Гигиенаның Қазақстанда дамуы


Slide 1

Студенттің өзіндік жұмысы

Дисциплина: Жалпы гигиена

Тақырыбы: Гигиенаның қалыптасуы және даму тарихы.

Slide 2

Жоспар

I Өзектілік;

II Негізгі бөлім:

1. Алғашқы қауымдық және құл иеленушілік қоғамдардағы гигиенаның дамуы

2. Гигиеналық білімдердің орта ғасырлардағы және феодализм мен өндірістік капитализмге өту кезеңіндегі дамуы

3. Гигиена ғылымының қалыптасуы

III Қорытынды/ұсыныстар;

IV Әдебиеттер.

Slide 3

Өзектілігі

Адам денсаулығы тек сапалы өмір сүруден ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің саясаты мен ұлттық қауіпсіздігінде жетекші жүйе түзуші фактор болып табылады және оны қамтамасыз етуде ең маңызды, бірінші дәрежелі рөл алдын алу медицинасына беріледі.

Медицина қызметкерлері үшін гигиеналық сауаттылық айрықша маңызды, өйткені олардың күнделікті жұмысы, аурухана жағдайында болсын, өнеркәсіп әр түрлі факторлардың әсер сипатын алып біліп, аурудың аурудың пайда болуын анықтауға, дәрігерге дейінгі көмекті дұрыс жүргізуге мүмкіндік береді. Аурулар үшін емдік сауықтыру режимін, медициналық қызметкерлерүшін қолайлы дұмыс жағдайын, ауруханаға қойылатын санитарлық талаптарды білудің де маңызы зор.

Slide 4

Гигиена -аурудың алдын алу жөніндегі негізгі ғылым. [1, 11бет]

Гигиена адамның өмір сүру жағдайын, денсаулығының нығаюын және ауруларының алдын алуды қамтамасыз ететін гигиеналық нормативтерді, санитарлық ережелер мен шараларды негіздеу мақстаында қоршаған ортаның адам ағзасы мен қоғам денсаулығына әсер ету заңдылықтарын зерттейді. [1, 11 бет]

Гигиена ғылымының мақсаты - адам денсаулығын сақтау және нығайту, аурудың алдын алу. [1, 12 бет]

Гигиена ғылымының міндеттері:

Адам денсаулығына әсер ететін қоршаған ортаның табиғи және антропогенді факторларын зерттейді.

Бұл факторлардың адамның не популяцияның денсаулығына әсер ету заңдылықтарынзерттеу.

Адам денсаулығына қолайлы әсер ететін қоршаған орта факторларын молынан пайдалану, қолайсыз әсер ететіндерін жою.

Дайындалған ұсыныстарды, ережелерді, нормотивтерді денсаулық сақтау практикасына және халық шаруашылығына енгізу.

Жақын және алыс болашақтағы санитарлық жағдайға болжау жүргізіледі.

[1, 12 бет]

Санитария - гигиена ғылымының мақсатын тәжірибе жүзінде іске асырады. [1, 12 бет]

Slide 5

Алғашқы қауымдық және құл иеленушілік қоғамдардағы гигиенаның дамуы

Гигиенаның алғашқы қауымдық құрылыста бастауы - эмпирикалық білім. [1, 22 бет]

Біздін эраға дейінгі 4-3 мың жылдары Ертедегі Үндістанда гигиеналық ережелер Ману және Аюрведу заңдар жинағына кірді. Мысалы, үйлерді таза ұстау, пайдалы тағам ішу, тұрмыс қалдықтары туралы гигиеналық ережелер кірді. Сонымен қатар, ас ішетін ыдыстарды, денені таза ұстау туралы ережелер баяндалды. [1, 22 бет]

Ертедегі Мысырда аурудың алдын алу мақсатында уқалау, дәрет алуды, іш айдайтын, зәр айдайтын, тер шығаратын заттарды қолданған. Жеке бас, жыныс гигиенасына, науқастарды оқшаулау, қайтыс болған адамдарды жерлеу сұрақтарына қатысты ұсыныстар болған. [1, 22 бет]

Ертедегі Қытайда денсаулық үшін пайдалы және зиянды көптеген жағдайлар туралы және адам денесінде әлі де жоқ аурулардың алдын алу қажеттілік түсініктері қалыптасты. Жаттығулар, дұрыс күн тәртібі, рационалды ем-дәмдер ұсынылды. [1, 23 бет]

Slide 6

Ертедегі Римде қоғамдық гигиена өркендеді. 30-ға жуық акведуктар тартылды. [1, 23 бет]

Тамаша сауықтыратын кешендер - термалар болды.

Ежелгі Римде құрылысқа, тағамдық өнімдерді сатуға, әскердлердің тамақтануына, Тибр өзенінің суын пайдалануға, өлген адамдарды жерлеуге қойылатын талаптарды анықтайтын заңдар болды. [1, 24 бет]

Slide 7

Ежелгі Греция

Жеке бас гигиенасы мен қоғамдық гигиенаға көңіл бөлді.

Су алатын орындары бар құбырлары, қала жаңа жоспарлар, Афинада канализация болған жіне санитарлық бақылаулар жүргізілген. [1, 23 бет]

Гиппократ(б. з. д. 460-377)

“Ауа, су және жергілікті жерлер жөніндегі”, ”Салауатты өмір сүру салты” трактаттарында адамның тіршідігі үшін ауа, су, топырақ маңызы және климатты, өмір сүру жағдайларын, өмір сүру салты, тамақтандыру зерттеуді ұсынды. [1, 23 бет]

Гиппократ

Slide 8

Гигиеналық білімдердіңорта ғасырлардағы және феодализм мен өндірістік капитализмге өту кезеңіндегі дамуы

Еуропада феодализм дәуірінде гигиенаның құлдырауы басталды. Құдіретті шіркеу ауруларды емдеуге тыйым салды, гигиеналық шаралардан бас тартылды.

Санитарияның болмауы обаның, сүзектің, тырысқақтың, шешектің, дизентерияның эпидемияларының басты себептері. [1, 24бет]

Еуропаның тек қана Салериода медицина мектебі болды.

И. П. Франк еңбегі “Жалпыға бірдей медициналық полиция жүйесі” санитарлық шаралар жазылған. [1, 26бет]

Иоганн Петер Франк

Slide 9

Шығыста гигиенаның өркендеген кезеңі болды. [1, 24бет]

Әбу Іли Ибн-Сина “Дәрігерлік ғылым канонында” гигиенаның көп сұрақтары қозғалды. Ол жеке аурулар мен жыл мезгілдері, климат арасында байланыс бар деген. Судың ағзаға ролін, оны қалай таңдау керегін баяндады.

Тамақтану гигиенасынан тағамның сапасына, құрамына, тамақтану тәртібіне, астың қорытылуына қолайлы жағдай жасау, дене шынықтыру, моншаларға бару, жыл мезгілі арасындағы байланысқа көңіл бөлді. [1, 25 бет]

Б. Рамашини “Қолөнершілердің аурулары туралы ойлар” еңбегінде 52 мамандықтағы жұмысшылар жағдайы мен кәсіби аурулары бірінші рет жазылған. [3, 11 бет]

Әбу Іли Ибн-Сина

Slide 10

Гигиена ғылымының қалыптасуы

Гигиенаныңғылым ретінде дамуы XIX ғасырдың аяғында және XX ғасырдың басында басталды. [5, 27бет]

19 ғасырдың ортасында гигиена эксперименталды жолға түсті. Жолын қалаушылар: М. Петтенкофер, М. Рубнер, Э. Паркс, Дж. Саймон, М. Леви, Ф. Ф. Эрисман. [1, 26бет]

М. В. Ломоносов “Ресей халқын көбейту және ақтау” еңбегінде санитарлық жағдайларды, тұрмысты, дұрыс тамақтану арқылы балалар денсаулығын сақтауға шықырды. Еңбек жағдайларын зерттеумен айналысты.

С. Г. Зыбелин - кәсіптік аурулардың алдын алу сұрақттарын қозғаған бірінші дәрігер. [1, 27бет]

М. Я. Мудров - әскери гигиена негізін салушы. [4, 27бет]

М. В. Ломоносов

Slide 11

19 ғасырда гигиена ғылымының дамуына Н. И. Пирогов, С. Г. БОткин, Г. А. Захарин, А. А. Остроумов ықпал етті.

СССрда гигиенаның негізін салушылар - Доброславлин А. П., Эрисман Ф. Ф., Хлопин Г. В. .

Доброславлин А. П. 1871 жылы Петербіргте медициналық-хирургиялық академияда ең алғаш

Гигиена кафедрасын ұйымдастырған.

Эрисман Ф. Ф. - әйгілі гигиенист, қоғам қайраткері. Коммуналдық гигиена мәселелері мен жұмысшылардың жұмыс жағдацын зерттеген.

Хлопин Г. В. Қоршаған ортанызерттеп, суға, топыраққа, ауаға зерттеу жүргізген. [2, 6 бет]

Эрисман Ф. Ф.

Slide 12

Гигиенаның Қазақстанда дамуы

Қазақстанда гигиена мектебі бар. 1932 жылы Алматы қаласында республикада бірінші медициналық институтындагигиена кафедрасы ашылды.

Негізін қалаушы -Попов Н. П. .

Кейін Қазақстан өлкелік патология ғылыми зертттеу институты, Қарағандының мемлекеттік медицина институты, Қазақ еңбек физиологиясымен гигиенасы ғылыми институты, тағамтану ғылыми зерттеу институты ұйымдастырылды. [2, 6 бет]

1935 жылы Кеңестік Советтік Республикалар Одағында Бас санитарлық инспектор басқаратын Отандық мемлекеттік санитарлық инспекциялар құру туралы қаулы бекітілді.

1944 жылы маусымда тропикалық аурулар институты, ол 1945 жылы Аймақтық патология институты болып аты өзгертіліп, аймақтық медициналық мәселелерді өңдейтін Қазақ ССР-ындағы Ғылыми Академияның негізгі ғылыми зерттеу орталығы болды. [2, 7 бет]

Slide 13

И. С. Корякин 1946 жылдан бастап 1968 жылға дейін ҚазММИ коммуналдық гигиена кафедрасын, кейін жалпы гигиена кафедрасын басқарған. Ол Қазақстан қалаларын және ауылдарын көркейту, сауықтыру мәселелерін қозғаған. [2, 8 бет]

Еңбек гигиенасы және мамандыққа байланысты ппатология мәселесін шешуде еңбек сіңірген тұлғалар: Б. А. Атчабаров, В. З. Хамитова, М. К. Кайракбаева, Г. И. Белоскурская, В. Л. Резник, Б. Г. Фейгин, г. Д. Ляхжәне т. б. . [2, 9 бет]

И. С. Корякин

Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Гигиенаның қалыптасуы және даму тарихы
Тері гигиенасы
БІРІНШІ РЕТ АНЫҚТАЛҒАН АУРУЛАР
Тамақтану гигиенасы
ЭМПИРИКАЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТАНУ
Гигиена-денсаулық негізі
Сағаттарды таңдау арқылы жалпы формада және сағаттардың механизміне әсер етіп олардың ұзақ жасаудың тиімділігін қолдауына жағдай жасау
Талшықтылардың құрылысы, аурулары және Вольвокстың құрылысы
Иттегі простатит
Қымыздың пайдасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz