар кезіндегі ветеринариялық-санитариялық қағидалар
Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы және жұқпасыз аурулар кезіндегі ветеринариялық-санитариялық сараптау
Құс өнімдерін инвазиялық және инфекциялық аурулар кезіндегі ветеринариялық-санитариялық сараптау
Инвазиялық аурулар кезінде сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау және бағалау
Инвазиялық аурулар кезіндегі сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау және шартты-патогенді микроорганизмдер тудыратын тағамдық токсикоинфекциялар мен ет және тағамдық өнімдердің зақымдану жолдары мен көздері
Инфекциялық және инвазиялық аурулар кезіндегі құс шаруашылығы өнімдерінің ветеринариялық-санитариялық сараптамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz