Тритерпенді сапониндер
Презентация қосу
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Биология және Биотехнология факультеті
Пән: Дәрілік өсімдіктер
№ 10 ДӘРІС:
САПОНИНДЕР. САПОНИНДЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ
ТҮСНІК. ҚҰРАМЫНДА САПОНИНДЕР БАР
ӨСІМДКТЕР
Орындаған: Жалел М.
Қабылдаған: б.ғ.к., аға оқытушы
Тыныбеков Б. М.
Жоспар
• САПОНИНДЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСНІК.
• ҚҰРАМЫНДА СТЕРОИДТЫ САПОНИНДЕР БАР ӨСІМДКТЕР,
• ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ және ДӘРІЛІК ШИКІЗАТ
• Қолданылуы
– Реми медициналық
– Халық медицинасында
• ҚҰРАМЫНДА ТРИТЕРПЕНДІ САПОНИНДЕР БАР ӨСІМДІКТЕР
• ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ және ДӘРІЛІК ШИКІЗАТ
• Қолданылуы
– Реми медициналық
– Халық медицинасында
САПОНИНДЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСНІК
Сапониндер (лат. сөзі-Sapo-сабын) деп үлкен табиғи қосылыстар тобын
атайды. Сапониндер химиялық құрылысы жағынан гликозидтер болып
саналады. Олардың гемолитикалық қасиеті бар және салқын қандыларға улы.
Сапониндер суда оңай еритін түссіз зат. Сапониндердің судағы ерітіндісі
немесе шикізатты сілкіп бөліп алғанда күшті көбіктеніп кетеді, сол қасиетіне
байланысты оны XІX ғасырдың басында сапониндер дап атаған.
Сапониндер сұйытылған этанолда және метанолда (60-70%) суықта ериді,
ал концентрациясы жоғары (80-90%) спиртте тек қыздырғанда ериді,
салқындатқанда ол тұнбаға түседі. Сапониндер эфирде, хлороформда,
ацетонда, бензинде және да басқа органикалық еріткіштерде ерімейді.
Кейбір сапониндерде жоғарыда айтылған қасиеттердің бәріне ие емес.
Мысалы, кейбір сапониндер суда ерімейді, ал кейбіреулерінің гемолитикалық
белсенділігі жоқ.
Барлық сапониндер өзінің химиялық табиғаты жағынан гликозидтер, олар
агликондардан (сапогениндерден) және көмірсудан тұрады. Сапониндердің
негізгі белгісі болып сапогениндердің құрылысы саналады.
Сапониндерді өсімдік шикізатынан бөліп алу
Сапониндерді өсімдік шикізатынан бөліп алу келесі сатыларды қажет етеді:
1 – саты. Сапониндедің суммарлы фракциясын алу.
Әдете сапонинді полярлы еріткіштермен экстрагирлейді
- метанолмен немесе этаномен әр үрлі концентрацияда
- сумен
- 0,9% натрий хлоридінің қоспасымен
- аммиакың улы ерітіндісімен
2- саты. Бірлесіп жүретін заттардан тазарту:
- сапонинді фракцияларды (очищают переосаждением) тазартады
Сапониндердің қасиеттерінің көмегімен, концентрленген спитртерді
қыздырғанда жақсы ериді және суытқанда тұнбаға түседі.
Сапониндердің суда немее сулы спиртте ерімейтін тұздар барии
гидроксидімен, мырыш ацетатымен, холестеролмен, танидтерме, белоктармен
комплекстер түзу қасиеттері негіз болады.
Алынған тұздарды қышқылдармен, халестеролды комплекстерді бензолмен
немесе эфирмен халестиринді экстрагирлейді, танинді оксидті мырыш
суспензиясымен экстоакциялайды, белокты сапониндерді полустң органикалық
еріткіштермен.
- сапониндік фракцияларды гельфильтрация немесе хромотографиялық
әдістермен тазартады.
3 саты. Сапонин суммаларының жеке гликозитерге бөлінуі.
Сапониндер
А)
Стероидты сапониндер.
Химиялық құрылысы және қасиеті.
Стероидтар табиғи қосылыстардың үлкен тобын құрайды. Стероидты
сапогениндердің ерекшеліктері ол олардың С-16-да оттегілік қызметтің
болуы, ал кейде 1,2,5 және 12 жағдайында.
Стероидты сапониндердің жоғарғы спирттермен (мысалы,
холегтеринмен) комплексті қосылыстар түзуге мүмкіншілігі бар. Ол
комплексті қосылыстар суда ерімейді, бірақ та этанолда жақсы ериді.
Стероидты сапониндер өздерінің басқа қасиеттерімен тритерпенді
сапониндерден айырмашылығы жоқ деп айтуға болады. Сапониндерді
шикізаттан бөлгеннен кейін және олардың гидролизінен кейін
сапогениндердің стероидтық структурасын ИК-Спектроскопия әдісімен
дәлелдеуге болады.
Стероидты сапогениндердің 4 сіңіру аймағы немесе жолағы болады:
852, 900, 922 және 987см-1.
922 және 900 жолақтарының белсенділігінің айырмашылығы олардың
сапогениннің қандай қатарға - "нормалы, әдеттегі" немесе "изо-қатарға"
жататындығын көрсетеді.
ҚҰРАМЫНДА СТЕРОИДТЫ САПОНИНДЕР БАР
ӨСІМДКТЕР
Стероидты сапониндер Lіlіaceae, Amaryllіdaceae, Scrophularіaceae
тұқымдастары өкілдеріне тән. Совет ғалымдары олардың басқа
тұқымдастар өкілдерінде де болатындығын анықтады (мысалы, Fabaceae,
Ranunculaceae, Zygophyllaceae).
Стероидты сапониндер жылы қандыларға улы емес, ал салқын
қандыларды өлтіреді, мысалы, балықтарды. Сондықтан алғашқы адамдар
оны балық аулағанда пайдаланған.
Стероидты сапониндер стероидты гормондарды синтездеу үшін арзан
шикізат ретінде маңызы зор.
Dioscorea nipponica Makino - Диоскорея ниппонская
Dioscorea caucasіca Lіpsky - Диоскорея кавказская
Dioscorea deltoides Wall.- Диоскорея дельтовидная
Echіnopanax elatum Nakaі (Azulіacea) - Заманиха высокая
Yuca glorіosa L (Agavaceae) - юкка славная
Agava sisalana Perrino - Агаава сизаалевая
Echіnopanax elatum
Бұл өсімдіктердің біреуі де Қазақстанда кездеспейді. Dіoscorea туысының
жоғарыда келтірілген екі өкілі де және Echіnopanax elatum (заманиха высокая)
Россия территориясында Приморья аймағында кездеседі. Ал Yucca glorіosa
(юкка словна) негізінен Орталық Америкада өседі. Екпе өсімдік ретінде
Алжирде, Индияда және ТМД елдерінде (Кавказда) өсіріледі. Осы
өсімдіктерден Echіnopanax elatum Nakaі өсімдігінің ерекшеліктеріне тоқталып
өтейік.
Тұқымдас: Araliaceae - Аралиевые
Туыс: Echіnopanax - Заманиха
Түр: E. elatus Nakaі - Заманиха высокая
Биологиялық сипаттамасы.
Echіnopanax elatus - Заманиха высокая
бұта, биіктігі 1-1,5м, діңінде (стволы)
ұзын-ұзын ине тәрізді өскіншелері
болады. Жапырақтары ұзын сағақтарда 5-
7 қалақтан тұрады. Гүлдері ұсақ, көк-
жасыл, қарапайым жатырда, олар
сыпырғы тәрізді шашаққа жинақталған.
Жемістері - жидек тәрізді, қоңыр-қызыл.
Шілде (июль) айында гүлдейді, жемістері
қыркүйек (сентябрь) айында пісіп
жетіледі.
Жапырақтары доңгелек формалы
болуы мүмкін, 40 см дейін жетуі мүмкін.
Гүлдері қаты үлкен емес, жасыл түсті.
Жемісі шырынды және етті болып келеді.
Заманиха жазда гүлдей бастайды, күздің
басында жеміс береді.
Таралуы. Өсімдік таулы және орманды жерде тараған. Қиыр Шығыс,
Уссурия өлкесінде кездеседі. Бұта қырлы тасты жерлерде өседі. Приморск
өлкесінің эндемигі, Ресей және Приморск өлкесінің қызыл кітабына
енгізілген.
Химиялық құрамы.
Тамырсабақтары және тамырлары эфир майларына өте бай. Олардың
мөлшері 5%-ға жетуі мүмкін. Бірақ та олардың химиялық құрамы (яғни эфир
майларының) толық зерттелмеген. 1972 жылы сапониндердің белсенді
комплексі-эхиноксозидтер бөлініп алынды 7%-ға дейін.
Биохтмиялық құрамы: жапырақтарында, сабақтарында және
тамырсабақтарында 2,7 -5% эфир малары болады, ал оның құрамына
пирттер, альдигидтер, фенолдар, бос қышқылдар, лигнандар, алкалойдтар,
минералды затар. Ең көп мөлшерде эфир майлар тамырларда және
тамырсабақтарда табылған. Активті комплексін сапониндерден басқа
флавоноидты гликозидтер бар екендігі анықталды (0,9% ) және
кумариндер(табиғи күрделі ароматты органикалық лактондар.) (0,2%), қара
майлар (11 %) болатындығы анықталды.
Дәрілік шикізаты.
Тамырсабақтарын тамырларымен қазып алып (қыркүйек-қазан айларында),
бөлшектеп кесіп, 50-600С температурада кептіреді. Тамырсабақтарының
бөлшектері сүректеніп кеткен, ұзындығы 20-35 см, жуандығы 2 см
шамасында, цилиндр тәрізді.
Қолданылуы
Ресми медицинада
Көп жағдайда бұл өсімдіктің спиртті тұнбасы(настойка) қолданылады,
оны дәріханалардан алуға болады. Өзінің тонтзерлеуші қасиетімен тұнба
женьшенді тұнбаға парапар келеді: бұл өсімдіктер бұл өсімдіктер туысты
болып келеді және бір тұқымдасқа жатады.
Тұнбаны 3-4 апта, 30-40 тамшыдан, 2-3 рет күніне қабылдайды. Арада
бірнеше күн өткенсоң шаршаудың азаюы, жұмысқа қабілетінің артуы,
қозудың (раздрожительности) азаюы, ұйқының жақсаруы, өзін сергекті
сезіну белгілері көрінеді.
Қолданудың белгілерінің бірі әйелдерде болатын бір кезеңде, яғни
депрессия, ұйқының бұзылуы, жалпы шаршағыштық, апатия, көңіл-көйдің
тез өзгеруі. Дәрілік тұнбаны күнделікті қабылдау әйлдегі жалпы негативті
бейнені түздеуге және көңілкүйдің қалпына келуіне әсер етеді және т.б.
әсерлері көп.
Бұл өсімдіктен жасалған препараттарды еркектердегі жыныс жүйесінің
дисфункциясы кезінде қолданады. Көбінесе өсімдіктен жасалған
препараттарды қантты деабеттің алғашқы сатыларында қолдану өте
пайдалы, себебі, олар қанның құрамындағы қанттың мөлшерін төмендетуге
тез әсер етеді. Онымен қатар өсімдік зар айдағыш эффектісі бар және
бүйректегі, қуықтағы тастарды емдеуге және прафилактикаға қолданады.
Өсімдіктен жасалған препараттарды көбіне спортсмендерге қолдануға
қолайлы, оның көмегімен ұзақ физикалық және психикалық
нагрускалардың көп болғанда жұмысқа қабілеттігін арттырады, сонымен
қатар күшін қалпына келтіруге көмектеседі, қолайсыз ауарайына
бейімделуіне, климаттық зоналардың өзгеруінде қолданады.
Өсімдік тұнбасы орталық жүйке жүйесіне қоздырғыш әсер етеді,
рефлекторлы қызметті және моторлы активтілікті күшейтеді, жүрек
бұлшық етінің аплитудасын және тонусын күшейтеді, артериялық
қысымды жоғарылатады.
Халық медицинасында
Өсімдік тұнбасын өзбетімен жасау үшін: біріншіден -шикізатты
майдалайды, екіншіден - 70%-ды спиртпен құйады, үшіншіден – салынған
ыдыстың қақпағын тығыз жауып 2 аптаға жылыға, құрғақ жерге
тұндырып қояды. Мөлдір ашық-қоңыр сұйықтық алынады; 20-30
тамшыдан күніне екі реттен қобылдайды.
Басқа рецепт: майдаланылған тамырды сол сияқты спиртпен құйады,
бірақ 1:10, тұндыру уақыты сондай және дәл сондай жағдайда сақтайды,
содан кейін амақ алдында қабылдайды, 25 тамшыда 3 рет күніне, 1-2 ай.
Заманихадан жасалған дәрілер
Тұқымдас: Dioscoreaceae- Диоскорейные
Туыс: Dioscorea - Диоскореея
Түр: Dioscorea nipponica Makino - Диоскореея ниппонская
Биологиялық сипаттамасы. Көпжылдық
екі үйлі шөптесін лиана.
Тамырсабағы көлденең, 2 м ұзындыққа
дейін, диаметрі 3 см дейін, жұқа қатты
тамырларымен. Сабақтары шөптесін
өрмелегіш, жалаңаш. Жапырақтары
кезектесіп орналасқан, кеңланцетті, ұзын
болады 6-12 см. Гүлдері бір жынысты, майда,
ашық жасыл болып келеді. Тозаңдық гүлдер,
аталық өсімдікте дамиды, жартылай шатыр
гүлшоғырлы. Жатырлары аналық өсімдікте
дамиды, жай шашақ.
Таралуы. Dioscorea nipponica кең
жапырақты сирек кездесетін ормандарда
өседі, өзен аңғарларынның маңында өседі.
Ресей Федерациясында Хабаровск өлкесі
(оңтүстің аймағы), Приамурк өлкесі және
Амурск облысында (оңүстік – шығым)
кездеседі.
Химиялық құрамы және шикізаты.
Дәрілік шикі зат ретінде тамырсабақтары мен тамырлары пайдаланылады,
көбіне жабайы өсетін жіне культиверленетін өсімдіктерді. Вегетациялық
кезеңінде жиналады, сәуір басынан бастап күздің соңғы айына дейін,
топырақтан мұқият тазалайды, сабақ қалдықтарын, бөліктерге кесілген және
кептірілген. Шикізаттың жарамдық мерзімі 3 жыл.
Dioscorea nipponica тамырсабағының құрамында көпеген қосылыстар
болады, бірақта негізгі активті заттар – стероидты сапаниндер 8 %-ға дейін,
диосгенин түзілістері, оның ішінде ең батысы диосцин. Диосгенин негізгі
препараттарды дайындайтын бастапқы зат болуы мүмкін, яғни кортизон мен
прогестеронды.
Қолданылуы
Ресми медицинада.
Табиғи түрінде ресми медицинада қолданылмайды, ол арнайы
препараттар дайындауға жұмсалады – “Полиспонин” және “Диоспонин”. Бұл
өсімдіктен алынған препараттар атеросклероз, сондай-ақ церебральды және
коронарлы атеросклероз, оны бастапқы да және асқынған жағдайындада
қолдануға болады. Сонымен қатар ол препараттар гипертонияда және кейір
бауыр және өт қабы ауруларында өз қолданысын тапты. Осылайша өсімдік
тұнбасы созылмалы гастрит кезінде дәрігермен ұсынылады, сонымен қатар
асқазанның сөлді көп бөлуіне жағымды жанама әсер етеді.
Препараттарды қолданудың белгілеріне мыналарды жатқызуға да болады:
Жастық гормональды жетіспеушілік;
Жүректің ишемикалық ауруы;
Созылмалы қажу (шаршау немесе усталость);
Ұйқысыздық;
Ауыз ашуы және асқазанда ауыр сезіну, асқазан-ішек жолдарының
қабынуы;
Сәуле ауруы;
Семіздік;
Бауыр аурулары.
Халық медицинасында.
Егер дәріханаларда керекті препараттар жоқ болса, бірақ Dioscorea
nipponica тамырсабақтары және тамырлары болса, онда үй жағдайында
дәрілік тұнбасын және қайнатпасын дайындауға болады. Міні рецепті:
Қайнатпасын дайындау үшін 20 г құрғақ тамыр керек, оларды өте
майдалау қажет, содан кейін 200 мл қайнаған су құйу керек. Кейін сулы
баняда жарты сағат қайнату, суытып, бастапқы көлемге дейін азайту
(процедить и довести до первоначального объема). Қайнатпа 2 ас қасықтан
3-4 рет күніне тамақтан кейін қабылданады. Асқазанның сілемейлі
қабығының тітіркенуін болдырмаш үшін оны кисельмен немесе сүтпен
бірге ішу керек.
Тамырдың тұнбасын 70%-ды спиртте дайындайды. Тамырдың бір
көлемді бөлігін спирттің бес бөліндісімен құйу, 10 күн тұндыру, мезгіл-
мезгілмен шайқап тұру керек. (Затем массу процеживают. ), күніне үш
реттен 30-40 тамшыдан тамақ алдында қабылданады. Сонымен қатар
өсімдіктің жапырағынан және гүлінен тұнба жасауға болады. Бұл үшін 20г
шикізат алынады, 200 мл қайнаған су құяды және 15 минут сулы баняда
тұруы қажет. Тұнбаны суытады (и процеживают). 2 ас қасықтан 3-4 рет
күніне тамақтан кейін қолданады.
Диоскорееядан алынатын дәрілер
Тритерпенді сапониндер
Химиялық құрылысы және қасиеттері
Тритерпенді сапониндер пентациклді терпеноидтар болып саналады,
оларда изопренді құрылыстың бірлігі С5Н8 ол алты рет қайталанады. Соның
нәтижесінде формуласы С30Н48 қаңқалы қосылыс пайда болады. Ол
қосылыстар төрт типке бөлінеді:
(-амиринді; 2) (-амиринді; 3) Лупеолды; 4) фриделинді. Бірақ та
тетрациклді тритерпенді сапониндер, агликонда да кездеседі.
Пентациклді тритерпенді сапониндер (-амирин типіне жатады. (-амирин
негізі углеродты скелет олеанин.
Функциональды топтардан, гидроксильдіден басқа карбоксильді,
альдегидті, лактонды, эфирлі және карбонильді топтарда болуы мүмкін.
Тритерпенді сапониндер бейтарап немесе қышқыл қосылыстар болуы
мүмкін.
Қышқыл сапониндерден тұздар түзіледі. Ол тұздардың еритіндері бір
валентті және
Тритерпенді сапониндердің негізгі қасиеті эритроциттерді
гемоглобиндерді босатып (гемолиз) бұзуы - сапониннің эритроцит
мембранасы холестеринімен комплексін түзуіне байланысты. Бірақ та
сапониндердің бәрі бірдей гемолиз жасай алмайды; мысалы Glycyrrhіza (мия)
өсімдігінің сапониндерінің ондай қасиеттері жоқ.
Өсімдіктер дүниесінде пентациклді тритерпен сапониндері кеңінен
таралған. Әдебиеттегі мәліметтер бойынша, олар 70 тұқымдастар
өкілдеріне, әсіресе 150 туыстар өкілдеріне тән.
Тритерпенді туыстар саны Fabaceae, Sapotaceae, Caryophyllaceae,
Asteraceae, Aralіaceae, Prіmulaceae, Polygonaceae, Apіaceae, Lamіaceae және
т.б. тұқымдастарда көбірек.
Тритерпенді гликозидтер өсімдіктердің мүшелерінде болатындығына
қарай олар өсімдіктегі биохимиялық процестерге қатынасады деп айтуға
болады.
Кейбір мамандардың болжамы бойынша, мүмкін, тритерпенді сапониндер
өсімдік клеткасының өткізгіштігіне әсер етеді, ол олардың беттік
белсенділігіне байланысты. Сапониндердің белгілі концентрациялары
тұқымдардың өніп-өсуі жалпы өсімдіктің дамуын жылдамдататындығы
анықталды. Ал егер де сапониндердің концентрациясы шамадан тыс
жоғары болса, керісінше кешеуілдетеді.
Тритерпенді сапониндердің көп мөлшері өсімдіктердің жер асты
мүшелері - түйнектерде, тамырсабақтарда жинақталады. Олар клетка
шырынында еріген, олардың мөлшері 20%-ға (құрғақ массасынан) дейін
болуы мүмкін. Егер де өсімдік құрамында тритерпенді сапониндер өте мол
болса, онда оларды микроскоп арқылы клеткалардан түссіз, формасыз
кесектер (глыба) түрінде көруге болады.
Тритерпенді сапониндердің медицинадағы және халық
шаруашылығының әртүрлі саласындағы рөлінің артуына байланысты
олардың өсімдік (әсіресе өндірістік маңызы бар) құрамында болуын
тереңірек, кеңірек вегетациялық фазаларға және сыртқы факторлардың
әсеріне байланысты зерттеу өте қажет. Мұндай өсімдіктер қатарына
Glycyrrhіza және Aralіaceae, Caryophyllaceae, Cucurbіtaceae тұқымдастары
өкілдері жатады.
Тритерпенді сапониндердің және олар құрамында бар өсімдіктердің
фармакологиялық әсері спектрінің өте кең екендігіне байланысты олар
әртүрлі ауруларды емдеуге қолданылады. Ол туралы сол дәрілік
өсімдіктердің ерекшеліктері туралы айтылғанда толығырақ айтылады.
Өсімдік шикізатындағы тритерпенді сапониндерді анықтау үшін
негізінен химиялық әдістер қолданылады. Бірақ та тритерпенді
сапониндердің алуан түрлілігі оларда анықтауға болатын жалпы
химиялық әдіс табу мүмкін емес. Сондықтан да қазіргі кездегі
пайдаланып жүрген сандық және сапалық химиялық әдістер негізінен
жеке әдістер болып табылады. Олардың көмегімен нақты жеке
тритерпенді сапониндерді анықтауға болады. Қазіргі кезде кеңінен
физико-химиялық әдістер қолданылады.
ҚҰРАМЫНДА ТРИТЕРПЕНДІ САПОНИНДЕР БАР
ӨСІМДІКТЕР
Қызыл мия - Glyccyrrhyza glabra L. - солодка голая
Орал мия - Glyccyrrhyza uralensіs Fіsch - солодка уральская
Шашақты бозтікен - Aconthophyllum panіculatum Rgl. – колючелистник
метельчатый
Аққаңбақ - Aconthophyllum gyptophylloіdes Rgl. - колючелистник
качимовидный
Aconthophyllum glandulosum Bge. - колючелистник железистый
Сібір мекеті - Polygala sіbіrіca L. - Истод сибирский
Polygala tenuіfіlіa L. - Истод тонколистый – Қазақстанда кездеспейді
Көпжүйкелі шоқсары - Bupleyrum multіnerve DC - Володушка
многожильчатая
Көкшіл көкшегүл - Polemonіum coeruleum L. - Синюха голубая
Дала қырықбуыны - Equіsetum arvense L. - хвощ полевой
Aralіa mandshurіca Rupr - аралия маньчжурская – Қазақстанда кездеспейді
Биік оплонакс- Eleutherococcus senticosus (Rupr. & Maxim.) Maxim. -
Элеутерококк колючий
Көкшіл көкшегүл – Polemonіum coeruleum L. - синюха голубая
Тұқымдас: Бұршақ - Fabaceae – Бобовые
Туыс: Мия - Glyccyrrhyza - солодка
Түр: Қызыл м. - G. glabra L.- С. голая
Биологиялық сипаттамасы. Қызыл
мия - полиморфты түр, осы туыстың
басқа түрлері жемістері және
сабақтарымен ерекшеленеді.
G. glabra L - бұршақтары жалаңаш, 3-7
тұқымды, сабақтары жалаңаш немесе
шамалы түктенген, тікенектері жоқ.
Қызыл мия негізінен Дон және Волга
өзендері ағыстарының төменгі жағында,
Солтүстік және Шығыс Кавказда, Батыс
Қазақстанда, әсіресе өте көп Амудария
өзені бассейнінде Арал теңізіне дайін
кездеседі.
Миятамыр бұршақтары орақ тәрізді
иілген, тығыз шумаққа жиналған,
көптеген бездермен және безді
тікенекшелермен бүркелген.
Қызыл мия және миятамыр - көп жылдық шөптесін өсімдіктер
сабақтарының биіктігі әдетте 1м шамасында, кейде кейбір фитоценоздарда
2м-ге дейін болуы да мүмкін, жаздың соңына қарай сүректенеді.
Жер асты мүшелерінің жалпы массасы (көп басты тамырсабағы, жерасты
өркендері-столондары және топыраққа терең енетін тамырлары) жерүсті
мүшелерінің массасынан анағұрлым артық.
Жерасты мүшелері жақсы дамыған, олар жер астында күрделі тамырлар
және өркендер, тік және көлденең столондар жүйесін түзеді.
Көп жағдайда тамыр жүйесі былайша болады: көпжылдық өсімдік сабағы
жер бетінен бірден тік өркенге ауысады, ол әдетте топырақтың 30-40 см
қабатында негізгі тік тамырға ауысады. Ал ол негізгі тамыр топыраққа терең
еніп, төменгі жақтарында тармақталады.
Таралуы: қызыл мия Россияның Еуропалық бөлігі, кавказ, Орта Азия,
Батыс Сібір, Иран, Афганистан, Монғолия, Қытайда кездеседі. Қазақстанда
мия едәуір жиі Орал, Сырдария, Іле өзендерінің алқаптарында Шу өзенінің
төменгі сағасында молынана кездеседі.
Химиялық құрамы.
Тамырында, тамырсабағында (столонында) сапонин глицирризин болады.
Глицирризин глицирризин қышқылының калий және кальций тұздары болып
табылады.
Глицирризин қышқылының агликоны болып бір негізді (30-СООН) өзіне
тиісті кето тобымен (С-11) глициррегин қышқылы саналады. Қант бөлігі
болып 2 молекулалы глюкурон қышқылы саналады.
Тамырларда және тамырсабақтарда глицирризин қышқылының мөлшері 8%-дан
24% дейін болуы мүмкін. Мияның екі түрі де бұл жағынан бірдей. Экологиялық
жағдайы, фитоценоз типі қандай географиялық район екендігі және вегетациялық
фазасы көбірек әсер етеді.
Биологиялық белсенді заттардың басқа маңызды тобы болып флавоноидтар
саналады. Олардың мөлшері 3-4% шамасында болуы мүмкін.
Мия тамырында моно- және дисахаридтер өте көп болады. Олардың жалпы
мөлшері 20%-ға жетуі мүмкін. Тамырда сонымен бірге пектинді (4-6%) және
қарамайлы (2-4%) заттар, липидтер (3-4%), ащы заттар (2-4%), эфир майларының
іздері болады. Қорлық заттардан тамырда крахмал (6-34%), өсімдік белоктары (10%)
болуы мүмкін.
Сонымен қатар тамырдың сапасының өндірістік көрсеткіші болып экстрактивтік
заттар яғни суда еритін барлық заттардың жиынтығы болып саналады. Суда еритін
экстрактивті (сығынды) заттардың мөлшері 40%-ға жетуі мүмкін.
Жер үсті мүшелерінде глицирризин қышқылы болмайды. Жер үсті мүшелерінде
басқа тритерпенді сапониндер болады, сонымен бірге оларда флавоноидты
қосылыстар болады.
Дәрілік шикізаты.
Мия тамырын өндірістік дайындау негізінен Амудария бассейнінде жүргізіледі.
Орташа жыл сайын мұнда 8000 тонна құрғақ тамыр (ылғалдылығы 12%)
дайындалады. Бұл массаның 90% Түркіменстанға, қалғаны Өзбекстанға,
Қазақстанға тиісті. Дайындау орталығы Түркменстан қаласы Чирджоу болып
саналады. Ол қалада мия зауыты бар. Қазақстанда да Орал қаласында да мия зауыты
бар.
Қызыл мия тамырлары және тамырсабақтарының сырты қоңыр немесе сұр-
қоңыр, ал миятамырда - қызыл-қоңыр. Сындырғанда ашық-сары, талшықты.
Иісі жоқ; дәмі өте тәтті, шамалы болса да тітіркендіретін дәм.Мияның дәмі
және сыртқы белгілері өте белгілі, сондықтан шикізатты диагноздағанда өте
сирек микроскопты пайдаланады. Өркендерін көлденең кесіндісінде өзектің
болуымен анықтайды, тамырында сүректің сәуле тәрізді екендігімен
анықтайды. Мияның түрін сорғызып алынған затын хроматография жасау
арқылы анықтайды. Қызыл мияның тамырында бір дақ (пятно) (глицирризин
қышқылы), миятамырдың тамырында екі дақ (глицирризин және
ураленоглюкурин қышқылы).
Қолданылуы
Ресми медицинасында
Мия тамырынан сығындылар (қою және құрғақ) және бір қатар
препараттары (сироп, эликсир және т.б.) өндіріледі. Тамырдың өзі де
(тазаланған) кесілген түрінде және ұнтақ (порошок) күйінде пайдаланылады.
Мия препараттары қақырық түсіруші және тыныс алу жолдары ауырғанда
жұмсартқыш ретінде, іш қатпа болғанда сүргі (ішті айдайтын) ретінде
пайдаланылады.
ССРО ғалымдары И.А.Муравьева, В.С.Соколов, К.З.Закиров, В.И.Литвенка
және т.б. мияның химиялық құрамын және биологиялық әсерін зерттеулерінің
нәтижесінде мияның құрамындағы заттардың жаңа қасиеттері анықталып,
әртүрлі фармакологиялық әсерлері бар бірқатар препараттар алынды.
Миядан алынған емдік қасиеті бар өндірісте игерілген негізгі препарат
глицирам және глициренат. Глицирам - тыныс демікпесі (астма бронхиальная),
бүйрек безі қабық заттарының қызметі нашарлағанда, экзема, аллергиялық
дерматит және т.б. ауруларды емдеу үшін қолданылады. Глициренат -
глицеррегин қышқылының натрий тұзы-трихомонадты кольпитті емдеуге
қолданылады. Мияның екі түрі де әртүрлі сапонинді флавоноидты препараттар
алуға пайдаланылады.
Халық медицинасында
Мия тамыры халық шаруашылығының әртүрлі саласында кеңінен
қолданылады: темекі өндіруде, тамақ өнеркәсібінде, пиво, квас, көпіргіш сулар
өндіруде, кондитер өндірісі, металлургия өндірісінде т.б. жерлерде кеңінен
қолданылады.
Рецепт. Ұнтақталған тамырдан екі қасық алып жарты литр суға салып 10 мин
қайнатады кейән 2 сағатқа тұндырып қояды; күніне 3-4 рет 2 қасықтан; оны бір
айбойы қабылдауға болады. Бір апталық демалыстан кейін қайта емделуді
жалғастыруға болады.
Асқазан жарасын және онекіелі ішектің ауруларын өсімдіктің шикі тамырын
пайдалану арқылы эффективті жазуға болады. Бұл үшін 100 г майдаланған
тамырға 40 пайыздық спирт (арақ) құйып 14 күндей тұндыру керек, кейіннен
фильтірлеп алып және соковижималкада тамырдың сығындысын алу керек,
алынған сұйықтықты тұндырмамен қосу керек. жарты стакан суға 5-10 мл дан
қосып ас ішер алдында жартыы сағат бұрын ішу керек. Емделу мерзімі – 60
күн.
Қызыл миядан алынатын дәрілер
Тұқымдас: Тарандар - Polygonaceae - гречишные
Туыс: Мекет - Polygala – Истод
Түр: Сібір м. - P. sіbіrіca L. - И. сибирский
Биологиялық сипаттамасы.
Көпжылдық шөптесін өсімдік,
кіндік тамырлы, көптеген
жіңішке сабақтары бар. Гүлдері
зигоморфты, бүйірлік, тығыз
емес, бір жақты шашақты
гүлшоғына жиналған.
Тостағаншасы қысқа 3 түзу-
ланцет тәрізді жапырақшалардан
және 2 ішкі ірі, көк-жасыл
шеттері ақ жапырақшадан
тұрады. Күлтелері күлгін немесе
көк, 3 төменгі жағы бірігіп
кеткен жапырақшадан олардың 2
бүйірліктері ірі, төменгісі -
қайық тәрізді. Жемісі - дөңгелек
қорапша тәрізді.
Таралуы: Сібір мекеті Батыс және Шығыс Сібірде орманды дала және
дала аймақтарында, Алыс Шығыстың оңтүстігінде, Кавказда кездеседі.
Қазақстанда негізінен Солтүстік Қазақстанда, Алтайда құрғақ тасты
беткейлерде өседі.
Химиялық құрамы.
Тамырларында тритерпенді сапониндер шамамен 1% және одан да
көбірек болады. Өркендерде де сапониндер болады.
Сонымен қатар өсімдіктің тамырында агликон ретінде фемольды
гликозид метилсалицилатпен, жүзім қанты, спирт-полигалит, валериян
қышқылы, салилицилді метилді эфир, дубльды заттар, сондай-ақ майлар
және шайыр.
Дәрілік шикізаты.
Тамыры кіндік тамырлы ұзындығы 10-15 см, жуандығы немесе диаметрі
1 см, иректелген, аз тармақталған. Жоғарғы жағында тамыр тамырсабаққа
ауысады. Тамырсабақ бірнеше ұзын тік бұтақтардан тұрады.
Тамырсабақтар бұтақтарының сырты және тамырлардың өтпелі бөліктері
көлденең қатпарлы, ал тамырлардың өздері ұзынынан қатпарлы. Сырт жағы
сарғыш-сұр, сындырғанда бірдей ақшыл. Иісі жоқ, дәмі тәттілеу
тітіркендіретіндей.
Қолданылуы
Ресми медицинасында
Polygala sіbіrіca L өсімдігінің тамырларының судағы қайнатпалары бұрынғы
кездерде созылмалы (хронический) бронхитпен ауырғанда қақырық түсіретін
дәрі ретінде ұсынылған. Қазіргі кезде ол пайдаланылмайды.
Бұл өсімдіктен дайындалған препараттар қақарық шығарғыш ретінде -
өкпенің өткір және созылмалы аурулары және жоғарғы тыныс алу
жолдарының – бронхит, ларингит, өкпе абсцестте, бронхиальы астмада
қолданады.
Polygala sіbіrіca жөтел ауруында, бронхитте, ұйқысыздықта, имфантильды
судргыда, амнезияда, импотенцияда және т.б. қолданады.
- өсімдіктің жапырақтарын «сперматорея» емдеуге қолданады, сонымен қатар
бүйректе тас болғанда қолданылады.
- бұл өсімдіктен жасалған препараттар қан қысымын төмендетеді. Ол тағыда
ауруды басқыш және тыныштандырғыш ретіндеде қолданылады.
Қақырық шығарады
Қорғаныштық
Жұмсартқыш (мягчительным)
Қабынуға қарсы
Диабетке қарсы
Антисклероздық
Жара жазғыштық
Қалпына келтіруші
Халық медицинасында
Тұнбасы (трахеитте, ларенгитте, фаренгитте, өкпе абцисінде,
бронхиальды астмада, бронхитте, өкпе қабынуында): осы өсімдіктің
құрғақ тамырының майдаланған ұнтағынана 1 шай қасығына қайнатылған
суық судан екі стакан құйылады да 4 сағат ұндырады, сосын сүзбеден
өткізеді. Ас ішер алдында жарты сағат бұрын күніне 3-4 рет жарты стакан
ішу керек.
Қайнатпасы (бронхитте, бронхиальды астмада, импотенцияда): 8 г
ұнтақталған құрғақ тамырды бір стакан қайнаған су құйып және 15-20
минут жай отта қайнату керек. Содан кейін суытып сүзбелеу керек. 1 ас
қасықтан 3-4 рет күніне а ішер алдында ішу қажет.
Жапрақтарынан тұнбасы (жыныстық әлсіздікте, поллюцияда, ес
жоғалтуда және жалпы қалпына келтіруші ретінде): 1 ас қаық құрғақ
жапырақтарды 200 мл қайнаған суда қайнату және толықтай суығанша
тұндыру, кейін сүзбелеу. 1 ас қасықтан 3-4 рет күніне қабылданады.
Тұқымдас: Көкшегүлдер - Polemonіaceae - Синюховые
Туыс: көкшегүл - Polemonіum - синюха
Түр: Көкшіл к. – P. coeruleum L. - с. голубая
Биологиялық сипаттамасы.
Көпжылдық шөптесін өсімдік биіктігі 35-
120 см. Көкшіл көкшегүлдің қысқа қиғаш
өскен тамырсабағы болады.
Тамырсабағынан көптеген ұзын, жіңішке,
ақшыл қосалқы тамырлары бастама алады.
Бірінші жылы тамырға жақын орналасқан
(розетка) жапырақтары ғана дамиды.
Екінші жылдан бастап гүлдейді және
жеміс береді. Гүлдері сыпырғы тәрізді
гүлшоғына жинақталған. Жемісі - 3
жармалы, дөңгелек қорапша көп
тұқымдарымен. Маусым-шілде айларында
гүлдейді.
Таралуы:ТМД елдерінің Европалық
бөлігінде және Сібірде Енисейге дейін
шөптесін өсімдіктер қауымдарында,
ормандардағы ашық алаңдарда,
бұталардың араларында, өзен
жағалауларында өседі.
Қазақстанда Солтүстік Қазақстан және Алтайда аңғарлардағы
шабындықтарда және өзендер жағалауларында кездеседі.
Химиялық құрамы.
Өсімдіктің барлық мүшелерінде тритерпенді сапониндер болады.
Әсіресе тамырсабағы және тамырында олар көп мөлшерде болады, екінші
жылы 20%-ға жетеді. Сапониндер құрылысы әлі толық анықталмаған.
Қазіргі кезде белгілісі оларда қанттар D-Галактоза және L-арабиноза.
Көкшіл көкшегүлдің сапониндерінің гемолитикалық белсенділігі өте
жоғары - тамырлар және тамырсабақтар үшін индексі 11000; ал
өркендерінің индексі 1000 шамасында, тұқымында 3000.
Көкшіл көкшегүлдің жерасты мүшелерінде сапониндерден басқа
смолалы заттар (1%), липидтер, органикалық қышқылдар, крахмал болады.
Дәрілік шикізаты.
Әдетте екінші жылдың күзінде тамырсабақтары тамырларымен
жиналады. Сабақтарын кесіп, жуып топырақтан тазартып, ірі
тамырсабақтарын ұзынынан кесіп екіге бөледі. Сосын күнге немесе жылы
жерде кептіреді.
Стандартқа сәйкес шикізат тамырсабақтар ұзындығы 3 см көптеген ұзын
жіпке ұқсаған тамырларымен ұзындықтары 15 см дейін. Тамырлардың
және тамырсабақтардың түрлері ақшыл, ақшыл-қоңыр, иісі жоқ, дәмі
тітіркендіретін.
Қолданылуы
Ресми медицинасында
Құрғақ өсімдік шикізаты. Өсімдіктің тамыр және тамырсабақтары
арнайы қапшықтарда 25, 50, 100, 250, г – дан болуы мүмкін. Көп жағдайда
гүлдерін және жапырақтарын дәрілік шикізат ретінде қолданбайды, себебі
олардың әсер етуі өте төмен. Нұсқаунда фармакалогиялық іс-шаралар
көрсетілген – қақырық шығарушы және тыныштандырғыш.
Спиртті тұнбасы. Бұл препаратты тек фитодәріханаларда табуға болады,
себебі ол ББҚ-ға жатады, ол дәрі ретінде бекітілмеген. Қолданудың негізгі
белгілеріне – тыныс алу мүшелерінің және нервтердің қажуында қолданады.
Сироп. Препарат құрамында – өсімдіктің сулы экстраты, верск және
витамин В6. флаконда 150 мл, жарамдық мерзімі – 2 жыл. Бұлда ББҚ-ға
жатады. Сиропты 1-2 ас қасықтан, күннің екінше бөлігінде пайдалану
дұрыс. Емделу курсының ұзақтығы – 4-6 апта. Мұндай терапияны 4 рет
жылына өткізуге болады.
Халық медицинасында
Өсімдік қан тамырларды минералды және майы қалдықтардан тазалайды.
Оның тамаша емдік қаиеті жөтел және тыныс жолдарының аурулары кезінде
айқын байқалады. Туберкулез кезінде қақырық шығаруға, қанды қақырықты
тоқтатуға және т.б. маңызды әсерлерін тигізеді. Өсімдіктің тұнбасын
ұйқысыздықта, депрессияда, бас ауруда, шошынғанда т.б. жағдайда
қолданадын.
Қайнатпасы. Алдымен өсімдіктің тамырын майдалап алу керек, кейін
оны фарфорлы немесе тат баспайтын эмальденген құтыға салып және бөлме
температурасындағы сумен құйу керек, 200 мл суға 6 г өсімдік. Содан кейін
құтының қақпағын жауып сулы баняда 30 мин қыздыру қажет, суытып және
сүзгіден өткізу керек. Қайнатпа 3 күн бойы сақталады, қаранғы бөлмеде.
Ісіктерде , онекіелі ішектің және асқазанның ауруларында
қолданылатын қайнатпасы. Ол үшін екі ас қасық өсімдіктің майдаланған
тамырынан алып және бір стакан қайнаған су құйу керек, содан кейін 15
мин аралығында сулы баняда қайнату керек. Бір сағаттай тұнуына уақыт
береміз, ал сосын сүзуге болады. Қайнатпаны бір ас қасықтан тамақтан
кейін пайдаланады.
Көкшегүл ұнтағын дайындау. Алдымен дәрәләк өсімдіктің тамырын
ұнтақ деңгейіне дейін майдалау қажет. Сосын 6 г ұнтаққа бір стакан
қайнаған су құйу керек. Қайнатпаға бірнеше сағат жылы бөлмеде тұнуына
уақыт беріңіз, содан кейін сүзбелеңіз. Тамақ ішкеннен кейін бір ас қасықтан
күніне үш реттен қолдану керек.
Көкшегүл тұнбасы. Алдымен тамырды майдалап аламыз, одан 10 г
аламыз, алынған ұнтаққа 70 пайыздық спирт құямыз. Тұнба бір ай
мерзімінде қараңғы бөлмеде болуы керек, сонымен қатар оны мезгілімен
шайқап тұру қажет. Күніне 3 реттен 15 тамшыдан қолдану.
Көкшіл көкшегүлден алынатын дәрілер
Тұқымдас: Araliaceae - Аралиевые
Туыс: Panax - Панакс
Түр: Panax Ginseng С.А. Меу - Панакс гинсенг, женьшень
Биологиялық сипаттамасы. Биіктігі 80 см-ге
дейін жететін көп жылдық шөптектес өсімдік.
Тамырлары ақ не сарғыш болып келеді. Олар
кіндік тамыр қатарына жатады. Бас тамырдаң
бірнеше жанама тамырлар шығады. Олардың
құрылысына зер салып қарайтын болсақ расында
да адам бейнесіне ұқсайды.
Жапырақтары ұзын сағақты, күрделі 5 салалы,
ұзындығы 40 см-ге жуық, сабағының ұшыңда
розетка сияқты орналасқан. Толык, дамыған
өсімдіктерде жапырақ розеткесінен биіктігі 25
см-ге жуық сабағы өседі. Оның ұшында бір жай
шатырша шоғыры болады. Гүлдері ұсақ,
диаметрі 2 мм шамасыңда, реңсіз, ақ жасылдау,
қос жынысты, хош иісті болады. Мәуесі
қыпқызыл сүйек, ішіңде 1-2 сүйекшелері бар,
олар ақ, қатты келеді. Тұқымы ақ, қызғылт,
ұрықтың қоры мол болады. Маусым -шілде
айларында гүлдейді. Жемісі тамыз-қыркүйек
айларында піседі.
Таралуы. Қиыр Шығыста, Кореяда, Солтүстік Қытайда, Канадада,
Американың кейбір штаттарында өседі. Женшеннің табиғи қорының
азарына байланысты өсімдік ретіңде қолдан өсіріледі.
Химиялық құрам. Тамырының құрамында үштерпенді сапониндер, оның
ішінде панаксозид А, В, С, Д, Е, Г бар. Олардың агликондары панакстриол,
панаксуиол, дамаран туындылары қатарына жатады. Сонымен бірге,
шикізаттың бойында эфир майы (0,05-0,25 %), В1 В2, С витаминдері,
пектинді заттар (16 - 23 %), крахмал (3 %), сахароза (3 %), панакс,
пальмитин, стеарин, линол қышқылдары, микро-макро-элементтер
кездеседі.
Дайындалауы. Дәріге өсімдіктің жер астыңдағы өнімдерін (Radicis
Ginseng) тұқымы толық піскен кезінде жинап алады. Панакс гинсенг
тамырын қазғанда оның өскен жерінен бір метрдей алыс жерден бастап
қазады. Оны қазу үшін ағаштан немесе сүйектен жасалған қүрекшелер
пайдаланады. Темір заттармен женшенді қазуға ешқашанда рұқсат
етілмейді, өйткені темір женшенге өте үлкен өсер етеді, шипалық қасиетін
төмендетіп жібереді. Женшеннің тамырларын ресуа етпей сол иік езінің
қалпында сақтау оның шипалық қасиетін арттырудың бірден-бір кепілі.
Қазылып алынған женшен тамырларын ақырын ғана тал шыбықтарынан
тоқылған ши әр түрлі маталармен қапталған, түбіне аздап қана мүк төселген
себеттерге салады.
Панакс гинсенг тамырлары тамыз айынан бастап жиналады. Тұқымдарын
сол жерге топыраққа көміп кетіп отырады, көмілгені туралы белгі жасайды.
Ол үшін ағаштардың діңін кертеді немесе қазық қағады, әйтеуір бір шартты
белгі қояды.
Қолданылуы
Ресми медицинада
Адам денсаулығын және ой жұмысын жақсартуға көмегі зор. Өсімдіктен
жасалған дәрілер адамның жалпы жұмыс қабілетін артыратын, нерв және
жүрек қан тамырлары ауруларын, бас сақинасын тоқтататын, ой жұмысын
жақсартатын, ауруға төзімділігін арттыратын, шаршағандықты басатып дәрі
есебінде пайдаланады.
Женьшеньді: атеро-склероз, сусамыр(диабет), белсіздік, туберулездің алдын
алу, ұзаққа созылып ағзаны әлсіретіп жіберген кеселдерге қарсы қолданады,
ауырмаған науқасы жоқ егде адамдарда женьшенді қуат қосу мақсатында
қолданса болады.
Дәрі-дәрмектер. Спирт тұндырмасы, сұйық экстракт, тамырының ұңтағы,
биоженшеннің спирт тұңбасы. Сақталу мерзімі 5 жыл.
Халық медицинасында
Қытайлықтар да өздерінің женьшеннің тамырын өңдеудегіалғашқы бір
әдісі бар. Тамарды қайнату үдерісінде құрамындағы крахмал клейстерге
айналады, содан тамыр кішкене мөлдірлеу болады
Көп уақыттан бері қытайлықтар және корейліктер женьшенді шиі түрде
пайдаланады, күніне кішкентай бөлшектен тістеп алып шайнап жұтып
жүреді, немесе өзіндік бір тағамдар жаайды. Мысалға, женьшен
тамырларын қыш ыдыстарында қайнатады, біршама ұзақ уақыт бойы, ал
содан кейін қайнатпаны ішеді және тамрыдың кішкентай бөлшектерін
жейді, ал қалған бөлігін кептіреді.
Шығыста женьшен тамырын үй жағдайында дайындаудың мынадай
әдісіде қолданады. Тамырды дайындалған құ ішіне салады және буда оларды
кашаға айналғанша ұстайды, кейін бір шай қасықтан күніне пайдаланады.
Панакстан алынатын дәрілер
Тұқымдас: Бұршақ - Fabaceae – Бобовые
Туыс: Мия - Glyccyrrhyza - солодка
Түр: Оралдық м. - G. uralensis Fish . - С. уральская
Биологиялық сипаттамасы. Мия
туысына жататын, өсімдіктің жер
бетіндегі бөлігінің биіктігі 60 см-ге
дейін жететін, бірнеше саб
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz