Орта ғасырлық мәдениеттің аса көрнекті өкілі философ әрі ғалым - энциклопедист, Отырардан шыққан Әбу Насыр Мұхаммед ибн


Slide 1

Әбу Насыр Әл-Фараби әдебиет зерттеушісі

Slide 2

Әбу Насыр Әл-Фараби

Туған күні: 870 жыл

Туған жері: Отырар қаласы

Қайтыс болған күні: 950 жыл

Қайтыс болған жері: Сирия, Шам

Азаматтығы: Түркістан

Ғылыми аясы: Метафизика, Саяси философия, Логика, Ғылым, Этика.

Ғылыми дәрежесі: Екінші ұстаз

Ғылыми атағы: түркітанушы, ойшыл философ, математик

Ұстазы: Аристотель

Slide 3

Орта ғасырлық мәдениеттің аса көрнекті өкілі философ әрі ғалым-энциклопедист, Отырардан шыққан Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби ат-Түркі (870-950) болды [1, 154] .

Slide 4

[1, 155]

Slide 5

[1, 155-156]

Slide 6

Фараби - әдебиет теориясымен жан-жақты шұғылданған ғалым. Әдебиет теориясы бойынша көптеген зерттеулер жазған.

[1, 157]

Slide 7

[1, 157]

Slide 8

Әл-Фарабидің өлең табиғатын терең зерттеуші ғұлама ғалым ретінде танытатын шығармалардың бірі - «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат» болып табылады. Мұны Лондонда үнді диуаны кітапханасынан белгілі шығыстанушы ғалым Артур Арберри 1937 жылы тапқан болатын. Бұл зерттеу Аристотельдің «Поэтика» атты еңбегінің ықпалымен жазылған [1, 159] .

Slide 9

Фараби поэзияда екі түрлі құбылыс бар деп біледі.

(2, 70)

Slide 10

Әл-фараби грек поэзиясын төмендегідей топқа бөліп сипаттайды, олар:

(2, 72)

Slide 11

Трагедия дегеніміз - арнайы өлшемі бар, бәріне - тыңдаушыға һәм айтушыға да ләззат беретін поэзия түрі. Онда еліктеуге тұрарлық, үлгі алар орайлы оқиға бар: онда билеушілер мен шаһар манаптары марапатталады. Орындаушылар, әдетте, оны патшазадалар алдында келістіріп айтып береді. Егер патша өлсе, трагедияның орнына кейбір әуен қосып, марқұмды жоқтайды [2, 72] .

Трагедия - сахнаға арналып жазылатын әдеби шығармалардың, яғни драмалық жанрдың бір түрі. Трагедияның өзіндік жанрлық ерекшеліктері - өмірдегі шиеленіскен күрес-тартысты, бір-біріне қарама-қайшы күштердің ешбір ымыраға келмейтін, белдескен күресін, қақтығыс-таластарын зерттейді [3, 511] .

Бұл айтылған өлең формалары бүгінгі әдебиетке әбден орныққан әдеби жанрларға айналғаны мәлім. Алайда, Фарабидің айтуы бойынша, кезінде мұның бәрі өлеңнің түр-тұлғасы қызметін атқарған. Фараби грек поэзиясына тән осы өлең түрлерінің әрқайсысына өзінше анықтама береді.

Slide 12

Комедия - ерекше өзіндік өлшемі бар поэзия түрі. Оған кейіпсіз, келеңсіз жайлар арқау болып, жеке адам мінез-құлқының көлеңкелі көріністері шенеледі. Кейде адам мен хайуанға тән құлықтың, сонымен қатар сырты ұсқынсыз тұрпаттың нышандары келемежделеді [2, 73] .

Комедия - өмір құбылыстарының, мінез-құлықтың, іс-әрекеттің күлкілі жақтарын көрсету мақсатымен сахнаға лайықталып жазылған драмалық шығарма [3, 268] .

Slide 13

Драма - көркем шындықты ерекше тәсілдерімен шиеленіскен тартыстар желісіне жинақтап, оқиғаға қатысатын кейіпкерлер сөзі мен іс-қимылы арқылы көрсететін сөз өнерінің күрделі тегі. (3, 166)

Драма - алдыңғы түр сияқты, оған жеке есімдерге қатысты мақалдар мен қанатты сөздер кіреді. (2, 73)

Slide 14

Эпос - мейлінше көркем немесе әдеттен тыс эмоциялық күшімен ләззат беретін поэзия түрі. (2, 73)

Эпос - әдебиеттің бір саласы. Құрамына аңыз, ертегі, әңгіме, новелла, повесть, роман, эпик. поэма, эпопея жанрлары, сондай-ақ көркем очерктер кіреді. (3, 571)

Slide 15

Сатира дегеніміз - музыканттар ойлап тапқан поэзия түрі. Осы өлшемді олар әндеріне пайдаланып, сол арқылы жабайы хайуандарға әдеттегісіне ұқсамайтын сан алуан қимыл жасатады. (2, 73)

Сатира - өзі суреттеп отырған оқиғаны, құбылысты немесе кейіпкерді өткір сынға алып, әжуаға айналдыратын көркемдік бейнелеу тәсілі. (3, 458)

Slide 16

Поэма - сұлулық пен тұрпайылықты, жүйелік пен бейберекеттікті жырлайтын поэзия түрі. Осы орайда әр поэзияның түрі өзі жырлайтын затқа - сұлулық пен әдемілікке, келістілік пен ұсқынсыздыққа сәйкес келеді. (2, 73)

Поэма - эпостық жанрдың бір түрі; белгілі бір оқиғаны, адам тағдырын, заман шындығын эпикалық не лирикалық үлгідегі өлеңмен сипаттайтын көлемді поэтикалық шығарма. (3, 433)

Slide 17

Дифирамбы - трагедиядан екі есе артық өлшемі бар поэзия түрі. Онда да жалпы бекзаттар жайлы, марапаттарлық мінез, адамзатқа тән ізгі жайлар айтылады. Дифирамбыда да көбінесе қайсыбір патшаларды мақтауға талпынады, бірақ негізінен жалпы ізгі істер тілге тиек етіледі [2, 73] .

Ямб - ерекше өлшемі бар жыр түрі. Ондаға жалпыға мәлім жағымды, жағымсыз жайлар айтылады, ең бастысы, ол көпшілікке кеңінен аян болуы тиіс, мәселен, мақалдар. Жырдың бұл түрі тайталас бәсеке мен соғыста, ашу мен беймазалық үстінде қолданылады [2, 73] .

Slide 18

Диаграмма - заң шығарушылар қолданатын поэзия түрі. Онда адамдар жанын күтіп тұрған бақытсыздық бейнеленеді (егер ол бейәдеп һәм шектен шыққан болса) [2, 73] .

Эпика мен риторика - ежелгі басқару мен заң формаларын жырлайтын поэзия түрі. Мұнда патшалардың парасаты мен ерлігі, жорықтары мен бастан кешкен қызықты жәйттері айтылады [2, 73] .

Slide 19

Амфигеноссос - жаратылыс ғылымдарын баяндайтын оқымыстылар ойлап тапқан поэзия түрі. Поэзияның барлық түрінен өлең өнеріне дәл келетін ең сәттісі осы [2, 74] .

Акустика - шәкіртті музыка өнеріне үйрететін поэзия түрі. Оның пайдалылығы осымен шектеледі, өзгеге онша қажеті жоқ [2, 74] .

Slide 20

«Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат» атты осы шығармасында Фараби ақындарды үш топқа бөліп қарастырады әрі әрбір топқа өзінше сипаттама береді.

[2, 74]

Slide 21

Пайдаланылған әдебиеттер:

Н. Келімбетов. «Ежелгі дәуір әдебиеті», Атамұра, 2005

С. Мақпыров. Әдебиеттануға кіріспе, Алматы, 1991

3. Қазақ әдебиеті энциклопедиялық анықтамалық, Алматы, «Аруна», 2010

Slide 22

Тыңдағандарыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Әбу Насыр Әл-Фараби әдебиет зерттеушісі
Сырдарияның сол жағалауында Ақжар сайында, Отырардан солтүстік батысқа қарай
Ежелгі Мұсылман философиясы
ХІІІ ғ-ХУ ғ. бірінші жартысында қалалық мәдениеттің дамуы
Батыс пен Шығыстың ортағасырлық ғылымы
Батыс Еуропа философиясы
Ежелгі Шығыс философиясы тарихи философиялық процесте дербес өзіндік ерекшелігі бар бағыт
Араб мұсылман философиясы
Шығыс философиясы
Түркі дәуірінің ойшылдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz