Құрамында жүрек гликозидтері бар өсімдіктерге жататын дәрілік өсімдіктер тізімі



Орындаған:Кисимова Г. О
Тексерген:б. ғ. к., Тыныбеков Б. М
9 дәріс:Құрамында гликозидтер бар дәрілік өсімдіктер және шикізат.
Әл-фараби атындығы Қазақ Ұлттық университеті
Биология және биотехнология факультеті
Пәні: Дәрілік өсімдіктер

1. Гликозидтер туралы жалпы түсінік.
2. Жүрек гликозидтерінің құрылысы және классификациясы
3. Жүрек гликозидтерінің өсімдіктер шикізатынан бөліп алу және олардың құрамын анықтаудың принциптері
4. Құрамында жүрек гликозидтері бар дәрілік өсімдік шикізатын биологиялық және химиялық стандартизацилау әдісі
5. Құрамында жүрек гликозидтері бар өсімдіктер және олардың морфологиялық ерекшеліктері, химиялық құрамы, дәрілік шикізаты, пайдаланылуы
6. Құрамында сапониндері бар өсімдіктер және олардың морфологиялық ерекшеліктері, химиялық құрамы, дәрілік шикізаты, пайдаланылуы
7. Құрамында ащы гликозидтері бар өсімдіктер және олардың морфологиялық ерекшеліктері, химиялық құрамы, дәрілік шикізаты, пайдаланылуы
Жоспары:

Гликозидтер-бірқатар моно немесе полигосахаридтердің спирттермен, аминдермен, фенолдармен, меркаптандармен қосындысынан туатын зат. Түзілуі , ал ыдырауы - гликозидазалар әсерімен өтеді. Гликозидтердің бір түрі - нуклеозидтер. Олар гетероциклді азот негізі бар рибозалар мен дезоксирибозалардан тұрады.
Гликозидтер - көптеген табиғи заттардың кең тараған формаларының күйі. Бұл қосылыстардың молекулалары екі компоненттерден тұрады. :
1) қанттар- гликон
2) қантсыз компонент -гликон немесе генин деп аталады.
Қант компонентінің табиғатына қарай былайша ажыратады:
- Пентозидтер (арабинозидтер, ксилозидтер және т. б. )
- Гексозидтер (глюкозидтер, фруктозидтер және т. б. )
- Биозидтер (мальтозидтер, лактозидтер және т. б. )

Гликозидтер ішінде агликон терпеноидтары барларының ішіндегі дәрілік қасиеті барларының ішіндегі ең маңыздылары мыналар:

Жүрек гликозидтерінің құрылысы және классификациясы
Жүрек гликозидтері - медицинадағы өте кең пайдаланылатын өте маңызды табиғи гликозидтер тобы. Ол қорытынды бойынша - өсімдіктен жеке бөлініп алынған гликозидтер өсімдік шикізатынан дайындалған әртүрлі препараттармен (қайнатпа, тұнба, ұнтақтар) салыстырғанда шипалық қасиеті анағұрлым жоғары екендігін көрсетті. Жүрек гликозидтері өсімдіктер әлемінің барлық тіршілік формаларында жинақталады - бұталарда, лиандарда, шөптесін өсімдіктерде.
Құрамында жүрек гликозидтері бар 45 өсімдіктер туыстары бар. Олардың 20 түрге жуығы ТМД елдерінде кездеседі. Жүрек гликозидтерінің молекулаларында қанттардың циклді формаларының қалдықтары молекуланың фармакологиялық белсенді бөлігімен (агликон деп аталатын) оттегі атомы арқылы байланысқан (О-Гликозидтер) . Жүрек гликозидтері қанттарының көбісі оттегі арқылы біріккен және дезоксиқанттар және олардың метил эфирлері формалары түрінде кездеседі.
Жүрекке ерекше, өзіне тән әсеріне генин себепші, бірақ та қанттар олардың әсерін күшейтеді. Өйткені қанттар гликозидтерінің еруіне және оларды жүрек бұлшық еттерінің сіңіріп фиксация жасауына әсер етеді.

Жүрек гликозидтері С-17 жанама тізбегінің сипатына қарай:

Жүрек гликозидтерін өсімдіктер шикізатынан бөліп алу және олардың құрамын анықтаудың принциптері.
Өсімдіктерде жүрек гликозидтерінің пайда болуына және жинақталуына: вегетация фазалары, климат жағдайлары әсер етеді.
Құрғақ, күн шығып тұрған жағдайда жинау керек.
Кептіру 60-700С температурада болу керек.
Кептірілген шикізатты құрғақ жайда ылғалдан сақтау қажет. Температураның жоғарылауы жүрек гликозидтерінің ыдырауына алып келеді.
Гликозидтерді алатын әдістерді таңдағанда ескеру керек.
Бірінші жағдайда, гликозидтерді өзгеріссіз күйінде алуды мақсат етеді, яғни ферменттердің әсерінсіз алады.
Екінші жағдайда, гликозидтердің ферменттік бөлшектенуіне жағдай жасалады.

Жүрек гликозидтерін алудың жолдары:

Құрамында жүрек гликозидтері бар дәрілік өсімдік шикізатын биологиялық және химиялық стандартизациялау әдістері.
Биологиялық әдістер.
Биологиялық стандартизация әдісінің принципі жүрек гликозидтерінің улы мөлшерінің жануарлар жүрегін тоқтатуға қабілеті барлығына байланысты. Дәрілік шикізаттың белсенділігін және олардан алынатын препараттардың белсенділігін көлбақаларда, мысықтарда, кептерлерде анықтайды және оларды әсер ету мөлшерімен белгілейді. Бұл жағдайда жануарлардың жүрек гликозидтеріне сезімталдығы стандартты затпен салыстырылады. "Биологиялық стандарт" деген осыған байланысты. Стандарттарды дайындаумен арнайы ғылыми-зерттеу институттары айналысады.
Химиялық әдістер.
Құрамында жүрек гликозидтері бар шикізатты және препараттарды сынаудағы биологиялық әдістердің қатал жағдайды талап етуі, ұзақтығы және көп еңбек сіңіруді қажет ететіндігі мамандарды химиялық әдістерді іздеуге мәжбүр етті.
Мысалы, наперстянка (Dіgіtalіs) өсімдігі жапырақтарынан лактозид препаратын өндіргенде биологиялық белсенділігін анықтайды, ал целанид препаратын алғанда химиялық әдіспен дигланид (лактозид) мөлшерін анықтайды.

Құрамында жүрек гликозидтері бар өсімдіктерге жататын дәрілік өсімдіктер тізімі:
Ірәгүлді оймақгүл (Напертянка крупноцветная) -Digitalis grandiflora L.
Алқызыл оймақгүл (Наперстянка пурпуровая) - Digitalis purpurea L.
Түкті оймақгүл (Наперстянка шерстистая) - Digitalis lanata Ehrh.
Сарғылт наперстянка -Наперстянка ржавая - Digitalis ferruginea L.
-Наперстянка ресничная - Digitalis ciliata Trantr
6. Строфан привлекательный- Franch (Apocynaceae) - Strophanthus gratus
7. АдонисГорицвет (адонис) - Adonіs vernalіs (Ranunculaceae)
8. Мамыр қынжыгүлі- Ландыш майский -Convallarіa majales
9. Ландыш Кейске- Convallarіa keіskeі
11. Шашыңқы сарбасшөп -Желтушник раскидистый- Erysіmum dіffusum

Тұқымдас: Лалагүлділер - Лилиецветные Lіlіaceae
Туыс: Ландыш- Ландыш-Convallarіa
Түрі: Мамыр қынжыгүлі- Ландыш майский
-Convallarіa majalіs L.
Биологиялық сипаттамасы:
Қынжыгүл - көпжылдық шөптесін өсімдік, биіктігі 15-20см. Тамырсабағы көлденең, төселе өсуші. Тамырларында екі жапырағы дамиды және ал екі жапырақтың арасынан біржақты шашақ гүлдері бар гүл атпасы болады. Жапырақтары доға тәрізді жүйкеленген, ұзарған-эллипс тәрізді, ұштары үшкірленген, қынапты, ұзындығы 10-20см ені 4-8см, айқын-жасылкөк. Гүл шашағы тығыз емес, гүл серіктері қарапайым, күлте тәрізді, біріккен, ақ, шар тәрізді қоңырауға ұқсайды алты артқа қайырылған тісшелері бар. Жемісі - қызыл-қоңыр шар тәрізді
жидек. Көкек-маусым айларында гүлдейді.
Таралуы :Батыс Қазақстанда емен-қараағаш ормандарында, бұталардың арасында кездеседі. Екпе өсімдік ретінде Қазақстанның барлық региондарында парктерде, бауларда кездеседі.
Мамыр қынжыгүлі

Пайдалануы.
Қынжыгүлден жасалған препараттар жүректі емдейтін дәрі-дәрмек ретінде кеңінен пайдаланылуға ұсыныс жасаймын. . Фармацевтикалық өндірісте құрамында қынжыгүл қосылған бар мынадай препараттар шығарылып жатыр.
1. Қан айналысының тез (острый) және созылмалы (хронологический) жеткіліксіздігінде, жүректің компенсациялық жағдайы бұзылғанда және тағы басқа ауруларға қолданылуда пайдаланылады.
2. Қынжыгүлдің тұнбасы (Tіnctura Convallarіae) 70% этанолда (1:10) дайындалады. 1 мл 10-13 ЛЕД болады. Жүрек қызметі бұзылғанда, жүрек неврозы болғанда пайдаланылады.
Дәрілік шикізаты.
Шикізат ретінде өсімдіктің бүкіл жер үсті бөліктері жиналады - жапырақтары, гүлшоғыры, гүлдері.
Химиялық құрамы.
Мамыр қынжыгүлінде 20-ға жуық гликозидтер болады. Олардың негізі агликон К-строфантидин. гликозидтері конваллотоксин және конваллозиді, конваллотоксол, локундвозид, глюкококонваллозид, дезглюкохейротоксин болады.
қынжыгүл гүлдерінен фарнезол және ликопин деген заттар бөлініп алынған. флавоноидтар және кумариндер бар екендігі анықталған.

Тұқымдас: Крестгүлділер-Brassіcaceae-Бра́ссиковые
Туыс: Сарбасшөп-Желтушник-Erysіmum
Түрі: Шашыңқы сарбасшөп. - Желтушник раскидистый-Erysіmum dіffusum Ehrh
Биологиялық сипаттамасы:
Шашыңқы сарбасшөп екі жылдық шөптесін өсімдік, биіктігі 30-80см. Сабақтары бірнешеу, кейде олар жалғыз, бұтақтанған. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, ланцет тәрізді, сабақтың бойымен жоғарлаған сайын мөлшері кішірейеді, сызғыш-ланцет немесе сызғыш тәрізді. Гүлдері соңғы, өте ұзарған шашақтарда. Жемістері - төрт қырлы бұршаққын.
Мамыр-маусым айларында гүлдейді. Шашыңқы сарбасшөп құрғақшылыққа өте төзімді.
Таралуы:Қазақстанның жазықтығында дала және шөлдерінде, таулардың тасты және ұсақ тасты беткейлерінде кездеседі.
Шашыңқы сарбасшөп.

Химиялық құрамы.
Erysіmum dіffusum өсімдігін алғаш фармакологиялық зерттеген Томск медициналық институтының профессорлары Н. В. Вершинн және М. П. Варлаков (1940) . Бұл өсімдікте жүрек гликозидтері болатындығы анықталды. Гүлдерінде және тұқымдарында - 6%-ға дейін, жапырақтарында -1, 1%, сабақтарында - 0, 5-0, 7 %. Өркенінен және тұқымынан гликозид эризимин бөлініп алынған. Ол зат агликон страфантидинге және дигитоксозға гидролизденеді.
Пайдаланылуы.
Erysіmum dіffusum өсімдігі гликозидтерінің фармакологиялық әсері строфантинге жақын. Эризимин гликозиді орталық нерв жүйесіне тыныштандырғыш әсер етеді, адам организмінде жинақталмайды, кең терапевтикалық әсері бар.
Фармацевтикалық өндірісте комплексті препарат "Кардиовален" (Cardіovalenum) шығарылады. Ол препараттың құрамында шашыңқы сарбасшөптің жаңа шырыны, адонизид, валериана тамырсабағының тұнбасы, долана (боярышник) жемісінің сығындысы, камфара және бромид натрий болады.
Дәрілік шикізаты.
Өсімдіктің жер үстіндегі бөлігін гүлдеу кезінде жинайды. Жинауды егін оратын машинамен жүргізеді. Орып алынған шикізатты құрғайтын, жылы кептіргіштерде кептіреді. Шикізаттың 1г 500 ЛЕД-тей болуы керек.

Тұқымдас:Сарғалдақтар-Лютиковые- Ranunculaceae
Туыс: Адонис-Адонис-Adonіs
Түрі: Көктемгі адонис- Адонис весенний- Adonіs vernalіs
Биологиялық сипаттамасы:
Көпжылдық шөптесін өсімдік, қысқа тамырсабағымен. Сабақтары тік, қарапайым немесе бұтақтанған, жапырақтары тығыз орналасқан. Жапырақтары жалпақ жұмыртқа тәрізді. Гүлдері өркендер ұшында жеке-жеке орналасқан. Күлтелері 10-20, айқын-сары. Жемісі - көп жаңғақша.
Adonіs vernalіs - көктемгі өсімдіктердің алғашқыларының бірі. Көкек-мамыр айларында жапырақтар пайда болғанымен қатар гүлдейді.
Таралуы:ТМД-нің Европалық бөлігінде орманды-дала және дала аймақтарында өседі. Қазақстанда Солтүстік және Солтүстік-шығыста көбірек кездеседі.
Көктемгі адонис

Химиялық құрамы.
Adonіs vernalіs өсімдігінің карденолидтары болып адопитоксин және цимарин саналады. Адопитоксин адопитоксигенин және L-рампозға гидролизденеді, ал цимарин - строфантидин және цимарозға. Бұл өсімдікте аз мөлшерде басқа да жүрек гликозидтер және сапониндер болады. Сонымен қатар бұл өсімдікте флавон гликозиді адонивернит болатындығы анықталды.
Дәрілік шикізаты.
Өсімдіктің жер үсті бөліктері. Шикізат ретінде толық гүлдегеннен бастап, жемістерінің пісіп жетілгеніне дейін жинайды. Өсімдікті пышақпен немесе орақпен кесіп алады. Өсімдікті жұлып алуға болмайды. Өйткені оның келесі жылы көктемде өсетін сабағының түбінде орналасқан бүршіктеріне зиян келеді. Жиналған шикізатты тез арада көлеңкеде немесе термостаттарда, кептіргіштерде 50-60оС температурада кептіреді.
Шикізаттың сапалығын анықтау үшін оның биологиялық белсенділігін анықтайды. 1 грамм өсімдікте 50-60 ЛЕД болуы керек.
Пайдаланылуы.
Adonіs vernalіs өсімдік негізінен жүрек қызметінің тұрақты жеткіліксіздігі және жүрек неврозы болғанда пайдаланылады. Сонымен қатар Adonіs броммен бірге жүйке тозғанда, ұйқы қашқанда және эпилепсияға қарсы ішеді.

Тұқымдас: Кендірлер- Кутровые-Apocynaceae
Туыс: Кендір-Кутра-Apocynum
Түр: Қызыл кендір- Кендырь синеватый- Apocynum venetum subsp. Lancifolium
Биологиялық сипаттамасы:
Биіктігі 120 см, сабағы тік, түксіз, қызыл қоңыр. Бұтақтары қарама-қарсы орналасқан. Жапырағы таспа тәрізді, ұзындығы 2-6 см, ені 5-20 мм. Гүлі сабақ, бұтақ басына шоғырланған. Гүл шоғы сыпыртқыға топтанған. Тостағаншасының ұзындығы 2 мм, көк түсті. Күлтесі алқызыл, ұзындығы 6-8 мм. Тұқымы уақ, сопақша, желайдары бар.
Өсу аймағы мен таралуы
Қызыл кендір өзен аңғарында, көл жиегінде, сирек те болса сортаң жерде өседі. Орта Азияда, Батыс Сібір мен Шығыс Сібірде, Моңғолияда, Қытайда таралған.
Қазақстанда биік тау бөктерінен басқа барлық аймақта кездеседі.
Си
Қызыл кендір

Химиялық құрамы
Тамыры және тамырсабақтарында жүрекгликозадтері, илік заттар, көксағыз, трипенді қосылыстар болады.
Пайдаланылуы
Қызыл кендір талшықтары тоқыма өндірісінде қолданылады, жіп, арқан есіледі. Шырынында, жапырақ
паренхимасында 2-7% каучук болады.
Өсімдік препараттары жүрек ақаулары, жүрек тамырларын емдеуге пайдаланылады. Гликозидцимарин жүрек еттерін қалпына келтіреді, несеп бөлу мүмкіншілігін арттырады. Солтүстік Тәжікстанда қызылкендір тамырлары қайнатындысы жүрек ауруларын емдеуге пайдаланылады.

Ботаникалық сипаттамасы
Тамыр сабағы жатаған, тармақталған. Оның бір жылдық жатаған бұтақтары сопақ қабыршақты, ұзындығы 10-25 см.
Жапырағының ұзындығы 3-8 см, ені 4-10 см, бүйрек тәрізді, қысқа тығыз түк басқан.
Түсі қою жасыл, кейіннен қоңыр түске еніп, келесі көктемге дейін қар астында сақталады да, жазда түсіп қалады. Ұзын түкті астау тәрізді сағағы бар.
Гүлдері ұзындығы 1-2 см болатын төмен қарай иілген гүл сағағына біріккен. Гүлсерігі қошқыл қоңыр, түкті, сопақша. 12 аталығы аналық мойынының айналасына шоғырланған, қысқа жіпшелері, ұшында ұзын біз тәрізді өзегі бар тозаңдығы болады. Аналық мойны алты қырлы, бас жағы кеңейеді де, онда аналық аузы орналасады.
Тұқымы аздап қабысқан, жұмыртқа тәрізді, ұзындығы 3-3, 5 мм, қатпарлы келген. Сәуір-мамыр айларында, қар ерігеннен кейін гүлдейді, бірақ оның күңгірт түсті гүлдері жапырақтарының астында болатындықтан көбіне байқалмай қалады.
Тұқымдас:Жиренше тұқымдасы- Кирказоновые Arіstolochіaceae
Туыс: Құсықшөп- Копытень-Аsarum
Түр: Европалық құсықшөп- Копытень европейский -Аsarum europaеum-
Европалық құсықшөп

Өсетін орны мен таралуы
Ресейдің еуропалық бөлігінде, Батыс Сібірде, Қазақстанда Жалпы Сырт, Көкшетау қыраттарында, Алтай тауларында, көбінде орманда өседі. Халық медицинасында дәрілік мақсатта қолданылады. Өсімдік улы, одан дайындалған дәріні шамадан тыс пайдаланса, уланып қалуға соқтырады.
Химиялық құрамы
Европа құсық шөбі құрамында эфир майлары азаронме-камфор және оның альдегидімен, қант, крахмал, эфир, шырыш, сапониндер, жүрек гликозидтері, витаминдер, органикалық қышқылдар.
Пайдаланылуы
Европа құсық шөбі жапырағының қайнатпасы және тұнбасы асқазан, бауыр, жүрек ауруларын емдеуге маскүнемдіктеі, улы саңырауқұлақтармен уланғанда, жүйке тозғанда, зәр айдағыш ретінде, сары ауруды емдеу үшін малярияда, экземада, радикулитте, неврологияда, бас ауырғанда эпилепсияда, ревматизм және т. б. ауруларды емдеуде қолданады. Тамырларының қайнатпасы құстыратын дәрі ретінде маскүнемдікті емдеуге, бронхитті, гастритті жоғарғы тыныс алу жолдарын емдеуге қолданылады. Көптеген елдердің ресми медицинасында Европа құсық шөбін фармокопеяда пайдаланылады.

Құрамында жүрек гликозидтері бар басқа да өсімдіктердің суреттері

Ірәгүлді оймақгүл (Напертянка крупноцветная) -Digitalis grandiflora L.

Түкті оймақгүл (Наперстянка шерстистая) - Digitalis lanata Ehrh.

Сарғылт наперстянка -Наперстянка ржавая - Digitalis ferruginea L.

Наперстянка ресничная - Digitalis ciliata Trantr

Сапониндер (лат. saponis-сабын) - өсімдік гликозидтері тобына жататын азотсыз күрделі органикалық қосылыстар. Сапониндер ерітінділері шайқағанда тұрақты көбік береді. Табиғатта кең таралған: көп өсімдіктердің жапырақтарында, сабақтарында, тамырларында, гүлдерінде, жемістерінде кездеседі. Углеводты және углеводсыз агликоннан (сапогенин) құралады.
Сапониндер жүрек гликозидтерінің еритін қасиетіне әсер етеді. Соның нәтижесінде коллоидты ерітінділер пайда болып, олардың бөлінуіне қиындық туғызады.
PH мөлшерінің өзгеруіне сезімтал
өте жоғары сілтілі (щелочной) ортада жүрек гликозидтері физиологиялық инертті (неактивный) изоқосылыстарға айналады.
Ал қышқыл ортада гликозидтер оңай гидролизденеді. Көптеген агликондар ауадағы оттегімен тотығады.

Физикалық қасиеттері
Сапониндер - түссіз немесе сарғылт оптикалық белсенділігі бар аморфты зат. Суда және спирттарда ериді, органикалық еріткіштерде ерімейді. 4 моносахариді бар сапонин кристалдық түрінде алынған. Не ғұрлым моносахаридтер саны көбейсе - сол ғұрлым суда және басқа полярды еріткіштерде еру қасиеті жақсарады. 1-4 моносахаридті қалдығы бар сапониндер суда нашар ериді. Сапониндердің өзгеше қасиеті - судың сыртқы керілісін азайтатындығы және шайқағанда тұрақты көбікті түзейтіндігі.
Химиялық қасиеттері
-СООН карбоксилды топтың және урон қышқылының бар болыуна байланысты:
нейтралды Сапониндер (стероидты және тетрациклды үш терпеноидті)
қышқыл Сапониндер (пентациклды үш терпеноидті)
Қышқыл Сапониндер бірвалентті металдармен еритін, екі немесе одан көп валентті металдармен ерімейтін тұздарды түзейді.
Гидроксид тобы сірке, пропион, ангелик, т. б. қышқылдарымен ацилдануы мүмкін.
Қышқыл реагенттермен (SbCl3, SbCl5, FеСl3, конц. H2SO4) әрекеттескенде бояулы өнім түзейді.
Сапониндердің көбісі ақуыздармен, липидтермен, стеариндармен, таниндармен молекулалық комплекс түзейді.

Құрамында сапониндері бар өсімдіктер:
Астрагал шерстистоцветковый -Astragalus dasyantus
Хвощ полевой - Equisetum arvense
Якорцы стелющиеся - Tribulus terrestris
Почечный чай -Ortosyphon stamineus
Кашатан конский - Аеsculus hyppocastanum
Диоскорея ниппонская - Dioscorea nipponica
Синюха голубая - Polemonium coeruleum
Заманиха высокая -Echynopanax elatum
Солодка голая и уральская - Glycyrrhiza glabra, G. uralensis
Женьшень - Рапах ginseng
Аралия маньчжурская - Ага11iа mandshurica
Үш түсті фиалка- Viola tricolor-
Жалаң мия-G. glabra
Егістік қарамықшасы- Agrostеmma githаgo

Тұқымдас:Шегіргүлдер тұқымдасы- Фиалковые-Violaceae Juss
Туыс: Фиалка-Фиалка- Viola L
Түр: Үш түсті фиалка- Фиалка трёхцветная-
Viola tricolor
Ботаникалық сипаты
Биіктігі 10 - 15(25) см.
Сабағы тік, аласа.
Жапырақтарының пішіні әр түрлі: төменгі жапырақтары жалпақ, жұмыртқа пішінді, ал жоғарғылары - жіңішке, қандауыр тәрізді, шеті иректеліп келеді.
Гүлдері ірі, қос жынысты, ұзын гүлсағағында (ұзындығы 3 - 12 см) орналасады. Аналық мойны шар тәрізді. Жоғары күлтесі қанық көк, қошқыл, екі жағындағылары - ашық көк, төменгілері - сары түсті болады. Сәуір айында гүлдеп, шілде - тамызда жеміс салады.
Жемісі - үш ұялы қауашық, піскен кезде өздігінен жарылып кетеді.
Үш түсті фиалка

Таралуы
Жер шарында негізінен қоңыржай аймақтарда кездесетін 500-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанның барлық аймақтарындағы шалғынды жерлерде, тауаралық шалғынды алқаптарда, өзен жағаларында, орман арасында, жыраларда өсетін 31 түрі бар.
Химиялық құрамы
Үш түсті шегіргүл - дәрілік өсімдік, оның құрамында глюкозидтер, сапониндер, қышқылдар, флаволоидтар, алкалоидтар, каротин және дәрумендер (С, Е, Р) бар.
Емдік қасиеті
Халық медицинасында өсімдіктің қайнатпасы мен тұнбасын ішіп немесе теріге жағып, сары ауруды, ұшықты, қышыма қотырды, т. б. тері ауруларын емдеуге, сондай-ақ несеп жүргізіп, тер шығаруға, қан тазартуға кеңінен қолданады.
Пайдаланылуы
Шегіргүлден алынған препараттар бронх бездерінің қызметін күшейтеді. “Тривиолин” препараты жөтелге ем. Шегіргүлді ежелден әсемдік, сондай-ақ эфир майын алу үшін өсіреді

Тұқымдас: Бұршақ тұқымдастар- Бобовые-Fabaceae
Туыс: Мия-Лакрица-Glycyrrhіza L
Түр:Жалаң мия-Лакрица- G. glabra
Биологиялық сипаттамасы:
Мия туысына жататын, биіктігі 50-120 см-ге дейін жететін, көп жылдық шөптектес өсімдік. Тамырлары өте тереңге кетеді. Негізгі тамырдан таралған жанама тамырлары жапыраққа көлбей де, тікте таралады. Тік кеткен тамырлары 30-50 см тереңдікке бойласа, өзен аңғарларындағылары 2-4 м-ге кетеді. Көлбей жатқан тамырлары жалғынды-аллювиальды топырақтарда 15-30 метр тереңдікке бойлайды. Сабағы жүмыр, қызыл-қоңыр түсті, сыртын қысқа, жабысқақ безді түктер қаптаған. Жапырағы тек қауырсын тәріздес, күрделі, үзындығы 8-20 см, әр жапырағында 7-ден 17-ге дейін қысқа сағақты қаңдауыр немесе эллипс тәрізді жапырақшалары бар. Жапырақшаларының астыңғы жағы жабысқақ, шайырлы. Гүлдері шашақ шоғырын құрайды. Жеке бір гүлінде кіріккен 5 тостаганша жапрақша, ақшыл-күлгінін түсті 5 күтері, 10 аталық, 1 аналық болады. Жемісі сәл иіліп келген, сыртында жабысқан тікенектері бар, үзынша бүршаққап. Тұқымының саны 2-ден 7-ге дейін, домалақ пішінді.
Жалаң мия

Таралуы: Қазақстанда Балқаш көліне жақын жерлерде, Сырдария, Жайық, Шу, Іле тауларыңда, Тобыл, Есіл, Ертісте, Семей орманында, Торгай, Қаратауда кездеседі. Жалпы еліміздің европалық бөлігінде, Кавказ, Қырым, Орта Азия, Солтүстік Волга өзенінің бойында, Украинада таралған. Дайындалуы. Дәрі жасау үшін тамырын /Raidicis Hycyrrhizal/ тамыз айынан қазанға дейінгі уақыт ішінде дайындайды. Жер астындағы мүшесін қазып алып, топырақтан тазартпай кептіреді. Әбден кепкен тамыр бірден морт сынады. Жинау кезінде тамырының 50-75%-ін жинайды да, 25-50%-ін ары қарай даму, өсімдік жойылып кетпеу үшін қалдырады.
Химиялық құрамы:Тамырының құрамында үштерпенді сапониндер/глициризин (8, 4-22, 1 5) /, глицеритин қышқылдары, флавоноид қосылыстары бар. Бұдан басқа стероидты, эфир майы, ащы заттар, сапониндер, кумариндер, фенолкарбон қышқылдары /ферул, синап/, С витамині кездеседі.

Пайдаланылуы:
Мия геморройга қарсы, тыңыс жолдары қабынғанда пайдаланады. Өсімдіктен сан алуан алергиялық ауруларды емдейтін дәрілер дайындайды. Ол өсіресе тыныс жолы демі өкпесіне, теміреткеге қарсы қолданады. Бүл есімдіктің өндірістік маңызы зор, әсіресе ветеринария, парфюмерия, конфет дайындауда, сыра, лимонад, квасс, басқа сусынның тәттілігін арттыруға араластырады. Гуталин, акварель бояуларын жасағанда қосады. Мия гүлінен бал жинайды. Дәрі-дәрмектер. Флакарбин, халкорин, ликвиртон, сұйық, құргак, кою экстрактар, түңба, қайнатпа. Қақырықтүсіретін, асқазан қоспаларының, май дәрілерінің, линмент, эмульсия қүрамықда енеді. Сақталу мерзімі 10 жыл.
Глициризин қышқылы тұз және су алмасуын көрсетеді. Қызыл миядан жасалған дәрілер қақырық түсіретін, қабынуға қарсы әсер ететін, іш жүргізетін, несеп айдайтын, қан тамырларын нығайтып, кеңейтетін қасиеттері бар. Жалаң миямен өкпе ауруларын, асқазан мен үлтабарда пайда болған жараларды емдейді.

Тұқымдас:Лалагүл тұқымдасы- Лилиецветные -Liliaceae
Туыс: Лилия-Лилия-Lilium
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz