ВАХТАЛЫҚ ӘДІСПЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕГІН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжі ВАХТАЛЫҚ ӘДІСПЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕГІН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Орындаған:
Тексерген:


ВАХТАЛЫҚ ӘДІСПЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕГІН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
210-бап. Вахталық әдіспен жұмыс істеу ерекшеліктері
211-бап. Вахталық әдіспен жұмыс істеуге қойылатын шектеулер
212-бап. Вахтаның ұзақтығы
213-бап. Вахталық әдіспен жұмыс істеу кезінде жұмыс уақытын және тынығууақытын есепке алу

210-бап. Вахталық әдіспен жұмыс істеу ерекшеліктері
1. Вахталық әдіс, қызметкерлердің тұрақты тұратын жеріне күн сайын қайтып келуі қамтамасыз етіле алмайтын кезде, олардың тұрақты тұратын жерінен тысқары жерде еңбек процесін жүзеге асырудың ерекше нысаны болып табылады.
2. Жұмыс беруші вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлер жұмыс өндірісі объектісінде болған кезде оларды тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін тұрғын үймен, жұмыс орнына және одан кері жеткізіп салуды, сондай-ақ жұмыс орындау жағдайларымен және ауысымаралық демалыспен қамтамасыз етуге міндетті.
Жұмыс беруші қызметкердің жұмыс өндірісі объектісінде болу жағдайларын еңбек шартына, ұжымдық шартқа сәйкес қамтамасыз етеді.

211-бап. Вахталық әдіспен жұмыс істеуге қойылатын шектеулер
Вахталық әдіспен орындалатын жұмыстарға он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер, жүкті әйелдер, бірінші және екінші топтардағы мүгедектер жіберілмейді. Өзге қызметкерлер, егер мұндай жұмыстар медициналық қорытынды негізінде олардың денсаулығына қайшы келмесе, вахталық әдіспен орындалатын жұмыстарға тартылуы мүмкін.

212-бап. Вахтаның ұзақтығы
1. Объектіде жұмыс орындау уақытын және ауысымаралық тынығу уақытын қамтитын кезең вахта деп есептеледі.
2. Вахтаның ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.

213-бап. Вахталық әдіспен жұмыс істеу кезінде жұмыс уақытын және тынығууақытын есепке алу
1. Жұмыстың вахталық әдісі кезінде айлық, тоқсандық немесе өзге де неғұрлым ұзақ, бірақ бір жылдан аспайтын кезең ішіндегі жұмыс уақытының жиынтық есебі белгіленеді.
2. Есептік кезең жұмыс уақытын, демалыс уақытын, жұмыс беруші орналасқан жерден немесе жиналатын жерден жұмыс орнына дейінгі және одан кері қайту жолының уақытын қамтиды. Бұл ретте, есептік кезеңдегі жұмыс уақытының жалпы ұзақтығы осы Кодексте белгіленген нормалардан аспауға тиіс.
3. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын вахтааралық тынығу кезеңінде бөліп беруге жол берілмейді.
4. Жұмыс беруші вахталық әдіспен жұмыс істейтін әрбір қызметкердің жұмыс уақыты мен тынығу уақытының есебін ай бойынша және барлық есептік кезең бойынша жүргізуге міндетті.

Вахталық әдіспен істейтін жұмыс іссапар болып табылмайды. Ол Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 210-213 баптарында көрсетілген. Жалпыға қолданылатын ережелерді қоспағанда, оның ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің басқа нормаларына сәйкес жұмыс күнінің ұзақтығын сақтайтын, ерекше қызмет жағдайы бар жұмыс түрі. Вахталық әдісті іссапардан ажырату үшін мынадай өзгешеліктерді білу керек:

Вахталық әдісті іссапардан ажырату үшін мынадай өзгешеліктерді білу керек:
Іссапар
Вахталық әдіс
-әдеттегі жұмысынан уақытында шығу;
-тұрақты жұмысқа бару;
-арнайы бір тапсырылған қызметтік істі орын- дау;
-тұрақты еңбек қызметін атқару;
-нақты бір мерзімде қызметтік істі орындау;
-алдын ала белгіленген тұрақты жұмыс кезеңіне график бойынша бару;
-арнайы рәсімдеу (бұйрық, іссапар куәлігін беру және т. б. ) ;
-жолда болған уакыты үшін тарифтік мөлшерлемемен төлемді өтеу;
-іссапар уақытында орташа жалақыны сақтау;
-бекітілген тәртіпте вахталық әдіспен жұмысқа жалақы және қосымша төлем төлеу.
-іссапардың нәтижесі туралы жазбаша баянда- ма және алдын ала есеп беру
-арнайы рәсімдеуді керек етпейді.
-жазбаша баяндауды керек етпейді.

Вахталық әдіспен жұмыстың ұйымдастырылуын айқындайын нгізгі құжаттардын бірі ретінде «Вахталық әдіспен жұмыс жасау» туралы Ережелері саналады. Бұл құжаттың мазмұнына мыналар кіреді:
а) вахталық әдісті пайдалану керектігі туралы түсініктеме;
б) жұмысты ұйымдастыру тәртібі;
в) вахталық жұмыс аумағы;
г) еңбек, демалыс және жұмыс уақытын есептеу тәртібі;
д) еңбекақы, кепілдік және өтемақы төлеудің жүйесін анықтау;
е) әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар мен медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету тәртібі және т. б. көрсетіледі.

Есептік кезең жұмыс уақытын, демалыс уақытын, жұмыс беруші орналасқан немесе жиналатын жерден жұмыс орнына дейінгі жəне одан кері қайту жолының уақытын қамтиды.
Есептік кезең жұмыс уақытын, демалыс уақытын, жұмыс беруші орналасқан немесе жиналатын жерден жұмыс орнына дейінгі жəне одан кері қайту жолының уақытын қамтиды. Есептік кезең шегіне барлық тынығу уақыттары кіреді.
Оларды атап өтетін болсақ:
а) жұмыс уақыты және ауысым кезіндегі үзілістер;
б) күнделікті (кезекаралық) демалыс, апта сайынғы демалыс;
в) мереке күндеріндегі жұмыс;
г) вахтааралық тынығу.

Вахтааралық тынығу
Вахтааралық тынығу дегеніміз - арнайы есептеу бойынша қалыпты жұмыс уақыты ұзақтылығынан асатын жұмысқа байланысты есептік кезеңінде берілетін, қосымша демалыс күндері. Аталмыш демалыс вахталық әдіспен жұмысты реттеу ерекшеліктерінің бірі болып саналады және еңбекақы немесе тарифтік мөлшерлеме өлшемінде төленеді.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz