Экологиялық білім берудің негізгі ұстанымдары



Экологиялық білім
Орындаған: Экология мамандығының 1 курс магистранттары
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ География және табиғатты пайдалану факультеті Тұрақты даму жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасы

Экология проблемасы тек бүгін көтеріліп отырған жоқ. Олар ғасырлар бойы ғалымдардың зерттеу объектісінен түскен жоқ.
Адамзат баласына экологиялық тәрбие мен білім берудің маңыздылығы ІХ-ХV ғғ. ғұламалары Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, М. Қашқари, Қ. А. Иассауи, Қорқыт ата-бабалардан бастау алады.


Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында қоршаған ортаны ластауға, экологиялық қалыпты жағдайды бүлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлінгендіктен, оқушыларға экологиялық білім беріп, табиғатты қорғауға тәрбиелеу бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Экология - бүкіл адамзат баласының шалыс басқан әрбір іс-әрекетіне келешекте шек қоятын, оның тыныс - тіршілігіне тікелей атсалысатын ғылымның жаңа саласы. Ол қоршаған ортаны кесапат жағдайлардан, кейбір көлденең оқиғалардан сақтауға, табиғатпен арадағы тепе-теңдікті қалпына келтіруге бағытталған маңызды мемлекеттік және әлеуметтік шара.
ҚР «Қоршаған ортаны қорғау туралы» (73-74 баптар), ҚР «Білім туралы» заңдарында (3-бап) экологиялық білім мен тәрбие беру мемлекеттік саясаттың білім беру саласының негізі болып табылатыны атап көрсетілген.
Бүгінгі қоғам алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі - экологиялық мәселелер, табиғатты қорғау және табиғи байлықтарды үнемді пайдалану болғандықтан Республикада қоршаған ортаны қорғау үкіметіміздің саяси, экономикалық және әлеуметтік міндеттерінің негізі болып саналады.

Бүгінгі таңда шегіп отырған экологиялық зардаптар бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Қазақстандағы Арал, Балқаш проблемаларын, Семей полигонын және тағы басқаларды адам қолымен жасалған залалдар деп түсінуге болады. Көптеген ғалымдардың пікірі бойынша, табиғаттағы күрделі өзгерістерді болдырмау үшін экологияның адам психологиясындағы экологиялық мәдениетті дамытып, қалыптастырудан бастау қажет деген ұсыныстарды айтады.




Қазіргі таңда экологиялық дайындықтан өткен тәрбиешілердің, мұғалімдердің жеткіліксіз болуына және оқу құралдары мен бағдарламалардың болмауына байланысты 323 000 бала экологиялық тәрбие беру жүйесінен шет қалып отыр. 3 млн-нан аса оқушылар оқитын республика мекетептерінде экология сабақтары жүйелі түрде өткізілмейді.
Оқу процесінде пайдаланатын экология пәні бойынша оқулықтар мен оқу құралдары ескірген, қазіргі таңдағы Қазақстандағы экологиялық проблемалардың ерекшеліктерін көрсете алмайды. Осы күнге дейін елімізде экологиялық білім берудің біртұтас бағдарламасы және экологиялық арнайы мектептер, гимназиялар, лицейлер жоқ деп айтуга болады.

Экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің міндеттеріне табиғат туралы, оның тұтастығы және қоғаммен бірлігі хақындағы ғылыми негізделген білімді меңгеру, оған ықпал етуге байланысты туындайтын практикалық шараларды дәлелдеп орнықтыру, қоғам мен адам үшін табиғаттың құндылығы шексіз екенін ұғындыру, табиғи ортада дұрыс жүріп-тұрудың нормаларын сақтау, табиғат пен сырласа білу қабілетін дамыту, табиғат пен қайта түлеген ортаны жақсарту жөніндегі қызметті сауатты ұйымдастыру жатады. Міне, осы міндеттерді шешу жастардың экологиялық білімін арттырып, олардың табиғатқа деген қарым-қатынасын қалыптастыруға бағытталады.



Қазіргі кездегі жастар тәрбиесінің өзекті мәселелерінің бірі экологиялық білім мен тәрбие әлемдегі экологиялық деректерді ғылыми мағлұматтық білім мен тәрбие процесінде пайдалану мұғалімнің терең білімділігіне, педагогикалық шеберлігіне, жоғары мәдениеттілігіне байланысты. Ең басты міндеттердің бірі табиғатты қорғау мәселелері мен оқушыларды ғылым негізінде теориялық және практикалық біліммен қаруландыру. Бұл үшін экологиялық білімнің негізгі көздері химия, физика, биология, география, астрономия пәндері.
Экологиялық білім мен тәрбие беру қазіргі кезде барлық ғылымдар саласымен сабақтастықта әрекет ететін кешенді ғылымға айналуда.
Қоғамдық ой санада әлі күнге дейін табиғатқа қарым-қатынас, жаулап алу, бұзып қиратып пайдалану орын алып келеді. Сондықтан да жаңа ой-сананы, экологиялық білім беру концепциясына сүйене отырып дамуы қажет.


Осы орайда, елімізде жас өспірімдерге үздіксіз экологиялық білім беруді ұйымдастырудың бүгін күн тәртібіне қойылуы орынды. Оның өзіндік объективті және субъективті себептері бар. Олар:

Аталған проблемаларды шешу үшін экологиялық білім алу ауадай қажет. Мектеп, гимназия, колледждер және басқа да оқу мекемелері үздіксіз экологиялық білім берудің қайнар көзі және ұйымдастырушы ордасы болуы тиіс.
Экологиялық білім берудің негізгі ұстанымдары. Экологиялық білімді жүзеге асыруда білім беру аспектілерімен принциптерін сақтау керек. Ұстанымдар:
ғылымилық,
байланыстылық,
тепе-теңдік,
қызығушылық,
үздіксіздік,
жалғастырушылық,
интеграциялау,
көрнекілік,
қабылдаушылық
өлкелік



ҚОРЫТЫНДЫ
«Табиғаттың - әр беті терең мазмұнға толы бірегей кітап» - деген И. Гёте. Олай болса, мазмұнға толы табиғатымызды сақтап қалу экологиялық білімді талап етеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz