Емдік мөлшері


Slide 1

Студенттің өзіндік жұмысы

Дисциплина: Фармакология

Тақырыбы: Тыныс алу жүйесі бұзылыстарында қолданылатын фитотерапия

Slide 2

ЖОСПАР

I КІРІСПЕ

II НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Фитотерапия туралы түсінік

ә) Тыныс алу жүйесінің қызметі бұзылыстарында қолданатын фитотерапия.

б) Қақырық түсіретін әсері бар өсімдік текті препараттардың әсер ету механизмі.

в) Жөтелге қарсы әсері бар фитопрепараттар. Әсер ету механизмі. Жағымсыз әсерлері.

III ҚОРЫТЫНДЫ

Slide 3

Кіріспе

Әр түрлі тарихи қалыптасқан кедергілерге қарамастан, фитотерапия уақыт өте келе аты шығып келе жатыр. Бұл жағдай өсімдік текті препараттардың синтетикалық заттарға қарағанда адам организміне жұмсағырақ әсер етуімен түсіндірілуі мүмкін.

Емдік өсімдіктер өте сирек жағымсыз әсерлер (соның ішінде аллергиялық) туғызады. Ұқыпты түрде жиналған өсімдіктер жиынын керек жағдайда бірнеше жылдар бойы қабылдауға болады, ол әсіресе созылмалы аурулар кезінде өте маңызды. Науқастар ұзақ уақыт диетада болып, емдік шөптерді қабылдап жүрсе, онда авитаминоз болмайды, өйткені құрамында табиғи витаминдер кешені бар. Шөптерден жасалған тұнбалар зат алмасудың зиянды қалдықтарын шығарады, организмді тазартып, организмнің ішкі тұрақтылығын сақтауға көмектеседі. Көбінесе, олар холестерин мөлшерін тұрақтандырып, артериальдық қысымды қалпына келтіреді, ми мен жүрек бұлшық еттерінің қанмен қамтамасыз етілуін жақсартады, ішектердің микрофлорасын қалпына келтіріп, ұйқыны реттейді, жүйке жүйесін тыныштандырады, жұмысқа қабілеттілікті арттырып отырады.

Slide 4

Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis), шипалы өсімдіктер - медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты.

Slide 5

Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т. б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.

Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз.

Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады.

Slide 6

Тыныс алу мүшелері аурулары жедел түрде де, созылмалы түрде де өте жиі кездеседі, өйткені тыныс алу жолдары мен өкпе қоршаған ортамен үнемі байланыста болады. Тыныс алу бір минутқа да тоқтай алмайды және де біз жұтатын ауамызды таңдай алмаймыз. Ауада оттегіден басқа көптеген химиялық заттар, шаң бөлшектері, түтін, улы газдар, никотин, микробтар, вирустар, саңырауқұлақтар, өсімдік тозаңдары және т. б. кездеседі. Қазіргі кезде өндірістің дамуымен қатар, тыныс алу ауруларының саны да артып отыр.

Жедел тыныс алу аурулары - ринит, фарингит, ангина, синусит, трахеит, бронхит, пневмония, плевриттер - көбінесе тұмау кезінде, аденовирусты ауруларда, стрептококкты және стафилококкты инфекцияларда кездеседі.

Тыныс мүшелерінің қызметіне әсер ететін дәрілік заттар

1. Тынысты ынталандыратындар

2. Жөтелге қарсы заттар

3. Қақырық түсіретін заттар

4. Бронхоспазмда қолданатын заттар

5. Жедел тыныс жетіспеушілігінде қолданатын заттар.

Тыныс алу ауруларында ұсынылатын өсімдіктер: аир, алоэ, алтей, анис, багульник, қайың, будра, валериана, вахта, верба, вероника, календула, калина, клевер, крапива, липа, пияз, малина, өгейшөп, жалбыз, бақбақ, шалқам, түймедақ, қарақат, үйеңкі, тмин, мыңжапырақ, аскөк, фенхель, фиалка, череда, сарымсақ, шалфей, итмұрын, эвкалипт және т. б.

Slide 7

Қақырықты жөтелден тез айығу үшін қақырық түсіретін препараттар қолданылады. Олар қақырықтың қоюлануын тежеп, оның ағзадан шығуын тездетеді. Мұндай кезде Амброксалды пайдалануға болады. Ол төмен тығыздықтағы қолқа секреттерінің түзілуін тездетеді, сондықтан қақырық түсуі қиын қолқа суықтауы, өкпе қабынуы және қолқа демікпесі кезінде қолданылады.

Бірақ оны асқазан мен ішек жарасы бар адамдарға, жүкті және емізулі баласы бар әйелдерге қолдануға болмайды. Бүгінде дәріханалардан осы амброксол негізінде жасалған: амбробене, амброгексол, амбросан, лазолван, халиксол сияқты препараттарды кезіктіруге болады. Фармакологиялық қасиеті

Өсімдіктен жасалған препараттың құрамында жөталге қарсы, қақырық түсіруші шаншуды қойдыратын, микробқа қарсы әсерді шаттандыратын гликозид сапониндері бар. Қақырықтың жабысқақтығын азайтады, шығуын жеңілдетеді.

Slide 8

Қақырық түсіретін фитопрепараттар қатарына - абомин, адаптол, адгелон, актовегин, алором, арбидол, баларпан, бронхикум, бронхомунал, доктор мом және т. б.

Фармакодинамикасы: қақырық түсіретін, микробқа қарсы, қабынуға қарсы және бронхоспазмолитикалық әсер ететін фитопрепарат. Қақырықтың жұмсаруына және тезірек сыртқа шығуына әсер етеді.

Қолдануға болмайды: жүктілерге, емшекпен емізетіндерге, бауыр мен бүйрек қызметтері бұзылыстарында.

Емдік мөлшері: сироп түрінде тамақтан соң ішке қолданылады. Ересектер мен жасөспірімдерге - 2 шай қасық сироптан (10 мл) күніне 3 рет; 6дан 12жасқа дейінгі балаларға - 1 шай қасықтан (5мл) күніне 3 рет; 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға - 1 шай қасықтан (5мл) күніне 2 рет; 1 жастан 2 жасқа дейінгі балаларға - ½ шай қасықтан (2, 5 мл) күніне 2 рет.

Бронхикум® С пастилкалар формасында ересектер мен 12 жастан жоғары балаларға 1-2 пастилкадан күніне 3 реттен; 6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға - 1 пастилкадан күніне 3 реттен.

Slide 9

Туссамаг (белсенді заты: тимьян)

Фармакодинамикасы: қақырық түсіретін, қақырықтың жұмсаруына және тезірек сыртқа шығуына әсер ететін фитопрепарат.

Қолдануға болмайды: жүктілерге, емшекпен емізетіндерге, бауыр мен бүйрек қызметтері бұзылыстарында.

Емдік мөлшері: Туссамаг ішке қолданылатын тамшы түрінде араласпаған күйінде де, сумен немесе қантпен араласқан күйінде қолдануға болады.

Ересектерге 40-60 тамшы күніне 3-4 рет; 5 жастан үлкен балалар мен жасөспірімдерге 20-50 тамшы күніне 3 рет; 1 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға 10-25 тамшы күніне 2-3 рет;

Туссамаг сироп 9% ішке, тамақтан кейін пайдаланған жөн.

Ересектерге 2-3 шай қасықтан (10-15 мл) күніне 3-4 рет; 5 жастан үлкен балалар мен жасөспірімдерге 1-2 шай қасықтан (5-10 мл) күніне 3-4 рет; ; 1 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға 1 шай қасықтан (5мл) күніне 2-3 рет;

Slide 10

Жөтелге қарсы әсері бар фитопрепараттарға - аммоний хлориді, калий йодиді, алтей түбірі (мукалтин), өгейшөп жапырағы, жалбыз, натрий бензоаты, термопсис, терпингидрат, эвкалипт жатады.

Мукалти́н (Althaeae officinalis extract)

Фармакодинамикасы: қақырық түсіретін зат. Құрамында полисахаридтер мен алтей емдік шөбінің қоспасы бар.

Қолдануға болмайды:препараттың жеке компоненттеріне жоғары сезімталдылық, асқазан мен 12 елі ішектің жара аурулары кезінде.

Емдік мөлшері: Ішке, 50-100 мг тамақтанар алдында күніне 3-4 рет. Емдеу курсы - 7-14 күн. Балаларға таблетканы 1/3 стакан жылы суға ерітіп беруге болады.

Slide 11

Термопсис (Tabulettae contra tussim)

Фармакодинамикасы: қақырық түсіретін және жөтелге қарсы препарат.

Қолдануға болмайды: жоғары сезімталдылық, тыныс жетіспеушілігі, астмалық статус, 2 жасқа дейінгі балаларға абайлап қолданылады. Түсік тастау қаупі кезінде, жүктілік кезінде (әсіресе I және III триместрде), лактация кезеңінде қолданылмайды.

Емдік мөлшері: 1 таблеткадан күніне 2-3 рет.

Жағымсыз әсерлері: аллергиялық әсерлер (тері қышуы, крапивница, лоқсу) . Мөлшерінен артық қолданғанда құсу, іш қату, кіші дәреттің болмауы, бас ауруы, ұйқышылдық, миоз, тыныс орталығының тежелуі.

Бронхолитиктік әсері бар фитопрепараттарға - тербуталин, сальбутамол, фенотерол, теофилли, эуфиллин, аминофиллин және т. б. жатады.

Slide 12

Сальбутамо́л (2-трет-Бутиламино-1-(4-окси-3-оксиметил-фенил) -этанол)

Фармакодинамикасы: бронхолитиктік әсері бар, емдік дозада бронхтардың β2-адренорецепторларына стимулдеуші әсер етеді.

Қолдануға болмайды: жоғары сезімталдылық, балалық жастағыларға қолданылмайды.

Емдік мөлшері: енді асталған тұншығу ұстамасы кезінде аэрозольдің 1-2 дозасын ингаляция түрінде қолданады. Ауыр жағдайларда, егер 5минуттен кейін тыныс алу жақсармаса, тағы 2 доза ингаляция жасауға болады. Қалған ингаляциялар 4-6 сағат сайын (күніне 6 реттен артық емес) жасалады.

Таблеткалар түрінде ересектерге 1 таблеткадан күніне 3-4 рет ішуге тағайындалады.

Жағымсыз әсерлері: көбінесе - тахикардия, бас ауруы, тремор, жүйкелік мазасыздық; кей жағдайда - бас айналу, ұйқысыздық, бұлшық ет тырысулары, лоқсу, құсу, терлеу; өте сирек - аллергиялық реакциялар (крапивница, тері бөртпелері, ангионевротикалық шемен, парадоксальды бронхоспазм, мультиформды эритема, аритмия, кеуде тұсы ауруы, гипокалиемия, психоневрологиялық бұзылыстар) .

Slide 13

Апельсин сортының емдік қасиеттері

Өкпені тазартады

бірден бір емі, таңертең 1 стақан мандарин шырынын ішіп тұрсаңыз

Жөтелге қарсы пайдалы

Мандарин қабығынан тәбет ашу және ас қорыту үшін дәрілер жасалынады

Қысқы уақытта адам ағзасына өте пайдалы витаминдерге ие

Антимикробтық қасиеттері де бар

Мандарин шырыны тері және тырнақтағы жараларды жақсы емдейді.

Slide 14

Саз қазанақ

Қасиет: бронхоспазмға қарсы, қақырық түсіргіш, тыныштандырғыш.

Қолданылуы: бронхитте, синуситте, коклюш.

Қолдану тәртібі: күніне 3 рет 3г 5 - 15 мл дозаға тұнба.


Ұқсас жұмыстар
Тыныс алу жүйесі бұзылыстарында қолданылатын фитотерапия
Амин қышқылы
Көктемде тамақтану
Емдік төсемдерді қолдану көрсеткіштер
Ешкі шаруашылығы
Ешкі сүті және ешкі сүтінің тағамдық құндылығы
Емдік тамақтанудағы стандартты емдәмдер жүйесі
Клизма көмегімен қоректік ерітінділерді енгізу
Балаларға арналған емдік сүт қоспалары
Дәріні ағзаға енгізу жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz