Тіл білімі




Презентация қосу
Өнегелі өрісі кең ғалымдық жол
Жоспар:

І Кіріспе.
1.1. Жұмыстың жалпы сипаттамасы
1.2. Ғабдолла Қалиевтің өмірі (Хронологиялық кестеде)
ІІ Негізгі бөлім:
2.1. Ғабдолла Қалиевтің Тіл білімі саласына қосқан үлесі
2.2. Өнегелі өрісі кең ғалымдық жол
2.3. Диалектология саласына қосқан үлесі
2.4. Түркі диалектологиясында жаңа бағыт ретінде қабылданған еңбегі
2.5. Диалектілік аймақтық сөздікке қосқан үлесі
2.6. Қазақ әдеби тілінің сөздігіне қосқан үлесі
2.7. Шуақты өмір баспалдақтары (Қалиевтің жетекшілігімен дайындалған доктор, кандидаттар)
ІІІ Қорытынды
Қалиев
Ғабдолла
Қалиұлы
SMART МАҚСАТ:
Жұмыстың жалпы сипаттамасын құру;

Өнегелі өрісі кең ғалымдық жол туралы шолу;

Диалектология саласындағы еңбектерін қарастыру;
Шығармашылығымен толықтай танысу;

Өз қажетімізге жарар материалдар жинақтап, аудиотриямен
бөлісу.
1929 ж. 17.09. Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Үштөбе ауылында дүниеге
келген.
1945 ж ІІ дүниежүзілік соғысқа қатысқан.
1950 жылдан бері Абай атындағы ҚазҰПУ-да қызмет істейді.

1950 – 1954 жж Қазақ тілінің диалектілік ерекшеліктерін бірінші болып говорлық деңгейде
зерттеді.
1960 ж Студенттерге арнап қазақ тілінде диалектологияның тұңғыш оқу құралын
жазған.
1958 – 1961 жж Қазіргі қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі.
1972 – 1977 жж
1968 ж Қазақ КСР-інің үздігі.
1969, 1996, 2005 ж Диалектологиялық аймақтық сөздіктер жасауға қатысты.
1980 ж КСРО оқу-ағарту ісінің үздігі.
1985 ж “Қазақ говорларындағы диалектілік сөз тудыру” монографиясы түркі
диалектологиясында жаңа бағыт ретінде қабылданды.
1990 ж Ғалым, филология ғылымының докторы.

1992 ж Профессор болады.
1993 – 1998 жж Оқу-әдістемелік бірлестік бойынша проректор.
1993 – 2003 жж Жалпы тіл білімі және қазақ тілі тарихы кафедрасының меңгерушісі.
Көптеген медальдармен марапатталған.
2003 ж “Қазақстан ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін” белгісімен марапатталған.
2004 жылдан “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы бойынша шығарылып жатқан 15
бері томдық “Қазақ әдеби тілінің сөздігін” жасауға қатысып келеді.
2005 ж Университеттің жетекші ғалымы.

Ғабдолла Қалиевтың жетекшілігімен 12 ғылым кандидаты, 2 ғылым докторы дайындалды.
Еңбектері Қазақ говорлары жүйесін зерттеу
мәселелері. Монография, А., 1977;

Тіл білімі терминдерінің
түсіндірме сөздігі, А., 2005;

Русско-казахский словарь, 3 изд.,
А., 2005. Қазақ әдеби тілінің
сөздігі, А., 2005, 1 – 3-т., 2006 – 07.

Қазақ диалектологиясының
мәселелері 1960.

Қазақ тіліндегі сөзжасам
мәселелері, 2002.
Әдеби тіл мен говорлардың
жұрнақ арқылы сөз тудыру
деңгейіндегі жүйелік қарым-
қатынастары

Қазақ тіл говорларындағы сөз тудырушы, сөз түрлендіруші жұрнақтардың
қолданылу сипаты әр түрлі. Олардың қызметі әдеби тілде қалыптасқан
үлгінің аясында бола бермейді. Әдеби тіл жүйесінде сөз тудыру қызметі
нормаланған көптеген жұрнақтар говорларда басқаша қырынан көрінеді.
Жұрнақ арқылы сөз тудыру деңгейіндегі әдеби және диалектілік сипаттағы
тіл элементтері бір-бірімен іштей байланыса отырып, нәтижесінде
жергілікті жерге тән алуан құбылыстар тудырған. Жұрнақтардың
көмегімен туған диалектілік туындылар мынадай модельдерден тұрады.
Әдеби Әдеби Диалектілік
негіз қосымша туынды

Бірақ осы
Маңғыстау Арал жұрнақтардың
жоғарыдағыдай
говорында говорында сөздерге қосылып, сөз
тудыруы әдеби тілге тән
емес, яғни бұл арадағы
• шақырық «шақыру» • жаяушы «жаяу жолаушы» туынды сөздер
• қоймек «қой асығы» • наркеш «нар жинаушы» диалектілік сипатта.
• отырмақ «сауық кеш» • ырысқал «ырыс»
• сұрғаю «сұрлану»
• айырмақ «айырмашылық»
• үреген «үргіш»
• желгір «желгіш»;
-сыз жұрнағы арқылы туған татасыз
«қайғысыз», ниқаятсыз «өлшеусіз,
Диалектілік
есепсіз»
негіз

Диалектілік
-ты жұрнағы арқы туған пісентті
туынды «жинақы», шақатты «әлді, қуатты»,
ышықты «теңізде балықтың мол
жері» (Арал);
Әдеби
қосымша
-лан жұрнағы арқылы туған
азарлану «жәбірлену» (Жал., Қарм.);
кегеждену «кесірлену, қырсығу»
(Маң.); сабаттану «ылғалдану,
Келтірілген жұрнақтар өздерінің жалпы халықтық салқындау» (Арал)
мағынасын сақтай отырып, онда қолданылмайтын
жергілікті сөздер тудырып тұр.
Әдеби тілде кездеспейтін кейбір жұрнақтар әдеби
негіздерге қосылып, диалектілік сөздер тудырады. Мұндай
туындылардың қатарына
Әдеби негіз

-демел:
жүрдемел
-деш: кірдеші «жүрдек»
«кіріс», (ҚҚГ);
Диалектілік
қосымша -пайлы:
шанышпайлы
«ауруға қарсу
егу, шанышу»
-қос/қас арқылы (Арал);
туған сырқос,
сырқас «сырқат»
Диалектілік (Тем., Жұр.);
туынды мейманқос
–жал «меймандос»
арқылы (Ұзын.) және
туған төмендегі құранды
сұрамжал жұрнақтар арқылы
«сұранша туған сөздерді
қ» (Маң., жатқызуға болады:
ҚҚГ);
Диалектілі диалектілік диалектілік
к негіз қосымша туынды

кейку «айла, қулық» (Маң.); керку
Кейбір диалектілік 1) «бос сөз» (Сыр., Маң.), 2) «ақыл,
кеңес» (Ад., Бөр.);
туындылардың сөз
тудырушы негіздер де,
жұрнақтары да жеке алғанда
қазіргі әдеби тілде
шәпшөр «сандал сияқты аяқ киім»
кездеспейді. Олар қазіргі тіл (Чап.); шепшер: 1) тапочка (ТҚГ,
құбылыстарымен тек тарихи Маң.), 2) «көннен жасалған кебіс
тәрізді аяқ киім» (Маң.) түбірі шәп
тұрғыда байланысады. // шеп, ср. шепшік «сандал тәрізді
аяқ киім» (ТҚГ).
Қазақ говорларында сөз тудырушы жұрнақтардың мол қоры сақталған. Қолда бар
материалдарға қарағанда тек есім сөздер тудыратын жұрнақтардың саны варианттарын
қоспағанда 200-ден асады. Олардың көпшілігі жалпы халықтық тілде, әдеби тілде белгілі
болса, бірқатары тек жеке говорларда сақталып қалған.

Диалект есім сөздер тудыратын
жұрнақтар
Есімдер мен
Есімдерден есімдер Етістіктерден
етістіктерден
тудыратын есімдер тудыратын
есімдер тыдыратын
жұрнақтар жұрнақтар
жұрнақтар
Есімдерден есімдер тудыратын жұрнақтар

-айт (-ейт) -қос,-қас
Азғана сөздің (құмайт, шөлейт, суайт) құрамында
кездесетін -айт жұрнағы жайында қазақ тіліндегі Бұлар бірен-саран сөзде кездесетінн
зерттеулерде екі пікір бар. А.Ысқақов оны өнімсіз жұрнақтар, әдеби тілде оның
көмегімен туған селқос сөзін (селсоқ
есімдерден зат есім жасайтын жұрнақтардың
болып та айтылады) көрсетуге
қатарына қосса (159), Ә.Төлеуов зат есімдерден сын
болады.
есім жасайтын жұрнақ деп қарайды да кейде ондай Жұрнақтың диалектілік мағынасы.
сын есімдердің субстансивтенетінін ескертеді Сөз тудырушы негіздердің
(Ә.Төлеуов – 1975, 15). Говорларда -айт арқылы зат лексикалық мағынасы сай күй, қалып,
есімдер де, сын есімдер де жасалған. Заттық қасиет атауларын білдіреді:
мағынада: шоқайт «кебен, үйілген шөп» (Ырғ.); сырқос//сұрқос//сырқас «сырқат,
маңайт «маңай» (Қош.) т.б. Сындық мағынада: ауру» (Маңғ.,Жұр.,Тем»). Мейманқос
суқайт «суайт, өтірікші» (Шел.), ср. суқит, «меймандос» (Алм.,Жамб.).
суқиттану (Ырғ.).
-доз, -төз (-дыз)
-доз қосымшалы сөздер оңтүстік-батыс говорларда кездеседі. Диалектілік мағынасы. 1. Құрал-жабдық атауларын білдіреді: шайдоз
«құман, ақ құман» (Жуа., Мақт.); пайондоз//баяндоз «ені жіңішкелеу, ұзыншақ етіп тігілетін көрпеше» (ӨҚГ, Айдаров – 1975, 75);
кагандоз «күл алатын құрал» (сонда, 102); жөрметөз ине «кесте тігетін ілме біз», -төз тәж. духтан «тігу, тікпек» сөзінен (сонда, 65);
жуалдыз «тебен ине» (Тем., Жұр., Сыр., Қарм., Алм., Талды.), -дыз «тігу» мағынасындағы п. дохтән сөзінің осы шақ есімше тұлғасы
(Севортян – 1966, 179). 2. Сындық атауларды білдіреді: шандоз//шантоз «әсем, сұлу, керемет» (Жән., Қазт., Маң.). Кермиығым кербезім,
керіскендей шандозым (Махамбет, 98), ауыс. ақ шандоз «аққу» (Ад., Бөр.) Келтірілген сөздердің көбіне әсемдік өнер ұғымымен
байланыстылығына қарағанда, -доз, төз, -дыз иран тілдерінен ауысқан, негізі бір қосымшаның түрліше варианттары деуге болады. Ср.
пардоздау «елтіріні өңдеу, тазалау», тәж. пардоз//андоз «әшекей» (ӨҚГ, Айдаров – 1975, 89).

-дем, -лем
Көне түркі жазбаларында бұл жұрнақтың зат есім, сын есім тудырған (ДТС, 51). Көне түркі ескерткішеріндегі қосымшаларды
зерттеген А.Есенқұлов оның есім сөздерге де, етістіктерге де қосылатынын және адам аттары құрамында кездесетінін көрсетеді: ердем
«даңқты», түбірі ер, Өгдем (адам аты) өг «мақта» сөзінен (Есенқұлов, 155-156). Қазақ говорларында –дем есім сөздерге қосылып,
құрал жабдық, іс-әрекет, процесс нәтижесі т.б. атауларын білдіреді: жөндем ине «тебеннен кішірек іс тігетін ине» (Ад.,Бөр.,ТҚГ); өрлем
«өр», өрлем жер (Аман., Кег.); шидем «шым». Сабанмен шидемді аударады да, кес үй жасайды (Ад.,Бөр.); шидем «жабағы салып, сырып
тіккен күпі сияқты сырт киім» (Көкш.); қыстам «тың жердің екінші жылы айдалуы» (Ад.,Бөр.).
Ал Қошағашта айтылатын жарлам «жәрдем» сөзі жәрдем сөзінін дыбыстық өзгеріске түскен түрі боолуы мүмкін.
Есімдер мен етістіктерден есімдер тыдыратын жұрнақтар

-ғанақ (-қанақ) -қау (-кеу)

Кейбір оңтүстік-бастыс говорларында кездесетін өнімсіз Есім сөздер жасайтын бұл жұрнақтың сөз тудырушы
негіздері қазақ тілінде қазіргі кезде жеке қолданылмайды, ср.
жұрақ. Ф.А.Ганиев оның тегін -анақ жұрнағымен
әд. жал-қау, аң-қау, диал. қыл-қау, сел-кеу т.б. Бұл негіздер
байланысты деп жорамалдайды (Ф.А.Ганиев,123). тарихи етістік түбірлер болуы мүмкін.
Шындығында ол күрделі жұрнақ (-ға+нақ) болуы
Жұрнақтың диалектілік мағынасы. 1. Адамға және құрал-
мүмкін. Оның сөз тудырушы негіздері есім мен етістік
жабдыққа байланысты зат есімдер тудырады: сайғау
сөздер: боз+ғанақ «шөп атауы», чыр+ғанақ «тікенекті «белағаш үстіне салынатын жіңішке ағаштар» (Ад., Бөр.),
ағаш атауы», чыр «жырту,үзу, жұлу» (Севортян – Семей облысында салдау түрінде айтылады; қылқау «кекеш,
1966,305), оның нақты мағынасы қазір көмексіленіп, тұтықпа» (Маң.). 2. Сындық мағынадағы сөздер туғызады:
шырша, шырыш, шырпы, шырмауық сөздерінің еңкеу «еңіс, ылди» (Маң.), Оралда еңку; селкеу «селсоқ»
құрамында сақталған. (Абай, Шұб.); мыжғау «мылжың» (Абай, Шұб.); мыжу
етістігінен; әд. марғау кету тіркесіндегі марғау да осы
Жұрнақтың диалектикалық мағынасы: тұрмыстық жұрнақ арқылы жасалуы мүмкін. -қау, -ғау тарихи -қақ, -ғақ
заттар мен өсімдік атауларына байланысты: сатқанақ жұрнақтарымен тектес сияқты, ср. диал. сайғау және әд.
«нәрестеге арналған көрпешенің түрі» (ӨҚГ); бозғанақ сайғақ «зират басына қадалатын жалғыз ағаш», түбірі -сай-,
(ұсақ жапырақты аласа шөп» (Шалқар); чырғанақ ср. саяқ, некен-саяқ; диал. еңкеу және әд. еңкек, түбірі ең-,
ср. әд. еңіс еңкею.
«бұтағы тікенді, аса жуан емес, қатты ағаш» (Мер.).
Етістіктерден есімдер тудыратын жұрнақтар
-екеш(-егеш) -аған(-еген)

Етістік егіздерден есімдер жасайтын бұл Бұл жұрнақ –ған,-ген жұрнағымен тектес
жұрнақтың сөз тудыру жөнінде зерттеу (Севортян – 1966,310). Ождан айырмасы
еңбектерде кездеспейді. Зат есімге көптеген түркі тілдерінде тк екі
тіркесіп оған «қомсыну, кем тұту» вариантта кездеседі. Э.В.Севортян Абу-
сияқты, реңк мәнін тудыратын –екеш (- Хайяндағы калакан «қайта-қайта келгіш»
егеш) жұрнағының жөні бөлек, ол – қазақ тіліндегі алақан формаларын осы
«жұрнақ пен көмекші (шылау) сөз жұрнақтан шығарады (сонда, 320-322).
категориясы арасында тұрған форма», Соған қарағанда бұл жұрнақтардың бір
мысалы, бала екеш бала (Ысқақов, 169). кезде –ақан,-екен варианттары да болған
сияқты. С.Аманжолов бұл жұрнақты
Жұрнақтың диалектілік мағынасы: шығыс түркі тілдеріне тән («Қитаб аль-
1) сөздің лексикалық мәніне қатысты Адрак») есімшелік форма деп қарайды
сындық атау тудырады: жүрегеш (312). Қазақ тілі туралы зерттеулерде оны
«жүргіш»,ср.әд.күлегеш, 2) белгілі бір іс- кейбір салт етістіктермен бірге, көбінесе
әрекетке байланысты зат атауын сабақты етістіктерге қосылып, сын есім
тудырады; ілекеш «ойын аты». Әйкел жасайтын көрсетіледі: тебеген, қабаған,
деген ойынды кейде ілекеш деп те сүзеген,алаған, қашаған т.б.
атайды (Жанг.). (Ысқақов,188).
82.2Қаз-9
Қ 26
Қалиев Ғ.
Жалпы тіл білімі [Текст]: оқу құралы / Ғ. Қалиев, Ж. Қоңыратбаева. – Алматы. Абай
атындағы ҚазҰПУ, 2007. – 112 б. ISBN 9965-14-818-X : 280 тг.
ББК 81.2Қаз-9
1. Тіл білімі
ХР(85)

81.2Қаз-5
Қ 17
Қазақ тілінің аймақтық сөздігі / Құраст. Ғ.Қалиев, О.Нақысбеков, Ш.Сарыбаев, Ү.Үдербаев
және т.б. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2005. – 824 б.
ISBN 9965-17-261-7

81.2Қаз-43
Қ 26
Қалиев Ғ.
Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2005. – 440 б. – ISBN
9965-409-88-9.
81.2Қаз-3
Қ 26
Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә.
Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы: Оқулық. – Алматы: Сөздік-Словарь,
2006. – 264 б. - ISBN 9965-822-00-Х

81.2Қаз-9
Қ 26
Қалиев, Ғабдолла Қалиұлы
Жалпы тіл білімі. Студенттердің өз бетімен жұмыс істеуі үшін жетекші құрал. – Алматы: Абай
атындағы АлМУ, 2001. – 42 б
Тіл – Білімі – Оқулық

81.2(5Каз)-7я73
Қ 26
Қалиев Ғ., Боранбаева Г.
Қазақ әдеби тілінің тарихы (практикалық курс): Оқу құралы. – Алматы Ы.Алтынсарин
атындағы Қазақтың білім академиясының республикалық баспа кабинеті, 2001. – 274 бет. - ISBN
9965-08-016Х.
Қазақ әдебиеті – Қазақ тілі – Тарих – Оқу құралы
81.2(Қаз)-923
Қ 26
Қалиев Ғ.Қ., Қосымова Г.С.
Студенттердің диалектологиялық практикасын өткізуде пайдаланылатын көмекші құралы. -
Алматы. Абай атындағы АлМУ, 2001 – 29 б.
Диалектология – Көмекші оқу құралы – Этнолингвистика

81.2
Қ 17
Қалиев, Ғ.
Қазақ диалектологиясы [Text] : оқулық / Ғ. Қалиев, Ш. Сарыбаев. - Алматы: Ана тiлi, 1991. - 197
б. - ISBN 5-630-00008-Х : 2 т.

81.2Қаз
Қ 26
Қалиев, Ғ.
Қазақ диалектологиясы [Text] : оқулық / Ғ. Қалиев, Ш. Сарыбаев. - Алматы: Мектеп, 1967. - 174
б. - 490 т., 130 т.
81.2Қаз
Қ 26
Қалиев, Ғ.
Қазақ диалектологиясы [Text] : оқулық / Ғ. Қалиев, Ш. Сарыбаев. –
Толықт.,өңд. 2-ші рет басылуы. - Алматы : Мектеп, 1979. - 203 б. - 180 т., 150 т.

81.2Қаз
Қ 26
Қалиев, Ғ.
Қазақ диалектологиясы [Text] : оқулық / Ғ. Қалиев, Ш. Сарыбаев. - Алматы:
Ғалым, 2002. - 199 б. - ISBN 9965-07-201-9: 525 т.
1985 ж “Қазақ говорларындағы диалектілік сөз
тудыру” монографиясы түркі диалектологиясында
жаңа бағыт ретінде қабылданды.

Диалектілік сөз тудыру мәселесін зерттеуде басылып шыққан
диалектологиялық еңбектерден, сөздіктерден автордың көп жылдар бойы
жинаған материалдары, 1950-60 жылдардың ішінде өзі қатысқан ғылыми
диалектологиялық экспедициялардың материалдары пайдаланылды.
Зерттеу үстінде С.Аманжолов, Ж.Досқараев, Ш.Сарыбаев,
Ә.Нұрмағамбетов, Ж.Болатов, Т.Айдаров, С.Омарбеков, О.Нақысбеков,
Н.Жүнісов, т.б. еңбектеріндегі диалектілік материалдар өзінің ғылыми
құндылығымен, диалектілігімен авторға көп жеңілдік келтірді.
Бұл еңбек ЖОО-ң студенттеріне, аспиранттары мен оқытушыларына оқу
құралы ретінде ұсынылып отыр. Оны қазақ диалектологиясы, қазақ тілінің
лексикологиясы мен морфологиясы, тарихи грамматикасы мен әдеби тіл
тарихы курстарында және арнаулы курстар мен семинарларда пайдалануға
болады. Еңбек сонымен бірге тіл тарихы, диалектология мәселелерімен
шұғылданатын тіл мамандарына арналады.
Қазақ диалектологиясы
туралы
жазылған еңбектерден
фотоколлаж
Диалектология саласындағы қазақстандық ғалымдар
(фотоколлаж)

Құдайберген Жұбанов Сәрсен Аманжолов Ғайнетдин Мұсабаев Шора Сарыбаев Ғабдолла Қалиев

Нығмет Сауранбаев Оқас Нақысбеков Тұрап Айдаров Хасан Мұханбет-Кәрім Мереке Атабаева
«Адам есейген сайын өткен өміріне, жүріп өткен жолына, көрген-білгеніне
баға береді екен. Сондай кезеңдерде өзім жиі еске алып, тұлғасын өміріме
пір тұтатын аяулы ұстаздарымның бірі – Ғабдолла аға Қалиев. Ол кісінің
адамға үлгі болар қасиеттері жетерлік еді. Табиғат-Ана тұлғасына лайық
түр, ақыл, білім, білік, ұстамдылық, ұлағаттылық берген Ғабдолла
Қалиұлы шәкіртке деген ыстық-ықыласын қас-қабағымен-ақ жеткізетін.
Студент кезімізде ағайымыз дәріс оқитын «Қазақ әдеби тілінің тарихы»
пәні болатын күнді асыға күтетінбіз. Білімі телегей-теңіз ұстаз бізді өзіне
бар болмысымен баурайтын. Ұстазымыз ауызша болсын, жазбаша болсын
сауаттылыққа ерекше мән беретін. Сондықтан да Ғабдолла Қалиұлы екі-
үш сөйлемнен тұратын өтінішті жазудың өзінен сауаттылықты,
біліктілікті талап ететін. Ұстаз үшін ешқандай істе немқұрайлылық, ұсақ-
түйек деген әңгіме болмауы керек. Ұстаздың тағы бір ерекше қасиеті –
жоғары оқу орнына шәкірт қабылдауда, жастарды ғылымға тартуда,
қызметке қабылдауда рушылдыққа, тамыр-таныстыққа салынушылыққа
қарсы болатын, қайта неғұрлым қолы қысқа, мүмкіндігі төмен
қарапайым отбасынан шыққан жастарға қамқорлық жасауды ұстаздық,
әкелік борышым деп санайтын және оны ешуақытта ұрандап айтып, еске
салған емес.
Қазақ тілін дамытуда өз қолтаңбасы бар ұлағатты ұстаз тек тіл дамытуда
ғана емес, жоғары мектепті жетілдіру жүйесіне де өзіндік үлес қосқан жаңа
шыл ғалым еді»

Нұрша Алжанбайқызы Оразахынова
Назарларыңызға
рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Тіл біліміне кіріспе
Грек тіл білімі
Жалпылама тіл білімі
Тіл білімінің әр түрлі ғылым салаларымен байланысы
Жалпы тіл білімі тіл ғылымының зерттеу нысаны
ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
Тіл теориясы
Тіл білімінің салалары
XIX ғасырдағы салыстырмалы-тарихи тіл біліміне ғалымдардың қосқан үлесі
Салыстырмалы - тарихи тіл білімі, оның тіл білімін дамытудағы орны
Пәндер