Жел эрозиясы



Алматы облысының экологиялық жағдайы
Орындаған: Хабиева Айнагүл
Тексерген: Керимкулова А.


Алматы облысы ол экономиканы жоғары деңгейде дамытуға әлеуетті ықпал ететін табиғи ресурстары бай аймақ. Алайда, тарихи қалыптасқан жалпы республикадағы сияқты, алматы облысында да табиғат пайдаланудың ресурстық - шикізаттық және бірдақылдық жүйесі, шаруашылық жүргізудің ұлттық дәстүрлерін, табиғи жағдайларын ескермей жүзеге асыру көптеген экологиялық проблемалардың туындауына әкеліп соқтырды.
Алматы облысының табиғи ортасы энергетика кәсіпорындарының, өндіруші және өңдеуші кәсіпорындардың, аграрлық кешеннің жоғары техногендік жүктемесін басынан өткеруде. Бірқатар аудандарда өте қолайсыз экологиялық жағдай қалыптасты. Осы жағдайдың ең қауіпті көрінісі - шөлдену, топырақ қабатының нашарлауы, су ресурстарының ластануы мен таусылуы, биологиялық әркелкіліктің бұзылуы мен қысқаруы.

Алматы облысының табиғи орта нашарлауы
Жел эрозиясы.
Алматы облысының шөлейт аудандарында желдің жиі соғуы нәтижесінде жел эрозиясы кеңінен орын алған. Жел эрозиясына ұшыраған жеті аудан анықталды. Панфилов алабындағы жыртылған учаскелерде жел және ирригациялық эрозия болуы мүмкін; тау сағасындағы Қаратал ауданы орташа және күшті жел эрозиясымен; Ақсу таулы - жазықты ауданында құмдауыт топырақты жел эрозиясы процесі және ирригациялық эрозия байқалады; Лепсі ұсақ - құмды жазықты ауданы орташа және күшті жел эрозиясына ұшыраған; Сасықкөл және Алакөл жазықты ауданындағы құм алаптары мен құмдауыт топырақ жел эрозиясына ұшыраған; үшарал аласа таулы - жоталы - жазықты ауданында орташа және қатты жел эрозиясы және таулы - жазықты Алакөл ауданында төменгі дәрежелі жел эрозиясы байқалады.

Су эрозиясы.
Іле алатауының таулы аймақтарындағы жазықтықта, Кеген және Нарынқолдағы тауаралық жазықтығында аумақтың едәуір беткейленіп, таратылуы әсіресе, Қарасай, Жамбыл, Еңбекшіқазақ және Кербұлақ аудандарының шаруашылықтарында әлеуетті қауіптілік байқалады. Жауын - шашын мен қамтылған және жартылай қамтылған аймақтардағы тәлімі жерлер, барлық тәлімі алқаптар 2-ден 12 градус аралықтарындағы таулы беткейлерде орналасқан алқаптар. Олар тез шайылып кетуге ыңғайлы болып келеді. Қарасай және Еңбекшіқазақ аудандарының шаруашылықтарында жыралы эрозия көрініс береді. Алматы облысының табиғи мал азғындық алқаптарына, әсіресе таулы беткейлерге орналасқан жайылымдықтарға эрозия үлкен нұқсан келтіреді. Ол шымның бұзылуының, жайылымдық шөптердің құнарлы бөлігінің жойылуының негізі болып табылады.

Ауаның ластануы.
Алматы облысының аумағы бойынша 2000 жылы атмосфераға зиянды заттардың қалдықтарын шығару 295, 5 мың тоннаны құрады. Соның ішінде оның көп бөлігі 128, 0 мың тоннасы автомобиль көлігінің зиянды қалдығы. Бұл жерде Алматы қаласында зиянды қалдықтардың осы түрі жалпы массаның 79 процентіне жуығын құрайтындығын айтып өткен жөн. Ал қалған аумақта бұл сандық көрсеткіш орташа есеппен 62, 8 процентті құрайды. Алайда жаз кезеңі мен жексенбі күндеріндегі автокөлік ағысы бұл көрсеткіштерді теңестіріп жібереді. Таулы белдеуде оңтүстікте елді мекеннің негізгі бөлігі орналасқан. Республикамыздағы бірқатар кәсіпорынның басын біріктіретін Алматы өндірісінің алыптары осында орын тепкен. Талғар, Қаскелең, Өтеген батыр және басқа үлкен-үлкен елді мекендерде халыққа қажет тауар өндіріледі. Оның ірі кәсіпорындары жеңіл және тамақ өнеркәсібі саласына қатысты. Айналаны ластаушы кәсіпорындардың арасында алдыңғы қатарда электр энергетика кәсіпорындары (ТЭЦ-1, ТЭЦ-2, АГРЭС) келеді. қатты заттар бойынша олардың шығаратын қалдығы 77 процентті, озат қышқылы бойынша - 89 процентті, күкірт тотығы бойынша (SO2) 88 процентті, көміртегі қышқылы бойынша 32 процентті құрайды. Темір жолдың электрлендірілмеуі маңызды проблемаларды туындатуда. Бұл көмір қышқылы қалдығының көп мөлшерде-15 процентке дейін, күкірт тотығы мен қатты заттарды тиісінше 2 және 3 процент шығаруға жол бергізуде.

Қала маңындағы аймақтардың табиғи жағдайы Алматы қаласына үлкен әсерін тигізуде. Республикадағы ең ірі қаланың ауа бассейні өте лас. Жыл бойына Алматы қаласы ауа бассейнінің шаңмен ластануы едәуір мөлшерді көрсетті: күллі жыл бойына орта мөлшердің 1, 5 -1, 9 есеге өсуі байқалып, ол 0, 23-0, 29 мг/м 3 деңгейіндегі ауытқуды көрсетті. Азот қышқылымен ластану барлық жыл бойына орта көрсеткіштен (0, 058-0, 098 мг/м 3), қазан айынан наурыз айына дейін көмір қышқылымен ластану орта көрсеткіштерден (3, 1-4. 5 мг/м 3) артық болды. Күкірт қышқылының орташа тәуліктік концентрациясы барлық айда орташа деңгейден асқан жоқ. Алматы қаласына жақын орналасқан елді мекендердің ауа бассейнінің ластануын зерттегенде SO 2, NO 2 қоспаларының жоғарғы екендігі, яғни орташа тәулік көрсеткіші1, 4-4, 7 есеге, бір мезеттегісі 1, 6-13, 0 есеге жоғары екендігі анықталды. Бір мезеттік шаңмен ластануы орташа көрсеткіштен (25, 3 %) және азот қышқылымен ластануы (31, 7 %) жоғары екендігі байқалды. Талғар және Есік қалаларында формальдегид пен азот қышқылының деңгейі орта тәуліктік көрсеткіштен едәуір жоғары, SO 2, NO 2 концентраттары 0, 2-1, 1 деңгейінде болды. Талдықорған қаласының атмосферасы шаңмен едәуір аз ластанған. Тексерілген уақыт кезеңінде орта тәуліктік концентрация орта есеппен 0, 09 мг/м 3- ты құрады, ол орташа көрсеткіштің 0, 6 проценті болады. Дегенмен тұрақты бақылау постыларының соңғы жылдары тексеру материалдының болмауы Талдықорған қаласының атмосферасының ауасына толық баға беруге мүмкіндік бермей отыр.

Атмосфералық ауаның ластану жағдайына, қаланың өнеркәсіптік кәсіпорынының селитебті белдеуінде зертханалық бақылау жүргізілді.
2010 жылмен салыстырғанда сынамаларда шектік асу (2010 ж. 4, 94 % -дан 2011 ж . - 2, 94 % -ға дейін) 2 % төмендеген.
Зиянды заттардың ШРЕК-тен асуы 2 нысанда былайша байқалды: Жетысу ауданындағы «Асфальтобетон» АҚ-да азот диоксиді бойынша 1, 06-2, 59 есе, «Полиграф комбинат» ЖШС Медеу ауданында азот диоксиді 1, 11 есе, қара күйе бойынша в 1, 46 есе.
Алматы облысында атмосфералық ауаның ластануы шешуін күткен шетін мәселесі күйінде қалып отыр. 2011жылы да қаланың ірі көлік жолының магистральдерінің ауа бассейніне зерттеу бойынша мониторинг інжүргізу жалғасуда. 2011жылы 2010 жылмен салыстырғанда шектік асу пайызының төмендеуі 3, 84 % (36 % -дан 32, 16 %-ға дейін) байқалуда.
Алматы облысында өкпе ауруларының өршуінің негізгі факторы болып табылады.

Судың ластануы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz