Педагогтың жалпы қасиеттері


Slide 1

МОӨЖ-2: «Педагог-болашақтың кәсібі»

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

География және табиғатты пайдалану факультеті

Тұрақты даму жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасы

Орындаған: «6М060800 - Экология» мамандығының 1 курс магистранттары

Тексерген: Касымова Р. С.

Slide 2

Бүкіл әлем бұл күнде тәлім-тәрбие қызметіне ең білгір, ең талантты, өте жауапкершіл педагог - мамандардың кажеттігін мойындап отыр. Себебі адам тағдырында мектептік кезеңі аса маңызды.

Балалардың өмірлік бастауында жетесіз педагог тұрса, одан келер шығынды өлшеп болмайды. Сондықтан да педагог білікті маман, өз ісінің шебері болуы керек.

Педагог әрқашанда өзін қоғам талабына сай үздіксіз тәрбиелеп отыратын, адамдармен, әсіресе, оқушылармен қарым-қатынасқа тез түсе білетін, ұйымдастырушылық қабілеті бар, өз пәнін жетік білетін әрі уағыздаушы, таланты мен тәжірибесі тоғысқан, өзінің қоғамындағы саяси өмірге белсенді араласып, өз елі жеріне деген сүйіспеншілігі негізінде оқушыларға үлгі болуы керек.

Slide 3

Педагог шебер болу үшін:

Өзінің мүмкіндіктерін жаңа формация мұғалімі ретінде объективті бағалай алуы керек;

Кәсіби мамандығына қажетті қабілеттерді меңгеруі тиіс;

Жалпы мәдениетті, интеллектуалды іс-әрекетті, мінез-құлық, қарым-қатынас мәдениетін меңгеруі тиіс;

Өтіп жатқан интеграциялық процестерге, әлемдік білім беру кеңістігі қарқынына бағыттала алуы тиіс.

Slide 4

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр» деген болатын.

Slide 5

Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологикалық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде.

Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың қазіргі жаңа технологиясын шебер терең меңгерген болғанда ғана білігі мен білімі жоғары, жетекші тұлға ретінде ұлағатты болып саналады.

Slide 6

Педагог іс-әрекеті білім саласында кәсіби міндеттерді шешуге бағдарланады. Шешім мақсатты айқындаудан, іс-әрекет мотивіне түрткі болудан басталады.

Мақсаттылық - іс-әрекеттің алғашқы кезеңі, екінші кезең іс-әрекет бағдарламасын жоспарлау, жобалау.

Іс-әрекет бағдарламасын құру үшін, қандай әрекеттер және қандай оқыту процесінің афференттік синтезінен өткізу қажет. Нәтижесінде әрекет бағдарламасы - педагог іс-әрекетінің моделі пайда болады.

Іс-әрекетін бағдарлау педагогтың интеллектуалдық қабілетіне байланысты, қандай білім мен іскерліктерді игерген, педагогтың кәсіби міндеттерін эвристикалық жолмен шеше алуы, оқыту технологияларын қаншалықты меңгергендігіне байланысты айқындалады. Іс-әрекеттің бұл кезеңі педагог құзыреттілігінен шешіледі .

Slide 7

Педагогикалық іс-әрекеттің дамуының жоғары деңгейі - педагог өзін-өзі дамыту механизмдерін қалыптастыруға мақсат қояды және оқушыларға өз қабілет-қарымы бойынша даму бағыттарын ұштайды.

Кәсіби оқытушы педагогының құзырлығы жоғары, әлеуметтік тұрғыдан жетілген, әдіс-тәсілдерді меңгерген, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өзін-өзі кәсіби жетілдіруге ұмтылған маман.

Мұғалім, Педагог мамандығы, зиялылар ішіндегі көп топтасқан мамандықтардың ірі тобына жатады.

Білім беру жүйесінде педагогтар мемлекеттік қызметкерлер болып табылады.

Педагог өз мамандығының сапасын, біліктілігін арттыруды психологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуі үлкен роль атқарады.

Педагогтың іс-әрекеті көбінде оның кәсіби шеберлігінің кеңістігіне қатысты, педагогикалық қарым-қатынас механизмдеріне, оқушылардың психологиялық ерекшеліктерінің табиғатына да байланысты.

Slide 8 Slide 9

Маман оқыту үрдісінің білім беру саласы, мәні, мағынасы және құрылымы туралы білім жүйесін білуі керек. Сондықтан осы бағытта педагогтың субъективтілік қасиеттерін құрылымдық көрсетілуімен тұлғалық сапалары қарастырылады.

Оқушылардың кәсіби дайындығының мақсаты - ғылыми-педагогикалық тапсырмаларды орындауға және кәсіби оқыту педагогы мен еңбек технологиялары мұғалімінің кәсіптік қызметінің қажетті функциялары мен түрлерін орындауға бейім маманды қалыптастыру болып табылады.

Slide 10

Арнайы

Объективтік (мұғалімнің ғылыми дайындығы)

Субъективтік (жеке мұғалімдік талант)

Тұлғалық

(адамгершілік - еріктік қасиеттер)

Алғаш рет педагогтың субъективтілік қасиеттерін құрылымдық көрсетуге әрекет жасаушының бірі П. Ф. Каптерев деп санауға болады. Ол объективті және субъективті қасиеттерді, факторларды бөліп, олардың жоғарыдан төмен дамуын (иерархиясын) ұйғарды. Жалпы алғанда, келесі түрде көрсетілуі мүмкін:

Педагогтың жалпы қасиеттері

Slide 11

Н. В. Кузьмина бойынша, субъектілік факторлар құрылымы мыналарды қамтиды:

табиғаттылық типін

қабілеттер деңгейі мен құзырлықты

Н. В. Кузьмина ұсынған, осы құрылымды педагогтың субъективтік қасиеттер құрылымымен салыстырудан көрініп отырғандай, онда қабілеттер блогы арнайы бөлінбеген және құзырлылық түсінігінің өзі біршама бөлек түсіндіріледі

Slide 12

Оларға келесідей құзырлықтар жатады:

Slide 13

Педагогтің аутопсихологиялық құзіреттілігі деп, оның өзінің іс-әрекетінің, өзінің жеке қабілеттерінің деңгейін білуін, кәсіби өзін-өзі жетілдіру әдіс-тәсілдерін білуін, өз жұмысындағы және өзінің жеке басындағы кемшіліктердің себебін көре алмауын, өзін-өзі жетілдіруге ынта білдіруін айтады.

Slide 14

Осы факторлық құрылымның үш негізгі құрастырушысы айқын:

А. К. Маркова бойынша, субъектілік қасиеттер құрылымы келесі сипаттама блоктарымен көрсетілуі мүмкін:

Объективтік сипаттамалар

Кәсіби, психологиялық, педагогикалық білімдер

Кәсіби іскерліктер

Субъективтік сипаттамалар

Кәсіби психологиялық позициялар, ұстанымдар

Тұлғалық ерекшеліктер

Субъектілік қасиеттер құрылымы

Slide 15 Slide 16

ЖОРАМАЛДАУШЫ- ГНОСТИКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕР

Педагогикалық мақсатты ұйғару

Педагогикалық ойлау

РЕФЛЕКСИВТІ-ПЕРЦЕПТИВТІ ҚАБІЛЕТТЕР

Педагогикалық рефлексия

Педагогикалық әдеп

Педагогикалық бағыттылық

Л. М. Митина өңдеп, дамытып отырған, «іс-әрекет- қарым-қатынас - тұлға» схемасының контексіндегі мұғалім тұлғасының моделі бес кәсіби маңызды сапаларға бөлінеді, олар педагогикалық қабілеттердің екі тобын айқындайды.

Мұғалім тұлғасының моделі

Slide 17

П. Ф. Каптерев көрсеткендей, педагогикалық іс-әрекеттің табысты болуының маңызды факторларының бірі мұғалімнің «тұлғалық сапалары» болып табылады. Мақсатқа ұмтылу, табандылық, еңбек сүйгіштік, қарапайымдылық, бақылампаздық сияқты сапалардың міндетті болуы аталынып өтіледі. Әсіресе, эмпатияға әзір болу маңызды, яғни оқушылардың психикалық күйлерін түсінуге, көңіл-күйге ортақтасуға әзір болу және әлеуметтік өзара әрекеттесуге қажеттілік маңызды.

Сондықтан, кәсіптік парыздылықты меңгерген педагог қана оқушылардың психикалық күйлерін жете түсініп, жәрдем көрсете алады. Осыған байланысты зерттеушілер тарапынан педагогикалық деонтологияға үлкен мән беріледі, оның көрінісінен мұғалімнің жалпы мәдениеті мен іс-әрекетінен жоғары кәсіпқойлығы байқалады.

Slide 18
Ұқсас жұмыстар
Мұғалім психологиясы
Мұғалімнің әлеуметтікПедагогикалық портреті
Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы мен өзіндік дамуы жайында
Кәсіби белсенділік
«Педагог-болашақтың кәсібі»
Педагогтың кәсіби өзін-өзі дамытуы
ПЕДАГОГТЫҢ ИМИДЖІ
МҰҒАЛІМНІҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫ
Педагогикалық әдеп
ЖОСПАР ИМИДЖ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ ИМИДЖІ ҰҒЫМЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz